Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет16/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеуіш құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылымын; арматура мен коммуникация сызбасын; өнімдердің, технологиялық отынның, майлағыш және көмекші материалдардың технологиялық және физика-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін.

Жұмыс мысалы:

1. Күрделі құрылымы бар құрғатқыш аппараттарда көмірқышқылды стронций, көмірқышқылды барий, барий қышқылының гидратын құрғату.

2. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар ферментті өндірісті жанама өнімдерін құрғатудың процесін жүргізу.
289. Кептіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылымды құрғату аппараттарында (барабанды, туннельді, бүріккіш, айналмалы, вакуум-құрғатқыштар, сублимационды, лиофилинді т.б.) технологиялық режімді (улы, жарылғыш, күшті әсерлі, қымбат тұратын, лабильді) аса дәлдікпен сақтауды талап ететін қатты шашылғыш заттарды немесе өнімдерді құрғатудың технологиялық процесін жүргізу немесе «қайнап жатқан қабатта» және жібіту әдісімен құрғату процесін жүргізу немесе жұмыс нұсқаулығына сәйкес құрғатудың технологиялық процесін жүргізу. Құрғатылатын өнімді араластыру, пеш газдарын, ауа, бу немесе конденсатты жою, шаң мен буды тұту. Агрегаттың иіру бөлігіне жгутты қабылдау (талшықты кептіру кезінде), оны құрғатқыштың барабандарына, антистатикалық ионизаторға, термостабилизатор немесе ыстық сығынды құрылғысына, бүрмелеу және кескіш машиналарға кіргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің параметрлерін реттеу және басқару: қызмет көрсетілетін учаскенің барлық кезеңдерінде ылғалдылық, қысым, вакуум, кіретін және шығатын газдың температурасын, дайын өнімнің ситалы құрамын, отын шығынын. Талдаулар жүргізу; технологиялық режімнің қалыптан ауытқуының себептерін анықтап, олардың алдын-алу. Алынатын өнімдер саны мен отынның шығынын есептеу. Құрғату аппараттары, желдеткіштер, оттықтар, шнектер, циклондар, бойлер құрылғылары және басқа құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеудің күрделі емес жұмыстарын орындау. Егер олар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету .

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын және технологиялық процесті; басқару қалқаны, бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын және құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды.

Жұмыс мысалдары

Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басшылығымен вакуум-барабандар, сублимационды, ленталы, бүріккіш құрғатқыштарда микробиологиялық синтездің өнімдерін құрғатудың технологиялық процесін жүргізу.


290. Кептіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар кальций пантотенат пен синтетикалық жуу құралдарын өндіруде түрлі құрғатқыштарда түйіршіктелген полиэтилентерефталатты, түйіршіктелген суперфосфатты, нитрофосканы, полихловинилді қара майды құрғатудың процесін жүргізу немесе үздіксіз жұмыс істейтін құрғатқыштарда үштен көп өнімдерді (анилді-бояғыш өндірісінде) бір мезгілде құрғату немесе полиформальдегид пен фосфоритті концентратты өндіруде полиацеталды қара майдың өнімдерін «қайнап жатқан қабатта» құрғату. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және құрал-жабдықтың күй-жайын қадағалау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу. Талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Негізгі және көмекші құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: құрғату процесінің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылымын; арматура және коммуникациялар сызбасын; шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


291. Жылуды пайдаға асыру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Деаэрационды колонкалардың, қоректі және үрлейтін бактардың, барбатерлерді, сорғылардың қызмет көрсетуі. Су өлшеуіш аппаратуралар және пайдаға асыру-қазандарын үрлеп тазарту. Деаэрационды құрылғының жұмысын, қорек суының сапасын, қазандағы судың деңгейін бақылау. Пайдаға асыру-қазандарына судың берілуін реттеу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: деаэракционды құрылғылар мен пайдаға асыру-қазандарының қызмет көрсету ережелері мен құрылымын; құбырлардың сызбасын; нәрлі судың химиялық құрамын; бақылау-өлшеуіш құралдарының мақсат-міндеттерін; жұмыс мысалдарын.


292. Жылуды пайдаға асыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бу қазандары көмегімен реакционды газдардың жылуын пайдаға асырудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық процестің параметрлерін реттеу және бақылау: пайдаға асыру-қазандарынан шығу кезіндегі газдың температурасын; коллекторлардағы будың қысымын; химтазартылған судың шығынын. Қаттылығы, тұздылығы, сілтілігі және басқа көрсеткіштері бойынша нәрлі суды дайындау, оны қыздырып қазанға құю. Қыздыратын қабатты және газ жолдарын сумблимирлі күкірт, шырақ тұқылы және басқа тұнбалардан тазарту. Буды технологиялық және тұрмысты қажеттілік үшін босату. Пайдаға асыру-қазандары, желдеткіш, деаэрационды құрылғы, сорғылар және басқа құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Технологиялық ереженің нормасынан ауытқуының себептерін анықтау, жою және алдын-алу.

Білуі тиіс: бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылымын, жұмыс істеу қағидасын; құралдардың көрсеткіштері бойынша процесті реттеу және бақылау ережелерін; технологиялық режімді; нәрлі суға қойылатын талаптарды.


293. Жылуды пайдаға асыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дивинил өндіруде жылуды пайдаға асырудың процесін жүргізу, контактты газды конденсаттау және суспиртті конденсатты қайта өңдеу.

Білуі тиіс: жылуды пайдаға асырудың технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын; құралдардың көрсеткіштері бойынша процесті реттеу және бақылау ережелерін; технологиялық режімді; нәрлі суға қойылатын талаптарды.


294. Тәжірибелі өндірісті орнату аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен өндірістің тәжірибелі құрылғыларында технологиялық процестің жеке сатыларының қызмет көрсетуі. Құрылғы аппаратуларына жартылай фабрикаттар мен шикізатты тиеу, дайындау және мөлшерлеу. Жаңа технологиялық процестің ерекшеліктерін өндірістік журналға тіркеп, зерделеу. Дайын өнімді өз бетінше, қолмен немесе механизмдердің көмегімен, қысылған газ және вакууммен түсіру. Сынамалар алу. Алынған өнім саны мен шикізат шығынын есептеу. Тәжірибелі өндіріс құрылғыларының құрастыруына және бөлшектеуіне қатысу.

Білуі тиіс: зертханалық жолмен бекітілген технологиялық процестер, ережелер және көрсеткіштерді; қызмет көрсететін құрылғының сызбасын; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын; сынамалар алу ережесін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты сақтықпен пайдалану ережелерін.


295. Тәжірибелі өндірісті орнату аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен температураның +-3°Ске дейін және қысымның 16 атм дейін ауытқуына жол беретін технологиялық режімді қолдана отырып қарапайым, күрделі емес және күрделі тәжірибелі өндіріс құрылғыларында технологиялық процесті жүргізу. Зертханалық ережелер тексеру мен технология режімдерін өңдеу мақсатымен тәжірибелі өндіріс құрылғыларында үздіксіз және жүйелік қызметтегі технологиялық процестің барлық сатыларына қызмет көрсету. Тәжірибелі құрылғыларда өнімді дайындаудың материалдық балансын құру және есептеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің параметрлерін реттеу және басқару. Дайын өнім, компоненттер мен шикізатты дәлдікпен өлшеу. Талдауларды жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: зертханалық жолмен бекітілген технологиялық процестер, ережелер және көрсеткіштерді; қызмет көрсететін құрылғының сызбасын; процесті жүргізудің оңтайлы режімдерін анықтау әдістерін, тәжірибелі өндірістің материалды балансын құру және есептеу әдістемесін; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; бақылау-өлшеу құралдары, автоматика құралдары, құрал-жабдықтың құрылымын, оларды жөнге келтірудің ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; тәжірибелі құрылғыда процестерді жүргізу кезінде апатты жағдайлар және қауіпті зардаптың алдын-алу шаралары мен олардың қасиеттерін зерделеудің жеткіліксіздігін есепке ала отырып, дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты сақтықпен қолдану ережелерін; тәжірибелі өндіріс процестерін жүргізуді жазып алу, талдау және зерделеу әдістерін; органикалық және бейорганикалық химияны, химиялық технологияның негіздерін.


296. Тәжірибелі өндірісті орнату аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен температураның +-2°Ске дейін және қысымның 16 атм дан 2500ге дейін ауытқуына жол беретін технологиялық режімді қолдана отырып күрделі тәжірибелі өндіріс құрылғыларында технологиялық процесті жүргізу. Тәжірибелі өндірістің аса күрделі және аса жауапты құрылғыларының қызметі. Өзіндік немесе инженерлі-техникалық жұмысшылардың басшылық етуімен неғұрлым сапалы және кең көлемде өнімді алудың оңтайлы шарттары мен параметрлерін анықтау. Процестер мен құрал-жабдықты оңтайлы жағдайға өзіндік келтіру және реттеу. Қолмен реттелетін түрден автоматты реттеуге ауыстыру. Өнім сапасының көрсеткіштерін анықтау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: зертханалық жолмен бекітілген технологиялық процестер, ережелер және көрсеткіштерді; қызмет көрсететін құрылғының сызбасын; процесті жүргізудің оңтайлы режімдерін анықтау әдістерін, тәжірибелі өндірістің материалды балансын құру және есептеу әдістемесін; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; бақылау-өлшеу құралдары, автоматика құралдары, құрал-жабдықтың құрылымын, оларды жөнге келтірудің ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; тәжірибелі құрылғыда процестерді жүргізу кезінде апатты жағдайлар және қауіпті зардаптың алдын-алу шаралары мен олардың қасиеттерін зерделеудің жеткіліксіздігін есепке ала отырып, дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты сақтықпен қолдану ережелерін; тәжірибелі өндіріс процестерін жүргізуді жазып алу, талдау және зерделеу әдістерін; органикалық және бейорганикалық химияны, химиялық технологияның негіздерін.


297. Тәжірибелі өндірісті орнату аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Температураның +-1°Ске және қысымның 250 атм астам ауытқуына жол беретін технологиялық режімді қолдана отырып, аса күрделі тәжірибелі өндіріс құрылғыларында технологиялық процесті жүргізу. Неғұрлым сапалы, әрі кең көлемді өнім алудың оңтайлы параметрлері мен шарттарын өзіндік түрде анықтау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және құрал-жабдықтың күй-жайын қадағалау. Талдаулар мен қадағалаулар нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Жөндеу және құру жұмысьарына қатысу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын басқару және үйлестіру.

Білуі тиіс: зертханалық жолмен бекітілген технологиялық процестер, ережелер және көрсеткіштерді; қызмет көрсететін құрылғының сызбасын; процесті жүргізудің оңтайлы режімдерін анықтау әдістерін, тәжірибелі өндірістің материалды балансын құру және есептеу әдістемесін; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; бақылау-өлшеу құралдары, автоматика құралдары, құрал-жабдықтың құрылымын, оларды жөнге келтірудің ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; тәжірибелі құрылғыда процестерді жүргізу кезінде апатты жағдайлар және қауіпті зардаптың алдын-алу шаралары мен олардың қасиеттерін зерделеудің жеткіліксіздігін есепке ала отырып, дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты сақтықпен қолдану ережелерін; тәжірибелі өндіріс процестерін жүргізуді жазып алу, талдау және зерделеу әдістерін; органикалық және бейорганикалық химияны, химиялық технологияны және техникум көлеміндегі аппаратураны.

Орта кәсіби білім қажет.
298. Сүзу аппаратшысы*

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен кезеңдік қызметтегі құрылғыларында сүзу процесін жүргізу. Сүзгілерді жұмысқа дайындау. Суспензияны беру және оны сүзгі бойынша үлестіру. Өнімді түсіру, тұнбаны кептіру, шламды сүзгіге шығару. Сүзгілерді шламнан тазарту. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын ; шикізаттың қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын.

* Лимон және шарап- тас қышқылдарының өндірістерінде, сульфитті сілтілерден ванилин өндірісінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «сүзуші» деп атау.
299. Сүзу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен кезеңдік қызметтегі құрылғыларында сүзудің технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің параметрлерін реттеу және бақылау: қысым, вакуум, түсетін суспензияның температурасы мен қоюлығы, сүзілген сұйықтың тазалығы т.б. Қызмет көрсететін құрылғылар мен құралдарды жабдықтау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Егер олар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; шикізаттың қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыстар мысалы

1. Антраценді сүзу.

2. Бірвалкалы машиналарда эмальді сүзу.
300. Сүзу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты сүзгілерде немесе үздіксіз жұмыс істейтін құрылғыларда сүзудің технологиялық процесін жүргізу. Сүзілетін матаны ауыстыру немесе қалпына келтіру. Тұндырылған қабаттың қалыңдығына байланысты суспензияны берудің жылдамдығын, сумен шаюды, сүзгілерге жүктемені, шаю суының температурасын, сүзетін аппараттардағы қысымды реттеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша үрлеп тазартудың және матаны қалпына келтірудің уақытын, сүзгіге берілетін суспензияның көлемін, шаю суының құрамы мен сапасын анықтау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; шикізаттың қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыстар мысалы

1. B_12 дәрумендерін, антибиотиктерді және т.б. биосинтез өнімдерін сүзу.

2. Алкалоидтер өндіруде сүзу.

3.Барабанды табақты салынды қабатпен вакуум-сүзгілерде сүзу.


301. Фосгендеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қоспаларды фосгенирлеу процесін жүргізу бойынша жеке операциялар жүргізу. Шикізатты қабылдау, оларды аппараттарға тиеу. Аппараттардан өнімді түсіру. Сынамалар алу. Технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: фосгенирлеу процесінің технологиялық режімін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын ; реакция компоненттерінің физика-химиялық қасиеттерін, олармен жұмыс істеу шарттарын; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.


302. Фосгендеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қоспаларды фосгенирлеу процесін жүргізу бойынша жеке операциялар жүргізу. Компоненттерді мөлшерлеу есебі. Шикізат пен жартылай өнімдерді аппаратқа тиеу, фосгенирлеу, өнімді келесі сатыға жіберу немес аппараттардан алу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Реакторларды тазалау. Шикізаттың, дайын өнім және жартылай фабрикаттың есебі. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау және тапсыру. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: фосгенирлеу процесінің технологиялық режімін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; реакция компоненттерінің физика-химиялық қасиеттерін, олармен жұмыс істеу шарттарын; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; технологиялық процесті жүргізудің нормаларын.


303. Фосгендеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қоспаларды фосгенирлеу процесін жүргізу бойынша жеке операциялар жүргізу. Компоненттерді мөлшерлеу есебі. Шикізат пен жартылай өнімдерді аппаратқа тиеу, фосгенирлеу, өнімді келесі сатыға жіберу немес аппараттардан алу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: фосгенирлеу процесінің технологиялық режімін; бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың пайдалану ережелері мен құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын ; фосген және реакцияның басқа компоненттерінің химиялық қасиеттерін, оларды пайдалану ережелерін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын техникалық шарттарды; талдау жүргізу әдістемесін; процесті жүргізу нормаларын.


304. Хлорлау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен хлорлаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау және тиеу. Өнімді түсіру. Сынамалар алу. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: хлорлау процесінің мәнін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.


305. Хлорлау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен хлороформ, депрессатор өндіруде әк сүтін, бұрғы суын, рапаны хлорлаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу; натрий гипохлоиті ерітіндісін алу және хлорлаудың орташа күрделі процесін жүргізу. Аппараттарға хлорды, ауаны және хлорлы сутекті беру. Дайын өнімді құйып алу және оны келесі технологиялық сатыларға жіберу. Құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал-жабдықтың қызмет көрсету.

Білуі тиіс: хлорлау процесінің мәнін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; сынамалар алу ережесін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.

Жұмыс мысалдары

Хлорлау процесін жүргізу;

1. Бұрғы суларын

2. Хлорформ өндіруде әк сүтін

3. Рапаны
306. Хлорлау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Хлорлаудың орташа күрделі процесін жүргізу. Хлордың, хлорлы сутектің және ауаның берілуін реттеу. Реакциялық массаны қыздыру, катализатор және инициатор қатысуымен хлорлау. Тарату, залалсыздандыру, тұндыру, кептіру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің параметрлерін реттеу және бақылау: температура, қысым, вакуум, шығатын газдағы хлор қоюлығын, өнім сапасы т.б. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат есебі. Талдаулар жүргізу. Құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі (хлоратор, реактор, колонналар, пештер, конденсаторлар, залалсыздандырғыштар, сепараторлар, сорғылар, тоңазытқыштар, скрубберлер т.б.) Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою және алдын-алу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Егер сондайлар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету

Білуі тиіс: хлорлаудың технологиялық процесін және оны реттеудің ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын;талдау жүргізу әдістемесін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.


307. Хлорлау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар хлорлаудың күрделі және орташа технологиялық процестерін жүргізу. Аппараттарға шикізатты беруді реттеу. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және технологиялық құрал-жабдықтың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Құрал-жабдықты жөндеу бойынша жұмыстар орындау

Білуі тиіс: хлорлаудың технологиялық процесін және оны реттеудің ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; талдау жүргізу әдістемесін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.

Жұмыстар мысалы

Бір мезгілде үш өнімнен көп хлорлау немесе техникалық хлофосфор, хлорнитробензойлы қышқылды өндіруде хлорлаудың процесін жүргізу.


308. Хлорлау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен қатар хлорлаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау. Автоматика құралдары, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: хлорлаудың технологиялық процесін және оны реттеудің ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтың реттеу ережелері мен жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникациялар сызбасын;талдау жүргізу әдістемесін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.

Орта кәсіби білім қажет.

Жұмыс мысалы.

Үздіксіз әдіспен төртхлорлы кремний, фолий қышқылы, пиридоксин, гексахлоринді хлорлаудың процесін жүргізу. Сондай-ақ эпихлоргидрин, төртхлорлы көміртегін және перхлорэтиленді хлорлауды жүргізу.
309. Центрифугалау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен центрифугалаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау. Оны центрифугаға жіберу. Тұндырманы шығару. Сынамалар алу. Құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет