Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет18/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын; негізгі және қосымша құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын; арматура, коммуникациялар схемасын; шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестер мәнін, параметрлерін және оны реттеу ережелерін; сынама алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


329. Этерификациялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Этерификациялаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе этерификациялаудың қарапайым процесін жүргізу кезінде аппаратшылардың төменірек квалификацияна басшылық ету. Этерификация барысын және оған ілесетін процестерді бақылау. Технологиялық процесс параметрлерін реттеу. Бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың жағдайын және жұмысын байқау. Шикізат шығынын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, олардың сапасын талдау нәтижелері бойынша бағалау. Бақылау талдауларын жүргізу. Құрал-жабдық және коммуникациялардың күрделі емес жөндеуін орындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын; негізгі және қосымша құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын және құрылымдық ерекшеліктерін; арматура және коммуникациялар схемасын; шикізаттың, жартылай дайын өнімдердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды; технлогиялық процесс параметрлерін және оны реттеу ережелерін; талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізаттың мемлекеттік стандарттарын.

Жұмыстар мысалдары. 2, 4-дихлорфеноксисірке қышқылының бутил эфирін, пластификаторларды, үстіртін-белсенді заттектерді, целлюлоза эфирлерін, этилформиатты, малон эфирін, полибутилтитанатты, синтетикалық май алмастырғыштарды, барбамилді, метил эфирін, хлоргидринді, синтомицинді өндіруде этерификация процесін жүргізу.
330. Этерификациялау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Этерификациялаудың күрделі технлогиялық процесін квалификациясы төменірек аппаратшылар жұмысын бір уақытта басшылық ете отырып жүргізу. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технлогиялық процесті басқару және реттеу. Талдаулар және байқаулар нәтижелері бойынша процесті түзету. Негізгі және қосымша жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын; негізгі және қосымша құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын және пайдалану ережелерін; арматура және коммуникациялар схемасын; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процесс параметрлерін және оны реттеу ережелерін; бақылау талдауларын жүргізу әдістемесін; дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттарды.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыстар мысалдары. Монохлорсірке қышқылының метил эфирін алуда, май қышқылдарынан және май спирттерінен күрделі эфирлер өндіруде және дигликольтерефталат алуда этерификация процесін жүргізу.

331. Қақтаушы

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жаю машинасында агарды жаю. Жаю машинасын жұмысқа дайындау. Агарды жүктеу және оның жаю машинасына біркелкі жіберілуін байқау. Жаю массасын шешіп алу. Жаю машинасын тазалау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал-жабдық құрылысын және оның жұмыс істеу қағидасын; жұмыс тәсілдерін.


332. Қақтаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дербес таңу пакеттерін жаншып қақтау, сонымен қатар поливинилхлорид, глифталь, кумарон қоспаларын және басқа полимер қоспаларын ұзындықтары 800 мм дейін болатын білікшелерде, квалификациясы жоғарырақ қақтаушының басшылығымен дайындау. Таңу пакеттерін конвейерден алу, және олардан ауаны сорғымен айдап шығару. Дербес пакеттің резеңкеленген заттаңбасындағы саңылауды желімдеу. Дайын дербес пакеттерді конвейерге салу. Қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты (айналмасоққыштарды, сорғыны) жұмысқа даярлау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал-жабдық құрылысы және оның жұмыс істеу қағидасын; жұмыс тәсілдерін; пакеттен ауаны шығару тәсілін; дербес пакеттер сапасына қойылатын техникалық талаптарды.


333. Қақтаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пластикациялау және түрлі қалдықтарды термоөңдеу процестерін және поливинилхлоридті, глифтель, кумран қоспаларын және басқа полимер қоспаларын (нитро- және резеңке қоспларынан басқа) білікшелер ұзындығы 800 мм дейінгі айналмасоққыштарда жүргізу, сонымен қатар нитро- және басқа қоспаларды жаншып қақтауға байланысты жеке жұмыстарды квалификациясы жоғарырақ қақтаушы басшылығымен орындау. Медициналық нысандағы материалдарды түрлі жүйелер айналмасоққыштарында өңдеу. Материалдарды алдын ала дайындау: өлшеу, кесу, жұмсарту. Материалдарды жүктеу және оның айналмасоққыштарға біркелкі жіберілуін байқау. Айналмасоққыштарды берілген жаншып қақтау режіміне сәйкес баптау. Өңдеу сапасын визуалды бақылау. Маршруттық қаңылтырларды толтыру.

Білуі тиіс: өңдеуге жіберілетін материалдарға қойылатын талаптарды, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін және ағзаға әсерін; айналмасоққыштарды баптау және реттеу тәсілдерін; өндірілетін өнім нысанын; жұмыс тәсілдерін.


334. Қақтаушы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алғашқы пластикациялау, желатиндеу, орташалау, жұмсарту, бояу, қаңылтырлау және нитролинолеум, поливинилхлоридті бұйымдарды (каландирлеу сатысынан өтіп кетіп), поливинилхлоридті мата, тілімдер, баспалдықтар, катализатор (бор қоспасы), фаолит, полистирол, қарапайым грампластинка дайындауға арналған қоспаларды, кремнийорганикалық ұнтақтарды, ацетилцеллюлозалық этролды дайындау барысында немесе фенолформальдегидті шайырлар, нитроцеллюлозалық этрол, пластикат, целлулоид, целлюлоза негізіндегі баспақ-материалдарын квалификациясы жоғарырақ қақтаушы басшылығымен дайындау кезінде, сонымен қатар поливинилхлоридті, глифталь, кумарон және басқа полимер қоспаларын (резеңке қоспаларынан басқа) білікшелер ұзындығы 800 мм артық айналмасоққыштарда дайындау барысында түрлі құрылымды айналмасоққыштарда калибрлеу процесін жүргізу. Техникалық ақаусыздығын тексеру және айналмасоққыштарды, тежегіштік және іске қосу құрылғысын, білікшелерді ысыру механизмін, бу-су және көліктік коммуникацияларды және бақылау-өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау. Цикл ұзақтығын, айналмасоққыштардың температуралық режімдерін, үйкелістерді және қоспаның түрі және рецептурасына байланысты саңылауды технлогиялық картаға сәйкес белгілеу. Алдын ала дайындалған қоспаларды қолдан немесе көліктік және калибрлеуші құрылғылар көмегімен технологиялық регламенттермен ескерілген мөлшерде және ретпен калибрлеу. Массаның білікше ұзындығы бойынша біркелкі таралуын байқау. Қоспаны мұқият араластыру, қол немесе механикалық пышақпен мерзімді түрде кесу және қажетті температураға, иілгіштікке, орташалануға және қаңылтыр калибрленуіне дейін өндеу барысында қоспаларды қайтадан жаншып қақтау. Қоспаның дайын болуын бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша немесе көзбен анықтау. Жаншып қағылған және қаңылтырланған қоспаны білікшелерден атанаққа алу, сөрелерге жаю, салқындату және одан әрі өңдеу үшін және екінші білікшелерде, штамптарда және шабу баспақтарында калибрді жеткізу үшін жіберу. Айналмасоққыштардағы және бәсеңдеткіштегі мойынтіректерді майлау, температурасын бақылау, құрал-жабдықты ұсақ жөндеу.

Білуі тиіс: түрлі құрылымды айналмасоққыштар, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын; айналмасоққыштарды жаншып қағылатын қоспа қалыңдығы және қасиеттеріне байланысты реттеу тәсілдерін; қоспаларға қойылатын сапалық талаптарды; қолданылатын материалдар қасиеттерін; қоспаларды дайын өнімдерге қайта өңдеудің технлогиялық процестерін.


335. Қақтаушы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алғашқы пластикациялау, желатиндеу, орташалау, жұмсарту, бояу, қаңылтырлау және поливинилхлоридті матаны, қымтаушы эластомерді дайындау барысында түрлі құрылымды айналмасоққыштарда калибрлеу процесін жүргізу. Фенолформальдегидті шайырлар негізіндегі баспақ-ұнтақтарды және баспақ-материалдарды, ұзақ ойнаушы күйтабақтарға арналған қоспаларды, пластикатты, винипластты, целлулоидты, нитроцеллюлозды этролды, паронитті, электронитті, ферронитті және фриванитті түрлі құрылымды айналмасоққыштарда дайындау немесе бір уақытта квалификациясы төменірек қақтаушыларға басшылық ете отырып жаншып қақтау бойынша жұмыстар орындау. Құрал-жабдықты жұмысқа дайындау. Құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматизация құралдарының жағдайын және жұмысын бақылау. Айналмасоққыштардың жұмыс істеу параметрлерін технологиялық регламентке сәйкес реттеу. Жаншып қақтау процесінің дұрыс жүруін қадағалау. Процесс параметрін түзету. Дайын өнім сапасын бағалау және оны қайта өңдеуге жіберу. Құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету.

Білуі тиіс: түрлі құрылымды айналмасоққыштардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережелерін; жаншып қағылатын қоспаның қалыңдығы және қасиеттеріне байланысты айналмасоққыштарды реттеу тәсілдерін; қоспаларға қойылатын техникалық талаптар; қолданылатын материалдардың физика-химиялық қасиеттерін; қоспаларды дайын өнімдерге қайта өңдеудің технологиялық процесін.


336. Сылақшы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бояу жағудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Аспапты жұмысқа дайындау. Жартылай дайын өнімді машинаға жіберу. Сынама алу. Мата жарылуын жою. Машинаны тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайныдау.

Білуі тиіс: бояу жағудың технологиялық процесінің және жартылай дайын өнімді кептірудің мәнін; ақаулардың алдын алу және оларды жою бойынша шараларды; бояу жағу материалдарының техникалық жағдайларын; сынама алу ережелерін.


337. Сылақшы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бояу жағудың технологиялық процесін станокта немесе бояу жағу агрегатында және машинада квалификациясы жоғарырақ бояу жағушының басшылығымен глифталь линолеумын бояу жағу агрегатында, матаны бояу жағу машинасында, атанақта, қағазды баритаждық машинада бояу жағу кезінде жүргізу. Құрал-жабдықты және аспапты жұмысқа дайындау. Жартылай дайын өнім орамын орнату және машинаға салу. Топырақтың біркелкі жіберілуін және бояу жағу сапасын байқау. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен температураны, қысымды реттеу. Атанаққа дөңгелету, кептіру және орау технологиялық процестерін жүргізу. Матаның, қағаздың керілуін және орау сапасын бақылау. Жыртылған жерлерінде матаны тігу. Құрал-жабдықты реттеу және баптау бойынша жұмыстарды атқару. Құрал-жабдықты жөндеуден кейін қабылдау.

Білуі тиіс: жартылай дайын өнімді бояу жағу және кептірудің технологиялық процесін; бояу жағу машинасының немесе агрегаттың жұмыс істеу қағидасын; төсеме бояу қабатының нысанын; өндірілетін өнім ассортиментін; ақаулардың алдын алу және оларды жою бойныша шараларды; бояу жағу материалдарына арналған техникалық шарттарды; процесті реттеу ережелерін; сынама алу ережелерін.

Жұмыстар мысалдары: Пергаминді линолеум – станокта бояу жағу.
338. Сылақшы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бояу жағудың технологиялық процесін машинада немесе бояу жағу агрегатында жүргізу немесе негізді сіңіру және негізге (мата, тоқылмаған негіз, қағаз, қабыршық) паста, топырақ, желім, бояу және жабындардың басқа түрлерін жағу процесін бояу жағу агрегатында квалификациясы жоғарырақ бояу жағушының басшылығымен жүргізу. Бояу жағушы машинаның және бақылау-өлшеу құралдарының техникалық ақаусыздығын тексеру. Машинаны қыздыру, атанақтарға бу жіберу. Қабаттың берілген қалыңдығына сәйкес ракли деңгейін есептеу. Негіздің керілуін және оның қозғалу жылдамдығын, жабынның біркелкілігін және үздіксіз жағылуын, кептіру камерасының температурасын және ракли мен үстел арасындағы саңылауды реттеу. Бүрмелерді жою, артық бояу жағу массасын алып тастау. Құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдап алу. Квалификациясы төменірек бояу жағушылар болған жағдайда, олардың жұмысына басшылық ету.

Білуі тиіс: бояу жағудың технологиялық процесін; бояу жағу режімін; құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, төсеме бояу қабатының нысанын, олардың қасиеттерін және өзара әсерін; бояу жағу сапасына қойылатын талаптарды; өндірілетін өнім ассортиментін; сынама алу ережелерін.

Жұмыстар мысалдары.

1. Қағаз – баритаж машинасында бояу жағу.

2. Глифталь, пергамин линолеумы – агрегатта бояу жағу.

3. Мата – төсеме бояу қабатында бояу жағу.


339. Сылақшы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Негізді сіңірудің және паста, топырақ, желім, бояу және жабындардың басқа түрлерін негізге (мата, тоқылмаған негіз, қағаз, қабыршық) бояу жағу агрегатында жағудың технологиялық процестерін жүргізу немесе бояу жағу процесін жүргізген кезде квалификациясы төменірек бояу жағушыға басшылық ету. Техникалық ақаусыздығын тексеру және агрегаттың барлық буындарының үйлесімді жұмысын баптау. Процестің технологиялық параметрлерін – тұтқырлығын, топырақ консистенциясын, топырақтық масса жабынының қалыңдығын, топырақтың қызу температурасын, матаның қозғалу жылдамдығын және керілу дәрежесін, балқу біркелкілігін, кептіру камерасының температурасын, фалдалар завесінінің биіктік деңгейін, ауа алмасу жылдамдығын, бояу жағу және кептіру циклі ұзақтығын ескерілген режімге сәйкес түзету және бақылау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу. Құрал-жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Квалификациясы төменірек бояу жағушыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: бояу жағу және кептірудің технологиялық процесін; төсеме бояу қабатының құрамын және олардың нысанын; бояу жағу және кептіру процестері параметрлерін есептеу әдістерін; құрал-жабдық құрылысын және оны пайдалану ережелерін; сынама алу ережелерін; бояу жағу сапасына қойылатын техникалық талаптарды; өндірілетін өнім ассортиментін; агрегатты баптау ережелерін және оның жұмысын реттеуді.

Жұмыстар мысалдары. Ауыр маталар топырақты жағу және клеенка өндірісінде сіңіру.
340. Ұсақтаушы

2-ші разряд

Жұмыс сипаттамасы. Резина-техникалық бұйымдарды өндірудегі химикаттарды, оқшауландыратын материалдарды ұсақтау; парафинді, стеаринді, канифольді, өсімдік шикізатын ұнтақтау; ұсақтау процесін жүргізу және нафталинді орау немесе одан да жоғары біліктілікті ұсақтаушының басқаруымен жұмыс жасау. Агрегаттарды тиеу. Қалдықтарды сұрыптау. Бөгде қоспаларды жою. Үлкен бөліктерді қолмен езу. Материалдар мен өнімдерді қондыру және өлшеу, орау немесе одан арғы қайта өндіруге жіберу. Машиналарды майлау және тазарту. Қызмет көрсетіп жатқан құрал-жабдықтарын жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: ұсақтау процесінің режімін; шикізат қасиеттерін, нысанын, ұсақтау механизмдерінің жұмыс істеу қағидасын; жұмыс істеу амалдарын.


341. Ұсақтаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды, өндіріс қалдықтарын, химиялық шикізатты түрлі жүйелік ұсақтау агрегаттарында ұсақтау. Тиеуді және агрегаттар жұмысын реттеу. Бөлікше бойынша іріктеу, рецептура бойынша шихтаны (қоспаны) құрастыру. Өндіруді есепке алу. Бақылау және құралды жөндеуден алу.

Білуі тиіс: ұсақтау процесінің режімін; шикізат қасиеттерін, нысанын, ұсақтау механизмдерінің жұмыс істеу қағидасын; жұмыс істеу амалдарын.


342. Ұсақтаушы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды, өндіріс қалдықтарын, химиялық шикізатты түрлі жүйелік ұсақтау агрегаттарында төменгі біліктілікті ұсақтаушыларды бір мезгілде басқарып ұсақтау процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралы және автоматиканың көмегімен технологиялық процесті дұрыс жүргізуді тексеру. Электрқозғалтқышына түсетін жүктемені бақылау. Шаңжинағыш жұмысын тексеру: сұйыққойма сүзгішіндегі қысым ауытқуын, шаң шығаруды бақылау. Сүзгілердің ластану дәрежесін қадағалау.

Білуі тиіс: ұсақтау процесінің режімін; шикізаттың физика-химиялық қасиеттерін; құрал-жабдық және механизм құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдары жұмысын; қосымша құрал-жабдық және арнайы айлабұйымды нысанын; шикізатқа қойылатын техникалық талаптар.


343. Табақтық материалдар қосарландырушысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қол баспағында төселетін картон табағын қосарландыру. Желімді дайындау. Баспақты жұмысқа даярлау. Картонға желімді қолмен жағу. Матаны салу, ондағы бүрмені түзету, баспақтау. Дайын табақтарды шығару және қатқабаттау. Баспақты тазарту және майлау.

Білуі тиіс: құрал-жабдық және айлабұйым құрылғысын; табақтық материалды қосарландыру амалдарын; баспақтау режімін; қосарланған табақтарға қойылатын талаптарды; желімдік ерітінділерді дайындау ережелерін; дербес қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін.


344. Табақтық материалдар қосарландырушысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қосарландыру – гидравликалық немесе қол баспағында екі-үш және одан да көп төселетін табақты желімдеу және картон табақтарын матамен жапсыру немесе қосарландыру – қосарландыру станогында паронит табақтарын жапсыру және каланандирлеу. Құрал-жабдық және айлабұйымды дайындау. Желім ерітіндісін дайындау. Дайын табақтарды қатқабаттау. Қосарландырылған картон немесе паронит табақтарының қалыңдығын тексеру. Паронитті қосарландырған кезде: сұрыптау, қосарландыру станогына паронит табағын жіберу, табақтарды желіммен станокта немесе қолмен жағу, жасырын тыңдау, аунақшамен табақтарды желімдеу және илемдеу, дисктік пышақта кесу, каландрлау, қосарландырылған паронит табақтарын өлшеу және таңбалау. Картонды қосарландырған кезде: картонды желіммен қолмен (қылшақпен) немесе жаққыш машинамен жағу, бір картон қабатын басқаға бастырып салу, матадағы бүрмені түзету және жиектерді теңестіру, баспаққа қосарландырылған жасанды былғарымен жарты білікті табақты салу, баспақтау, баспақтау режимін бақылау, қосарландырылған картон табақтарын түсіру.

Білуі тиіс: құрал-жабдық және айлабұйым құрылғысын; табақтық материалдар қосарландыру амалдарын; баспақтау, кептіру және каландрлау режімдерін; қосарландырылған табақтарға қойылатын талаптарын, желімдік ерітінділерін дайындау ережелерін; дербес қорғану жабдықтарын қолдану ережелерін.


345. Тиеуші-түсіруші

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Кептіргіштерге технологиялық сүрек ағашын, кен-экстрактын тиеу; пекті пек қабылдауыштардан түсіру, былғары қабат өндірісіндегі талшықтар. Қолмен (шикізатты, отынды, химиялық өнімдерді, шламды, өндіріс қалдықтарын) аппараттарға, машина шанаптарына, реакторларға, күбілерге, пештерге, камераларға квалификациясы жоғарырақ аппаратшысының басшылығымен тиеу-түсіру. Механизмдерді және айлабұйымдарды басқару. Жұмыс аймағын өнімдерден және өндіріс қалдықтарынан тазарту. Қажет болса, тасымалдау, өлшеу, камераларды, қалталарды, жалғастықтарды, сүзгілерді тазалау. Бос және толтырылған вагонеткаларды домалату және жазу. Тасымалдағыштарға және басқа тиеу-түсіру механизмдеріне және құрылғыларына қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан аппараттардың, дабылдық жүйелердің, байланыс құралдары және механизмдер жұмысының құрылысын, қағидасын; шикізат, жанармай, химиялық өнімдер қасиеттерін; тиеу және түсіру ережелері мен амалдарын; шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттарды.


346. Тиеуші-түсіруші

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен, сонымен қатар механизмдердің көмегімен немесе гидравликалық тәсілмен (шикізатты, отынды, химиялық өнімдерді, шламды, өндіріс қалдықтарын) аппараттарға, машина шанаптарына, реакторларға, күбілерге, пештерге, камераларға тиеу-түсіру.

Қажет болса, шанаптарды азотпен өңдеу. Өнімдер және шикізаттың тазалығын және шанаптардың қымталғандығын бақылау. Қызмет көрсетілетін өндірістік буындарды өндіріс өнімдерінен және қалдықтарынан тазарту. Шанаптардың, сүзулердің, азоттық және вакуумдық коммуникациялардың жағдайын бақылау. Технологиялық процеспен тиеу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қажет болса, тозаңды газ өтетін арналардан және тозаң камераларынан түсіру, реакторлардың ішкі бетін тазалау. Квалификациясы төменірек тиеуші-түсірушілер болған жағдайда, оларға басшылық ету.

Білуі тиіс: Қызмет көрсетілетін аппараттардың, дабыл беру жүйесі, байланыс құралдарының және механизмдердың құрылысын; шикізаттың, отынның, химиялық өнімдердің қасиеттерін; тиеу және түсіру ережелерін және тәсілдерін; шикізатқа және дайын өнім МЕМСТ-ларын.
347. Индикаторшы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Рецепт бойынша индикаторлық ерітінділерді дайындау, оларды сүзу. Сүзгілік қағазды кесу машинасында кесу; қағазды бояғыштарда бояу, кептіру, түптеу және боялатын парақтарды кесу, орауыштарға салу және индикаторлық кітапшаларды және қораптарды тығындау. Кесу машинасына, бу және конденсациялық коммуникацияға қызмет көрсету.

Білуі тиіс: индикаторлық ерітінділерді дайындау технологиясын; шикізатты және дайын қағазды сақтау ережелерін; химиялық препараттармен жұмыс істеу ережелерін; индикаторлық кітапшаларды дайындау тәртібін; кесу машинасының құрылысын; коммуникация схемасын.


348. Каландрлаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі бұйымдарды квалификациясы жоғарырақ каландрлаушының басшылығымен каландрлау, сонымен қатар линолеумді каландрлау кезінде қосымша жұмыстар атқару: кендір мата орамдарын каландрға жеткізу және оларды каландрдағы тарқату білікшелеріне салу, кендір мата орамдарының ұштарын тігу, орамды тарқату кезінде түйіндерді және мата жіптерін қайшымен қию, каландрға түсетін матаның біркелкі керілуін реттеу. Линкрустты каландрлау кезінде: каландрға түсетін линкрусттық массаны мөлшерлеу, оны жіберу және каландр білікшелері арасында біркелкі тарату, оның линкрусттық массасына салуға арналған қағазды жеткізу.

Білуі тиіс: Төсеу кендірінің, линкрустқа арналған қағаздың түрлерін және нысанын; кендір матаны тарқату механизмінің және орамдар фалдаларының тігісінің құрылысын; араластыру құрал-жабдығының жұмыс істеу схемасын және өзара байланысын; жұмыс тәсілдерін.


349. Каландрлаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типтегі каландрларда бұйымдарды каландрлаудың технологиялық процесін жүргізу немесе квалификациясы жоғарырақ каландрлаушының басшылығымен парақтау және поливинилхлоридті, глифталь, кумран және басқа полимерлік қоспаларды (резеңкеден басқа) каландрларда, білікшелер ұзындығы 1500 мм дейін болған жағдайда, және жағылған ферромагниттік қабаттары болатын магниттік таспаларды және қағаз баритталған фотонегіздерді нығыздау кезінде, мөлшерлеу бойынша каландрлауды жүргізу. Каландрды жұмысқа даярлау. Жартылай дайын өнімді жеткізу, орнату және машинаға салу. Қоспаны мөлшерлеу, каландрдың біркелкі қоректенуін қамтамасыз ету және жіберілетін қоспаның білікшелерді бойлай механикалық айлабұйымдардың көмегімен немесе қолмен тарату. Каландрлаудың технологиялық процесінің барысын байқау, керуді және орау сапасын реттеу. Ақауы бар жерлерді алып тастау немесе белгілеу. Дайын өнімді алу, маркалау және қоймаға жеткізу немесе одан әрі өңдеуге жіберу. Машинаны тазалау және майлау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысы, нысаны; каландрлаудың және ұштасатын шектердің технологиялық процесін; каландрланатын қоспалардың сұрыпын, қасиеттерін және нысанын; өнімнің, қоспалардың және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды.


350. Каландрлаушы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Құрылымы түрлі каландрларда каландрлау арқылы пластикат, винипласт және басқа қабыршықтарды алудың технологиялық процесін жүргізу. Поливинилхлоридті, глифталь, кумран және басқа полимер қоспаларды (резеңкеден басқа) монолитті бір қабатты матаға немесе көпқабатты линолеум қабыршығын каландрларда, білікшелер ұзындығы 1500 мм артық болған жағдайда каландрлау. Катализаторды (ұсақ қоспа), жағылған ферромагниттік қабаты болатын магниттік таспаларды және қағаз баритталған фотонегіздерді каландрлау процесін жүргізу. Каландрдың біркелкі қоректенуін реттеу, жіберілетін қоспаның каландр білікшелерінің, орау керілуінің ұзындығы бойынша тарату. Каландрларды дайындалатын бұйымдардың қалыңдығы, ені және нығыздалуына байланысты баптау. Білікшелерінің ұзындығы 1500 мм дейінгі каландрларға қызмет көрсететін каландрлаушыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: типтері түрлі каландрлар құрылысын; каландрлаудың және ұштасқан шектердің технологиялық процесін; каландрларды жұмысқа баптау ережелерін; каландрланатын қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін; өнімнің, қоспалардың және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды.


351. Каландрлаушы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полимерлік қоспаларды (резеңкеден басқа) монолитті бір қабатты матаға немесе көпқабатты линолеум қабыршығын білікшелерінің ұзындығы 1500 мм артық болатын каландрларда каландрлаудың технологиялық процесін жүргізіп, бір уақытта квалификациясы төменірек каландрлаушыларға басшылық ету; лавсан негіздегі магниттік таспаларды жылдамдығы жоғары каландарларда каландрлаудың технологиялық процесін жүргізе отырып, одан кейін арнайы кептіргіште өңдеу; білікшелерінің ұзындығы 2000 мм үш қабаттаушы қондырғыда АБС-ПВХ композицияларынан жасалған қабыршықтар мен көп қабатты табақтарды алудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу. Көп қабатты табақтарды және бедерленген түрлі суреттері болатын қабыршықтарды электронды схемаларда жұмыс істейтін құралдардың көмегімен алудың технологиялық процесін басқару. Жылу тасымалдағыштарды (газ, жылытылған су) жіберу процесін басқару және олардың жұмыс істеу режімін реттеу. Қабыршық-жартылай дайын өнімнің үздіксіз матаға пісіру процесін басқару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет