Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет21/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Білуі тиіс: Түткіш машинаның құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; шығарылатын төсек жапқыштардың; сапасына қойылатын талаптарды лактың қасиеттерін; шығарылатын төсек жапқыштардың маркаларын; МемСТ –рды және ТУ; төсек жапқыштардың сапасын бақылау үшін құралдардың белгіленуін; құрал – жабдықты күтім жасау кестесін; жұмыс тәсілдерін.


391. Түткіш машиналардың операторы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Кардотүткіш аппараттарда және мамықбау машиналарда асбесттің, мақтаның және қыл-қыбыр қоспаларынан тауар өнімін немесе жартылай фабрикатты дайындау (мамықбауды, түткіш лентаны). Технологиялық процесті және аппарат тораптарының жұмысын қадағалау. Асбесттік және мақта-мата жіппен өңделген орнату және ауыстыру. Сәйкес журналға жазумен әрбір алуда сынамалар алу арқылы ровницаның өңделетін нөмірін қадағалау. Бункерде қоспаның деңгейін немесе аппаратты қоспамен автоматты қуаттандыруды қамтамасыз ететін құралдардың жұмысын қадағалау. Өңделетін ровницаны алу, штамптау және төсеу, мамықбау мен лентаны бухталарға қолмен орау. Бухталарды байлау және төсеу. Кардотүткіш аппараттарды тазарту.

Білуі тиіс: ровница дайындаудың технологиялық процесін; қайта өңделетін жартылай фабрикаттардың ассортиментін; әр түрлі рецептурадағы қоспаларды өңдеу ерекшеліктерін; дайындалатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; кардотүткіш аппараттардың, мамықбау машиналардың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын.


392. Шебердің көмекшісі

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Асбесттік техникалық бұйымдардың өндірісінде өру машиналарына қызмет көрсету. Жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастыру. Жұмысшыларға техникалық басшылық ету және ырғақты жоғары өнімділікті жұмысты қамтамасыз ету. Жұмысшылардың технологиялық режим кешенін, құрал – жабдықты техникалық пайдалану және күтім жасау ережесін сақтауын, өнімді уақытында және сапалы тапсыруын бақылау. Құрал – жабдықты профилактикалық қарау, құрал – жабдыққа ағымдағы жөндеу жасау, май құю. Құрал- жабдықты орта және күрделі жөндеуге дайындау және тапсыру. Жөндеуден қабылдау. Жұмыс құралдарын, қосалқы бөлшектермен бөліктерін, көмекші материалдарды жартылай фабрикаттарды қамтамасыз ету. Құрал – жабдықтың және жұмыс кешенінің жұмысын бақылау. Құрал – жабдықтың тұрып қалуларын есепке алу. Қажетті құжаттама жүргізу. Қызмет көрсетілетін кешенде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау. Шебердің тапсырмалары бойчынша байқау жұмыстарын жүзеге асыру және сынау. Өңделетін өнімнің жиынтығына сәйкес деректерді және технологиялық май құюларға сәйкес құрал- жабдықтың жұмыс органдарының жылдамдық режимін есептеу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық процесін; режим және оны реттеу ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; құрал- жабдықты техникалық пайдалану және оған күтім жасау ережесін; құрал – жабдықтың жекелеген тораптары мен механизмдерінің белгіленуін және бөлшектеу жинау тәртібін; өз жұмыс орнын ұйымдастырудың ең озық әдістерін; ауысымды қабылдау және тапсыру ережесін; құрал – жабдыққа профилактикалық жөндеу жүргізуді орта және күрделі жөндеуге тапсыру мен қабылдауды, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; барлық жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру әдістерін; жиынтықтың жұмысының негізгі техникалық – экономикаалық көрсеткіштерін; ақау түрлерін, ақаудың алдын алу және жою шараларын.


393. Шебердің көмекшісі

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық талшықтар өндірісінде вискоздық тоқыма жібінің, шыныматаның, шыныжіптің әрлеу агрегеттарына, мысаммиак талшығының, қалдықтардан вискоздық және синтетикалық талшықтың агрегаттарына қызмет көрсету; асбесттік техникалық бұйымдардың өндірісінде түту – қоспалау, домалату және иіру құрал – жабдықтарына қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық процесін; режим және оны реттеу ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; құрал- жабдықты техникалық пайдалану және оған күтім жасау ережесін; құрал – жабдықтың жекелеген тораптары мен механизмдерінің белгіленуін және бөлшектеу жинау тәртібін; өз жұмыс орнын ұйымдастырудың ең озық әдістерін; ауысымды қабылдау және тапсыру ережесін; құрал – жабдыққа профилактикалық жөндеу жүргізуді орта және күрделі жөндеуге тапсыру мен қабылдауды, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; барлық жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру әдістерін; жиынтықтың жұмысының негізгі техникалық – экономикаалық көрсеткіштерін; ақау түрлерін, ақаудың алдын алу және жою шараларын.


394. Шебердің көмекшісі

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық жіптер мен талшықтар өндірісінде шыны иіру агрегаттарына және тоқу станоктарына немесе иіру машиналарына, вискозды тоқымалы және техникалық жіптерді алатын үздіксіз процесінің машиналарына; химиялық талшық, айналдару, орау машиналарының иіру – өңдеу агрегаттарына, химиялық – техникалық жіптер мен маталардың өндірісінде тігін станоктарына, асбесттік техникалық заттардың өндірісінде түткіш және тоқу құрал – жабдығын қызмет көрсету. Технологиялық процесті автоматты реттеумен тарқату орау және арқан –айналдару машиналарына қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық процесін; режим және оны реттеу ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; құрал- жабдықты техникалық пайдалану және оған күтім жасау ережесін; құрал – жабдықтың жекелеген тораптары мен механизмдерінің белгіленуін және бөлшектеу жинау тәртібін; өз жұмыс орнын ұйымдастырудың ең озық әдістерін; ауысымды қабылдау және тапсыру ережесін; құрал – жабдыққа профилактикалық жөндеу жүргізуді орта және күрделі жөндеуге тапсыру мен қабылдауды, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; барлық жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру әдістерін; жиынтықтың жұмысының негізгі техникалық – экономикаалық көрсеткіштерін; ақау түрлерін, ақаудың алдын алу және жою шараларын.


395. Сығымдаушы.

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары сығымдаушының басқаруымен жекелеген жұмыстарды орындау (пастаны қысу, қалыптарды толтыру, сыққыш сөрелеріне қалыптарды орнату, дайын өнімді түсіру, орау, құрал- жабдықты тазарту және майлау және басқ.)

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; сығымдау режимін, жұмыстың негізгі тәсілдерін.


396. Сығымдаушы.

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық – техникалық жіптерді сығымдау. Жекелеген жұмыстарды орындау (пастаны қысу, қалыптарды толтыру, сыққыш сөрелеріне қалыптарды орнату, дайын өнімді түсіру, орау, құрал- жабдықты тазарту және майлау және басқ.).

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; сығымдау режимін және оны реттеу ережесін; шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; жұмыстың негізгі тәсілдерін.


397. Сығымдаушы.

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, контактілік массаны, материалдарды, химиялық өндірістің қалдықтарын сығымдау; қабыршақты, поролонды және әр түрлі құрылымдардың сыққыштарында басқаларды сығымдау. Сығымдау үшін құралдарды дайындау. Сыққыш шахтасына материалдарды қабылдау және оны сыққыштың ұяшығына салу. Сығымдалған материалдардың қалыңдығы бойынша сыққышты реттеу, сыққыштың жұмысын қадағалау. Сығымдалған бұйымдарды алу, төсеу, орау және одан әрі өңдеуге немесе қоймаға жіберу. Сығымдау сапасын тексеру, ақауларды анықтау және жою. Құрал-жабдықтың жұмысын қадағалау. Өнімнің сыртқы түріне бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша сығымдау процесін және басқа ілеспен процестерді реттеу. Дайын өнімнің сапасын тексеру.талдауға сынамалар алу. Контактілік массаны сығымдау кезінде – шикізатпен жартылайөнімді сығымдауға алдын ала дайындау сүзу,кептіру. Сығымдалатын массаның мөлшерін реттеу, дайын өнімді сығымдау кептіру. Сүзгілерге, сыққыштарға, кептіргіштерге, компрессорларға, жүкшығырларға қызмет көрсету. Каучук ұнтағын сығымдау кезінде – каучук ұнтағын автоматты таразыда өлшеу, брикеттерді орауға тасу, автоматты таразыға, көлбеулі транспортерға көлбеулік транспортер, құбырға және коллектордан сыққышқа дейін төмен және жоғары гидравликаның бекітпе арматурасына қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуі мен қолдану ережесін; сығымдау режимін және оны реттеу ережесін; шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; жұмыстың тәсілдерін; сынамалар алу ережесін.


398. Сығымдаушы.

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жасанды теріден пластиналарды, термопластикалық материалдардан жасалған плстиналарды немесе синтетикалық шайырлармен сіңдірілген қағаздарда бумен қыздырылатын гидравикалық сыққыштарда сығымдау, сондай – ақ бір уақытта сығымдаушылардың бригадасын басқарумен шикізатты, материалдарды сығымдау. Пластинаның маркасына байланысты сығымдау режимін (уақыт пен қысымды) таңдау. Пластиналарды оң жақ қабыршақпен жабу, оларды болат табақтармен төсеу. Дайын кассеталарды сыққыштарға тиеу. Сығымдау. Бақылау –өлшеу құралдары бойынша сығымдау режимін қадағалау. Судың, будың түсуін реттеу. Төмен және жоғары қысымды уақытында қосу. Сығымдалған пластиналарды түсіру.

Білуі тиіс: сыққыштардың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; жөндеу ережесін; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуі мен қолдану ережесін; сығымдау режимін; жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.


399. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді қабылдаушы

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мыс-аммиак штапельді талшық бұрауды қабылдау және төсеу.

Білуі тиіс: мыс-аммиак штапельді талшық бұрауды өлшеу, ақауға шығарулар, іріктеулер, маркалаулар және есепке алу ережесін; оның физикалық- химиялық қасиеттерін; тиеу және тасу тәсілдерін; жұмыс тәсілдерін.


400. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді қабылдаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау – есептік функцияларды бір уақытта жүргізумен шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және өнімдердің әр түрлі түрлерін қабылдау, өлшеу, тасу, қотару. Қоймаға немесе өндірістің кейінгі сатыларына беру үшін өнімді қысқа уақытта сақтау. Ауысымдарды шикізатпен, материалдармен қамтамасыз ету. Жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді төсеу, іріктеу, маркалау бойынша әр түрлі жұмыстарды орындау. Тәулік ішінде ауысымдар бойынша өңделетін өнімді бастапқы есепке алуды жүргізу, ауысымдар мен машиналар бойынша шығарылатын өнімнің сапасы бойынша барлық көрсеткіштерді есепке алу. Жекелеген жұмыс орындары бойынша және өңделетін өнім ассортименті бойынша жеке қабылданатын дайын өнім мен жартылай фабрикаттарды, сапасыз өнімді, технологиялық ақау мен қалдықтарды есепке алуды жүргізу.

Білуі тиіс: өңделінетін өнімнің ассортиментін; шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді өлшеу, ақауға шығарулар, іріктеулер, маркалаулар және есепке алу ережесін; шикізаттың және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін, тиеу және тасу тәсілдерін; жұмыс тәсілдерін.


401. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді қабылдаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Аммиакты қоймаға қабылдау және тұтынушыға беру бойынша жұмыстарды орындау, күкірт қоймасын құю бойынша, әр түрлі жиынтықтағы химиялық жіптерді қабылдау бойынша жұмыстарды орындау; лак бояу өндірісінде шикізат пен өнімнің үлкен жиынтығымен жұмыс жасау; біліктілігі төмен жұмысшыларды басқару (жүк тасушыларды, тасмалдаушыларды және т.б.). Ыдыстың, оларды қабылдау кезінде орау мен маркалаудың сапалық ақаулырын анықтау. Дайын өнімді маркалары мен тұтынушылары бойынша орналастыру және іріктеу. Дайын өнімді қоймаға, жоспарлау бөліміне және цехтың экономисіне жіберу бойвынша құжаттарды ресімдеу (паспорттарды, фактураларды). Дайын өнімді құжаттары бойынша жөнелту. Ораушылар мен жүк тасушылардың орындалған жұмыстарын есепке алуды жүргізу.

Білуі тиіс: өңделінетін өнімнің ассортиментін; шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді өлшеу, ақауға шығарулар, іріктеулер, маркалаулар және есепке алу ережесін; шикізаттың және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін, тиеу және тасу тәсілдерін; жұмыс тәсілдерін.


402. Булаушы.

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Целлулоидты пластиналарды буплиталарында булап жібіту.

Білуі тиіс: буплиталарының жұмыс істеу қағидасын; булаудың (булап жібітудің) технологиялық процесін булап жібітудің уақыты мен температурасын.


403. Булаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ванналарда және булапжібіту шкафтарында әртүрлі бұйымдарды, шикізатты бумен жэәне ыстық сумен булау (булап жібіту) процесін жүргізу. Біліктілігі неғұрлым жоғары булаушының басқаруымен тығын қабықшасын сулап қою. Бұйымдарды жұмысч орнына әкелу. Шикізатты ваннағ және булапжібіту шкафтарына тиеу. Өнімді түсіру. Учаскеде құрал- жабдыққа қызмет көрсету.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың; жұмыс істеу қағидасын; әр түрлі заттарды және шикізатты булау (булап жібіту) уақыты мен температурасын. Шкафты қосу ережесін.


404. Булаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Булап жібіту камераларында, салқын қоймаларда бумен және ыстық сумен немесе жоғары жиілікті тоқпен әр түрлі зыттарды, шикізатты булау (булап жібіту) процесін жүргізу. Тығын қабығын сулау. Әр түрлі заттардың байламдарын, орамдарын жұмыс орнына әкелу. Қажет болса – орамдарды тиеуге алдын ала дайындау; партиялар бойынша іріктеу, камераға салу үшін орамдардың ұштарын төсеу және дайындау. Булап жібітетін камераларға, салқын қоймаларға тиеу. Буды жіберу, булау температурасын қысымын және режимдерін реттеу. Сыртқы белгілері немесе талдау нәтижелері бойынша өнімнің дайындығын анықтау. Өнімді түсіру және оны одан арғы өңдеуге жіберу. Камераларға, салқын қоймаларға, бойлерге, тасу және көтеру механизмдеріне қызмет көрсету. Камераның, механизмдерін реттеу және олардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету. Біліктілігі неғұрлым төмен болаушылара басшылық ету.

Білуі тиіс: булаудың (булап жібітудің) технологиялық режимін; өңделетін шикізаттың дайындығын анықтау ережесін; шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін; бужіберетін және суқұбыр құрал – жабдықтарының құрылысын, электр жылытқышта жұмыс істеу кезінде электр техникасының негіздерін, жоары жиілікті тоқтармен жұмыс жасау ережесін; жүк көтеретін және таситын механизмдерді пайдалану ережесін.


405. Елеуші. *

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық материалдарды елеу. Құрал – жабдықты дайындау, елеуіштерді таңдау және орнату. Елеуіштердің еңісін реттеу. Химиялық материалдарды біркелкі тиеу, елеу, өлшеу, еленген материалдарды өлшеу және салу. Сепараторларға, елеуіштерге, әр түрлі жүйеолер мен тасу механизмдерінің гүрсіліне қызмет көрсету. Құрал- жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау,жою. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: Қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізатты тиеу тәсілдерін және мөлшерлеу нормаларын; жұмыс тәсілдерін.

* Медикаменттердің, медициналық және биологиялық препараттардың және материалдардың өндірісінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «Себуші» деп атау.
406. Елеуші

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық материалдарды химиялық материалдарды (шиналардың өндірісінде), химикалийларды (резеңке қоспаларының өндірісінде),резеңке ұнтағын, активтенген көмірді, химиялық – фармацевтік өндірітердің өнімдерін бір уақытта кептірумен, ұсақтаумен және басқа операцияларды орындаумен иелеу процесін жүргізу.

Білуі тиіс: : Қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізатты тиеу тәсілдерін және мөлшерлеу нормаларын; жұмыс тәсілдерін.


407. Пакеттерді сұрыптаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пакеттерді сұрыптау оларды герметикалық ыдыстан алу және сұрыптау столында металл сыққыш – қалыптардан дайын пластинаны бөлу. Пакеттерді ТББ бақылаушысына беру, пакеттерден босаған ыдыстарды өндіріске қайтару. Металл қалқаларды жәшік-арбаға салу және оларды жуу мен кептіруге беру. Сұрыпталған пакеттерді есепке алу. Желдету жүйелерін реттеу. Құрал – жабдықты дайындау және жөндеуге тапсыру.

Білуі тиіс: жұмыс тәсілдерін; пакеттердің физикалық- химиялық қасиеттерін; есепке алу ережесін; жарылыстар мен жанулардан қорғау ережесін.


408. Пакеттерді сұрыптаушы

3-ші дәреже


Жұмыс сипаттамасы. Сығымдаудан кейін дайын пластиканың пакеттерін сұрыптау процестерін жүргізу. Вантуздық көпірдің көмегімен үстіңгі тасушы табақты алу. Одан пластика панелінен дайындалған қағаз парақтарының жиынтығын қолмен алу, оны тасушы вагонеткаға төсеу. Өңделген табақты вантуздық көпірдің көметімен алу және оны пакетті дайындау столына беру.

Білуі тиіс: Дайын пластиканың пакетін сұрыптау ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын.


409. Уақтаушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты уақтау бойынша жекелеген операцияларды орындау; шикізат пен материалдарды өлшеу, жұмыс орнына әкелу, түсіру, құрал- жабдықты тазарту және майлау.

Білуі тиіс: құрал- жабдықтың құрылысын; құрал- жабдыққа қызмет көрсету ережесін; өлшеу ережесін; шикізаттың және материалдардың физикалық- химиялық қасиеттерін.


410. Уақтаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары уақтаушының басқаруымен гидропульперлерде немесе роллдарда және конустық диірмендерде технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты тиеу. Уақтау процесін қадағалау. Сынамалар алу. Құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Берілген технологиялық режимнен ауытқулардың себептерін жою. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

Білуі тиіс: құрал- жабдықтың құрылысын, коммуникациялардың сызбасын; технологиялық процессті; өңделетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; шикізаттың және компоненттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін.


411. Уақтаушы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Асбестік қағазды және сүзгілерді, асбестік және шыны картонды құю үшін гидропульперлерде немесе роллдарда және конустық диірмендерде асбемттен, былғары қалдықтардан, макулатура мен өсімдік тектес басқа шикізаттан массаны дайындау процесін жүргізу. Құрал- жабдықтың, қосалқы құрылғылар мен жабдықтардың техникалық ақаусыздығын тексеру және жөндеу. Ылғалдылығын ескерумен тиелетін шикізатты есептеу. Роллға және конустық диірмендерге асбестті, целлблозаны, былғары қалдықтар мен басқа шикізатты, клейстерді, химикаттарды және белгіленген режимге және рецептураға сәйкес еріткіштерді тиеуді бақылау. Компоненттерді уақтау және массалардың концентрациясы процесін қадағалау. Пышақтарды түзі мен жуатын барабанға судың қысымын реттеу. Талдау нәтижелері бойынша және көзбен массаның дайындық деңгейін анықтау және оны араластыратын бассейнге беру. Қажетті концентрацияға дейін химикаттарды дайындау. Құрал- жабдықтың, коммуникацияар мен бақылау- өлшеу құралдарының, аппаратураның жұмысын қадағалау. Конустық диірмендерде уақтау кезінде ұсақталған хром жоңқасының рафинерлерге берілуін реттеу, берілген композицияға қарай таннидтерді (есеппен) және былғары талшыты қосу. Былғары және хром талшығын рафинерден бассейнге беру. Роллдардың жұмысының технологиялық режимінің сақталуын, регламентпен қарастырылған мөлшермен және реттілікпен компоненттерді мөлшерлеуді, шикізат ұсағының сапасын бақылау, құрал- жабдықтың жұмыс режимін, бақылау –өлшеу құралдары, талдау нәтижелері бойынша және көзбен ұсақтың деңгейі мен массаның концентрациясын реттеу. Массаны ұсақталу деңгейін анықтау үшін бақылау талдауларын жүргізу. Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау. Біліктілігі неғұрлым төмен уақтаушылардың жұмысына басшылық ету.

Білуі тиіс: құрал- жабдықты және бақылау- өлшеу құралдарының, аппаратураның құрылысын; коммуникациялардың сызбасын; технологиялық процесті; әр түрлі массаны сығу рецептурасын, режимін және ерекшеліктерін; әр түрлі компоненттердің және олардың ұсағының деңгейінің өнімнің сапасына тигізетін әсерін; өңделетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, шикізаттың және компоненттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


412. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы.

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Клапанымен, шығатын түймешігімен және қақпағымен аэорзолдық балонды жинау.

Білуі тиіс: қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылысы мен белгіленуін; қысыммен жұмыс істейтін автоматтарды пайдалану ережесін.


413. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы.

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өндірісінің жекелеген сматылары бойынша аэрозолдық роаудағы өнімді құрастыру бойынша жұмыстардың бүкіл кешенің орындау. Бос баллондарды вибростолға орнату және оларды тасуды қадағалау. Балондарды өніммен автоматты толтыруды, толтырылған баллондарға соратын түтіктерімен клапандарды орнатудың дұрыстығын қадағалау. Жоғары қысымды сорғының жұмысын клапанның автоматты жабылуын және фреон балондарына тоғытуды бақылау. Су ваннасында аэрозольдарды герметикалық термотексеру. Аэрозолдық клаппанның арнайы жабдықтарын пайдалану мен қолмен құрастыру. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерінің алдын алу және жою.

Білуі тиіс: қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылысы мен белгіленуін; аэрозоль өндірісінің технологиялық процесінің мәнісін және физииикалық – химиялық негіздерін, шикізат компонентерінің шығын нормаларын, оларды мөлшерлеу реттілігін,қысыммен жұмыс істейтін автомат пен механизмдерді пайдалану ережесін.


414. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы.

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Аэрозолдық клапандардың автоматтарында құрастыру. Автоматта клапан бөлшектерін беру. Бір уақытта клапанның барлық бөлшектерін бес позициядан екі құрастыру дискілерінде жиынтықтау. Лубрикаторға май құюмен кескіштерді реттеу. Бөлшектерді автоматты ақауға шығару. Ауа беру және есептеу жүйелерін реттеу. Автомат жөндеуге қатысу. Дайын өнімдерді тапсыру. Барлық толтыру тармағында біліктілігі неғұрлым төмен құрастырушыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: құрастыру автоматтарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; бөлшектерді құрастыруға қойылатын талаптарды, бөлшектерді құрастыруға беру сызбасын, құрастыру автоматы жұмысынң режимін; бөлшектерді автоматты және механикалық ақауға шығаруды реттеу тәсілдерін, қысымда реттеу және дайын бөлшектерді беру жүйесін.


415. Желімдеп жабыстырушы.

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жасанды тері өндірісінде битумдалған қаптарды, төсемдерді желімдеп жабыстыру.

Білуі тиіс: желімдеп жабыстыру ережесін және тәсілдерін; жабыстырылатын бөлшектер мен алынған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды; желімнің қасиеттерін; қолданылатын құрал- жабдықтың құрылысын.


416. Желімдеп жабыстырушы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді желімдеп жапсыру. Желімді, битумды дайындау, битумды ұсақ кесектерге бөлу, битумды тиеу, желімді резервуарға, қазанға, бакқа тиеу. Битумды балқыту және оны құйып алу. Желімдеп жапсыратын бөлшектерді дайындау: жақындату, тазалау, пішу және берілген мөлшерлерге және түрлерге қарай жиынтықтау, қажет болса өңдеу. Жабпсырылатын бөлшектердің желіммен, битуммен қолмен батырумен, жаққышпен, су сепкішпен немесе жағатын машинамен жағу. Желімді білікшелерге беруді салу және жағыатын бөлшектердің калибріне сәйкес жағатын машинаның білікшелерінің арасындағы саңылауды реттеу. Қажет болса - желімделген бұйымдарды жүктің астына салу немесе престеуге арналған қолдық престе кассеталарға қатайту. Желімделген бұйымдарды салу. Құрал - жабдықтың ақаусыздығын тексеру, құрал - жабдықты жұмысын, бөлшектердің желімдеп жабыстырудың дұрыстығын қадағалау.

Білуі тиіс: желімдеп жабыстыру ережелері мен тәсілдерін; жабстырылатын бөлшектердің және алынған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды; желімнің қасиеттерін, желімдеуші құрамың рецептурасын; бөлшектерді белгілеуді, желімделген бұйымдарға техникалық шарттарды; қолданылатын құрал - жабдықтың құрылысын.


417. Арқау өткізуші

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Таскендірлі жіптерден негіз дайындау – арқау өткізу.

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет