Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет4/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың сызбасын; әкті сөндіру процесін реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; дайын өнімге қойылатын талаптарды.


55. Әкті сөндіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 300 т артық әк өнімділігімен сөндіргіш- аппараттарда пушонка алу үшін әкті сөндіру технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Бақылау- өлшеу құралдарын, құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау. Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, пайдалану ережесін; қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың сызбасын; әкті сөндіру процесін реттеу ережесін; дайын өнімге қойылатын талаптарды.


56. Гидратациялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Цианамидті ұнтақты маймен гидратациялау және өңдеу процесін жүргізу (кальций циамиді өндірісінде) немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен басқа заттарды гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау және тиеу. Өнімді түсіру және оның өндірістің кейінгі сатыларына беру. Сынамалар алу. Құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың, дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.


57. Гидратациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта күрделі немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және аппаратқа тиеу, су буын және көмірсутегі шихтаны булау және қыздыру, реакциялық массаны гидратациялау, бейтараптандыру, су - спирттен конденсатты конденсациялау және сепаратордан өткізу, эфирді және басқа басқа өнімдерді шаю немесе ректификациялау, оның өндірістің келесі сатыларына беру. Гидратациялау аппараттарына, компрессор - буландырғыштарға, қыздырғыштарға, конденсаторларға, сорғыларға, жинағыштарға, сепараторларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен және талдау нәтижелері бойынша гидратациялау процесін реттеу; өнімнің шығымы мен сапасын бақылау. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің мәнісін, физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары

Өндірістерде гидратациялау процесін жүргізу:

1. Су ацетальдегидінің.

2. Этилен тотығының.


58. Гидратациялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен қарапайым және орта күрделі өнімдерді немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау. Бақылау талдауларын жүргізу. Құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің мәнісін, физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


59. Гидратациялау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті бақылау және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің мәнісін, физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс мысалдары.

Этил спиртінің өндірісі - гидратациялау процесін жүргізу.
60. Гидриттеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Изооктил спиртінің, ацетопропилацетаттың өндірісінде гидриттеу процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен басқа өнімдерді гидриттеу процесінің жекелеген операцияларын орындау. Шикізатты және катализаторды қабылдау және дайындау. Оларды аппараттарға тиеу. Өнімді түсіру. Катализаторды қалпына келтіру. Сынамалар алу. Реакциялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: гидриттеу технологиялық процесінің физикалық- химиялық негіздерін; қызмет көрсетілетін учаскеде құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін; шикізатты және өнімнің шығымын есепке алу ережесін.

Жұмыс мысалдары. Ксилит өндірісінде гидриттеу процесінің жекелеген операцияларын орындау.
61. Гидриттеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз әдіспен бағаналарда немесе кезеңдікпен – автоклавтарда гидриттеу технологиялық процесін жүргізу. Бағаналарды катализатормен әлсін- әлсін тиеу, жүйені сығымдау, булау, контактілік газды гидридтеу бағаналарына беру, гидридтеу, регенерациялау және конденсациялау, конденсатты бөлу, өнімді өндірістің басқа учаскелеріне тапсыру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температураны, қысымды, концентрацияны, сутегіні беру және реакция компоненттерінің деңгейін, шикізатты мөлшерлеп құюды және режимнің басқа параметрлерін бақылау және реттеу. Талдаулар орындау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу. Гидридтеу бағаналарына, реакциялық аппараттарға, автоклавтарға, тоңазытқыш – конденсаторларға, сепараттарға, жылу айырбастағыштарға, газбөлгіштерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға және компрессорлық қондырғылардың машинистерінің жұмысына басшылық ету.

Білуі тиіс: гидриттеу технологиялық процесінің мәнісін, физикалық- химиялық негіздерін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.


62. Гидриттеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға және компрессорлық қондырғылардың машинистеріне басшылық етумен гидриттеу технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйін қадағалау. Процесті оңтайлы шарттарға реттеу. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау талдауларын жүргізу. Құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: гидриттеу технологиялық процесінің мәнісін, физикалық- химиялық негіздерін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың сызбасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.


63. Гидриттеу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты басқарумен құрал- жабдықта гидриттеу процесін жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың және компрессор қондырғылары машинистерінің жұмысына басшылық ету.

Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту, реттеу жабдықтарын басқару. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: технологиялық процестің мәнісін және физикалық- химиялық негіздерін; құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс мысалдары. Селективті гидриттеу кезінде фурфурил, тетрагидрофурфурил спирттардың, күрделі және майлы спирттардың, күрделі эфирлердің, А дәруменін синтездеудің жартылай өнімдерінің, үшметилгидрохинонның, капролактамның, тетрагидрофуранның және сильванның өндірістерінде гидриттеу.
64. Гидролиздеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен технологиялық гидролиздеу процесін жүргізу. Шикізатты дайындау және тиеу. Дайын өнімді түсіру. Сынамалар алу. Құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың түрлерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.


65. Гидролиздеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Гидролиздеудің қарапайым технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, салқындату, гидролиздеу, реагенттерді беру, шайқау, қажет болса - гидрллизатты буландыру, тұндыру. Реакция компоненттерін есептеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Реакциялық аппараттарға, мөлшерлеуші құрылғыларға, тоңазытқыш - конденсаторларға, тұндырғыштарға, газбөлгіштерге, сорғыларға, бақылау - өлшеу құралдарына, арматураларға, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізатты, дайын өнімнің шығымын есептеу. Құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдауларды орындау әдістемесін.


66. Гидролиздеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Гидролиздеудің күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен гидролиздеудің қарапайым процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау. Талдау нәтижелері бойынша шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеулер, олардың сапасын бағалау. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық режимді; процестерді реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. Диазоль, кремнийорганикалық қосылыстардың, синтетикалық майлы спирттардың, медициналық дәрілердің өндірістерінде технологиялық процесті жүргізу.
67. Гидролиздеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. От және жарылыс қаупі бар заттарды қатыстырумен тұз қышқылының немесе сілтінің ортасында гидролиздеу технологиялық процесін немесе изотоптық алмасумен байланысты гидролиздеу процесін, сондай-ақ бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен күрделі гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау, хлорсиландар қоспасын даярлау, реакциялық қоспаны реакторға беру, реакция өнімдерін салқындату немесе жылыту, тұндыру және құйып алу, реакция өнімін тазарту немесе көмірқышқыл натриймен өңдеу, қысыммен друк – сүзгіде өнімді сүзу, өнімді басқа бөлімге тапсыру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша, регламентпен қарастырылған технологиялық режим параметрлерін бақылау және реттеу: температураны, берілетін қоспаның мөлшерін және процестің басқа көрсеткіштерін. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, пайдалану ережесін; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды; технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін; есептеулер әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. Силиконды каучук, электролиздік пергидроль, В_6 дәрумені (пиродоксинді алу сатысында), кальций циамиді, цианур қышқылы өндірістерінде технологиялық процесін жүргізу және аппаратшыларға басшылық ету.
68. Гидролиздеу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу және таза монометрлерден жоғары термотөзімді, диэлектрлік, адгезиялық және басқа көрсеткіштерімен полиэтилсилоксан сұйықтықтары мен кремнийорганикалық лактардың өндірісінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету; синтетикалық глицерин өндірісінде гидролиз технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулардың және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; есептеулер әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.
69. Ұсату аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Күйе және металл натрий өндірісінде ұсату процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен басқа өнімдерді ұсату процесін жүргізу. . Ұршықтық майды қабылдау, ұсатудан кейін майды суыту; суытылған майды ұсатқышқа беру, ұсатылған қорытпаны өлшеу, көтеру- түсіру механизмдерінің көмегімен тиеу. Құрал- жабдықты қорытпадан тазарту.

Білуі тиіс: шикізаттың және қосалқы материалдардың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; жұмыс тәсілдерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, көтеру- түсіру механизмдерінің жұмыс істеу қағидасын, және оларға қызмет көрсету ережесін; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін, технологиялық режимді; сынамалар алу ережесін.


70. Ұсату аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ұсатқыштарда жартылай өнімдерді және өнімдерді ұсатудың немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен автоматты реттеу және автоматты бұғаттау құралдарымен жабдықталған «қайнайтын қабатта» ұсатудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты ұсатқыштарға біркелкі берілуін және майдың деңгейін қадағалау. Бұрамалардың, ысырмалардың көмегімен және автоматты түрде суды, ретурды, буды, ауаны беруді реттеу. Технологиялық режимге сәйкес дайын өнімнің температурасын, қысымын, концентрациясын, гранулометриялық құрамын қамтамасыз ету. Түйірлердің сапасын көзбен анықтау. Сынамалар алу. Жартылай өнімді және өнімді түсіру және оны қоймаға немсе одан әрі өңдеуге түсіру. Шикізаттың қажетті мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу. Барабандық ұсатқыштардың, ұстау мұнараларына, бак - қабылдағыштарға, бункер - коректенгіштерге, сорғыларға, көтеру- түсіру механизмдеріне және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Аппараттарды және коммуникацияларды тазарту. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; технологиялық сызбаны; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, сынамалар алу ережесін.


71. Ұсату аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен жартылай өнімдерді және өнімдерді ұсатудың технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ трансформаторлық майда суспензия түйірлерін құрау әдісімен ионалмасу шайырларын ұсату процесін жүргізу немесе басқаруымен автоматты реттеу және автоматты бұғаттау құралдарымен жабдықталған «қайнайтын қабатта» жартылай өнімдерді және өнімдерді ұсатудың технологиялық процесін жүргізу. Құрал- жабдықтың және автоматика құралдарының күйін тексеру. Ұсату процесіне қатысатын заттардың қажетті мөлшері мен сапасын есептеу. Қажет болса – ілеспе процестерді орындау: газдар мен ерітінділерді кептіру, булау, кристаллдау, буларды конденсациялау және басқ. Автоматика құралдарының және бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен шикізат пен ерітінділерді беруді, дайын өнімнің шығымын, газдардың қысымының шығыны мен төмендеулерін, ауаның түсуін, ауа қысымдарын, циклондық мәндегі температураны, ұсатқыш қондырғысының аймақтары бойынша қалдық газдарды, «қайнайтын қабаттың» және ерітіндінің температурасын, су шығынын реттеу.Технологиялық режимге сәйкес шихтаның қажетті ылғалдылығын қамтамасыз ету. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою. Дайындалған шихтаны күйдіру пешіне тасу. Процестің дұрыс жүруін және қажетті мөлшерде түйірлердің пайда болуын қадағалау және бақылау. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес талдаулар жүргізу. Қондырғының бүкіл жүйесінің қалыпты жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жөндеу және жою. Ұсату қондырғыларының жүйесіне, циклондық оттықтарға, құбырауаағарлаорға, суытқыштарға, ортадан тепкіш сорғыларға, газтазартқыштарға, жылу айырбастағыштарға, желдеткіштерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізаттың шығыны мен материалдарды есепке алу.

Білуі тиіс: ұсатудың технологиялық сызбасын; құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын; коммуникациялардың сызбасын; технологиялық процесті және оны реттеу ережесін; технологиялық процесс регламенттері мен режимін; талдаулар жүргізу әдістемесін; дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.

Жұмыс мысалдары. Бір уақытта аммоний фосфаты ерітіндісін жете аммонизациялаумен немесе бір уақытта аппаратта БГС (ГСХ) жете аммонизациялаумен және кептірумен аммофосты ұсату.
72. Дегидраттау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дегитраттау қарапайым технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттарды, реагенттерді дайындау, оларды аппаратқа тиеу, дегидраттау, араластыру, өнімді түсіру. Реакциялық аппараттарға, өлшеуіштерге, тоңазытқыштарға, қақпандарға, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Сынамалар алу және нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Шикізатты, қосалқы материалдарды, өнімді есепке алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің мәнісін, параметрлерін және реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


73. Дегидраттау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дегитраттаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу. Реакциялық массаның тұрақты деңгейін сақтаумен шикізаттарды, реагенттерді, қосалқы материалдарды дайындау, пайда болатын көмірсутегілер мен басқа қосылыстарды айдау. Ыстық майды иіртүтікке және реакторға берумен аппаратты жылыту. Реактордан өнімді түсіру, еріту, тазалау және өндірістің басқа учаскелеріне тапсыру Буландырғыштан және контактілік аппараттардан сынапты құйып алу, сүзу және механикалық қоспалардан тазарту, сынапты баллондарға және аппараттарға құю; сынап және азот пештерінің форсункаларының жұмысын, сынапты буландырғышты қыздыруды қадағалау. Катализаторды ұсақтау және контактілік аппаратқа тиеу; кептірушілерді тазарту; жүйеге көмір қышқылын мөлшерлеп құю; дегидраттау суын канализацияға төгу. Дегидраттау аппараттарына, буландырғыштарға, қыздырғыштарға, конденсаторларға, тұндырғыштарға, шайыр еріктіштерге, сынап және азот пештеріне, құрғататын бағаналарға, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізатты тиеуді, өнімді еріту үшін судың мөлшерін есептеу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің өндірісінің технологиялық сызбасын және спирттерді дегидраттау процесінің мәнісін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың және қосалқы материалдардың физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық режимді; технологиялық процесті реттеу ережесін; есептеулер әдістемесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет