1. Пинендік фракцияны камфенге.
2. А дәруменін шығару.
3. Циклогексаноноксиманы капролактамға.
95. Булау аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Cұйықтықтар немесе сұйытылған газдарды буландыру арқылы буларды немесе газдарды алудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттарды қоймадан буландырғыштарға қабылдау, шикізаттарды жылыту, буландыру, буларды және газдарды тазалау (кептіру). Буландыру процесін реттеу: бақылау- өлшеуіш құралдар көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша температураны, қысымды немесе вакуумды, аппараттағы шикізаттар деңгейін және процестің басқа параметрлерін. Қосымша компоненттерді мөлшерлеу. Буларды және газдарды қолданышуларға немесе қоймаға беру. Сынамаларды алу. Аппараттар мен коммуникацияларды тазалау. Буландырғыштарға, тоңазытқыштарға, жылытқыштарға, сорғыштарға, желдеткіштерге, жиынтықтарға, коммуникацияларға және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Өндірілген өнімді есептеу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың құрылғысын; шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық касиеттерін; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды; сынамаларды алу қағидаларын, коммуникациялардың сызбасын.
96. Булау аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бір уақыттағы төменірек мамандандырылған аппаратшылар басшылығымен сұйықтықтарды буландырудың және сұйылтылған газдардың технологиялық процесіні жүргізу. Талдауларды орындау. Технологиялық құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізаттардың және өңделген өнімдердің шығынын есептеу. Жөндеу жұмыстарынан құрал- жабдықтарды қабылдау. Жыбдықтарға, коммуникацияларға, бақылау- өлшеуіш құралдарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың құрылғысын; шикізаттардың физикалық-химиялық және технологиялық касиеттерін; шикізаттардан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды; сынамаларды алу қағидаларын, талдауларды жүргізу әдістемесін; коммуникациялардың сызбасын; шикізаттарды және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.
97. Булау аппаратшысы
5-й дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Буландырудың технологиялық процесін және төменірек мамандандырылған аппаратшылардың басшылығын өндірістерде жүргізу: сірке суының ангидриді, дымқыл-эфир, поликарбонаты және таза антрацен. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу. Шикізаттардың шығынын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, олардың сапасын талдау нәтижелері бойынша бағалау. Бақылау- өлшеуіш құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың күйі мен жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын; қызмет көрсетілетін жабыдықтардың құрылғысын; шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды; сынамаларды алу қағидаларын, талдауларды жүргізу әдістемесін; коммуникациялар сызбасын; шикізат және өнімнің шығуын есептеу әдістемесі.
98. Карбоксилдеу аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Пас-натрий өндірісінде карбоксилдеу процесін жүргізу немесе органикалық қосуларды карбоксилдеудің мерзімдік процесін жүргізу бойынша бөлек операцияларды орындау. Шикізаттарды және реагенттерді қабылдау және дайындау. Оларды реакциялық аппараттарға жүктеу. Карбоксилдеу. Сынамаларды алу. Дайын өнімді жүктеп шығару. Технологиялық құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет етілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, қондырғысын; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптар.
99. Карбоксилдеу аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қосуларды карбоксилдеудің мерзімдік процесін жүргізу. Шикізаттарды, реагенттерді мөлшерлеу, ілеспелі процестерді карбоксилдеу және жүргізу: тойындыру, бейтараптандыру, фильтрлеу, кристалдау, тұндыру, центрифугалау және т.б. Бақылау- өлшеуіш құралдарының көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша процесті реттеу. Талдаулардың алдын ала қарастырылған нұсқауларын орындау. Аппараттардың және коммуникациялардың герметикалдығын тексеру. Реакциялық аппараттарға (карбоксилдеуіштер, вакуум-фильтрлер, друк-фильтрлер, еріткіштер, кристалдаушылар, центрифугтар, мерниктер, жинақтар), бақылау- өлшеуіш құралдарға, коммуникациялар мен арматураларға қызмет көрсету. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді есептеу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және одан қабылдап алу. Құрал- жабдықтарға, коммуникацияларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; карбоксилдеу процесінің маңыздылығын және параметрлерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу қағидасын, қондырғысын; қызмет көрсетілетін учаскедегі арматуралар және коммуникациялар сызбасын; реагенттер мен реакция өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін және олардан сұралатын талаптарды; жүктелетін компоненттерді және өнімнің шығуын есептеу әдістемесін; шикізаттар және дайын өнімнен сұралатын талаптар, олардың ГОСТтары немесе техникалық шарттары; сынамаларды алу қағидаларын және талдауларды жүргізу әдістемесін; технологиялық процесті жүргізудің шарттары;
100. Карбоксилдеу аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Төменірек мамандандырылған аппаратшылардың басшылығымен карбоксилдеудің технологиялық процесіні жүргізу. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процесті бақылау және реттеу. Талдаулар мен қадағалаулардың нәтижелері бойынша процестерді түзету. Бақылау талдауларын жүргізу. Шикізат шығымын және дайын өнімнің шығуын есептеу өлшемдері, талдаулар нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау- өлшеуіш құралдардың көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтар мен коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; карбоксилдеу процесінің параметрлерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың пайдалану қағидаларын және құрылғысын; қызмет көрсетілетін учаскедегі арматуралар мен коммуникациялар сызбасын; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптар; олардың мемлекеттік стандарттарын немесе техникалық шарттарын; талдауларды жүргізу әдістемесі; технологиялық процесті жүргізудің шарттары.
101. Карбонизация аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ мамандандырылған аппаратшының басшылығымен карбонизацияның технологиялық процесін жүргізу. Ерітінділерді дайындауға, реакциялы аппараттарға компоненттерді жүктеп салуға қатысу. Дайын өнімді жүктеп алу. Құрал- жабдықтарды тазалау. Сынамаларды алу. Реакциялы аппараттарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды; сынамаларды алу қағидаларын.
102. Карбондау аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ мамандандырылған аппаратшының басшылығымен әр түрлі ерітінділердің карбонизациясының немесе натрий бикарбонатын алудың технологиялық процесін жүргізу. Газдарды оларға өлшеніп салынған ауырлық күші, центрден тепкіш, химиялық тұндырылған бор, ақ күйе әрекеттерінен тазалау. Карбонизация және өнімді келесі технологиялық операцияға жіберу. Берілген температуралық тәртіпті, сүйықтық пен газдың деңгейі мен концентрациясын және процестің басқа да көрсеткіштерін қамтамасыз ету. Бақылау- өлшеуіш құралдар көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша карборнизация процесін реттеу. Электробаспаларды басқару. Талдаулардың алдын ала қарастырылған нұсқауларын орындау. Реакциялы аппараттарға, карбонизациялы колонналарға, аппараттарға, скрубберлерге, экспанзерлерге, вакуум-буландырғыштарға, булыэжекциялы орнатуларға, сорғыштарға, тоңазытқыштарға, сыйымдылықтарға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеуіш құралдарға және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал-жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды табу және жою. Шикізатты және дайын өнімді есептеу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және қабылдап алу.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; қызмет көрсетілетін учаскедегі арматуралар мен коммуникациялар сызбасын; көмірқышқыл газының және реакцияның басқа да компоненттерінің физикалық-химиялық касиеттерін; шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды; сынамаларды алу қағидаларын; талдауларды жүргізу әдістемесін; технологиялық тәртіпті; процесті реттеу қағидаларын; шикізатты және өнімнің шығуын есептеу әдістемесін.
Жұмыс үлгісі. Графиттелген көміртекті талшықты материалдарды алу кезіндегі карбонизация процесін жүргізу.
103. Карбондау аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Аммиакты-тұздалған тұздықтың көмірқышқыл газымен тойынудың және натрий бикарбонатын алудың технологиялық процесін жүргізу. Аммиакты-тұздалған тұздығының және көмірқышқыл газының карбонизациялық колоннаға түсуін бақылау. Тұндыру колонналарының және алдын ала карбонизацияланған колонналардың, газ қысымының, тоңазытқыштарға суды жеткізудің, колонналар бойынша газ жүктілігінің температуралық тәртібін бақылау және реттеу. Кристалдардың үлкендігі бойынша күрделі және тұрақты бикарбонат алу процесін реттеу. Тұндырылған колонналарды жуу, колонналарлы ауыстырып қосу. Талдауларды орындау. Технологиялық тәртіптің берілген параметрлерін қамтамасыз ету: температура, қысым, түсетін газдың концентрациясы мен саны, колоннадағы сұйықтықтың деңгейі. Автоматика құралдарының көмегімен карбонизация процесін реттеу, ал қажеттілігі бойынша қолмен басқару процесі. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; карбонизация процесінің физикалық-химиялық қасиеттерін және маңыздылығын; процесті реттеу қағидаларын; шикізаттардың, өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; шикізатты және өнімнің шығуын есептеу әдістемесін; сынамаларды алу қағидаларын; талдауларды жүргізу әдістемесін.
104. Карбондау аппаратшысы
6-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Кальцийленген сода өндірісінде төменірек мамандандырылған аппаратшылар жұмысының бір уақыттағы басшылығымен және үйлестіру карбонизациясының технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдаулар және қадағалаулар нәтижелері бойынша процесті түзету. Шикізат шығымын және дайын өнім шығуын өлшеу, талдаулар нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау талдауларын орындау. Бақылау- өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және автоматика құралдарын, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың күйі мен жұмысын қадағалау. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жөндеу жқмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; карбонизация процесінің физикалық-химиялық негіздері мен маңыздылығын; процесті реттеу қағидаларын; шикізаттың, өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; шикізатты және өнімнің шығуын есептеу әдістемесін; сынамаларды алу қағидаларын және талдауларды орындау әдістемесін.
Орта кәсіби білім қажет.
105. Коагуляция аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қайнатылған тұздар ерітіндісін қосу жолымен коагуляцияның технологиялық процесін жүргізу. Тұздықты (қайнатылған тұзды) дайындау, тұздықты және конденсатты реакторға құю, араластыру, ерітіндіні жылыту, процестің температуралық тәртібін ұстамдау, коагуляцияланған өнімнің дайындығын және сапасын көзбен шолу арқылы анықтау. Өнімдерді нутч-фильтрлерінде фильтрлеу, тағайындалуы бойынша жіберу. Реакторларға, сорғыштарға, фильтрлерге, конденсаторларға және басқа да құрал- жабдықтар мен коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтарды іске қосу және тоқтату, құрал- жабдықтарды тұщыту және тазалау.
Білуі тиіс: технологиялық процес маңыздылығын; оны реттеу қағидаларын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылғысыны; арматура, коммуникациялар сызбасын; дайын өнімнің техникалық шарттарын.
106. Коагуляция аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі коагулянттарды қосу жолымен дисперсті немесе коллоидті жүйелерде коагуляцияның технологиялық процесін жүргізу: қышқылдардың, тұздардың, спирттердің және басқаларының. Реакторларды дайындау (тазалау, жылыту), компоненттерді қабылдау, мөлшерлеу, коагуляция, жуу, қышқыл маточниктен бөліп алу, қайталап жуу, фильтрлеу, вакуум-араластырғыштарға немесе центрифугаларға жіберу. Қажеттілігі бойынша центрифугалау, тұрақтандыру, кептіру, өнімді тығу және қоймаға жіберу. Бақылау- өлшеуіш құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау көрсеткіштері бойынша коагуляцияның технологиялық процесінің жүрісін қадағалау. Регламентпен қарастырылған технологиялық тәртіптің параметрлерін реттеу: температураны, қысымды, вакуумды, ерітінділер концентрациясын және басқаларын. Сынамаларды алу. Технологиялық тәртіптің қалыптан ауытқу себептерін ескерту және жою. Сыйымдылықтарға, дозерлерге, араластырғыштарға, тұндырғыштарға және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы қателерді табу және жою. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарын дайындау, жөндеу жұмыстарынан қабылдау.
Білуі тиіс: процестің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу қағидасын және құрылғысын; арматура және коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық тәртіпті; процесті реттеу қағидаларын; сынамаларды алу қағидаларын.
Жұмыс үлгісі. Натрий сульфогидратомымен тиокол дисперсиясын ажырату.
107. Коагуляция аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Электролиттерді коагуляциялау жолымен латекстен каучукты бөліп алудың технологиялық процесін жүргізу. Латексті, ерітілерді, электролиттерді қабылдау және жіберу, латексті араластыру, коагуляциялау, коагуляцияланған латексті баулар құю машинасына жіберу. Бақылау- өлшеуіш құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдаулар нәтижелері бойынша араластырушылардағы қысым деңгейін, температураны, мөлшерлеуді реттеу. Құрал- жабдықтардың жұмысындағы қателерді ескерту және жою. Коагуляция каскадтарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Латекс және электролиттер шығымын есептеу.
Білуі тиіс: латекстен каучукты бөліп алу процесінің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың, автоматика құралдарының жұмыс істеу қағидасын және құрылғысын; арматура және коммуникалар сызбасын; латекстің, электролиттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық процесті реттеу қағидаларын, сынамаларды алу қағидаларын.
108. Конденсация аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен конденсацияның технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен конденсациялаушы затты аппаратқа беру. Конденсаттың түсірілуі. Технолгиялық құрал- жабдықтарға қызме көрсетуі. Сынамаларды алу. Аппараттарды тазарту. Құрал- жабдықтарды жөндеуге дайындау.
Білу керек: қызмет көрсетілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың қызметінің принциптерін, шикізат, жартылай өнім мен дайын өнімдердің қасиеттерін; сынақты алу қағидаларын.
109. Конденсация аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Конденсацияның жай технологиялық процесін жургізу – салқындату немесе конденсацияның орташа күрделендірілген химиялық процесін жүргізу бойынша жеке операциялар арқылы газ тәріздес затты сұйық немесе қатты қалыпқа аудару. Шикізаттың (бу немесе бу тәріздес қоспа) аппаратқа түсуін реттеу, салқындатылған тұзсуды немесе басқа конденсациялаушы затты беру. Конденсатты жинаққа немесе келесі жөндеуге жіберу. Конденсацияланбаған газды қағып алу. Бақылау- өлшеуіш құралдардың көрсеткіші мен талдау қорытындысы бойынша процестердің (газ температурасы, конденсат деңгейі, газ қоспасының қызуы) технологиялық параметрлерін бақылау және басқару. Реакциялық аппараттардың, мұздатқыштардың, жылуауыстырғыштардың, буландырғыш, өлшеуіш, сыйымдылық, сорғыш және басқа құрал- жабдықтардың, коммуникацияның және бақылаушы-өлшеуіш құралдардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықтар мен коммуникация жұмыстарындағы түзелместіктерді табу және жою. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Шикізат пен алынған өнімнің санын есептеу. Құрал- жабдықтарды жөндеуге өткізу.
Білу керек: өнімнің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың жұмысының принциптерін; арматура, қызмет көрсетілетін жердегі коммуникация сызбасын; шикізаттың, жартылай өнім мен дайын өнімнің физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат және дайын өнімге ұсынылған міндеттемелерді; конденсацияның физикалық процесінің физико-химиялық негіздерін, мазмұнын және параметрлерін; процесті басқарудың қағидасын; сынамаларды алу қағидасын; талдауларды жүргізу әдістемесін.
110. Конденсация аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Конденсацияның орташа күрделендірілген технологиялық процесін еңгізу. Өлшемделген компоненттердің есебі, конденсация аппараттарына өлшеу немесе өлшемдеу және енгізу. Температура мен қысымның қатаң анықталған жағдайларындағы конденсация процесін жүргізу. Технологиялық тәріппен қарастырылған жиынтықты араластыру, қоспаны жылыту және басқа операцияларды орындау. Ортаның реакциясын бақылау және есеп бойынша қажетті реагенттерді қосу. Процесті басқару. Реакцияның аяқталу уақытын анықтау. Қоспаны бейтараптандыру. Конденсаторларды, жуғыш колонналарды, бейтараптандырғыштарды, шашырамаларды аулағыш, дозерлерлерді, және басқа құрал- жабдықтарына, коммуникациаларына және бақылау- өлшеуіш құралдарына қызмет көрсету. Құрал- жабдықтарды жөндеуден қабылдау.
Білу керек: өндірістің технологиялық сызбасын; конденсация процесінің мазмұны мен параметрлерін; қызмет корсетілетін құрал- жабдықтардың жұмысының принцибі, құрылғысы; арматура мен коммуникация сзбасын; бақылаушы өлшеуіш құралдармен қолдану қағидасы мен тағайындалуын; сынамаларды алу және талдаулар жүргізу әдістемелерінің қағидаларын; реагентер мен реакция өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін; енгізілетін компоненттер есебі әдістемесін; шикізат пен дайын өнімге ұсынылатын талаптарын, олардың техникалық жағдайларын.
Жұмыстар үлгісі.
1. Сұйық хлор, сары фосфор, элементарлық күкірт – конденсация процесін жүргізу.
2. Кротондық конденсация.
3. Вюрц реакциясы.
4. Пекин реакциясы.
5. Индоксилдің индигоға айналу реакциясы.
6. Фридель-Крафтс реакциясы.
111. Конденсация аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Орташа курделі конденсация процесін жүргізудегі конденсацияның күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе неғұрлым төмен білікті аппаратшылармен жүргізу.
Мұздатқышты, май жылытқышты және конденсаторларды сыйымдылықтың жылу тасығышымен – маймен толтыру. Майды жылыту және салқындату, оның циркуляциясы. Мұздатқыш конденсаторларға фторо-ауа қоспасын беру, оларды азотпен толтыру. Фтальдық ангидридті еріту және оны сыйымдықтарға құю. Сұйық фтальдық ангидридтің сыйымдықтардағы деңгейін өлшеу, талдауға сынақтарды іріктеу. Келесі дистиляция үшін ерітілген өнімді аралық сыйымдылықтардан қоймаға тапсыру. Бақылаушы-өлшеуіш құралдардың және зертхана талдауларының мәліметтерінің көрсеткіштері бойынша фтальдық ангидрид конденсациясының технологиялық процесінің жүрісін бақылау. Конденсаторлардың жұмысын дистанциондық пультпен басқару. Конденсаторларды азотпен толтыру (автоматтандырылған және қолмен). Фтальдық ангидридтің буына арналған торларды ди-бутилфталатпен зарядтау. Азотты фтальдық ангидрид сыйымдылықтарына және май сыйымдылықтарына жіберу. Артық газдард тазалау (газды суармалауға су жіберу, өндірістік суларды тұндырғыштарға тастауды реттеу). Құрал- жабдықтарды тазалау, мұздатқыш конденсаторларды сілтілік ерітіндімен жуу. Технологиялық тәріп бұзушылықтарды, құрал- жабдықтармен коммуникацияның түзелместіктерін табу және жою. Технологиялық құрал- жабдықтардың, коммуникацияның және бақылау- өлшеуіш құралдардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықтардың жеңіл жөндеуін жүргізу.
Білу керек: өндірістің технологиялық сызбасын; конденсация процесінің химизмін және параметрлерін; қызмет көрсететін құрал- жабдықтардың және бақылаушы-өлшеуіш құралдардың жұмысының принциптерін; арматура мен коммуникация сызбасын; анлиз жүргізу әдістемесін; реагент пен реакция өнімінің физика-химиялық қасиеттерін; еңгізілетін компоненттер есебінің әдістемесін; шикізат пен дайын өнімге ұсынылатын талаптарын, олардың техникалық жағдайын.
Жұмыс үлгісі.
1. Ванилин, монометилмочевина, гексилрезорцин, дитразинфосфат, корнозин, Михлер кетоны, наганин, кумарин, салицилдық альдегид конденсациясы.
2. Кремнийорганикалық лактар мен шайырдың, фольдық қышқылдардың, кальций пантотенатының, бета-иононның, тиамин, рибофлавин, химико-формацевтік дәрілер мен жартылай фабрикат, фтальдық ангидрид, пентаэритрит, карбамидтік шайыр, карбамидті-фурандық шайыр, фурандық шайырлардың конденсация процесін жүргізу.
3. А дәрумені өндірісіндегі Гриньяр реакциясы.
4. Пиридоксин өндірісіндегі Кляйзен реакциясы.
112. Конденсация аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен білікті біржолғы аппаратшылар басқармасымен конденсацияның күрделі технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес конденсация процесін бақылау және басқару. Бақылау мен талдау қорытындылары бойынша процесті түзету. Бақылау талдауларын жүргізу. бақылаушы-өлшеуіш құралдар мен атоматика құралдарының көрсеткіштерін, құрал- жабдықтар жұмысының жағдайын бақылау. Шикізат шығынары мен дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау қорытындылары бойынша олардың сапасын бағалау. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жөнду жұмыстарына қатысу.
Білу керек: өндірістің технологялық сызбасын; конденсация процесінің химизмі мен параметрлерін; қызмет көрсететін құрал- жабдықтар мен бақылаушы-өлшеуіш құралдардың пайдаланылу қағидалары мен жайластырушылығын; арматура мен коммуникация сызбасын, талдауларды жүргізу әдістемесін; еңгізілген компоненттерді есептеу әдістемесін; шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттарын немесе техникалық жағдайын.
Орта кәсіби білім қажет.
113. Кристалдау аппаратшысы*
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Купорос өндірісінде кристализация процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары білікті аппаратшылар басшылығымен кристалдау процесінің жекеленген операцияларын орындау. Шикізатты қабылдау және дауындау. Оны кристалдаушыларға тапсыру. Дайын кристалдарды шығару. Сынамаларды алу. Технологиялық құрал- жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықтарды жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: өнім өндірісінің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін жердегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың құрылғылары мен принциптерін; шикізат пен дайын өнімнің өзіндік ерекшеліктерін, сынамаларды іріктеу қағидасын.
Жұмыс үлгісі. Купорос өндірісіндегі жез, мырыш, күкірт қышқылды никель, фторлық присадканың және басқа өнімдердің кристалдануы.
* Лимон және шарап- тас қышқылдарының өндірістерінде, түрлі- түсті металлургияның гидрометаллургиялық, сілтісіздендіру және кадмий, коксохимия өндірістерінде, сульфитті сілтілерден ванилин өндірісінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «Кристалдаушы» деп атау.
Достарыңызбен бөлісу: |