Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет16/21
Дата13.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#131182
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

3. Турбо және гидрогенераторларға арналған жалаң мыстан жасалған шиналар – орнына қиыстырып жасау.

Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың 1985 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


р/с


Осы бөлімге орналастырыл

ған жұмысшы кәсіптерінің атауы



Разр

яд диа


паз

оны


1985 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша атаулар

Разр

яд диа


паз

оны


шыға

рылым




Басылымның қысқартылған атауы

1

Бандаждаушы

1-4

Бандаждаушы

1-4

19

Дайындау-оқшаулау

2

Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы

1-4

Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы

1-4

-//-



-//-

3

Оқшаулаушы

1-5

Оқшаулаушы

1-5

-//-

-//-

4

Электр аспап катушкаларын калибрлеуші

1-4

Электр аспап катушкаларын калибрлеуші

1-4

-//-

-//-

5

Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы

1-4

Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы

1-4



-//-



-//-


6

Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы

1-5

Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы

1-5

-//-

-//-


7

Трансформатор катушкаларын ораушы

1-6

Трансформатор катушкаларын ораушы

1-6

-//-

-//-

8

Күш конденсатор секцияларын ораушы

1-4

Күш конденсатор секцияларын ораушы

1-4

-//-

Жалпы электр техникалық өндіріс

9

Электр магниттік өзекшелерді ораушы

1-2

Электр магниттік өзекшелерді ораушы

1-2

-//-

Дайындау-орау

10

Электр машина элементтерін ораушы

1-6

Электр машина элементтерін ораушы

1-6

-//-

-//-

11

Қайта ораушы

1-2

Қайта ораушы

1-2

-//-

Жалпы электр техн.өндіріс

12

Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

1-4

Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

1-4

-//-

Дайындау-орау

13

Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

1-4

Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

1-4

-//-

-//-

14

Трансформатор орамдарын құрастырушы

2-5

Трансформатор орамдарын құрастырушы

2-5

-//-

-//-

15

Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

2-5

Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

2-5

-//-

-//-

16

Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь

1-6

Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь

1- 6

-//-

-//-

Химия және басқа да ток көздері өндірісі


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Бөлімше:

Химия және басқа да ток көздері өндірісіндегі жұмысшылардың

жалпы кәсіптері
1. Сепаратор жасаушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпоннан жасалған қарапайым конфигурациялы сепараторлар жасау. Сепараттауды калибрлеу. Түрлі үлгідегі аккумуляторларға арналған сепараторларды кесу, шабу, кесіп алу және кескіндеу. Даяр сепараторларды тараға немесе платформаға қалау.

Білуге тиіс: кесуге, шабуға, кесіп алуға және калибрлеуге арналған айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі,сепараторларды қалау және сақтау ережесі, шикізат және жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Оқшаулау таяқшалары – кесу, калибрлеу.

2. Капрон мата – сепараторды шабу.
2. Сепаратор жасаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпоннан жасалған орташа күрделіктегі сепараторлар жасау. Сілтілерді, қышқыл, дымқылдағыштарды берілген пропорцияда мөлшерлеу және оларды сыйымдылықтарға салу. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпонды химиялық өңдеу. Химиялық өңдеу кезінде ақаудың пайда болуының алдын алу және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды, айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалану принципі мен басқару жүйесі, қышқылдар мен сілтілердің технологиялық қызметі, оларды сақтау және тасымалдау ережесі; сепаратор түрлері, олардың қызметі, мөлшерлеу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Капрон мата – химиялық өңдеу.

2. Ағаш шпон – сілтілеу.

3. Сепаратор жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдарынан жасалған күрделі конфигурациялы сепараторлар жасау. Сығымдағыштар мен автоматтарда сепараторларды кескіндеу және біліктеу. Сепаратордың күрделі контурын шабу, тұтқырлау және жону. Сепараторларды сіңдіру ерітінділері мен массасын даярлау. Шайырдың тұтқырлығы айқындау, ерітінділер мен массаны түзету.

Білуге тиіс: машиналарды, сығымдағыштар мен автоматтарды пайдалану принципі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, ерітінді жасаудың рецептурасы, компоненттердің санын есептеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Фторлы пропиленді мата - біліктеу.

2. Радийлі сепаратор – химиялық өңдеу.


4. Ток көздерін сынаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әсер ететін жүйесіз арнайы тағайындалған аккумуляторлардан немесе элементтерден тұратын және екі жүктеу тізбегі бар қажет болған жағдайда кейіннен бөлшектенетін ток көздерін сынау. Тұрмысқа арналған ток көздерін сынау.

Білуге тиіс: сыналатын ток көздерінің құрылысы туралы негізгі мәліметтер; қолданылатын сынау жабдықтарын қолдану принципі; құрылымы және жұмысы; ток көздерін сынау және сынау нәтижелерін өңдеу әдістемесі; орындалатын жұмыс шегінде электр техника негіздері.


5. Ток көздерін сынаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Екі жүктеу тізбегі арнайы тағайындалған аккумуляторлардан немесе элементтерден тұратын және әсер ететін немесе электрмен қыздыру жүйесі, екі жүктеу тізбегі бар ток көздерін сынау. Сынау жабдықтарын іріктеу және қолдану. Ток көздерін сынауға арналған үлгілік тәсім элементтерін есептеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: сыналатын ток көздерінің құрылымы және қолдану принципі; қолданылатын сынау жабдықтарының құрылысы және байланыстыру тәсімдері; сынау нәтижелерін өңдеу әдістемесі; орындалатын жұмыс шегінде электр техника және техника негіздері.


6. Ток көздерін сынаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Екі жүктеу тізбегі арнайы тағайындалған аккумуляторлардан немесе элементтерден тұратын және әсер ететін немесе электрмен қыздыру жүйесі, екі жүктеу тізбегі бар ток көздерін сынау және сынаудың көп компонентті режимі. Сынау құралдарының жұмыс істеуін тексеру және оларды жұмыс режиміне теңшеу. Ток көздерін сынаудың үлгілік тәсімдерін есептеу.

Білуге тиіс: сыналатын ток көздерінің құрылымы; сынау құралдарын қолдану принципі және пайдалану; ток көздерін сынау және сынау процесінде алынатын ақпаратты өңдеу әдістемесі; орындалатын жұмыс шегіндегі электроника және өлшеу техникасы негіздері.


7. Ток көздерін сынаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әсер ететін және көп компонентті сынау режимінде жүйелі тәжірибелік және экспериментальды ток көздерін сынау. Сынау жабдық кешенін басқару. Сынау процесінде алынған ақпаратты өңдеу. Төмендеу білікті сынаушыны басқару.

Білуге тиіс: тәжірибелік және экспериментальды ток көздерінің құрылымы; тәжірибелік және экспериментальды ток көздерін сынауда қолданылатын құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері, ток көздерін сынау және бақылау әдістері; орындалатын жұмыс шегінде өлшеу және электронды есептеу техниканы қолдану принципі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
8. Сынаушы қалыптаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті қалыптаушының басшылығымен қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын электродтарды, 1 кг-ға дейін массадағы қорғасын аккумуляторлар, сілтілік аккумуляторлар мен элементтерді қалыптастыру, сынау немесе жаттықтыру процесін жүргізу. Электродтарды қалыптағыш бұлауларға толтыру және оларға электролит құю. Бұлау айнасына көбік жасайтын жапсырма жағу. Дискілік аккумулятор батареясын жаттықтыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылғысы мен қызметі, аккумулятор пластиналарының үлгілері мен полярлығын айқындау белгілері; толтыру әдісі; электролитпен жұмыс істеу ережесі.


9. Сынаушы қалыптаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын электродтарды, 1 кг-ға дейінгі массадағы қорғасын аккумуляторлар, сілтілік аккумуляторлар мен элементтерді қалыптастыру, сынау немесе жаттықтыру процесін жүргізу. Электродтарды қалыптастыру топтарына біріктіру және бұлауларға қалау. Автоматты электролит беру. Сыртына қарай электродтарды қалыптастыру процесінің аяқталуын және сапасын айқындау. Қалыптастыру топтарын бөлшектеу. Электродтарды белгілі бір қашықтықта ілу. Оларды тоннельді конвейерлік кептіргіштерде кептіру. Ақау себептерін және сыналатын үлгілердің дұрыс жұмыс істемеуін айқындау. Сынау жүргізу үшін қажетті аспаптарды іріктеу және тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі және басқару ережесі, қалыптастыру топтарының құрылғысы және орналасуы; кептіру әдістері; сілті және қышқылдардың негізгі қасиеттері; электродтардың жарамдылық белгілері.


10. Сынаушы қалыптаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі қалыңдығы 1,9 мм-ден 2,2 мм-ге дейінгі электродтарды, 1 кг-нан 5 кг-ға дейінгі массадағы қорғасын аккумуляторлар, сілтілік аккумуляторлар мен элементтерді қалыптастыру, сынау немесе жаттықтыру процесін жүргізу. қалыптастыру бұлауларын конвейерлерге монтаждау және орнату. Электродтарды қалыптастыру бұлауында дәнекерлеу әдісімен параллельді біріктіру. Электр тізбегін құрастыру және ондағы болатын ақаулықтарды жою. Қалыптастыру және кептіру процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қалыптастыру процесінің аяқталуын есептеу. Қалыптастыру немесе элементтер мен батарея аккумуляторларын сынау учаскелерінде жұмыстың орындау сапасын тексеру. Технологиялық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: бұлаулар мен электродтарды біріктірудің электрлік тәсімі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; электр тізбектердегі ақаулықтарды жою әдістері; ток күшін реттеу тәсілдері; электр химиясы негіздері; кептіру режимі; құжаттама жүргізу ережесі.


11. Сынаушы қалыптаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 1,9 мм-ге дейінгі электродтарды, 5 кг-нан асатын массадағы қорғасын аккумуляторлар, күрделі сілтілік аккумуляторлар мен элементтерді қалыптастыру процесін жүргізу. топтарға қалыптастыру және жаттықтыруға арналған аккумуляторларды орнату. Электр тәсімін монтаждау. Сумен салқындату жүйесін дайындау және реттеу. Электролитті тығыздығы бойынша түзете отырып жаттықтырылатын зарядтау разрядтау циклін жүргізу. Электролитті араластыру, аккумулятордағы су мен электролитті барлық циклда тартып алып немесе қосымша құйып отыру. Вольтамперлік сипаттамаларды, электролит температурасын, тығыздығын кезеңімен алу және тіркеу. Электрлік сынамаларға топтарды дайындау.

Білуге тиіс: аккумуляторларды жаттықтыру әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; температуралық процесс режимі; электр тәсімдерін монтаждау тәсілдері; сумен салқындату жүйесін дайындау және қызмет көрсету ережесі.


12. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай жартылай фабрикаттарды және даяр бұйымдарды сыртына қарай технологиялық құжатнамадағы сызбаларға, тәсімдерге сәйкес бақылау және соңғы қабылдау. Құрастыруға түсетін бөлшектер мен тораптардың сапасын айқындау. Қызмет көрсететін учаскедегі ақауларды сыныптау, олардың пайда болу себептерін орнату, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау. Даяр бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың дұрыс сақталуын бақылау. Қабылданған және іріктелген өнімнің техникалық құжаттамасын рәсімдеу.

Білуге тиіс: жартылай фабрикаттар мен даяр бұйымдардың түр-түрі; құрылымы және қызметі; бақылау түрі; ақаудың негізгі түрлері; қабылдау-тапсыруды ресімдеу ережесі.


13. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі жартылай фабрикаттарды және даяр бұйымдарды сызбалар, техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар бойынша бақылау және соңғы қабылдау. Әмбебап бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді габариті, герметикалығы және қысқа тұйықталуы бойынша тексеру. Күрделі жартылай фабрикаттарды, бөлшектерді, тораптарды, даяр өнімдерді, токтың физикалық және химиялық көздерін операция кезінде бақылау. Ақауларды түріне қарай сыныптау. Оның пайда болу себептерін анықтау және оны уақытында жою шараларын қабылдау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; өндіріс процесі және бақыланатын жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың құрылысы; бөлшектер мен даяр өнімді қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; ақауды болдырмау әдістері.


14. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ерекше күрделі жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді бақылау және түпкілікті қабылдау. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен габариті, герметикалығы, кедергісі, оқшаулануы және қысқа тұйықталуының болмауын тексеру.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; даяр бұйымдар мен жартылай бұйымдарды құрастыру және бөлшектеу тәсілдері; қабылданған және іріктелген өнімдегі ақаудың алдын алу, есеп жүргізу және есептілік бойынша жұмыстарды орындау; электр техникасының негізгі заңдары.


15. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы химиялық және физикалық ток көздерінің күделі электр тәсімді техникалық шарттарға, нұсқаулықтарға, сызбаларға сәйкестігін бақылау. Вольтамперлік сипаттамаларын алу үшін принципиалды электр тәсімдерді құрастыру. Электрмен қозғалатын күшті оқшаулау сыйымдылығын, кедергісін арнайы стенділер мен жабдықтарды пайдалана отырып өлшеу. Өлшемдердің нәтижелерін талдау. Кешенді формулалар бойынша алынған деректерді қайта есептеу.

Білуге тиіс: күрделі және дәлме-дәл электронды бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі; тексерілетін бұйымдардың құрылысы; ақауларды табу және алдын алу негіздері; арнайы химиялық және физикалық ток көздерін қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.


16. Диірмен машинисі

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және механизацияланған диірмен құрылғыларда агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту. Шикізат және жартылай фабрикат орнатуды кезең-кезеңмен толтыру. Оларды белгілі бір тартуға дейін ұсату және оларды тарадан түсіру. Бункердегі тараны ауыстыру. жабдықтың ысқыланатын бөліктерін майлау.

Білуге тиіс: диірмен құрылғыларды қолдану принципі және басқару ережесі; шикізат және жартылай фабрикаттарды тиеу ережесі; тарту циклінің ұзақтығы.


17. Диірмен машинисі

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және түрлі құрылымдағы механизацияланған диірмен құрылғыларда агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту. Диірмен құрылғыны белгілі бір температураға дейін қыздыру. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды транспортерлік таспаның көмегімен берілген деңгейге дейін толтыру. Барабанның айналу жылдамдығын реттеу. Жинақтағыш тараға қорғасын ұнтағын жинау және тасымалдау. Қызмет көрсететін жабдықты баптау. Журналдағы жазбаларды жүргізу.

Білуге тиіс: механизацияланған диірмен құрылғылар мен қызмет көрсететін жабдық құрылғысы; жұмыс режимі; жабдықтарды баптау тәсілдері; шикізат және жартылай фабрикат маркалары.


18. Диірмен машинисі

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және автоматты диірмен құрылғыларда элемент өндірісінде агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту.шикізат және жартылай фабрикаттарды кезең-кезеңімен толтырып отыру. Құрылғыны жұмыс режиміне шығару. Токты және айналу жылдамдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Талдауға сынама алу. Даяр ұнтақты конвейерге автоматты түрде жинау және тасымалдау. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Технологиялық құжатнама жүргізу.

Білуге тиіс: құрылғылар мен көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы; жабдық жұмысының режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; шикізат және жартылай фабрикаттардың қасиеті, құжатнама жүргізу ережесі.


19. Белсенді масса дайындаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті белсенді масса дайындаушының басшылығымен паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды дайындау. Металл ұнтақтар мен басқа да материалдарды түрлі құрылымды механикалық вибрациялық електерден өткізу. Никель шала тотығы гидратын кептіру агрегаттарында кептіру. Материалдарды электр пештерде термоөңдеу. Белсенді масса жасау агрегаттарын толтыру кезінде электр өткізгіш компоненттерді мөлшерлеу. Механизмдерді басқару және паста тәріздес және ұнтақ тәріздес белсенді массалардың түрлерін жасауда қолданылатын араластырғыштарға, бұлғауыштарға, дисмембраторлы және өзекшелік диірмендерді, біліктерді, пісіру қазандықтарын, вибрациялық електерге, электр пештерге және басқа да агрегаттарға жабдыққа қызмет көрсету. Даяр массаны өлшеп орау. Технологиялық процесті орындауды тіркеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: паста тәріздес және ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш масса дайындау жөніндегі агрегаттарды және қызмет көрсетілетін жабдықтың қоректендіргіштерін қолдану және реттеу принципі; орташа күрделіктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі; камералық және вакуумды кептіргіштерді толтыру және босату ережесі, компоненттерін елеу және мөлшерлеу тәсілдері; материалдарды термоөңдеудің температуралық режимі; бастапқы шикізат мен шығарылған өнімнің қасиеті, сақтау және тасымалдау ережесі; жұмыс процесінде пайдаланылатын сілтілер және электролитті ұстау ережесі.


20. Белсенді масса дайындаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды дайындау. Анағұрлым жоғары білікті белсенді масса дайындаушының басшылығымен металл керамика және фольгалық технология үшін белсенді және электр өткізгіш массаларын дайындау. Үздіксіз айналып тұратын түтікті пештерде кен концентраты мен темір тотығын қалпына келтіру. Темір тотығын камералық және вакуум кептіргіштерде кептіру. Агломерат массаны тығыздау. Белсенді масса жасау агрегаттарын іске қосу және бақылау аппаратурасын басқару. Белсенді массаларды таңбалау және құжаттандыру. Жұмыс процесінде агрегаттарды баптау.

Білуге тиіс: кептіргіш және басқа да агрегаттардың құрылымы және баптау тәсілдері, орташа күрделіктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; қолданылатын белсенді масса рецептурасы; компоненттерді мөлшерлеу және толтыру тәсілдері.


21. Белсенді масса дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды белсенді және электр өткізгіш масса нөмірлерін жиі ауыстыра отырып, дайындау. Металл керамика және фольгалық технология үшін белсенді және электр өткізгіш массаларын дайындау. Түрлі агрегаттар мен механизмдерді басқару. Жұмыс процесінде агрегаттарды баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі агрегаттар мен механизмдердің құрылысы және баптау тәсілдері; күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен құралдардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі; компоненттер санын есептеу ережесі; оларды мөлшерлеу тәсілдері және толтыру тәртібі; процестердің температуралық режимі; белсенді және электр өткізгіш масса консистенциясын түзету тәсілдері; олардың дайындығын айқындау; шикізат пен даяр өнімді сақтау және тасымалдау ережесі.


22. Белсенді масса дайындаушы

5-разряд




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет