Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет15/21
Дата13.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#131182
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

41. Электр машина элементтерін ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі электр машиналары элементтерін орау. Ораудың алдыңғы бөліктерін жүйелі қалыптастыру. Фаза аралық төсемдерді орнату. Оқшаулау түтікшелерінің орау ұштарын біріктіру. Бірікпе орындарын ширату және дәнекерлеу. Орамның шықпа ұштарын және алдыңғы бөліктерін байланыстыру. Секция бойынша тексере отырып орам ұстағыш сақиналарды орнату. Токпен қыздыру секцияларын біріктіру. Орамаларды бекіту және секцияларды орам ұстағыш сақиналармен байланыстыру. Қашық төсемдерді орамның алдыңғы бөліктеріне бекіту. Зәкір орамын коллекторлармен біріктіру. Айдарларды ағаш және контактілі сыналармен сыналау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы, пайдалану ережесі және баптау тәсілдері; секцияларды қыздыру кезіндегі токтың шекті тығыздығы; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; орам бірікпелерінің тұйық және жайылма тәсімдері; компаундты жұмсарту және балқыту температурасы; дәнекерлеу тәсілдері; дәнекер түрлері мен олардың қасиеттері; оқшаулау материалдарының атауы, таңбалануы және қасиеттері; оқшаулау бөлшектерінің сызбалары; орамдарды станокта қалау тәсімдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қосымша жасалатын қозғалтқыш электр машиналарының статорлары – жылуға және майға төзімді оқшау сымдарын орау.

2. Жартылай жабық пазды машина статорлары – жартылай қатты секциялармен орау.

3. Арнайы су жіберетін корпусқа қосымша салынған жартылай жабық пазды электр машина статорлары – арнайы жұқа оқшауланған сыммен орау.

4. Генераторлар мен статор зәкірлері – сыммен орау.
42. Электр машина элементтерін ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машина элементтерін орау. Аралас орауға арналған өзекше паздары және коллекторлар бойынша қадамдарын белгілеу. Бір-екі қабатты статор орамаларын паздарға созғылау. Орамаларды қалау және тығыздау. Статор орамаларын күрделі тәсімдер бойынша біріктіру. Біріктіру шиналарын орнату және дәнекерлеу. Параллельді өткізгіш сымдарының саны 2-ге дейінгі секция ұштарын ию.

Білуге тиіс: күрделі айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолдану принципі; орамаларды бекіту тәсілдері; статор орамаларының көп параллельді бірікпелерінің тұтас және жайылма тәсімдері; күрделі орамалардың тұйықталған орамдарын тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Әлеует реттегіштер – толықтай орау.

2. Ауыспалы және тұрақты ток қозғалтқыш роторлары мен статорлары – толықтай орау.

3. Жоғары айналмалы электр машиналарының роторлары мен зәкірлері – орау.

4. Тиейтін электр қозғалтқыш статорлары – созып орау.

5. Жетек қозғалтқыш зәкірлері – үздіксіз секциялармен орау.

6. Электр машина зәкірлері – толқынды орау.
43. Электр машина элементтерін ораушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі электр машина элементтерін толықтай орау. Тәсім бойынша белгілеу, қиыстыру және қалау. Эвольвентті оралған жерлерді біріктіру және оқшаулау. Параллельді өткізгіштер сына 2-ден асатын секция ұштарын ию.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдық құрылымы, орамды сынау әдістері; қолданылатын материал қасиеттері; күрделі сызбалар және тәсімдер.

Жұмыс үлгілері

1. Асинхронды, жоғары айналмалы қозғалтқыштар – толықтай орау және біріктіру.

2. Екі зәкірлі қозғалтқыштар – толықтай орау және біріктіру.

3. Көп жылдамдықтағы қозғалтқыштар – толықтай орау.

4. Асинхронды машина роторлары – толықтай орау.

5. Синхронды генератор роторлары – толықтай орау.

6. Ірі машина түрлендіргіштерінің зәкірлері – орау.

7. Электр машина зәкірлері – ілмекті орау.


44. Электр машина элементтерін ораушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бірегей электр машина элементтерін толықтай орау және біріктіру. Тәсім бойынша белгілеу, қиыстыру, қалау, тығыздау, орамдарды сыналау және біріктіру. Сумен салқындату жүйесін монтаждау. Біріктіру шиналарын орнату. Теңдестіргіштер мен термобуларды қалау.

Білуге тиіс: бірегей электр машина элементтерін орау құрылымы және құрастыру ережесі; технологиялық жарақтар мен жабдықтар құрылымы және қызметі; арналарды реттеу, қиыстыру және электр параметрлері бойынша және гидротығыздығы бойынша орамдарды сынау әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Турбомотор роторлары – орау және салқындату.

2. Сумен салқындату турбогенераторлары мен ірі электр машина роторлары – толықтай орау.

3. Сумен салқындататын турбо және гидрогенератор статорлары – толықтай орау.

4. Сумен салқындататын турбо және гидрогенераторлар статорлары мен роторлары – толықтай орау.

5. Турбо және гидрогенераторлар – термокедергі орнату.

6. Щеткасыз, диодты, ауыспалы токты синхронды генератор зәкірлері – толықтай орау.

7. Ауыспалы орамалы немесе теңестіргіш бірікпелі электр машина зәкірлері – толықтай орау.


45. Қайта ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті қайта ораушының басшылығымен түрлі маркадағы және кесілген сымды, өткізгіш сымдарды және кабельдерді, конустан, орамнан, катушкадан немесе барабаннан жартылай фабрикаттар мен оқшаулау материалдарын түрлі қабылдағыш тараларға қайта орау. Қайта оралатын материалдардың ұштарын біріктіру жөніндегі жұмысты орындау, ярлыктарға, биркаларға және трафареттің басқа да түрлеріне қажетті деректерді толтыру.

Білуге тиіс: жай қайта орау станоктарының қызметі және қызмет көрсету ережесі, қайта оралатын материалдардың негізгі маркалары мен өлшемдері; тараның сыйымдылығы және өлшемі және оны технологиялық өндіріс процесінде пайдалану ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспабының қызметі.


46. Қайта ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы және кесілген сымды, өткізгіш сымдарды және кабельдерді, конустан, орамнан, катушкадан немесе барабаннан жартылай фабрикаттар мен оқшаулау материалдарын түрлі қабылдағыш тараларға қайта орау. Сым ұштарын және кабельдерді дәнекерлеу немесе пісіру әдісімен біріктіру. Бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың көмегімен қайта оралатын материалдардың ұзындығын және кесілуін айқындау. Табылған ақау жерлерді тазарту және жөндеу. Қайта оралатын материалдардың сапасын қадағалау, ярлыктарға, биркаларға және трафареттің басқа да түрлеріне қажетті деректерді толтыру.

Білуге тиіс: қайта орау станоктарын мен айлабұйымдардың қызметі және құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесі; қайта оралатын материалдардың ұштарын біріктіру тәсілдері, қайта оралатын материалдардың негізгі маркалары мен өлшемдері; ақаудың ықтимал түрлері және оны болдырмау тәсілдері; техникалық құжатнаманы толтыру ережесі.


47. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен сығымдағыштардағы оқшаулау материалдарынан жасалған секцияларды, катушкалар мен бөлшектерді сығымдау. Секцияларды арнайы сығымдағыш қалыптарда қолмен немесе пневматикалық қысқышпен сығымдау. Секциялардың паз бөліктерін теңестіру және сығымдау және алдыңғы бөлігін суықтай күйі қалыпқа келтіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қол және пневматикалық сығымдағыштар мен сығымдағыш қалыптардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; жай бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолдану шарттары; өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Конусты және сегментті төсемдер – қалыптау.

2. Микроқозғалтқыш статорлары – орамның алдыңғы бетін сығымдау.

48. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті сығымдағыштарда арнайы сығымдағыш қалыптарда корпусты оқшаусыз секцияларды, катушкалар мен бөлшектерді сығымдау және пісіру. Орамалардың алдыңғы беттерін сығымдағыш қалыптарда тегістеу және макет бойынша тексеру. Орамалардың алдыңғы бөліктерін қалыптау станоктарында және макеттерінде қалыптастыру. Алдыңғы бөліктердің өлшемдерін шаблонмен тексеру. Металл бөлшектерді оқшаулау, пісіру, сығымдау.

Білуге тиіс: қол, пневматикалық сығымдағыштардың және сығымдағыш қалыптардың, қыздыру құрылғыларының, қалыптау станоктарының жұмыс істеу принципі және оларды баптау тәсілдері, сығымдау кезіндегі температуралық режимдер мен шекті қысым; өңделетін бөлшектердің негізгі механикалық қасиеттері, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Сіңдірілген шыны-матадан жасалған төлкелер – сығымдау.

2. Полюсті катушкалар – сығымдау, пісіру және калибрлеу.

3. Оқшауланған мыстан жасалған катушкалар – сығымдау.

4. Рейкалар, біліктер, сақиналар мен басқа да бөлшектер – пісіріп сығымдау.

5. Электр машиналар мен түрлендіргіштердің полюс өзекшелері – сығымдауға дайындау.
49. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды және корпустық оқшаулаусыз бөлшектерді арнайы сығымдағыш қалыптарда механикалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті сығымдағыштарда сығымдау және пісіру. Бұйымға қажетті қаттылығын беру үшін қыздыру және кейіннен салқындату. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу.

Білуге тиіс: сығымдағыштар мен сығымдағыш қалыптардың құрылысы және баптау тәсілдері; бұйымдардың сығымдау режимдері, сығымдалатын бөлшек материалдарының негізгі қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Тұрақты ток машиналары зәкірлерінің катушкалары – сығымдау.

2. Статорлық орау катушкалары мен роторлық өзекшелер – сығымдау.

3. Электр машиналары мен түрлендіргіш полюстерінің өзекшелері – сығымдау.

4. Тұрақты ток машиналарының өзекшелері – сығымдау.
50. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды және корпусты оқшауланған бөлшектерді көп блокты сығымдағыштарда сығымдау және пісіру. Гидрогенераторлар мен турбогенератор өзекшелерін сығымдағыштарда бу және электрмен қыздырып сығымдау.

Білуге тиіс: көп блокты сығымдағыштар мен күрделі айлабұйымдардың құрылысы мен баптау ережесі; қыздыру элементтерінің құрылысы, қысым мен температураны реттеу әдістері; сығымдалатын материалдардың сипаттамалары.

Жұмыс үлгілері

1. Полюстерді оқшаулау (бұрыштықтар, манжеттер) – сығымдау.

2. Гидрогенераторлардың, компенсаторлардың және ірі синхронды машиналардың жолақты катушкалары – сығымдау, пісіру және калибрлеу.

3. Шыны матадан жасалған сыналар мен сегменттер – сығымдау.

4. Турбогенератор роторларының пазды қораптары – сығымдау.

5. Коллектор манжеттері – жасау және сығымдау.

6. Компенсациялық орау өзекшелері – сығымдау.
51. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті созушының басшылығымен бапталған айлабұйымдарда және созу станоктарында секциялар мен ойықтарды созу.

Білуге тиіс: созу станоктарын пайдалану ережесі; жай айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; секцияларды макеттер бойынша тексеру әдістері.

Жұмыс үлгілері

Дөңгелек кесілген мыстан жасалған статорлар мен роторлардың катушкасы – созу.


52. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарда және созу станоктарында секциялар мен ойық дайындамаларын созу. Секцияларды сызбалар мен макеттер бойынша тексеру.

Білуге тиіс: жай созу станоктарының қызметі және қолдану принципі; қарапайым бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі; орындалатын жұмыс шегінде сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Көп ширатылатын және көп параллельді зәкір катушкалары – созу.

2. Тік бұрышты кесілетін мыс статор, ротор және зәкір секциялары – созу.
53. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы созу станоктарында және айлабұйымдарда орташа күрделіктегі секция дайындамаларын созу. Станокты катушканың берілген өлшеміне сызбаларға сәйкес баптау.

Білуге тиіс: созу станоктары мен арнайы айлабұйымдардың құрылысы мен баптау тәсілдері; секцияларды сызбалар бойынша тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Әлеует реттегіш роторлары мен статорларының секциялары – созу.

2. Гидрогенератор статорларының секциялары – созу.
54. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі секция дайындамаларын арнайы созу станоктарында созу. Станоктың қалпақтары мен пазды бөлшектерін ауыстыра отырып баптау. Орау секцияларының геометриялық параметрлерін есептей отырып бағдарламалар жасау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу станоктарының құрылысы, басқару және баптау тәсілдері; ротор, статор және зәкірлерді орау құрылымы.

Жұмыс үлгілері

1. Ірі электр машиналардың статорын қосымша ширатып оқшаулап орау – созу.

2. Асинхронды турбогенератор секциялары – созу.

3. Ірі электр машиналары статорлары мен зәкірлерінің секциялары – созу.


55. Трансформатор орамдарын құрастырушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бірінші және екінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Сыртқа орнатылатын ток трансформатор орамдарын толықтай құрастыру. Бұрамаларды дәнекерлеуге дайындау.

Білуге тиіс: жасалатын трансформатор қызметі және жұмыс шарттары; жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; бұрмаларды дәнекерлеуге дайындау тәсілдері.


56. Трансформатор орамдарын құрастырушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үшінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Пеш трансформатор тәсімдерін және катушка бұрамаларын құрастыру және пісіру.

Білуге тиіс: үшінші габаритті трансформатор құрылымы және қызметі; пісіру тәсілдері мен режимдері; дәнекерлеу қасиеті; түрлі құрылымдағы трансформаторларды орау және құрастырудың технологиялық процесі; орындалатын жұмыс шегіндегі тәсімдер мен сызбалар.


57. Трансформатор орамдарын құрастырушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Сыйымдылық сақиналы қыстырма катушкаларды монтаждау. Өтпелерді орындау. Катушка бұрмалары мен сыйымдылық сақиналарын құрастыру және дәнекерлеу.

Білуге тиіс: трансформатор орамдарын құрастыру өтпесін арнайы сызбалар мен тәсімдер бойынша орындаудың оңтайлы тәртібі; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; оқшаулау құрылымдарының түрлері және қызметі.


58. Трансформатор орамдарын құрастырушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Трансформатор тарақшалары мен тәсімдерін дәнекерлеу. Пеш трансформаторларының шунттаушы реакторлары катушкалары мен орамдарын құрастыру.

Білуге тиіс: бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың құрылымы; оқшаулау құрылымдарына қойылатын негізгі талаптар; күрделі монтаждау тәсімдері мен сызбалары.


59. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-ға дейінгі екінші габаритті трансформатор катушкаларын созу және өңдеу. Орамдарды тік күйінде жиектеу және орнату. Технологиялық жарақтарды монтаждан шығару. өзекше тақтайшаларды орнату және төсемдерді тіктеуіш бойынша түзулеу. Кептіргеннен кейін созу және түпкілікті құрастыру.

Білуге тиіс: жұмыс бабында қолданылатын кеңінен таралған айлабұйымдар мен тараланған кілттердің қызметі және пайдалану ережесі; трансформатор катушкаларын созу және өңдеу тәсілдері.


60. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-тан жоғары 35 кВ-ға дейінгі екінші және үшінші габаритті трансформатор катушкаларын созу және өңдеу. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып гидравликалық сығымдағыштарда орамдарды сығымдау.

Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыштарды қолдану принципі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; оқшаулау материалдарының қызметі және негізгі қасиеттері; жарақтарды іріктеу.


61. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 35-тен асатын 220 кВ-қа дейінгі төртінші габаритті трансформатор катушкаларын гидравликалық сығымдағыштарда созу, өңдеу және сығымдау. Трансформатор катушкаларын жүктемені қайта қосып және арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып созу және өңдеу.

Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыш құрылымы және баптау тәсілдері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; оқшаулау құрылымының түрлері және қызметі.


62. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 220 кВ-тен асатын бесінші және алтыншы габаритті трансформатор катушкаларын гидравликалық сығымдағыштарда рычагты механизмдерді пайдалана отырып созу, өңдеу және сығымдау.

Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыш құрылымы және баптау тәсілдері, рычагты механизм құрылымы және қолдану принципі; оқшаулау құрылымына қойылатын негізгі талаптар.


63. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен бөлшектер мен орамдар жасау. Жай слесарлық операцияларды орындау. Мыс гильзалар мен кабельді ұштамалар жасау. Мысты кескеннен кейін жай бапталған жабдықта егеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы туралы негізгі мәліметтер; орама мысты өңдеу жөніндегі қарапайым операцияларды орындау тәсілдері; оқшаулау қызметі және оны қолдану; кеңінен таралған аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары.


64. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерден орам жасау. Біржақты мысты тегістікте ию. Жалаң және оқшауланған мыстан жасалған секция, катушка және өзекше дайындамаларын тегістеу кесу станоктарында кесу және тегістеу. Қалпақтарын қысу, бұрыштарын қалыптау. Макет бойынша тексеру. Бұрамаларды пісіру. Магнит сым жаймаларындағы қалың жерлерін егеулеу және қылтанақтарын тазалау. Саңылау бұрғылау және бұранда кесу.

Білуге тиіс: тегістеу-кесу станоктарының жұмыс істеу принципі, арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы; мысты дәнекерлеу және пісіру тәсілдері, мыс дәнекері, флюсі, күйдіру режимінің түрлері және қасиеті; орау бөлшектерін жасау кезіндегі сызбалар мен әдіптер.

Жұмыс үлгілері

1. Жұлдызшалар, бөгеттер және бұрамалар – жасау.

2. Шықпа кабельдер – таңбалау, қалайылау, оқшаулаудан алу және ұштарын дәнекерлегеннен кейін тазарту.

3. Бас және қосымша полюс катушкалары – алдын ала тегістеу.

4. Жолақты мыс – арнайы станокта кесу.

5. Демпферлік өзекшелер – кесу, тегістеу және фаскасын алу.

6. Ұзындығы 1 м-ге дейінгі тұрақты ток ірі электр машиналарының компенсациялық орау өзекшелері – жасау және түзету.
65. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен орамдар жасау. Секцияның алдыңғы бөліктерін радиус бойынша арнайы айлабұйымдарда ию. Паздық және алдыңғы бөліктерін макет бойынша тегістеу. Қабырғаға оралған полюсті катушкалар радиусындағы мыс қаспағын алу. Катушка ширатпаларын тегістеу. Шықпаларды пісіру. Катушкаларды қызған күйі сығымдау. Катушкаларды кейіннен тазалап пісіру.

Білуге тиіс: сығымдауға, тегістеуге, калибрлеуге және қалып беруге арналған сығымдағыштардың, бұрғылау станоктары мен арнайы құрылғылардың құрылымы және баптау тәсілдері; катушкалардың бетін пісіру және тазалауға арналған жабдықтар мен айлабұйымдардың құрылымы; мыс күйдіру пештерінің құрылымы; мыстың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Шиналық мыстан жасалған магниттен сөндіретін орамдар – жасау.

2. Ұзындығы 1 м-ге дейінгі бас және қосымша полюс катушкалары – тегістеу.

3. Ток жинайтын сақиналар – толықтай жасау.

4. Коллекторлық пластиналар – тегістеу.

5. Демпферлік сегменттер – қабырғаға кескінді иіп және тегістеп қолмен ию.

6. Тұрақты ток зәкір машиналарының секциялары – бір параллельде жасау.

7. Зәкірлік электр қозғалтқыш секциялары - өтпелерді қабырғаға иіп жасау.

8. Ұзындығы 1 м-ден асатын тұрақты ток ірі электр машиналарын компенсациялық орау өзекшелері – жасау және түзету.

9. Қуаттылығы 50 мВт-қа дейінгі турбогенератор өзекшелері – алдыңғы бөліктерін қиыстырып, ию.

10. Мотор генератордың байланыстыру шиналары – жасау.

11. Тұрақты және ауыспалы ток машиналарының иілгіш шиналары – жасау.


66. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ірі электр машиналардың турбо және гидрогенераторларының күрделі бөлшектері мен орамдарын құрастыру сызбасы бойынша жасау. Желдеткіш арна терезелерін белгілеу және ашу. Алдыңғы және паз бөліктерінің терезесін егеулеу. Электр машина катушкаларының алдыңғы бөліктерін ию және қалыптау. Орнын бойынша орамдарды қиыстыру.

Білуге тиіс: жабдық құрылымы, баптау ережесі; күрделі жұмыс және бақылау-өлшеу аспабының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы, қызметі, пайдалану шарты; күрделі тәсімдер мен сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 1 м-ден асатын бас және қосалқы полис катушкалары – тегістеу.

2. Ауыспалы полюсті ток катушкалары – гидравликалық сығымдағышта тегістеу.

3. Аз қуатты турбогенераторлардың роторлық катушкалары – радиустағы қақпақтарды алу.

4. Турбогенераторлардың роторлық катушкалары – тегістеу.

5. Тұрақты ток ірі машиналарының ток жинайтын сақиналар – толықтай жасау.

6. Ірі машина роторлары – арматура жасау және бекіту.

7. Тұрақты ток машиналарының зәкір секциялары – екі параллельде жасау.

8. Қуаттылығы 50 мВт-дан асатын 300 мВт-ға дейінгі турбогенератор өзекшелері – алдыңғы бөлігін қиыстыру, ию.

9. Екі параллельді шиналардан тұратын шиналар – макет немесе шаблон бойынша жасау.

10. Иілгіш шиналар – вакуумда пісіріп жасау.
67. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі бөлшектер мен орамдарды жасау. Іші қуыс мысты өңдеу. Ротор орамы катушкаларының ширатпаларын ротор макеті пазына қалау. Желдеткіш арналарды пісіруге дәл қиыстырып тегістеу. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық өзекше орамдарын термобелсенді байланыстыратын арнайы айлабұйымдарда жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы; жалаң өткізгіштерді июге арналған күрделі арнайы айлабұйымдардың құрылымы және баптау; қалыптау және сығымдау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Кескінді мыстан жасалған ауа салқындатқышы бар полюсті гидрогенератор катушкалары – жасау.

2. Қуаттылығы 300 мВт-дан асатын турбогенератор өзекшесі – алдыңғы бөліктерін қиыстыру және ию.

3. 2-ден көп параллельді шиналардан тұратын шиналар – шаблон бойынша қиыстырып толықтай жасау.

4. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық орам шиналары – жасау және орны бойынша қиыстыру.
68. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Турбо және гидрогенераторларға арналған бірегей және жауапты бөлшектер мен орамдар жасау. Бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда өткізгіш сым дайындау. Ішкі ақауларын бақылау. Сымдарды өзекшеге құрастыру, өтпелерді ию және өру. Бірегей айлабұйымдарды пайдалана отырып оқшаулаушы төсемдерді орнату. Күрделі механизацияланған құрылғыларда оқшаулауды және өзекшелерді қалыптау. Ұштамаларды пісіру. Алдыңғы бөліктерін пісіру.

Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың құрылымы және қолдану принципі; электронды дефектоскоптармен жұмыс істеу принципі; бұйымдар мен материалдарға қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Сумен салқындатқыш турбо және гидрогенераторлардың полюсті ротор катушкалары – жасау.

2. Су және криогенді салқындатылатын турбо және гидрогенератор өзекшелері – жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет