Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


«Арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты имараттарының құрылысы» бөлімі



бет10/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

«Арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты имараттарының құрылысы» бөлімі



§ 1. Оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы мақсаттағы шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын, жерасты ғимараттарын, штольняларды, камералар мен тоғыстарды гидрооқшаулау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. Оқшауланатын жік беттерін және қаптау тесіктерін тазалау және кептіру. Жіктер мен шегенделетін бетін қысылған ауамен үрлеп тазалау. Жіктерге соққанға дейін және кейін су себу. Судан қорғау қолшатыры бөлшектерін антикоррозиялық лакпен және тюбинг қаптауларын сүт цементімен сырлау. Құмбүріккіш аппаратты құммен зарядтау, аппаратты басқа орынға ауыстыру және оның жұмысын бақылау. Гидрооқшаулау жұмыстары үшін материалдарды дайындау. Мөлшерлеу және айдау үшін қоспалау дайындау. Битум мастикаларын қыздыру және тасымалдағыш аспаптарға құю. Гидрооқшаулаудың қорғану қабырғасын және оқшаулау мен оқшаулану бойынша қорғану төсемдерін салу. Бетін қарапайым конфигурациялы битум мастикасымен қаптау. Бетон бетін бедерлеу және дөңестер мен қатпарларды шабу. Қаптауға арналған ерітінділер мен басқа да материалдарды тексеріп айдамалау, бетонды және арматуралы бетін шегендеуге қатысу. Ерітінділерді айдамалау қондырғыларының жұмысын басқару, қарау, бекіту және майлау. Ерітінділерді айдау кезінде берілген қысымды реттеу. Туннел қаптауларының су өткізбейтіндігін және металлоқшаулығын сынауға қатысу.

Білуге тиіс: гидрооқшаулау материалдарының номенклатурасын, түрлерін және қасиеттерін; қаптаулардың жіктері мен тесіктерін шекімелеуге дайындау ережесін; гидрооқшаулау материалын тасымалдау, салу және сақтау ережелерін; цемент ерітінділері мен мастикаларды дайындау ережесін және тәсілдерін; құмбүріккіш аппараттардың жұмыс қағидаттарын және күту ережесін; қорғану төсемдерін, гидрооқшаулау қабырғаларын салу ережесін; мастикалардың қайнату және қыздыру жұмыстарында дайындығын белгіле; қызмет көрсететін битум қайнататын қазандардың, сорғылардың, ерітінділерді айдамалау қондырғыларының және цемент-пушкалардың құрылғысы мен пайдалану ережесін; электр қозғалтқыштар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы жөнінде негізгі мәліметтерді; ерітінді өткізгіштерді монтаждау тәсілдерін; бетін шегендеуге қойылатын талаптарды; жағылған торкрет қабатының тегіс емес жерлерін кесу тәсілдерін.
§ 2. Оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы мақсаттағы жерасты имараттарын гидрооқшаулау бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау. Кеңіген жіктерді цементпен және қорғасынды баумен шекімелеу. Гайкаларды тарта отырып, тығындар мен болттарды ауыстыру. Жіктер мен қаптау бетін құмбүріккіш аппаратпен тазалау. Туннельдер мен арнайы ғимараттардың лотын, қабырғаларын орамды материалдармен оқшаулау. Судан қорғағыш шатырдың бөлшектерін туннель қаптауларына бекіту. Су ағатын науаны орнату. Ыстық битумды мастиканы механикаландырылған жағумен және арматураланған шынытор матамен гидрооқшаулауды құру. Бетонды және арматуралы бетін шегендеу. Су сору шамасын белгілеу үшін суды айдау, ұңғыма арқылы арнайы құрамды ерітінділерді және ыстық битумды айдау. Айдау аяқталғанға дейін шекті қысымды белгілеу. Ұңғымаларды қыздыру. Құбырларды арнайы құрамдармен шаю. Кептелістерді жою.

Білуге тиіс: туннель қаптаулар мен имараттардың типтерін; шекімелеу жұмыстарын орындау тәсілдерін; шойын және темір бетонды қаптаулардың жіктерін шекімелеу ерекшеліктерін; айдау үшін тесіктерді бітеу тәсілдерін; жерасты имараттарының қаптауларын бекітпелерін ауыстыру ережесін; гидрооқшаулау қаптамаларының негізгі конструкциясын; шекімелеу жұмыстарына, пневматикалық шайқағыштарға, газ шілтеріне, құмбүріккіш аппараттарға арналған механикалық құралдардың құрылғысын; оқшауланатын бетіне битумдық мастиканы жағу және орама материалдарды жабыстыру тәсілдерін; оқшаулау материалдарына және қаптамаларға қойылатын талаптарды; кептелістерді жою тәсілдерін; ұңғымаларды орналастыру жоспарын және ерітінділерді айдау кезектілігін; цемент ерітіндісінің бастапқы концентратын анықтау үшін су сорғыш шамасын белгілеу тәсілдерін; шекті қысымды, ұңғымаларды қыздыру дәрежесін белгілеу және құбырларды жуу ережесі мен тәсілдерін; арматураланған және арматураланбаған бетіне торкрет жағудың тәсілдері мен жолдарын.
§ 3. оқшаулаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы мақсаттағы жерасты имараттарын гидрооқшаулау бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Туннельдің тарам және ойық бөлігіндегі тюбинг жіктерін және стандартты емес жіктерді шекімелеу. Жерасты имараттары қаптауларындағы ағыстарды жою. Металл және бетон қаптауларының, туннельдердің вестибюльдер мен камералармен жанасқан жерлерде, ойықтарда, айнымалы қима немесе төрттен артық өзгертілген қазбаларда оқшаулау жұмыстарын орындау. Орама материалдарды жабыстырып және компенсаторларды орнатып, тұнбалы және температуралы жіктерді оқшаулау. Шекімелерді жөндеу. Имарат қаптауларындағы оқшаулардың ескі жіктерін ашу және тазалау, судан қорғағыш шатырды монтаждау. Механикаландырылған тәсілмен бетон бетіне эпоксидті-фуран қаптамасын жағу.

Білуге тиіс: айнымалы қималар қабысқан жағдайда күрделі гидрооқшаулау жұмыстарын орындау тәсілдерін; жерасты имараттары қаптауларының күрделі конструкцияларында стандартты емес жіктерді және жіктерді шекімелеу тәртібі мен тәсілдерін; қабыршақ қуыстар мен жарықшаларды шабу тәсілдерін; жіктердің шекімелерін жөндеу және жарықшаларды бітеу ережесін.
§ 4. Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Монтажды гидравликалық көтергіш базасында жасалған көтеру-жылжыту тас төсегіштерін туннелдерді, жерасты арнайы мақсаттағы имараттарды, штольняларды, камераларды салу кезінде басқару. Бекітпе, доғалы қырғыш, қалыптардың, арматура элементтері мен ағаш материалдарды орнату жеріне тиеу, ауыстыру және көтеру. Көтеру-жылжыту тас төсегіштерді алдын ала жөндеу.

Білуге тиіс: көтеру-жылжыту тас төсегіштердің құрылғысын; шпурларды белгілеу және зарядтау, қазба бейіндерін шабақтау, әртүрлі бекітпелер, қалыптар мен арматуралар орнатқан кезде тас төсегіштерді көшіру ережесі мен тәртібін; көтеру-жылжыту тас төсегіштерін жөндеу ережесі мен тәсілдерін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет