Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым



бет2/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

§ 26. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ


2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезінде қарапайым жұмыстарды орындау. Рельс жолдары мен автожолдар негіздерін қолмен тазалау кезінде жыныстарды жинау. Щебеньді қолмен лақтыру және бөліп қою. Рельстерді кесу. Рельс жіктерін бөлшектеу. Рельсті ағаш шпалдарға бекіту. Болттарды бекіту, балдақтарды қағу. Шпалдарды, рельстерді, брустарды, балдақтарды, бекітімдерді, құралдар мен материалдарды әкелу және бөліп қою. Жол белгілерін түзету, қазбаны және суағар арналарын жөндегеннен кейін тазалау. Бетон қоспаларына материалдарды дайындау, оларды дозалаушы құрылғылар мен бетон араластырғыштарға толтыру. Бетон қоспаларын суағар арналарға және жаяу жолдарға төсеу. Жол немесе автожол негізін бейіндеу кезінде әктасты лақтыру және бөліп төсеу. Шпалдарды қолмен және механикаландырылған қол құралымен қағу. Бетон қоспасын вибратормен нығыздау. Шпалдар мен брустарды қолмен кері зарарсыздандыру. Қызмет көрсететін жол учаскесін аралау және тексеру. Кен қазбасын жұмыс орнында қауіпсіз жағдайға келтіру. Жолдарды бөгде заттардан тазарту.

Білуге тиіс: кен жынысының негізгі қасиеттерін және кен қазбасын қауіпсіз жағдайға келтіру тәсілдерін; кен қазбаларының орналасуын; жол белгілері мен дабылдарды; жұмыс өндірісі орнын белгіленген белгілермен қоршау ережесін; жолдар мен автожолдардың негізін, жоғарғы жол бөлігін құруға қолданылатын материалдарды; қол, электрлендірілген және пневматикалық құралды қолдана отырып жұмыс істеудің тәсілі мен жолдарын және олардың құрылымын; бетон қоспаларын әзірлеудің тәсілі мен құрамын; бетон қоспасын әзірлеуге, тасымалдауға және нығыздауға арналған жабдықтың нысанын, құрылымын және қолдану ережесін; жолдар мен автожолдарды жабдықтауға арналған материалдарды жұмыс орнына кен қазбалары бойынша жеткізу тәсілдерін; жолдар мен автожолдардың негізі мен жоғарғы құрылысын тұрғызу кезіндегі жұмыстарды орындаудың тәсілдері мен жолдарын; салынатын жол мен автожолдың профилін; қарапайым жұмыс сызбаларын оқу ережесін; жолдың негізі мен жоғарғы құрылысы негізгі элементтерінің атауларын; жол негіздері мен жабындарының түрлерін.

§ 27. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ


3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезіндегі жұмыстарды орындау. Рельс жолдары мен автожолдардың негіздерін жолдың үстіңгі құрылысына дайындау, негізге бетон қоспасын төсеу. Суағар арналары мен жаяу жолдардың құрылымын. Түзу сызықты және қисық сызықты учаскелердегі жолдың рельс шпал құрылысын монтаждау және бөлшектеу. Стрелка бұрмаларын, олардың шпалға бекітпелерін бөлу, монтаждау және бөлшектеу, оларды эпюр бойынша тексеру. Рельс жіктерін саңылауларды реттей отырып монтаждау. Қисық сызықты бұрманың бұрылу арқылы өлшеу. Қисық сызықты бөліп қою. Жоспардағы рельсшпал торшасын гидравликалық немесе винтті түзеуші аспаппен реттеу. Рельс жолдарының түзу сызықты және қисық сызықты учаскелеріндегі рельс тағанының енін шаблон бойынша өлшеу және реттеу. Рельс жолдарының орналасуын биіктігі мен деңгейі бойынша өлшеу және реттеу. Автожолдар және жаяу жолдардың үстіңгі қабатын профил бойынша, маяктар бойынша, шаблондар мен деңгейлер бойынша өлшеу және тегістеу. Шпалдарды эпюр бойынша реттеу. Рельс шпал торшасы элементтерін жеке ауыстыру. Жіктердегі ток жеткізуші қиысуларды орнату. Вагон-бункерлерге, өздігінен жүретін, гидравликалық жол құралы бар жол жөндеу машиналарына қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: жол құрылысы және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған механизмдердің, қол аспаптарының, айла бұйымдардың, қондырғылар мен басқа да жабдықтардың нысанын, құрылымым мен пайдалану ережесін; рельс жолдары мен автожолдарды құру және жөндеу кезіндегі жұмыс технологиясы мен ұйымдастыруды; рельс жолдары мен автожолдардың үстіңгі құрылысы элементтерін реттеудің тәсілдері мен ережесін; сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесін; қолданылатын материалдар мен олардың қасиеттерін; жол құрылысы және жөндеу жұмыстарын орындауға қажетті материалдар санын есептеу тәсілдерін; рельс жолдары мен автожолдарды құрылысы мен жөндеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды; бетон жұмыстарының сапасына қойылатын негізгі талаптарды; қисық сызықты өлшеу және бөліп қою тәсілдерін; дөңгелектеудің жол берілетін радиустарын; гидравликалық аспаптардың құрылымын, оларды пайдаланып жұмыс істеудің тәсілдері мен жолдарын.

§ 28. ЖОЛ ЖҰМЫСШЫСЫ


4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезінде күрделі жұмыстарды орындау. Стрелка бұрмаларын, олардың шпалға бекітпелерін бөлу, монтаждау және бөлшектеу, оларды шпалдарға және брустарға қолмен және балдаққаққымен бекіту. Төселген стрелка бұрмасын эпюр бойынша оның маркасы мен үлгісіне қарай тексеру. Жазық және еңісті жолдарды, стрелка бұрмасының шаблоны, деңгейі мен бағыты бойынша өлшеу және реттеу. Қисық рельс жолдарын есептелген қозғамалар бойынша жобалық жағдайға қою кезінде визалау және бөліп қою. Ауыстыру механизмін орнату және реттеу. Рельс шпал торшасын жобалық жағдайға орнату кезінде оптикалық аспаптарды (нивелирлерді) қолдана отырып визалау. Контррельстерді орнату және бекіту. Теңдеу аспаптарын монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс: рельс жолдары мен стрелка бұрмаларының құрылымын, конструкциясы мен ұстау нормаларын; стрелка бұрмаларының бөліп қою және реттеу тәсілдерін; рельс жолдары мен стрелка бұрмаларын орнату және жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісі ережесін; рельс жолдары мен стрелка бұрмаларын орнату сапасына қойылатын талаптарды; қолданылатын жабдықтың, қол және механикаландырылған құралдың нысанын, құрылымын және пайдалану ережесін; жолдарды профиль бойынша визалау үшін оптикалық құралдарды пайдалану ережесін.

§ 29. БЕКІТУ материалДАРЫН шахтАҒА ЖЕТКІЗУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекіту, құрылыс, жағармай материалдарын, қосалқы бөлшектерді, құбырларды, рельстерді, түрлі жабдықтар мен басқа да ілеспе материалдарды вагондарға, вагонеткаларға және басқа да көлік құралдарына тиеу. Оларды шахта оқпандарына, штольняға, және шахта үстіндегі басқа да нысандарға жеткізу, материалдарды қолмен блоктардың, шығырдың, домкраттың, түрлі такелаж механизмдерінің және айла бұйымдардың көмегімен кілеттерге, қауғаларға, скиптерге тиеу және түсіру. Материалдарды шахтаға түсіру. Көтеру механизмдері мен айлабұйымдарын басқару. Тростарды жалғау. Қажетіне қарай жүктерді түсіретін жерге дейін ілесу. Орманды белгілеу және бөлу, бөренелерді брустарға, пластиналар мен тақтайға кесу. Орман материалдарын ақауға шығару. Материалдарды, жабдықтарды түсіру және нысаналы жерге қоймалау. Рельстен шығып кеткен вагонеткаларды қою. Белгіленген белгілерді қабылдау және беру.

Білуге тиіс: қолданылатын бекітпелердің және ілеспе материалдардың түрлері мен мөлшерін; жұмыста қолданылатын такелаж айлабұйымдарының, көтеру-тасымалдау жабдығының нысаны мен құрылымын, оларды орнату және пайдалану ережесін; жабдықтарды және басқа да жүктерді көлік құралдарына бекіту тәсілдерін; ілмектеу құралдарының беріктігін тексеру тәсілдерін; көтеру-тасымалдау жабдығы мен айл бұйымдары жүктемесінің шекті нормасын; бекіту және басқа да материалдарды тиеу, түсіру және тасымалдау ережесін; оларды шахтаға түсіру ережесін; көлік құралдарының, кілеттердің габаритін; орман материалдарының сұрыптарын, тегін және мөлшерін; ағаш түсіру құрылғысын.
§ 30. БЕКІТУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітпенің барлық түрлерінің жекелеген рамаларын, элементтерін ауыстыру. Аралық рамаларды, тіреулерді, табандықтарды, төсемдерді орнату. Атпалар мен тиранттарды қою және алу. Арналарды, траншеяларды, қазаншұңқырлар мен копуштарды бекіту. Қазбаның бүйірі мен шатырын тартпалау, тартпаларын ауыстыру, бекіменің ар жағындағы кеңістікті қалау. Топырақты қағу және қазба бүйірлерін тазарту. Бекітпе мен қораманың барлық элементтерін іріктеу және дайындау, жұмыс орнына жеткізу. Аралыққа кесінді дайындау. Аралықтардың барлық түрлерін тұрғызу және оларды жөндеу. Желдеткіш есіктерінің, терезелерінің, өлшеу стансаларының, ағаш шиттердің, құбырлардың, жаппалардың, көпіршелердің құрылымын және оларды жөндеу. Есік қораптарын орнату. Есіктерді ілу, ағаш еденді орнату, икемді төсем салу, стеллаждарды орнату. Газенкаларға торша, баспалдақ сатыларын және баспалдақтарды орнату. Шахталардың желдеткіш оқпандарын қаптау. Ағаштың, төсемдердің, траптардың, қоршаулардың, күрделі емес қорамалардың , штольнядағы бекіту рамаларының қарапайым құрылымдарын бөлшектеу. Қораманы бетон мен ерітіндіден тазарту. Штангілерді дайындау, бетон қоспасын, әзірлеу және жұмыс орнына жеткізу. Арматураны байлау, болттарды, ілмектерді орнату және цементтеу. Ағаштар мен қоршауларды құру. Ілме ағаштарды бөлектеу. Тік сызықты қораманың шиттерін, қорамалардың барлық түрлерінің тік сызықты элементтерін жасау және жөндеу. Қораманы ұзартпай ұстап тұратын қарапайым мінбесаты элементтерін дайындау. Жерасты имараттарының ара жабындарының, арқалықтары мен ұстындарының қорамаларын бөлшектеу. Рельс жолдарын төсеу және қайта төсеу. Жыныстарды вагонеткалармен жұмысталған кеңістікті құрғақ қалау орнына жеткізу. Кен жынысы тиелген вагонетканы әкету және бостарын әкеліп беру. Кен жынысын жинау.

Білуге тиіс: кен қазбаларында бекіту және жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайларын; ағаш, метал, забой жанындағы темірбетон және арнаулы бекітпенің негізгі түрлерін, бекітпенің, мінбесаты мен қораманың жекелеген рамаларын, элементтерін ауыстырудың тиімді жолдары мен ережесін; қолданатын құралдың жұмыс принципін; кабель және контакті желісімен жұмыс ережесін; бекітпе мен жол төсеміне қойылатын техникалық талаптарды; қолданылатын ағаштың, кірпіштің, тастың, бетонның және басқа да материалдардың сұрпын, қасиеттерін, нысанын, пайдаланылу мерзімін; кен қазбаларының сипаттамасын, нысанын және орналасуын; желдеткіш пен басқа да аралықтардың, баспалдақ және қозғалыс бөлімшелерінің, полкалардың, траптардың, люктердің, жаппалардың, құрылымы мен нысанын; кен қазбаларының бағытын тексеруге арналған маркшейдерлік белгілердің нысаны мен пайдалану тәртібін; қажетті көлемдегі ұсталық жұмысты орындау тәртібін; мінбесаты мен қораманы орнату тәсілдерін.

§ 31. БЕКІТУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жазық кен қазбаларын, тазарту забойлары мен қиыс бұрышы 450 дейінгі кен қазбаларын, 5-разрядты бекітушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген бекітпеден басқа, бекітпенің барлық түрлерімен, ескі бекітпені ішінара немесе толық алып, бетонды бөлшектей және кенді шығара отырып бекіту және жөндеу. Қазба қимасын уату балғасының көмегімен, жару тәсілімен немесе қолмен кеңіту. Бекітпе элементтерін дайындау және аралық рамаларды орнату, барлық бекітпе түрлерінің жекелеген рамалары мен элементтерін ауыстыру. Шпурларды бұрғылау. Бекітпені алу, сөндірілген қазбаны қалау, кен қазбаларын сөндіру. Ағаш армирдің жекелеген дестелерін: атпаларды, вандруттарды, оқпандар мен шурфтардағы өткізгіштерді ауыстыру және жөндеу. Құлаған жерлерді бөлшектеу және бекіту. Рама үстіне костер қалау. Оқпандар мен шурфтарды мұздан тазарту. Аспалы мінбесатыны құру. Лекалдарды, кружалдарды, арка қорамаларын, күмбездер мен ұтарын бөлшектеу. Ұстын, арқалық, аралық, қабырға, іргетас қорамаларын орнату. Қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер жұмысындағы ақауды анықтау және жою.

Білуге тиіс: бекітпенің түрлері және оларды салу тәсілдері; ағаш бекітпе элементтерінің әртүрлі құлыпты қосындыларының түрлерін және нысанын; кен қазбаларын бекіту паспортын; бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу ережесін; кен қазбаларында жөндеу жұмыстарын жүргізудің техникалық шарттарын; құламаларды бөлшектеудің ережесі мен тәсілдерін; кен қысымы және оның көріну сипаты туралы негізгі ұғымдарды; түрлі үлгідегі кен қазбаларының сипаттамасын; арматураны орнату ережесі мен тәртібін; оқпандарды арматураларға қойылатын техникалық талаптарды; кен қазбаларын бекіту және жөндеу кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдердің, құрал мен айлабұйымдардың түрлері мен құрылымын, оларды пайдалану және күтіп баптау ережесін; кен қазбасының көлденең қимасы ауданын анықтау тәсілдерін.
§ 32. БЕКІТУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахта оқпандарын, тік кен қазбаларын, қиыс бұрышы 450 жоғары кен қазбаларын, оқпан маңы кен қазбалары бар оқпан байламдарын, кен албарын бекітпенің барлық түрлерімен бекіту және жөндеу. Арматуралау, арматураларға қызмет көрсету және жөндеу. Оқпандарды қарау. Веер пішіндес және көп бұрышты бекітпені құру, жөндеу және ауыстыру. Поездардың қозғалысын үзбей тоннельдерді жөндеу. Кен қазбаларын машиналардың көмегімен темірбетон, металл және басқа да штангілермен қорамасыз бетондаумен бекіту. Тоннельдің, қиыспаның және күмбездің темірбетон қаптамасының кружалдары мен қорамасын орнату. Орнықсыз кен жыныстарында, көшкіндерде, құлама құмдарда, карстарда жүргізілетін кен қазбаларының бекітпесін бекіту және жөндеу. Оқпандардағы және басқа да тік кен қазбаларында бекітпені жөндеу кезінде сақтандыру полкаларын монтаждау және бөлшектеу. Оқпандардағы өткізгіштерді жөндеу, қызмет көрсету және түзеу.

Білуге тиіс: оқпандарды проходкалау тәсілдерін; бекітпелер мен оқпан арматурасының түрлерін; оқпан маңы кен қазбалары бар оқпан байламы ережесін; оқпандары бекіту кезінде қолданылатын машиналар мен механизмдердің құрылымын, пайдалану ережесін; поездардың қозғалысын үзбей тоннельдерді жөндеу ережесін; темірбетон және металл анкерлік бекітпелерді орнату тәсілдерін; күрделі ағаш бекітпе құрылғылары мен күрделі қиыспалар мен кесінділерді белгілеу және әзірлеу тәсілдерін; қорамалардың барлық түрлерінің құрылымын және оларды орнату тәсілдерін; шахта оқпандарын ағаш құрылғылармен арматуралау тәсілдері мен ережесін.

§ 33. бҰРҒЫҒА МАЙ ҚҰЮШЫ -ҰСТА

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шаблон бойынша бұрғыларды әзірлеу, арматуралау және бұрғыға май құю станоктарында және құралмен май құю, бұрғыларды берілген технология бойынша термоөңдеу (шыңдау). Бұрғыларды немесе олардың алмалы ұштарын қатты балқымалармен арматуралау. Бұрғы ұшындағы паздарды қатты балқыма пластинкасымен дәнекерлеуге дайындау және тексеру. Пластикаларды дәнекерлеу және әзірлеу. Бұрғы қаптамалары мен кесуші тістерін жасау. Бұрғыларды жинақталуы бойынша іріктеу. Қызмет көрсететін станок жұмысындағы ақауды анықтау және жою.

Білуге тиіс: бұрғыға май құю станоктары мен горнның құрылымын және пайдалану ережесін; бұрғыларды арматуралау және шыңдау технологиясын; бұрғы болаты мен қатты балқымалардың қасиеттері мен сапасын; бұрғыларға май құю, арматуралау және шыңдау тәсілдерін; дәнекерлеу температурасын және бұрғыларды салқындату ережесін; жинақтағы бұрғылардың мөлшерін; қолданылатын айлабұйымдар мен құралдары пайдалану ережесін.

§ 34. ЛампЫШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйелердегі шахта шамдарын зарядтау және май құю. Аккумулятор батареяларын зарядтау үстеліне орнату және оларды зарядтау, бензинді шамдарды үрлеу. Қажетті тығыздықтағы электролитті жасау, аккумулятордағы деңгейді қадағалау және белгіленген деңгейге дейін толтыру. Заряд агрегаттарына қызмет көрсету, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Құралдардың көрсеткіштері бойынша зарядтау процессін реттеу. Аккумулятордың контакті бөліктерін таттан, ластан, тұз бен сілтіден тазарту. Шахта шамдарын талдау, жарамдылығын тексеру және пломбы салу, оларды жөндеуге беру және жөндеуден алу. Шамдарды, өздігінен құтқарғыштарды, газоанализаторларды қабылдау, қарау және оларды жұмысшыларға беру. Респираторларды қабылдау, жуу және шамдар мен жұмыс нөмірлерін қызметкерлердің түсу және көтерілу есебін жүргізе отырып беру. Шамдар мен өздігінен құтқарғыштардың есебін жүргізу, оларды ұсақ жөндеу. Карбидті ұнтақтау. Шамхана орынжайын жинау.

Білуге тиіс: түрлі жүйелердегі шахта шамдарының, заряд агрегаттарының, өздігінен құтқарғыштардың, газоанализаторлардың, респираторлар мен зарядтау кезінде қолданатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын; шахта шамдары мен аккумулятор батареяларын зарядтау ережесін; өрт сөндіргіштермен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа да шамдарды зарядтау материалдарымен жұмыс істеу ережесін; электролит жасау ережесін; аккумуляторларды зарядтау режимін; шамдарды бөлшектеу, құрастыру, қабылдау және беру ережесін; карбидті, қышқылдар мен сілтілерді, және басқа да материалдарды сақтау ережесін; электротехника негіздерін.
§ 35. ЛюкШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен массасын тиеу пункттерінде люктерден вагонеткаларға, транспортер лентасына және автомашиналарға, бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 100 т дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу. Тиелген және бос вагонеткаларды қызмет көрсету аймағында шығырдың, итергіштің көмегімен және қолмен итеріп әкелу және итеріп әкету. Шығырды, итергішті және тиеу және түсіру пункттерінің басқа да механизмдерін басқару. Таразы нормасына сәйкес тиеудің толықтығын бақылау. Қызмет көрсететін машиналардың тежегіш жүйесінің жарамдылығын тексеру. Алынған мінбесатыны қабылдау, қоймалау және вагонеткаларға тиеу. Конвейерді, гидротозаңсыздандыратын қондырғыларды қосу және ажырату. Люктердегі кен массасын көсеу, вагонеткаларда тегістеу Скреперлік тиеуді және тиеу бункерлерінің толуын қадағалау. Вагонеткаларды тіркеу және ажырату, стрелкаларды ауыстыру. Қажетті жағдайларда, тиеу-түсіру орнына дейін составқа ілесу. Белгі беру. Тиеу пункттеріндегі маневр кезінде электровоз машинисіне көмектесу. Составты құрастыру және бөлу. Конвейерлерді масштабтау. Вагонеткаларға бирка ілу. Пайдалы қазбадан көрінетін жыныстарды іріктеу. Вагонеткаларды, бункерлерді, тақталарды, тиеу және түсіру орындарындағы қабылдау алаңдары мен жолдарды, люк пен скрепер полкалары астын тазалау. Кен массасын суландыру. Рельстен шығып кеткен вагонеткаларды тежеу және көтеру. Қызмет көрсететін механизмдердің, люктердің, люк жаппаларының ұсақ ақауларын жою. Люк астындағы шашылған кен массасын жинау.

Білуге тиіс: тиеу-түсіру механизмдерінің, шығырдың, итергіштің, конвейердің құрылымын; вагонеткалар мен тіркеу үлгілерін, оларды күтіп баптау нұсқаулығын; қызмет көрсететін учаскедегі жүк тасымалдау сызбасын; жолдардың, жұмыс орнындағы тақталар мен стрелкалардың профилі мен жай-күйін; пайдалы қазба кесектерінің негізгі қасиеттерін, сұрпы мен шекті мөлшерін, оның бас жыныстан ерекшелік белгілерін; канаттың, тіркеу құрылғылары мен вагонеткалар ақауының алдын алу шараларын

кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 100 т артық және 300 т дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде- 3-разряд;

кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 300 т. -дан 1500 т дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 4-разряд;

кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 1500 т. -дан 3000 т дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 5-разряд;

кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 3000 т артық жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 6-разряд.
§ 36. бульдозер МашинисІ

3-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қозғағыш қуаты 44,2 кВт (60 а. к.) дейінгі бульдозерді басқару. Кен массасын, топырақты, отынды, шикізатты және басқа да материалдарды қайта үю. Карьерде, үйінділерде, қоймаларда жоспарлау жұмыстарын орындау. Ернеуді, қабатты тазарту. Кен жынысын, топырақты тегістеу. Әкету жолдарын профилдеу және тазалау. Ашу жұмыстары өндірісі. Темір жолдарды қозғау. Забойда кен массасын экскаваторларға жақындату. Забой табанын, күрт еңістерді, кертпештерді тегістеу. Жүктерді тиеу. Түсіру және орнын ауыстыру. Үйінділерді жырту, қарды, аумақты тазалау. Топырақты қопсыту. Штабельдеу жұмыстарын орындау. Бульдозерлерді қарау және жағар, жанармай құю. Қажалатын бөлшектерді майлау. Профилактикалық жөндеу жүргізу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу. Бульдозер жөндеуіне ведомость толтыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, қозғағыштардың, айлабұйымдардың, басқару жүйесінің құрылымын; бульдозерді пайдалану ережесін, бульдозермен орындалатын кен жұмысының түрлерін; жағар, жанармай материалдарының маркалары мен жұмсау нормасын; ашық кен және жол жұмыстары өндірісі туралы негізгі деректерді; кен қазбаларының қасиеттерін; кен қазбаларымен жұмыс шарттарын және мүмкіндіктерін, бульдозердің түсу және көтерілудегі шекті бұрыштарын; қызмет көрсететін жабдық жөндеуіне ведомость толтыру ережесін; іштен жану қозғағышының майлау, қоректендіру және салқындату жүйесін.

қозғағыш қуаты 73,6 кВт.-тан 147,2 кВт-қа дейінгі (60-ден 100 а. к. дейін) бульдозерді басқару кезінде - 4-разряд;

қозғағыш қуаты 44,2 кВт.-тан 73,6 кВт-қа дейінгі (100-ден 200 а. к. дейін) бульдозерді басқару кезінде; шашпа кен орындарындағы ашу жұмысы өндірісі кезінде қозғағыш қуаты 147,2 кВт (200 а.к.) дейінгі бульдозерді басқару кезінде- 5-разряд;

қозғағыш қуаты 147,2 кВт-тан 279,7 кВт (200-ден 380 а.к.) дейінгі бульдозерді басқару кезінде- 6-разряд;

қозғағыш қуаты 279,7 кВт-тан 366,0 кВт-қа дейінгі (380-нен 500 а.к.) дейінгі бульдозерді басқару кезінде - 7-разряд;

қозғағыш қуаты 366,0 кВт-тан жоғары (500 а.к. жоғары) бульдозерді басқару кезінде - 8-разряд.



Ескертпе.

Автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен имараттар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және контакті желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялары траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, кен қазбаларын жерасты тәсілімен проходкалау күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3 шығарылым, «Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімі бойынша тарифтеледі.


§ 37. БҰРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды бұрғылау және ұлғайту кезіндегі, бұрғылау станоктары мен трактор базасындағы өздігінен жүретіндерін қоса алғанда, түрлі үлгідегі қондырғыларды басқару. Бұрғылау жабдығын монтаждау, орнын ауыстыру, жұмысқа дайындау, орнату және реттеу, оны орнатуға арналған алаңды жоспарлау және тазарту. Бұрғылау жұмыстары паспортына сәйкес ұңғымаларды белгілеу. Геологиялық жағдайларға, қиындықтар туындауына, бұрғы жабдығы мен құралының жай-күйіне қарай бұрғылау процесін басқару. Ұңғымаларды цементтеу, тампонаждау, қаптама құбырмен бекіту және технологиялық регламентпен және режимдік-технологиялық құжаттамаға сәйкес көзделген басқа да жұмыстарды орындау. Көтеру-түсіру жұмыстары, штангілерді ұзарту, құбырларды шығарып алу. Құралдың ось күшін, айналу жылдамдығын, бұрғылаудың оңтайлы режимін қамтамасыз ететін жуу ерітіндісінің, ауаның көлемін таңдау. Бақылау-өлшеу жабдықтарының көрсеткіштерін қадағалау. Оңтайлы проходкалау жылдамдығына жету үшін бұрғылау процесінің параметрлерін реттеу. Ұңғымалардағы қисықтықтың, авариялар мен қиындықтардың алдын алу жұмыстарын орындау. Жуу ерітінділері мен тампонаж қоспаларын әзірлеу. Жуу сұйықтарының параметрлерін бақылау. Ұңғымаларда кен жынысының су қайтарымын қалпына келтіру, сүзгілер мен су көтеру құралдарын орнату. Бұрғыларды, долоттарды және бұрғы қаптамаларын іріктеу, оларды бұрғылау процесінде ауыстыру. Ұңғымаларды тазарту, жуу, науалау. Бұрғы жабдығына орнатылған компрессорларға, бұрғы жабдығымен кешенді жұмыс істейтін жылжымалы компрессорларға (станоктарға), отпен бұрғылау кезінде қолданылатын газды қондырғыларға, насостарға, сұйық оттегіне арналған ыдыстар мен басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Ұстап қалу (ловильные) жұмыстары, ұңғыма сағасын жабу. Қызмет көрсететін жабдық пен трактор жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу. Қозғағыштарды, автоматтар мен қосқыштарды ауыстыру. Арнаулы геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеулерді жүргізу үшін аспаптар мен сағалық құрылғыларды дайындауға қатысу. Жою жұмыстарын жүргізу. Қажетті жағдайларда кернді, бұрғы шламын, кен қазбалары үлгілерін іріктеу және бұрғылануы бойынша жыныстың беріктігі санатын анықтау. Бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін жерді қайта өңдеу. Бұрғыдағы ілмектеу және тиеу-түсіру жұмыстары. Алғашқы техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: бұрғылау және күшті жабдықтардың нысанын, құрылымын, сипаттамасын, оларды монтаждау және бөлшектеу, пайдалану ережесін; бұрғылау мұнаралы мен мачталарының құрылымын, оларды құрастыру және бөлшектеу ережесін; бұрғылаудың технологиялық режимдерін, қалыпты және күрделі жағдайларда ұңғыманы кернді алу және кернді алмай бұрғылау мен кеңейту ережесі мен тәсілдерін; ұңғымаға арналған геологиялық-техникалық нарядты; бұрғылау-жару жұмыстары паспортының мазмұнын және толтыру тәртібін; ұңғымаларды цементтеудің, битумдаудың, силикаттаудың, тампонаждың және қатырудың мақсаты мен мәнін; жуу сұйықтарының, кен жынысының беріктігін төмендеткіштер мен күрделі иньекциялық ерітінділердің құрамын, нысанын, әзірлеу және өңдеу тәсілдерін; қолданылатын жабдықтың, айлабұйымдар мен материалдардың нысанын. Сипаттамасын мен түрлерін; бұрғыланатын кен жынысының беріктігіне қарай, бұрғылау құралына май құю сапасына қойылатын талаптарды; геологиялық жағдайларға, қиындықтар туындауына, бұрғы жабдығы мен құралының жай-күйіне қарай бұрғылау процесін басқару тәсілдерін; пайдалы қазбалардың шөгу жағдайлары мен нысандарын; техникалық ақаулар мен авариялардың туындау себептерін, олардың алдын алу және жою шараларын; кернді іріктеу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты; ұстап қалу (ловильные) жұмыстарын орындау тәсілдерін; геология, гидрогеология, кен жұмыстары, электротехника, гидравлика, пневматика негіздерін; кен қазбаларының атаулары мен орналасуын; кен жыныстарының сыныптамасы мен қасиеттерін; жерді қайта өңдеу әдістерін; алғашқы техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін, оның нысандарын; энергетика желісінің құрылымы мен сызбасын, және ток шығынын жою әдістерін; ілмектеу жұмысы өндірісінің тәсілдері мен ережесін; трактордың және өздігінен жүретін қондырғының құрылымын, оларды пайдалану және жөндеу ережесін; аварияны жою және қауіпсіз жүргізу ережесін.

Қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бірінші сыныпты (жүк көтергіштігі 0,5 т. дейін) бұрғылау қондырғыларымен, мотобұрғылармен, қол және жылжымалы жинақтармен, штангілермен бұрғылау кезінде -3-разряд;

ұңғымаларды өздігінен жүрмейтін станоктармен, соққылап-айналып бұрғылайтын, қозғағышының қуаты 50 кВт дейінгі өздігінен жүретін станоктармен, жерасты кен қазбаларынан зондтап бұрғылау станоктарымен; қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын екінші сыныпты (жүк көтергіштігі 0,5 т.-дан 1.5 т. дейін) бұрғылау қондырғыларымен; гидрогеологиялық және геофизикалық ұңғымаларды тазарту агентін қолданбай айналу тәсілімен, соғу-канаттық және басқа да бұрғылау тәсілдерімен; шойтастарды өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, перфораторлармен, электр бұрғылармен бұрғылау кезінде - 4-разряд;

ұңғымаларды соғу-канаттық станоктарымен, қозғағышының қуаты 50 кВт артық өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен, қозғағышының қуаты 150 кВт дейінгі өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен, қозғағышының қуаты 50 кВт-тан 100 кВт-дейінгі дейінгі өздігінен жүретін шарошечті бұрғылау станоктарымен, түйісімді-бұрғылау машиналарымен және зондылап бұрғылау станоктарын қоспағанда, жерасты кен қазбалары станоктарымен; қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын үшінші, төртінші және бесінші сыныпты (жүк көтергіштігі 1,5 т.-дан 15 т. дейін) бұрғылау қондырғыларымен; гидрогеологиялық ұңғымаларды тазарту агентін қолдана отырып айналу тәсілімен бұрғылау кезінде; пайдалы қазбаны жұқа қабаттардан шнек-бұрғы машиналарымен және жерасты жұмысындағы станоктармен шығару кезінде - 5-разряд;

ұңғымаларды қозғағышының қуаты 150 кВт және одан артық өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен (немесе гидрожүйелермен жабдықталған), қозғағышының қуаты 300 кВт. және одан артық өздігінен жүретін шарошечті бұрғылау станоктарымен, қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын алтыншы, жетінші және сегізінші сыныпты (жүк көтергіштігі 15 т. жоғары) бұрғылау қондырғыларымен; гидрогеологиялық ұңғымаларды тазарту агентін қолдана отырып айналу тәсілімен бұрғылау кезінде; пайдалы қазбаны жұқа қабаттардан шнек-бұрғы машиналарымен және ашық кен жұмысындағы станоктармен шығару кезінде 6-разряд.

Ескертпе:

1. Осы тарифтік-біліктілік сипаттамасы бойынша жұмысшылары мен жұмыстары БТБА, 6 шығарылымы, «Ұңғымаларды бұрғылау» бөлімі бойынша тарифтелетін мұнай мен газға арналған ұңғымалардан басқа, ұңғымалардың барлық түрлерін бұрғылаумен айналысатын жұмыстар мен жұмысшылар тарифтеледі.

2. Геологиялық барлау ұңғымаларын геологиялық сынаманың сапасын арттыруды және бұрғылау жылдамдығын, ұңғы оқпанының берілген бағытын белгілеуді және ұстап тұруды қамтамасыз ететін арнаулы техникалық құралдарды (арнаулы кернқабылдағышы бар кешендерді, гидроұрғыштарды, пневмоұрғыштарды, керн гидротасымалымен бұрғылау; бағытталған және көп оқпанды бұрғылау) қолдана отырып бұрғылау кезінде; геологиялық барлау ұңғымаларын күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда бұрғылау кезінде; геологиялық барлау ұңғымаларын жұмысталған шахта даласында (ұңғымаларды жұмысталған қабаттар арқылы бұрғылау кезінде) барлау кезінде тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.

3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары сыныптары мемлекеттік стандарттармен бекітілген және олар: бұрғылау тереңдігін, ұңғыманың бастапқы және соңғы диаметрін, ілмектегі жүк көтергіштікті, жетекті электр қозғағыш қуатын, бұрғы снарядының айналу жиілігін, қиыс бұрышын, көтеру жылдамдығын, бұрғы білтесінің ұзындығын қамтиды.

4. Бұрғылау жабдығы қозғағыштарының қуаты осы жабдықта орнатылған электр қозғағыштарының сомаланған қуаты алынды.

5. Бұрғы қондырғысы машинисінің бұрғы қондырғысы машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардың тұтас кешенін игерген көмекшісі өзі бірге жұмыс істейтін бұрғы қондырғысы машинисінен бір разрядқа төмен, егер жұмыстардың тұтас кешенін игермеген болса екі разрядқа төмен тарифтеледі.

6. Бұрғы қондырғысы машинисінің көмекшісі болмаған кезде, жылжымалы компрессорларға жылжымалы (әртүрлі қозғағышы бар) компрессор машинисі қызмет көрсетеді, олар БТБА, 3-шығарылым, «Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімі бойынша тарифтеледі.
§ 38. виброТИЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МАШИнисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен массасын блоктан, құлату аймағынан шығару және алу, оны кентүсірімге тиеу, кентүсірімнен вагонға және басқа да көлік құралына тиеу кезінде вибротиеу қондырғысын басқару. Кен массасын суландыру. Кептемелерді жою. Кен массасын тиеу кезінде белгі беру. Вибротиеу қондырғысын монтаждауға және бөлшектеуге, жөндеуге қатысу. Вибротиеу қондырғысы механизмдерінің жұмысын, механикалық және электрлі бөліктеріндегі ақауларды жоя отырып сынамалау және реттеу. Тасымалдау ыдыстарын қашықтықтан басқару құралының көмегімен орнын ауыстыру жөніндегі маневрлік жұмыстар өндірісі.

Білуге тиіс: вибротиеу қондырғысының құрылымын, кинематикалық сызбалары мен жұмыс режимін; сақтандыру құрылғылары мен қосу аппаратурасының жұмыс принципін; қызмет көрсету учаскесіндегі кен қазбаларының орналасуын; қондырғы тораптарын майлаудың кезеңділігі мен майлау нүктелерін.

Жару заттарының көмегімен кептемелерді, доғалықтардағы кен қақтарын жою және шойтастарды ұнтақтау кезінде, жару жұмыстарына құқық беретін құжаты болса - 5-разряд.


§ 39. ӘУЕ-КАНАТ ЖОЛЫНЫҢ МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тиелген және бос вагонеткаларды тасымалдау кезінде әуе-арқан жолының шығырын басқару. Шығырдың, электр қозғағыштың, арқанның, шкивтердің, таспалардың, тіркеу және тежегіш құрылғыларының жұмысын, жолдың жай-күйін қадағалау. Қызмет көрсететін механизмдер жұмысының режимін реттеу. Берілген тиеулі вагонеткалардың санын есепке алу. Тежегішті және барабан футеровкасын тексеру. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін шығырдың, электр қозғағыштың, қосу аппаратурасының мен басқа да механизмдердің құрылымын; арқанды күту ережесін; арқан жолын қосудың және тоқтату ережесін; майлау режимі мен жүйесін; қолданылатын майлау материалдарының түрлерін; найзағай разрядтарынан негізгі қорғану түрлерін; электр слесарь ісін.

Ескертпе.

Жолаушылар тарқан жолына қызмет көрсету кезінде әуе-арқан жолының машинисін тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.



§ 40. КЕН АЛУ машинАЛАРЫНЫҢ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен алу машиналарын: өндіру және проходкалау комбайндарын, алу агрегаттарын, оның ішінде автоматтандырылған және бағдарламалық басқарылатын, жоңғы қондырғылы, кескі машиналарын басқару. Гидроландырылған бекітпе секцияларының, бүрлеуіштің және агрегат торшасының щитті забойға орналастыру кезіндегі жай-күйін қадағалау. Тірек арқалықтары мен бүрлеуіш қондырғыларының жетекті ұштарын босату, жылжыту және гидродомкрат көмегімен жаңа орында бекіту. Кен-техникалық талаптар мен кен-геологиялық жағдайларға орай түрлі үңгілерді үңгі машиналарымен өндіру. Жоғарғы «қалдықты» түрлі тәсілмен кесу. Кен алу машинасының тораптары мен бөлшектерін майлау, турбомуфта мен майстансаның деңгейін тексеру және май құю, машиналарды сынамалау. Тістерді, клевактерді, кескілерді, пышақтарды тексеру және ауыстыру. Шатырдың, кабелдердің, құбырлардың, шлангілердің, тиеу машиналарының жай-күйін тексеру. Пайдалы қазбаны алудың және қазба жүргізудің дұрыстығын қамтамасыз ету. Атқарушы органды жұмыс процесінде реттеу. Жұмыс процесінде тарту және сақтандыру арқандарының немесе тарту шынжырының жағдайын қарау және қадағалау. Суландыру жүйесін, сақтандыру шығырлары мен майстансаларын басқару. Кен алу машиналарының, механизмдері мен басқа да жабдықтардың ақауларын жұмыс барысында анықтау және жою. Кен алу машиналарын жұмыс процесінде бұру, монтаждау, бөлшектеу, түсіру (көтеру) және айдап бару. Машиналар мен оның үстіндегі шатырды жұмыс соңында сақтандыру тіреулерімен бекіту. Керме және еңіс тіреулерді орнату, машина қозғалысына кедергі болатын тіреулерді алу және орнату, машина жолын тазарту. Орнықты тіреуді орнатуға және қайта орнатуға қатысу. Қызмет көрсететін машиналарды, агрегаттарды, басқа да жабдықтарды, жабдықтарды және жекелеген тораптарының орнын ауыстыра, тиеп түсіре отырып, монтаждау және бөлшектеу жөніндегі жоспарлы-алдын алу жөндеулеріне қатысу. Комбайнды забойдан забойға өз жүрісімен айдап беру.

Білуге тиіс: кен алу машиналарының; өндіру және проходкалау комбайндарының, алу агрегаттарының, бүрлеуіш қондырғыларының, үңгі машиналарының құрылымын және техникалық сипаттамаларын; қызмет көрсететін жабдықтарды монтаждау және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптарды; қолданылатын электр жабдықтың құрылымы мен сипаттамасын; жерге қосу құрылымын; шаңсору және суландыру жүйелерін; жекелеген бөлшектер мен тораптардың тозу мерзімін; сайлау материалдарының, бекітпе гидрожүйесі мен қызмет көрсететін машиналар эмульсияларының түрлерін, оларға құюға қажетті майдың көлемін; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің майлау жүйелерін; тістерді, клевактерді, кескілерді, пышақтарды қайрау сапасына қойылатын талаптарды; бекітпе мен шатырды басқару паспортының мазмұны мен толтыру тәртібін; кен жыныстарының қасиеттерін және пайдалы қазбаны алу кезіндегі олардың жай-жапсарын; кен ісі, электротехника мен гидравлика негіздерін; электр слесарь ісін.

Алу агрегаттарын, өндіру және проходкалау комбайндарын, оларды жөндеу жұмыстарын өздігінен орындай отырып басқару кезінде - 6-разряд.

Автоматтандырылған және бағдарламалық басқарылатын кен алу машиналарын басқару кезінде орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 41. конвейер МашинисІ
Жұмыс сипаттамасы. Конвейерлерді, элеваторларды, шнектерді, қоректендіргіштерді, қайта тиеу арбаларын, жетекті конвейер стансасын басқару. Конвейерлердің қозғалысын кері бұру және ауыстыру, олардың тиелу деңгейін реттеу. Тарту құрылғыларының және таспа жүрісін реттеу. Қайта тиеу арбаларының, тарту барабандарының, қоректендіргіш редукторларының, конвейерде орнатылған автоматты құрылғылардың жарамдылық жағдайын, материалдардың қабылдау агрегаттарына дұрыс түсірілуін қадағалау. Конвейерлерді ұзартуға және орнын ауыстыруға, таспалар мен шынжырларды қосуға қатысу. Өздігінен жүретін конвейердің жұмысын экскаватор жұмысымен үйлестіру. Таспалар мен жетекті майлау, лентаны, роликтерді, ролик тіректерін тазалау. Қатардан шыққан роликтерді ауыстыру. Конвейер лентасынан бөгде заттарды алу, шашылған кен массасын жинау. Науашалардағы кептемелерді жою. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны тазарту. Май стансаларындағы ағын арналарын жуу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, қосу және бақылау-өлшеу аппаратурасының нысаны мен құрылымын, оларды баптау ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың әрбір түріне арналған жылдамдық пен жүктемені, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәртібі мен тәсілдерін; тасымалданатын материалдың сипаттамасын және оны сұрпы бойынша орналастыру тәртібін; конвейерлердің, қоректендіргіштердің, тарту құрылғылары мен жылдамдық вариаторларының орналасу сызбасын; конвейерлерді кері бұру және лентаның қозғалу жылдамдығын реттеу тәсілдерін.

Қапшықтықтан басқарылатын конвейерлерге; өнімділігі 200 т/с дейінгі конвейерлерге жерасты кендерінде және үстіңгі жұмыстарда 500 т/с дейін конвейерлерге қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;

өнімділігі 200 т/с асатын конвейерлерге жерасты кендерінде және үстіңгі жұмыстарда 500 т/с асатын конвейерлерге; сыйымдылығы 600 л және одан артық шөмішті драгалардағы бас конвейерлерге; өнімділігі 1000 т/с дейінгі үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне; агломерация фабрикалары мен кесектеу фабрикаларының ыстық қайтарым конвейеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

өнімділігі 1000 т/с-тан 5000 т/с-қа дейінгі үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне; өнімділігі 5000 м3/с-қа дейінгі магистральдік конвейерлердің жетекті стансаларына; бейтарап ортаның герметикалық конвейерлеріне қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;

өнімділігі 5000 т/с-тан артық үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне; өнімділігі 5000 м3/с. және одан жоғары магистральдік конвейерлердің жетекті стансаларына; екі немесе одан да көп жетекті стансалары бар конвейерлерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
§ 42. ҮЙІНДІ ЖАСАУШЫ МашинисІ

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен массасының орнын ауыстыру және жұмыс алаңы, еңіс топырағы немесе теміржол бойынша қозғау кезінде, экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі 1500 м3/с дейінгі үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару. Кен массасының үйіндіге салынуын, оның конвейер линиясына қайта тиелуін, эстакада бойынша қозғалуын, трассаның, үйінділердің, жұмыс алаңдары мен еңістердің жай күйін, конвейерлердің біркелкі толтырылуын, үйінді жасаушының, қайта тиеушінің орнықтылығын, оның механизмдерінің жарамдылығын қадағалау. Қызмет көрсететін машинаның жұмысын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Кабельді тіркеуге қатысу, оның жай-күйі мен қозғалуын бақылау. Қызмет көрсететін машина мен оның стрелкасын берілген сызба бойынша қайта бұру. Іс-әрекеттің экскаватор машинисімен үйлесімділігін қамтамасыз ету. Әжептәуір жел жүктемесі кезінде қызмет көрсететін машинаның орнықтылығын қамтамасыз ету, оны қабылдау және қарау, техникалық қызмет көрсету. Қызмет көрсететін машина мен жылжымалы эстакада жұмысындағы ақауды анықтау және жою. Қызмет көрсететін машинаны жөндеу ведомосын жасау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: үйінді жасаушы, өздігінен жүретін қайта тиеуіш, орталап тиеу кешені мен қызмет көрсететін имараттардың штабель салушысы агрегаттарының құрылымын, техникалық сипаттамасын; қосу және бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесін; кен жыныстары негізгі қасиеттері мен үйінді жасаушы сызбасын; забойларды өңдеу жөніндегі кен жұмыстарын ұтымды жүргізу ережесін; қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауды анықтау және жою тәсілдерін; дабылдатқыш пен байланыс құрылғыларының жүйесін; теміржолдардың құрылымы туралы негізгі деректерді; майлау жүйесін, қолданылатын майларды және олардың қасиеттерін;теміржолдарды ұзарту және орнынан қозғау тәртібін; электр слесарь ісін.

Экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі 1500 м3/с-тан 4000 м3/-с-қа дейінгі үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару кезінде - 5-разряд;

экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі 4000 м3/-с-тан жоғары үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару кезінде - 6-разряд.

Ескертпе.

Үйінді жасаушы машинистерінің көмекшілері өздері бірге жұмыс істейтін үйінді жасаушы машинистерінен бір разрядқа төмен тарифтеледі.


§ 43. ҮЙІНДІ КӨПІР МашинисІ

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашушы экскаваторлармен бірге жұмыс істеу кезінде, кен массасын тасымалдау, үйінді жасау және көпірді забойдың бойымен жылжыту жөніндегі үйінді көпірін және оның механизмдерін басқару. Орындаушылық іс-қимылдың экскаваторлармен және көпірді (бас, үйінді тіреуінің, жүру механизмдерінің) басқару пульттерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету. Топырақтың үйіндіге салынуын, трасса мен үйінділердің, жұмыс алаңдары мен көпір механизмдерінің жарамдылығын қадағалау. Үйінді көпір жұмысын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша сынамалау және реттеу. Үйінді көпірді берілген сызба бойынша жылжыту. Кабельді реттеуге, арқанды, лентаны, шөміш тістерін ауыстыруға қатысу. Машинаның жерге қосылуын және икемді кабельдің жай-күйін тексеру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауды анықтау және жою. Ағымдық жөндеуді орындау және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу. Үйінді көпірді жөндеуден кейін қабылдау, ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде қарау. Жабдықты жөндеу ведомосын жасауға және оны жөндеуге қатысу. экскаватормен бірге жұмыс істейтін үйінді көпірінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Әжептәуір жел жүктемесі кезінде үйінді көпірді бекіту.

Білуге тиіс: ашық кен жұмыстарын жүргізудің технологиялық процестерін; өңделетін кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың массивтегі және үйіндідегі жағдайын; үйінді жасау сызбасын; көшкін құбылысы белгілерін; үйінді көпір машиналары мен механизмдерінің, оның механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электр жабдықтарының, өлшеу құралдарының, электрмен пісіру машиналары мен аппараттарының, жанартауландыру құралының және құрылымы мен техникалық пайдалану ережесін; дабылдатқыш пен байланыс құрылғыларының жүйесін; теміржолдардың құрылымы туралы негізгі деректерді; майлау жүйесін, қолданылатын майларды және олардың қасиеттерін;теміржолдарды ұзарту және орнынан қозғау тәртібін; электр слесарь ісін 3-разрядты электр слесарь білімі көлемінде.

Бас басқару пультіне қызмет көрсету кезінде- 6-разряд.


§ 44. ҮЙІНДІ СОҚАСЫның МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіркемелі, үйінді соқасының (стругтың, скрепердің) лемехтері біржақты және екі жақты орналасқан механизмдерін басқару. Үйіндіні жоспарлау, жырту, еңістерді жұмыстау, жыныстарды үйінді бермаларынан еңіске түсіру, кюветтерді кесу және теміржол габариттерін тазарту. Үйінді соқасының бөлшектері мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы анықталған ақауларды жою жөндеу ведомосын жасау, ұсақ ақауларды жою. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеуді орындау және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу, үйінді соқасының механизмдерін тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен техникалық сипаттамасын; үйінді соқасының механизмдерін басқару тәсілдерін; теміржолдардың құрылымы туралы негізгі деректерді; теміржол бойынша қозғалыс ережесін; кен жұмыстарын ашық тәсілмен жүргізу туралы негізгі деректерді.

Өздігінен жүретін үйінді соқасына қызмет көрсету кезінде- 4-разряд.


§ 45. ТИЕУ машинАСЫНыҢ МашинисІ
Жұмыс сипаттамасы. Тиеу машинасы мен әмбебап шөмішті тиегішті басқару. Кен массасын суландыру, қайлалау, транспортерге немесе вагонеткаға тиеу. Жолдарды, тиеу тораптарындағы, тұйықтардағы қақ тұндырғыштарды тазарту. Машиналарға жанар-жағармай материалдарын құю. Машинаны жабысқан ластан тазарту. Машинаны жаңа орынға қою. Тиеу машинасы жұмысындағы ұсақ ақауды анықтау және жою

Білуге тиіс: қызмет көрсететін тиеу машинасы мен әмбебап шөмішті тиегіштің құрылымын; кен массасын транспортерге немесе вагонеткаға тиеудің тәртібін; айырғыш құрылғыны пайдалану ережесін; қызмет көрсететін механизмдердің жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; кен қазбаларының нысаны мен орналасуын және олар бойынша жүру ережесін; кен жыныстарының физикалық қасиеттерін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының нысанын және құрылымын; желдету сызбасын, берілетін қысымдалған ауаға қойылатын белгіленген талаптарды; ауа құбыры мен энергия құбыры желілерінің сызбаларын; электротехника жөніндегі негізгі деректерді; слесарь және монтаждау жұмыстарын қажетті көлемде орындау тәртібін.

Забойдан тыс жерде өнімділігі 60 м3/с. дейінгі тиеу машинасын басқару кезінде- 4-разряд;

өнімділігі 60 м3/с. жоғары тиеу машинасын басқару кезінде- 5-разряд;

суағар арналары мен рельс жолдарын проходкалау, тазалау және жөндеу кезінде, құбырларды монтаждау, люктерді, полкаларды құру, жүктерді көтеру, салу және орнын ауыстыру, арнаулы өндіріс жағдайларында топырақтан кен жынысын жинау кезінде кен массасын вагонеткаға тиеуге арналған әмбебап шөмішті тиегішті басқару кезінде – 6-разряд.



§ 46. ТИЕУ-ЖЕТКІЗУ машинАСЫНыҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 5 т дейінгі электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналары мен түрлі үлгідегі өздігінен жүретін вагондарды басқару. Забойлардағы іліктастарды жиектеу. Кен массасын суландыру және тиеу. Кен массасын тасымалдау және кен түсірімге, вагондарға және басқа да көлік құралдары түрлеріне тиеу. Забойдағы және забой мен кен түсірімге кірмелердегі топырақты тазарту. Кен қабаттарын тазарту немесе қабаттарды салма жұмыстары өндірісіне дайындау. Кен массасын тарсыл електері арқылы өткізу. Конвейер шынжырларының, өткізу шынжыры мен фрикционды тіркеу муфталарының тартылуын реттеу. Машинаны қарау және майлау. Тежегіш жүйесінің жарамдылығын, шиналардағы, баллондардағы және гидравликалық жүйедегі қысымды тексеру. Дабылдатқышты, жарықты, қоректендіру кабелі мен жерге қосуды тексеру. Қызмет көрсететін кен орындарындағы шатыр мен бекітпенің жағдайын қадағалау. Қажетіне қарай - газ және газ динамикалық құбылыстар бойынша қауіпті қабаттардағы газды өлшеу. Қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Жұмыс орнын тазарту.

Білуге тиіс: электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналары мен түрлі үлгідегі өздігінен жүретін вагондардың құрылымын; кен массасын тиеу, тасымалдау және түсіру ережесін; қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; кен жыныстарының негізгі қасиеттерін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының нысанын және құрылымын гидравликалық, пневматикалық және электр желілерінің сызбаларын; фрикциондық өткізу жұмыстарының принципін; тежегіш жүйесі мен гидравлика жүйесін; гидрожүйедегі және май жүйесіндегі қысымды реттеу ережесін; электр қорғану аппаратурасының құрылымын және жұмыс принципі; жерге қосу құрылғысы ережесін; жанар және жағармай материалдарының сұрыптары мен қасиеттерін; электротехника мен гидродинамика негіздерін; слесарь ісін; жол қозғалысы ережесін.
§ 47. ТИЕУ-ЖЕТКІЗУ машинАСЫНыҢ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кен қазбаларын проходкалау, тазарту жұмыстары кезінде жүк көтергіштігі 5 т жоғары немесе дизельді қозғағышының қуаты 147,2 кВт.дейінгі (200 а. к.) электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналарын басқару. Кен орындарындағы (жұмыс орнындағы) шатыр мен бекітпенің жағдайын қадағалау. Кен массасын суландыру, тиеу, тасымалдау және кен түсірімге, вагондарға тиеу. Тиеу-жеткізу машиналарына техникалық қызмет көрсету, оның барлық жүйелері мен тораптарының ақауларын тексеру. Сақтандыру үйінділерін карьерлерге түсіру.

Білуге тиіс: дизельді қозғағышты электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын, басқару жүйесін; пайдалы қазба кен орындарын жұмыстауға қолданылатын жүйелердің негізгі элементтерін; шатырды басқару тәсілдерін; желдеткіш пен өрт сөндіру сызбаларын; жұмысты жүргізудің оңтайлы тәсілдерін; электр слесарь ісін; тиеу-жеткізу машиналарын бет өңдеу ережесін.

Дизельді қозғағышының қуаты 147,2 кВт. жоғары (200 а. к.) жүк тиеу-жеткізу машиналарын басқару кезінде - 6-разряд.


§ 48. ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН ЖЕРАСТЫ МАШИНАЛАРынЫҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосалқы нысандағы жұмыстарды орындау кезінде іштен жану қозғағышы бар түрлі үлгідегі және нысандағы, өздігінен жүретін жерасты машиналарын: отын-май құю, шатыр ернеулеу, тасымалдау машиналарын, кабельтөсегіштерді, құбыр салушыларды және басқа да машиналарды басқару. Кен қазбаларының жай-күйін: борттарын, кертпелерін, траншеяларды, шатырды қарау. Кен қазбасы шатырын ілініп қалған тастар мен жыныс кесектерінен шатыр ернеулеу машинасының көтергі құрылғысынан кернеулеу. Штангілерлі орнату. Қызмет көрсетілетін кен қазбаларындағы шатыр мен бекітпенің жай-күйін қадағалау. Жерасты коммуникацияларын салу кезінде кабельді механикаландырылған төсеу және құбыр салушы манипуляторларының көмегімен технологиялық құбырларды салу. Жанар-жағармай материалдарын жеткізу және оларды линиядағы өздігінен жүретін машиналарға құю, отын аппаратурасын реттеу. Адамдар мен түрлі жүктерді жұмыс орнына және кері қарай тасымалдау. Тасымалданатын жүктерді тиеу және түсіру. Өздігінен жүретін жерасты машиналарына техникалық қызмет көрсету, оның барлық жүйелері мен тораптарының, дабылының, жарығының, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру. Өздігінен жүретін жерасты машиналарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Қызмет көрсететін машинаны тасымал кендері мен еңістер бойынша орнын ауыстыру. Қызмет көрсететін машинаны жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу. Өздігінен жүретін жерасты машиналары жұмысы есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: іштен жану қозғағышы бар түрлі үлгідегі және нысандағы, өздігінен жүретін жерасты машиналарының, жекелеген тораптары мен агрегаттардың құрылымын; қызмет көрсететін машиналардың, пневматикалық және гидравликалық жүйелердің техникалық сипаттамаларын; өлшеу құралдарының нысаны мен құрылымын; кен жыныстарының негізгі қасиеттерін;кен қазбасының шатыры мен борттарын ернеулеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің ережесі мен жолдарын; желдеткіш пен өрт сөндіру сызбаларын; шаң мен газ шоғырлануының жол берілетін нормаларын; шаң мен газ басу тәсілдерін; қызмет көрсететін машиналардың тасымалдау қазбалары бойынша қозғалу сызбасы мен ережесін, машиналардың көтерілуі мен түсуінің шекті бұрыштарын; кен массасы мен түрлі жүктерді тиеудің, тасымалдау мен түсірудің ережесі мен тәртібін; қызмет көрсететін машиналардың май құятын сыйымдылықтарының құрылымын; жанар-жағармай материалдарын жеткізу, оларды қауіпсіз сақтау және қызмет көрсететін машиналарға құю ережесін; гидро және май жүйелеріндегі қысымды реттеу ережесін; қолданылатын майлар мен отынның сұрыптары мен қасиеттерін, олардың технологиялық сипаттамаларын; қызмет көрсететін машиналарының, жекелеген тораптар мен агрегаттардың майлау картасын, техникалық қызмет көрсету кезеңділігін, олардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін; қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру мерзімін; электротехника, гидродинамика негіздерін; слесарь ісін; электротехника мен металл технологиясы негіздерін орындалатын жұмыс көлемінде; қызмет көрсететін машиналар жұмысы есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу ережесін; жерасты жағдайларында қызмет көрсететін машиналардың қауіпсіз жұмысы ережесін.

§ 49. СЫНАМА АЛУ машинАСЫНЫҢ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теміржол вагондарынан көмірдің тауарлық және бақылау сынамаларын іріктеу және өңдеу процесінде, сондай-ақ оны теміржол бойынша орнына қозғау кезінде сынама алу машинасын басқару. Ұнтақтауыш жұмысын қадағалау. Зертхана сынамаларын химиялық зертханаға жеткізу. Жаппа жабдық пен сынама алу машинасының тораптарын майлау. Сынама алу машинасының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу. Жерге қосуды тексеру және күштік кабельді желіге қосу.

Білуге тиіс: сынама алу машинасының, жаппа жабдығының құрылымы мен техникалық сипаттамасын; сынама алу машинасын бөлшектеу, монтаждау ережесін, жұмыс принципі мен басқару жүйесін; қозғағыштың майлау, қоректендіру және салқындату жүйесін; электротехника мен металлдар технологиясын орындайтын жұмыс көлемінде; теміржол вагондарынан көмірдің тауарлық және бақылау сынамаларын белгіленген стандарттарға сәйкес іріктеу сызбасын.

§ 50. проходКАЛАУ КЕШЕНІНІҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 3 м. дейінгі кен қазбаларын проходкалау кезінде тоннельдік төсегішті және механикаландырылмаған проходкалау кешенін (щитін) басқару. Механикаландырылмаған проходкалау кешені мен төсегіштің орналасуын, жылжуын тексеру. Механикаландырылмаған проходкалау кешенінің жағдайын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша түзеу. Механикаландырылмаған проходкалау кешенінің өз осінің айналасында айналуын жою. Қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу. Механикаландырылмаған кешен мен төсегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Гидравликаның ағынын жою. Май стансасының жұмыс қысымын реттеу. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың және электр қосу аппаратурасының құрылымын; механикаландырылмаған проходкалау кешені мен төсегіштің үлгілерін; электр механикалық және гидравликалық жабдықтың нысаны мен жұмыс принципін; механикаландырылмаған проходкалау кешенінің қозғалысын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша бағытын анықтау тәсілдерін; кен жыныстарының сыныптамасын және негізгі қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін.

§ 51. проходКАЛАУ КЕШЕНІНІҢ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 3 м. артық кен қазбаларын проходкалау кезінде механикаландырылмаған проходкалау кешенін (щитін) басқару. Механикаландырылмаған проходкалау кешені мен төсегіштің орналасуын тексеру және түзеу. Механикаландырылмаған проходкалау кешенінің өз осінің айналасында айналуын жою. Қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу. Механикаландырылмаған кешен мен төсегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі механикаландырылмаған проходкалау кешенін, олардың механикалық және гидравликалық жабдықтарының құрылымын, электрмен қоректендіру сызбасын; механикаландырылмаған проходкалау кешенінің қозғалысын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша бағытын анықтау тәсілдерін; тоннель қаптауларының түрлерін, оларды орнатудың тәсілдері мен кезектілігін; механикаландырылмаған проходкалау кешенін қозғау ережесін.
§ 52. проходКАЛАУ КЕШЕНІНІҢ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған проходкалау кешенін (щитін) басқару. Механикаландырылған проходкалау кешенінің орналасуын тексеру және түзеу. Механикаландырылмаған проходкалау кешенінің жағдайын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша түзеу. Механикаландырылған проходкалау кешенінің өз осінің айналасында айналуын жою. Кесетін механизм агрегатын қосу және тоқтату. Тозған кескіштер мен фрездерді ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу. Механикаландырылған проходкалау кешенінің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, гидравликалық жабдығының ағынын тоқтату.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі механикаландырылған проходкалау кешенін, олардың механикалық және гидравликалық жабдықтарының құрылымын, механикаландырылмаған проходкалау кешенінің қозғалысын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша тексеру және түзеу тәсілдерін; кескіштер мен фрездердің тозу деңгейін анықтау ережесін, оларды ауыстыру тәртібін; механикаландырылған проходкалау кешенін жүргізу және орнынан қозғау ережесін, оның жұмысындағы ақауды анықтау және жою тәсілдерін.

§ 53. ЖОЛ ҚОЗҒАҒЫШ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір жолды орнын ауыстыру және жылжыту кезінде жол қозғағыш механизмдерін басқару. Рельстерді, рельс ұстауышпен дұрыс қамтылуын, жол қозғағыш механизмдерінің жұмысын, контакті желісі мен жоғары вольтті кабельдердің жай-күйін қадағалау. Жолды тегістеу. Жұмыс уақытында жол қозғағышты ескерту белгілерімен қоршау. Жол қозғағыш механизмдерін жарамды жағдайда ұстау. Жанар-жағармай материалдарын құю. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Ағымдық жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу. Жабдықты жөндеу жұмысына арналған ведомості жасау.

Білуге тиіс: жол қозғағыш механизмдерінің құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын, басқару сызбасын; теміржол көлігіндегі қозғалыс пен дабылдату ережесін; майлау жүйесін және майлау материалдарының сұрыптарын; ашық тәсілмен кен жұмыстарын жүргізу туралы негізгі деректерді; теміржолдың жоғарғы құрылымын.
§ 54. ЖОЛ ҚОЗҒАҒЫШ МашинисІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 6-жолақты экскаватор жолдарының орнын ауыстыру және жылжыту кезінде үздіксіз әрекет ететін жол қозғағыш механизмдерін басқару. Экскаватор жолдарын жылжыту кезінде өздігінен жүретін жол қозғағыш машинасының, дизельдің, компрессордың, көтеру және бұру құрылғысының жұмысын, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Өздігінен жүретін жол қозғағыш зарядтау кезінде рельстердің рельс ұстауышпен дұрыс қамтылуын, және жол қозғағыш разрядтау кезінде рельс ұстауыштың тістемеден шығуын қадағалау. Контакті желісі мен экскаваторлардың жоғары вольтті кабельдерін қоректендірушілердің жай-күйін қадағалау. Жол қозғағыш механизмдерін жарамды жағдайда ұстау. Жанар-жағармай материалдарын құю. Жолды тегістеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Дизель қозғағышын күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың және оның тораптарының: электр қозғағыштың, дизельдің, генератордың, компрессордың, жүру механизмі айлабұйымының, ролик ұшының, көтеру және бұру механизмдерінің, шығырдың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын, басқару сызбасын; пневматикалық жүйе құбырларының жалпы сызбасын; сақтандыру клапандарын реттеу ережесі мен тәсілдерін; электротехника негіздерін; жол қозғағыштың электр сызбасын; қолданылатын өлшеу құралдарының, қосуды реттеу аппаратурасының, автоматика элементтерінің, қорғаныш пен электр жабдығы блокировкасының жұмыс принципін; кен жұмыстарын жүргізу паспортының мазмұны мен оны толтыру тәртібін; 6-жолақты экскаватор жолдарының және контакті желісінің құрылымын.

Ескертпе.

Жол қозғағыш машинистерінің көмекшілері өздері бірге жұмыс істейтін жол қозғағыш машинистерінен бір разрядқа төмен тарифтеледі.


§ 55. ЕРІТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенді, көмірді және басқа да сусыма материалдарды газбен және бумен еріту қондырғыларда еріту процесін анағұрлым жоғары білікті еріту қондырғысы машинисінің басшылығымен жүргізу. Жүктерді қыздыруға қойған кезде пештердің немесе бу қондырғыларының оттықтарын қосу. Подшипниктердің, желдеткіштердің және еріту секцияларындағы температураның салқындауын реттеу. Суландыру жүйесін орнату. Жүктерді қыздыруға қабылдау және қою, оларды ерігеннен кейін беру. Секция қақпаларының толық жабылуын қадағалау.

Білуге тиіс: газбен және бумен еріту қондырғыларының және олардың жабдықтарының жұмыс принципін; еріту қондырғыларында пайдаланылатын газдардың түрлері мен қасиеттерін.
§ 56. ЕРІТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенді, көмірді және басқа да сусыма материалдарды газбен және бумен еріту қондырғыларда еріту процесін жүргізу. Пештің қызуын, температураны, электр қозғағыштардың дұрыс қосылуын және желдеткіш жұмысын, пештердегі газдың қысымын, газ жаппалары мен дроссельдерін, бу құбырының жай-күйін, вентильдерді, резина шлангілерді, пикті және будың қысымын бақылау. Газдың, будың, судың берілуін реттеу. Газ пештері мен дар қондырғыларының жарамды жағдайы мен үздіксіз жұмысын тексеру және қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: ерітуші қондырғылар мен пештердің, сумен салқындату желдеткіштерінің құрылымын; газды пайдалану және қалыпты жағдайлар мен газды ортада еріту жұмыстарын жүргізу ережесін; газ құбырына және жағы бөлімшесін газ беруді қосу мен тоқтату ережесін; газ, бу және су коммуникациясын.
§ 57. реактивТІ ҚОНДЫРҒЫ Машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теміржол платформасында, тракторда құрастырылған реактивті қондырғыны басқару. Жолдарды, думпкарларды, ленталы транспортерлер мен басқа да механизмдерді қатып қалған мұздан, қардан, кеннен, көмірден тазарту. Реактивті қондырғының жұмысын қадағалау, қозғағыштың, автоматика мен отын аппаратурасы аспаптарының жұмысын режимін реттеу. Реактивті қондырғыға ұсақ жөндеу жүргізу. Реактивті қозғағышты, турбина компрессорын және басқа да аспалы агрегаттарды ауыстыру және оларды баптау.

Білуге тиіс: реактивті қондырғыны құрылымын; реактивті қозғағыштың жұмыс принципін; жанар және жағармайлардың қасиеттерін, олардың жұмсалу нормаларын, реактивті қозғағыштың жұмыс режимін.

Қыс жағдайында автомобильдердің қозғағыштарын қыздыруға арналған стационарлық реактивті қондырғыға қызмет көрсету кезінде- 4-разряд.


§ 58. ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН КАБЕЛЬ ЖЫЛЖЫТҚЫШ МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Экскаваторларға, үйінді жасаушыға энергия қорегін беретін икемді жоғары вольтті кабельді механикалық төсеу кезінде қозғағышының қуаты 44,2 кВт (60 а.к.) дейінгі өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару. Кабельдің дұрыс оралуын бақылау. Басты және қосалқы барабандағы кабельдің тұтастығын тексеру. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қозғағыштар мен тежегіш құрылғыларының бекітпесін қадағалау. Өздігінен жүретін кабель жылжытқыштың жүрісін сынап көру. Жерге қосу мен күштік кабельдің желіге қосылуын тексеру. Механизмдердің, генератордың, кабельді арбашаның электр жабдығының жұмысын қадағалау. Жылжу трассасын анықтау. Дизель-электр қондырғысына жанар және жағармай құю және қарау. Дизельді іске қосу және оның жұмысын басқару. Іс-қимылдың экскаватор, үйінді жасаушы машинистерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету. Өздігінен жүретін кабель жылжытқышты жарамды жағдайда ұстау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Ағымдық жөндеу, басқа да жөндеу түрлеріне қатысу және қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын жасау. Белгіленген құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты, оның қозғағыштарының, трансформаторларының құрылымын, басқару жүйесін, техникалық сипаттамаларын; жанар және жағармай материалдарының маркісі мен жұмсау нормаларын; ашық кен және жол жұмыстары өндірісі туралы негізгі деректерді; қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын жасау ережесін; іштен жану қозғағыштарының майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерін; электр жабдығының жұмыс принципін; күштік кабельді электр желісіне қосу ережесін; өлшеу құралдарының нысанын және жұмыс принципін; техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін; өздігінен жүретін кабель жылжытқыштың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықты жөндеу түрлерін; электротехника негіздерін; электр слесарь ісін.

Қозғағышының қуаты 44,2 кВт-тан 73,6 кВт-қа (60-тан 100 а. к.) дейін өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару кезінде - 4-разряд;

қозғағышының қуаты 73,6 кВт-тан дейін (100-ден 200 дейін а. к.) өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару кезінде - 5-разряд;

қозғағышының қуаты 147,2 кВт-тан артық (200 а. к.) өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару кезінде - 6-разряд.


§ 59. скрепер МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық кен жұмыстарында, карьердегі автомобиль жолдары құрылысында және кен массасын қоймалау орындарында кен массасын, топырақты әзірлеу, жылжыту және қоймалау кезінде қозғағышының қуаты 44,2 кВт дейінгі (60а. к.) тіркемелі және өздігінен жүретін скреперді басқару. Забойдың техникалық дұрыс әзірленуін және скрепердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Топырақты жұмысталған кеңістікке және үйіндіге үю. Тягачтарды қарау және жанар, жағармай материалдарын құю. Қолданылатын өлшеу құралдарын, арқандардың, блоктардың, буксирлердің беріктігін, тораптар мен тежегіш құралдарының бекітілуін қадағалау. Қажалатын бөліктер мен бөлшектерді майлау. Тягачты, тіркемелі немесе аспалы жабдықты жөндеудің барлық түлеріне қатысу. Қызмет көрсететін жабдықты қарау және жөндеу журналын жүргізу. Жөндеуге ақау ведомосын жасау.

Білуге тиіс: тягачтардың, тіркемелі немесе аспалы жабдықтың, қозғағыштардың, қолданылатын айлабұйымдардың құрылымын және техникалық сипаттамаларын; скреперлерді басқару жүйесін; жол түрлі сыныптағы топырақты әртүрлі тереңдікте өңдеу кезіндегі қозғалысын, әзірлеу және орнын ауыстыру ережесін; ашық кен жұмыстары өндірісі туралы негізгі деректерді; кен жыныстарының қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың түсіру және көтерудің жол берілетін бұрыштарын; іштен жану қозғағыштарының майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерін; қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын толтыру ережесін.

Қозғағышының қуаты 44,2 кВт-тан 73,6 кВт-қа (60-тан 100 а. к.) дейін өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде - 4-разряд;

қозғағышының қуаты 73,6 кВт-тан 147,2 кВт дейін (100-ден 200 дейін а. к.) өздігінен жүретін скреперлерді басқару және шашыраңқы кен орындарында ашу және өндіру жұмыстарын қозғағышының қуаты 147,2 кВт дейін (100-ден 200 дейін а. к.) өздігінен жүретін скреперлермен жүргізу кезінде - 5-разряд;

қозғағышының қуаты 147,2 кВт-тан 279,7 кВт-ға дейінгі (200-ден 350 а. к. дейін) өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде - 6-разряд;

қозғағышының қуаты 279,7 кВт-тан артық (350 а. к. дейін) өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде - 7-разряд.

Ескертпе.

Автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен имараттар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және контакті желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялары траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, кен қазбаларын жерасты тәсілімен проходкалау күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3 шығарылым, «Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімі бойынша тарифтеледі.


§ 60. скреперЛІК ШЫҒЫР МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Забойдан тыс аймақта кен массасын скреперлеу кезінде, челнокты-қайта жабу құрылғыларымен жабдықталған қуаты 55 кВт дейінгі скрепер шығырларын және қуаты 38 кВт дейінгі скрепер шығырларын басқару. Байыту қалдықтары мен жуу аспабынан малтатастардың сынықтарын скреперлеу. Жабынды жынысты алғаннан кейін пайдалы қазба қабатының шатырын тазалау және тегістеу. қайлалау және ірі кесектерді ұсату. Кен массасын скрепер жолына лақтыру. Шығырды бекіту. Блоктарды бекіту және қайта ілу, жерге қосуды тексеру, арқанды жалғау және ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықты монтаждауға, бөлшектеуге, орнын ауыстыруға және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: скрепер шығырларының құрылымын, үлгілерін және техникалық сипаттамаларын; тежегіш, сақтандыру құрылғылары мен қосу аппаратурасының жұмыс принципін, олардың нысанын және пайдалану ережесін; тіркемелі құрылғылар мен арқандардың құрылымын, арқанды бекіту тәсілдерін және олардың ұзындығын реттеу ережесін; арқандарға қойылатын талаптарды; түрлі жағдайларда скреперлеу тәсілдерін; скрепер шығырларын жерге қосу ережесін; қызмет көрсететін учаскедегі тау кен жынысының орналасуын; пайдалы қызбаны жыныстан ерекшелейтін белгілерді; қызмет көрсететін жабдықты монтаждау, бөлшектеу, орнын ауыстыру және жөндеу тәртібін; қозғағыштың жұмыс принципін; жер үстін сызбалар мен эскиздер бойынша жоспарлау ережесін; электротехника негіздерін; майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттерін.

челнокты-қайта жабу құрылғыларымен жабдықталған, қуаты 55 кВт-тан 100 кВт-дейінгі скрепер шығырларын және қуаты 38 кВт және одан жоғары скрепер шығырларын басқару кезінде, забойдан тыс аймақта кен массасын скреперлеу кезінде- 4-разряд;

кен массасын забойда скреперлеу кезінде, қуаты 100 кВт-тан жоғары скрепер шығырларын басқару кезінде; доғалықтардағы кептемелер мен кен қатпаларын жою және шойтастарды жару заттарының көмегімен ұсақтау кезінде және жару жұмыстарына құқық беретін құжаты болған кезде- 5-разряд.
§ 61. ГИДРОСАЛМАНЫ АРАЛАСТЫРУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидросалманы араластыру қондырғысының жұмысын технологиялық режимге сәйкес қадағалау. Пульпаның берілуін реттеу. Араластырғыштарды қосу және тоқтату. Гидросалманы араластыру қондырғысының жұмысындағы, тораптар мен бөлшектерді бөлшектеуді талап етпейтін ақауларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: гидросалманы араластыру қондырғысы мен пульпажинауыштардың құрылымын, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін; гидросалманы араластыру қондырғысы жұмысын басқару ережесін және реттеу тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; электротехника негіздерін; электр слесарь ісін.
§ 62.КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨҢДЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет