Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым



бет8/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
§ 35. СҮЗГІШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульпаны сүзу процесін қысымсыз кезеңдеп жұмыс істейтін нутч-сүзгілерде, вакуум-сүзгілерде, рамалы сүзгі-пресстерде, қалта сүзгілерде жүргізу. Сүзгілердің берілген режимге сәйкес толтырылуын және жүктелуін реттеу. Сүзгілерді қосу және тоқтату. Сүзгілерді қосу шламнан тазарту. Сүзгі рамаларды, құбырларды жуу. Қысымды, вакуумді, сүзілген сұйықтың тазалығын, пульпаның, жуатын судың берілуін өлшеу құралдырының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. Сынама іріктеу. Сүзгі аппараттарына, коммуникацияларына, жинауыштар мен қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Рамалар мен полотноларды, зарарсыздандыру торшасын, сүзгілерді, құбырларды ауыстыру, бөлшектеу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу. Өндірістік журналды жүргізу.

Білуге тиіс: сүзу процесі негіздерін; сүзу режимін; қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін; коммуникациялардың, құбырлардың және желдеткіш сызбасын; шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; шикізатқа және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.
§ 36. СҮЗГІШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульпаны сүзу процесін ленталы, барабанды сүзу аппараттарында, үздіксіз жұмыс істейтін вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және сүзу алаңы 100 м2 дейінгі сүзгі-пресстерде жүргізу. Сүзу аппараттарын басқару және қызмет көрсету, оларды вакуумді және компрессорлық жүйелерге қосу. Насостар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және реттеу. Тұндырылған қабаттың қалыңдығына қарай сиреудің, пульпаның берілу интенсивтілігін, сүзгі жүктемесін; сүзу процесінің қысымы мен режимін, ерітінділердің тазару деңгейін өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Сүзгілерді тазарту, сүзгі рамалар мен құбырларды жуу. Шөкпе гидратта қысымдалған ауамен кезеңдеп тазартып тұру. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Автоматты сүзгілерге қызмет көрсету. Рамалар мен полотноларды, зарарсыздандыру торшасын, сүзгілерді, құбырларды ауыстыру, бөлшектеу. Қызмет көрсету аймағын жинау.

Білуге тиіс: сүзу технологиясын; сүзу аппараттарының, вакуум-насостары мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылымын, жұмыс принципін; қысымды, сиретуді реттеу тәсілдерін; күлсіздендіру тәсілдерін; концентраттардың қасиеттерін; сүзілген ерітінді сапасына қойылатын талаптарды; өнімнің физикалық қасиеттерін; коммуникациялардың, арматураның, құбырлардың сызбасын; дабыл жүйесін; процесті автоматты жүргізу сызбасын; қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану ережесін; бақылау аспаптарын пайдалану және сүзу процесін реттеу ережесін; бақылау талдауды жүргізу әдістерін.

Пульпаны сүзу процесін берілген бағдарлама бойынша автоматты режимде қысыммен және барабанды сүзгіштермен бір кешенде жұмыс істейтін шырақты сүзгілерде, сүзу алаңы 100-ден 200 м2 дейінгі дискілі сүзгілерде және ленталы, аппараттарында, үздіксіз вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және сүзу алаңы 100ден 500 м2 дейінгі сүзгі-пресстерде жүргізу жүргізу кезінде - 4-разряд;

пульпаны сүзу процесін сүзу алаңы 200 м2 жоғары дискілі сүзгілерде және ленталы, аппараттарында, үздіксіз вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және өлшеу және автоматика құралдарымен жарақтандырылған сүзу алаңы 500 м2 – ден жоғары сүзгі-пресстерде жүргізу кезінде -5-разряд.
§ 37. Флотатор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Флотация процесін берілген сызба бойынша жүргізу. Берілген флотация режимін және пульпаның тығыздығын қамтамасыз ету. Пульпаның түрлі типтегі флотация машиналарына үздіксіз және біркелкі түсуін, байыту өнімінің шығымы мен сапасын, флотация машиналарының жүктемесін, алынатын көбік өнімінің саны мен жұмсалатын реагенттердің санын қадағалау. Пневматикалық флотация машиналарындағы қысымдалған ауаның қысымын реттеу. Автоматты аспаптардың жұмысын қадағалау. Флотация қалдығын шығару. Қызмет көрсететін флотация және қосалқы жабдықты басқару және қызмет көрсету, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, тазалау және майлау. Реагенттер шығысын есептеу. Өндірістік журналды жүргізу. Алмазды концентратты флотациялау процесін жүргізу.

Білуге тиіс: флотациялау технологиясы мен сызбасын; флотация жабдығының құрылымын, жұмыс принципін; реагенттердің нысынын, номенклатурасын, олармен жұмыс істеу және сақтау ережесін; реагенттердің қасиеттерін және олардың флотациялау процесіне әсерін; концентраттар мен қалдықтарға арналған қолданыстағы техникалық шарттарды; флотация өнімін сынамалау ережесін; слесарь ісін.

Флотациялау процесін күрделі емес сызба бойынша зертханалық жабдықта, концентрациялық үстелдерде жүргізу кезінде - 3- разряд;

флотациялау процесін: күрделі сызба бойынша, екі немесе одан артық компонент алу кезінде; 16 м3 және одан жоғары флотация камераларына қызмет көрсету кезінде; флотациялау процесін дайын концентрат беретін қайта тазалау маштналарының жеткеру секцияларында жүргізу кезінде - 5-разряд.

Ескертпе.

Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары флотатордың басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.



§ 38. ЦентрифугАШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты өнімдерді сусыздандыру (сығу) немесе кристалды немесе қатты фазалы жарма суспензияны шөгіндіні қолмен немесе ауырлық күшінің қысымымен шығара отырып, кезеңдік жұмыс істейтін қалыпты сүзу центрифугаларында бөлу процесін жүргізу. Центрифуга барабанын қолмен өнімге толтыру, центрифуганы тежеу, босату және тоқтату. Центрифугалау процесінің аяқталу сәтін көру немесе талдау нәтижелері бойынша анықтау. Сүзгіш материалдарды, жуу және ауыстыру, ағындар мен қарау шыныларын тазарту. Май құю. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Өндірістік журналды жүргізу.

Білуге тиіс: центрифугалардың жұмыс принципін; центрифугалау процесі негіздерін; өнімнің жол берілетін шекті ылғалдылығы процентін; центрифугалау процесінің аяқталу сәтін анықтайтын сыртқы белгілер мен талдау нәтижелері көрсеткіштерін.

§ 39. ЦентрифугАШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты өнімдерді сусыздандыру (сығу) немесе кристалды немесе қатты фазалы жарма суспензияны шөгіндіні қолмен немесе ауырлық күшінің қысымымен шығара отырып, кезеңдік жұмыс істейтін қалыпты сүзу центрифугаларында бөлу процесін жүргізу. Мынадай: кірлеген сұйықтарды немесе қатты өнімдерді мөлдірлеу (ағарту), шамалы қатты фазалы, нашар сүзілетін әртектес қоспаларды бөлу немесе қатты өнімдерден сұйықты бөліп шығару процестерін кезеңдеп немесе үздіксіз жұмыс істейтін автоматты түсіретін (пышақты немесе қырғылы түсіру, шнекті немесе соқпалы түсіру), жылдам немесе ерекше жылдам тұндырғыш центрифугалардағы ортадан тепкіш күш көмегімен жүргізу. Өнімді ортадан тепкіш күш әсерімен автоматты түсіру және тиеу, жуу, булау. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша өнімнің тиелуін, ұнтақталған немесе шайылған шөгіндінің түсірілуін және саны, деңгейі, үлес салмағы бойынша судың берілуін бақылау және реттеу Центрифугаларды берілген режимге баптау. Центрифугаларды, насостар мен тасымалдау құралдарын қосу және тоқтату. Өнімді бақылау талдау жүргізу. Қарау және талдау нәтижелері бойынша центрифугалау процесінің аяқталғанын анықтау. Зарарсыздандырушы ерітінділерді дайындау, қызмет көрсететін жабдықты өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін центрифугалардың, қосалқы жабдықтың, арматураның, коммуникациялардың құрылымын; центрифугалаудың технологиялық режимін және оны өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша реттеу тәсілдерін; өлшеу құралдары пайдалану ережесін; өнімді бақылау талдау жүргізу әдістерін.
§ 40. ЦентрифугАШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үлес салмағы әртүрлі сұйықтарды құрамдас бөліктерге бөлу (немесе мөлдірлеу); біртектес қоспаларды таратып бөлу немесе концентрациялау процесін ерекше жылдам центрифугаларда (құбырлы немесе тәрелкелі сұйықтықты сепараторларда) немесе басқару бағдарламасы бар, ортадан тепкіш күш қысымымен түсіретін центрифугаларда жүргізу. Центрифугалаудың толық циклінің жекелеген элементтерінің және тұтастай процестің кезектілігі мен ұзақтығын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: бөлінетін өнімдердің қасиеттері мен олардың үлес салмағын; өнімдердің бөліну немесе концентрациялау процесінің ұзақтығын; басқару бағдарламасы бар центрифугаларды басқару ережесін; слесарь ісін.
§ 41. ШламДАУШЫ – бассейнШІ
Жұмыс сипаттамасы. Шлам бассейндері мен шлам құбырларына қызмет көрсету, олардың жай-күйін тексеру. Бассейндерге шлам толтыру. Бассейндердегі шламды қысылған ауа көмегімен араластыру. Шлам қоймасындағы судың деңгейін реттеу. Шығыр көмегімен мұнараның түсірмелі жаппа терезелерін көтеру және түсіру. Бөгетті, су лақтыру құрылғыларын, насостардың жұмысын қадағалау. Шламның тұндырғыштан уақтылы жіберілуін және ағызу құрылғыларының шайылуын қамтамасыз ету. Шлам бассейндері мен шлам құбырларын қоюланған қатты шлам шөгіндісінен және жиналған қатты қоспалардан құралдың көмегімен тазалау, шлам құбырларын сумен шаю. Бассейнге келіп түскен және бассейннен шығарылған шламның есебін алу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: бассейндердің, шлам құбырларының, шлам қоректендіргіштердің, су құбырлары мен кәріздің құрылымы мен сызбасын; электр қозғағыштардың, шлам коммуникацияларының, насостардың, шығырлар мен басқа да қосалқы жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін; шлам құбырларын бөлшектеу және құрастыру тәсілдерін; бөгет және су лақтырушы құрылғыларды пайдалану нұсқаулықтарын; насостарды, электр қозғағыштары мен түсірмелі жаппа терезелерді көтеру және түсіру жөніндегі шығырларды пайдалану жөніндегі талаптарды; шламды араластыру технологиясы негіздерін; шикізат қоспасын беру сызбасын және оны реттеу тәсілдерін; шламға енетін шикізат құрамын және шикізат қоспасының сапалық сипаттамасын; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; слесарь ісін.

Көмір байыту фабрикаларының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде – 2-разряд;

шығарылатын шлам көлемі жылына 50 млн. м3 дейінгі шлам қоймасының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

шығарылатын шлам көлемі жылына 50 млн. м3 в артық шлам қоймасының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.



2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТБА шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7



Кесекшелерді булаудағы автоклавшы

3

Кесекшелерді булаудағы автоклавшы

3

4

Жалпы байыту

2.

Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы

4-5

Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы

4-5

4

- " -

3.

Қойылтқыш аппаратшысы

2-3

Қойылтқыш аппаратшысы

2-3

4

- " -

4.

Тозаң түсіруші

2

Тозаң түсіруші

2

4

- " -

5.

Електеуші

2-4

Електеуші

2-4

4

- " -

6.

Дозалаушы

2-4

Дозалаушы

2-4

4

- " -

7.

Жармалаушы

2-6

Жармалаушы

2-6

4

- " -

8.

Загрузчик

1

Загрузчик

1

4

- " -

9.

Байыту өнімін бақылаушы

2-3

Байыту өнімін бақылаушы

2-3

4

- " -

10.

Концентраттаушы

2-5

Концентраттаушы

2-5

4

- " -

11.

Лентовой жинаушы

1

Лентовой жинаушы

1

4

- " -

12.

Кесекше пресінің машинисі

1,

3-5


Кесекше пресінің машинисі

1,

3-5


4

- " -

13.

Диірмен машинисі

2-6

Диірмен машинисі

2-6

4

- " -

14.

Қоректендіргіш машинисі

2-3

Қоректендіргіш машинисі

2-3

4

- " -

15.

Жуу машиналарының машинисі

2-5

Жуу машиналарының машинисі

2-5

4

-//-

16.

Кен орталау машинасының машинисі

4-6

Кен орталау машинасының машинисі

4;6

4

- " -

17.

Күйдіруші

2-6

Күйдіруші

2-6

4

- " -

18.

Басқару пультінің операторы

2-6

Басқару пультінің операторы

2-6

4

- " -

19.

Реагенттерді ерітуші

3

Реагенттерді ерітуші

3

4

- " -

20.

Қалдық шаруашылығын реттеуші

1-4

Қалдық шаруашылығын реттеуші

1-4

4

- " -

21.

Сепараторшы

2-6

Сепараторшы

2-6

4

- " -

22.

Сұрыптаушы

1-2

Сұрыптаушы

1-2

4

- " -

23.

Кептіруші

1-5

Кептіруші

2-5

4

- " -

24.

Сүзгіші

2-5

Сүзгіші

2-5

4

- " -

25.

Флотатор

2-5

Флотатор

2-5

4

- " -

26.

Центрифугашы

2-4

Центрифугашы

2-4

4

- " -

27.

Шламшы-бассейнші

2-4

Шламшы-бассейнші

2-4

4

- " -


«КӨМІР ЖӘНЕ СЛАНЕЦ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ, КӨМІР ЖӘНЕ СЛАНЕЦ ШАХТАЛАРЫ МЕН РАЗРЕЗДЕРІ ҚҰРЫЛЫСЫ» бөлімі
§ 1. көмір байыту Аппаратшысы
Жұмыс сипаттамасы. Көмірді (сланецті) байытудың технологиялық; бөлу, флотациялау, сепарациялау процестерін бөлу, флотациялау жабдықтарында, сепараторларда, жуу комбайндары мен науаларда, концентрациялау үстелдерінде, байыту циклондарында қашықтықтан немесе қолмен басқару режимінде жүргізу. Қиыршықты көмір ұнтағын аэрофонтандаушы және ортадан тепкіш сепараторларда сепарациялау. Қатардағы көмір мен байыту өнімдерін, айналма су мен суспензияны техникалық және экспресс-талдау деректері бойынша бақылау және реттеу. Қатардағы көмір мен байыту өнімдерінің іріктелген сынамаларының қабатпен бөлінуі экспресс-талдауын жүргізу. Байыту жабдығына, қоректендіргіштерге, дозалаушы құрылғылар мен реагент құбырларға қызмет көрсету. Жабдықтар мен автоматты бақылау және реттеу жүйелерін қосу және тоқтату, бекітілген технологиялық нұсқаулыққа сәйкес олардың жұмысын кезеңдеп бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтардың, машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: бөлу, флотациялау жабдықтарының, сепараторлардың, көмір жуу комбайндары мен науалардың, концентрациялау үстелдерінің, електердің және қосалқы жабдықтардың құрылымын, конструктивтік ерекшеліктерін, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін; көмірді (сланецті) байыту технологиясын, қиыршықты көмір ұнтағы өндірісін; байыту жабдығы тізбегінің сызбасын; көмірді байыту машиналарында бөлу, қабаттап бөлу принципін; көмір сыныптамасы мен байытылуын; көмір мен байыту өнімдерінің, шламның жылжу сызбасын; механизмдерді басқару тәртібін; сақтандыру және тежегіш құрылғылары мен бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс принципін; бастапқы көмір (сланец) бойынша үлестік жүктемесін; соңғы байыту өнімдері шығымының өндірістік нормалары мен олардың сапасына қойылатын талаптарды; реагенттердің қасиеттерін; реагенттерді сақтау және олармен жұмыс ережесін; көмірлі (сланецті) шламдарды флотациямен байыту процесінің физикалық-химиялық негіздерін; байыту өнімдері сынамасын іріктеу, бөлу жөніндегі нұсқаулықты; автоматты бақылау және реттеу жүйесінің жұмыс принципін, ерекшеліктері мен оларды қосу және тоқтату тәсілдерін; технологиялық процестің өтуін автоматты бақылау, химиялық талдау және реттеуіштер белгілемесіне түзету енгізу арқылы бағалау әдістерін; технологиялық процесті қашықтықтан және қолмен басқару режимінде жүргізу ерекшеліктерін; майлау жүйесін және майлау материалдарына қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін механизмдер мен машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; электр слесарь ісін.

Магнитті сепараторларға қызмет көрсету кезінде-2-разряд;

концентрациялау қызметін көрсету кезінде - 3-разряд;

жуу науаларына, байыту циклондарына, бөлу машинасына, үш флотациялау машинасына дейін қызмет көрсету кезінде- 4-разряд;



екі немесе үш бөлу машинасына, үшеуден артық флотациялау машинасын, сондай-ақ көмір жуу комбайндарына, сондай-ақ көмір жуу комбайндарына, ауыр орталы сепараторларға, пневматикалық сепараторлар мен машиналарға, элеватор доңғалақты сепараторларға, ауыр орталы үш өнімді кешендерге қызмет көрсету кезінде- 5-разряд.
§ 2. ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен шахтасы жабдығын монтаждау кезінде қолданылатын құбырлар меен жаппа арматурасын, конвейер ставтарын, қырғы конвейерлерді (тазалау забойындағы забой конвейерлерінен басқа), қосалқы жабдықты, құрылғылар мен айла бұйымдарды монтаждау және бөлшектеу. Жетек стансаларын, воронкаларды, бункер жаппаларын монтаждау. Кабель тарту, жазық және тік еңісті кен қазбаларында рештактарды төсеу. Монтаждау учаскелеріңде монтаждалатын тораптарды, бөлшектерді көтеру, орнын ауыстыру кезінде қосалқы жабдықты басқару. Аппаратура мен басқа да жабдықты орналастыру үшін төсем дайындау. Материалдар мен жабдықты орналастыратын орын дайындау. Кен массасын көлік құралына тиеу. Кен қазбалары қабылдау-жөнелту алаңдарында материалдар мен жабдықтарды механизмдердің көмегімен және қолмен белгіленген орындарда қабылдау, тиеу, жеткізу және түсіру. Жабдықты бояу, трафарет бойынша жазба жазу. Электрмен, газбен пісіру жұмыстары өндірісі. Біліктілігі анағұрлым жоғары кен монтажшысының басшылығымен тау-кен жабдығын монтаждау және бөлшектеу жөніндегі басқа да жұмыстарды атқару.

Білуге тиіс: кен ісі негіздерін; жабдықталатын және қызмет көрсететін машиналардың, механизмдер мен айлабұйымдардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын; жүкті, бөлшектер мен тораптарды ілмектеу және бекіту тәсілдерін; қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің, айлабұйымдардың, тіркеме құрылғыларының шекті жүктемесін; монтаждау жұмысын жүргізу тәртібін; кабельді, құбырларды төсеу мен жаппа арматурасын монтаждау жөніндегі техникалық шарттарды; қолданылатын материалдардың қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы негізгі ақауларды жою тәсілдерін; қолданылатын бояулардың қасиеттерін; бояудың және жазба түсіру тәсілдерін; электрмен пісіру машиналары мен аппараттары туралы негізгі деректерді, қолданылатын оттықтарды пайдалану, ұстау жолдары ережесін; жабдық астындағы іргетас габаритін тексеру тәсілдерін; слесарь ісін; монтаждалған жабдықты тексеру ережесі мен тәсілін.
§ 3. ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН МОНТАЖШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шығарып алу және проходкалау комбайндарының, тазарту забойындағы қырғы конвейерлерінің, гидрофирлендіріліген бекітпе секциялары мен май стансаларының, гидротаратпаның, гидравлика тораптарының, гидро таратып бөлгіштердің, гидроқұлыптардың, басқару блоктарының, бункерлердің, бактардың, тоңазытқыш конденсаторларының, жылу алмастырғыштардың және тоңазытқыш қондырғыларының буландырғыштары мен итергіштердің механикалық бөлігін монтаждау және бөлшектеу. Мыналарды: бас кен қазбаларында орнатылған стационарлық ленталы конвейерлерді; стационарлық су ағызу және көмір сору қондырғыларын; көтеру машиналарын; тежегіш арқандар мен парашют құрылғыларын; шығырларды; монорельсті жолдарды; оқпанның механикалық дабылдатқышын; қосуды реттеу аппаратурасын; жоғары вольтті электр қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу, баптау және сынамалау. Шығырларды, монтаж станоктарын, айлабұйымдардың орнын ауыстыру және орнату, тазарту, дайындау забойларында жеткізу және монтаждау жұмысы кезінде оларды басқару. Көпірше, еңіс, төсемдерді орнату, олар бойынша материалдарды, бөлшектерді, тораптарды, бекітпе секцияларын забойға жеткізу. Құрылымдарды құрылыс-монтаж пистолетімен қағу.

Білуге тиіс: жабдықталатын және қызмет көрсететін машиналардың, механизмдер мен айлабұйымдардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын; монорельсті жолдардың құрылымын және техникалық пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды және оның себептерін, оны жою тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың шекті жүктемесін; монтаж жұмыстары өндірісінің тәртібін, ережесі ме тәсілдерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін; қолданылатын материалдардың қасиеттерін; электротехника және тау-кен ісі негіздерін; тазалау және дайындау забойларында монтаждау жұмыстарын жүргізу шарттарын; қолданылатын бекітпе түрлерін, оны орнату мен алудың тәртібі мен тәсілдерін.
§ 4. ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Энергиямен қамтамасыз ету, гидравлика, автоматтандыру және қашықтықтан басқару жүйелеріндегі: тар алымды комбайндармен, стругалармен, шығарып алу кешендерімен және агрегаттарымен жабдықталған тазалау забойларындағы; комбайндармен жабдықталған дайындау забойларындағы; бас еңістерде, бремсбергтерде, соқыр шахталарда орнатылған көтеру машиналарындағы; орталық гидро көтергідегі электронды техника (жартылай өткізгіш), пневмоавтоматика, радиоэлектроника, телемеханика және изотоптық аспаптар элементтерін монтаждау., бөлшектеу және баптау. Күрт құлама қабаттардағы щитті агрегаттар мен басқа да кешендерді, сондай-ақ МПК-2, ПНБ-2, 2ПНБ-2, ППН-5 кен тиеу машиналарын, УПШ типті бұрғы қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және баптау жөніндегі жұмыстарды орындау. Ыдыстар мен арқандарды көп арқанды көтергілерге ілу; алмастыру құрылғыларын, жармалау-толтыру кешенін монтаждау. Монтаждан кейінгі сынамалау процесінде бекітпе мен конвейер секцияларын ауыстыру кезінде кешендерді, агрегаттарды, комбайндарды, гидрожүйені басқару. Жынысты қағыр түсіру және ірі габаритті жабдықтың орнын ауыстыру әрі оны тазалау және дайындау забойларында монтаждауға жағдай жасау үшін шатыр, топырақ және бүйір жыныстарды уату балғасымен көмірді (сланецті) алып шығу. Шпурларды қол және колонкалы электр бұрғымен бұрғылау. Забойларды уақытша бекітпемен ресімдеу және бекіту. Жабынды құру. Тазалау забойлары мен дайындау қазбаларда бекітпені алу және орнату. Костерді салу және бөлшектеу. Кабельдер мен суландыру шлангілерін тасымалдау, ілу немесе салу. Желдеткіш құбырларын ілу. Монтаждалған жабдықты пайдалануға тапсыру.

Білуге тиіс: монтаждалатын машиналардың, механизмдердің, электр қондырғыларының, автоматика құралдарының, қашықтықтан басқару және басқа да жабдықтардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын; оларды монтаждау, бөлшектеу, реттеу, баптау және жұмыста сынамалау тәсілдерін; жұмыс режимін, жүктемені тексеру, қызмет көрсететін жабдықты сынамалау процесінде пайдалану сипаттамалары мен диаграммаларды алу тәсілдерін; жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін; монтаждауды және онымен байланысты тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен құралдардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын; кен жыныстарының қасиеттері мен олардың сыныптамасын; шатырды түзеу тәсілдерін; уақытша және тұрақты бекітпе түрлерін; тазалау және дайындау забойларын бекіту тәсілдерін; кен мен жынысты уату балғасымен және жару тәсілімен кесу, қағыт түсіру жөніндегі жұмысты жүргізу тәртібін; жару жұмыстарын жүргізу ережесін; жабдықты пайдалануға тапсыру ережесін.
§ 5. ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕН ЖҰМЫСШЫсы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өрт ошағын ұңғыма арқылы лайландыру. Жыныс үйіндінің үстіңгі қабатын инъекторды пайдалана отырып лайландыру. Инъекторларды жыныс үйіндісі өртінің ошағы аймағында қағу. Учаскені және өрт ошағын лайландыру ұңғымаларымен қоршау. Жарықтар мен қуыстарды толтыру және лайландыру. Жынысты шығарып алу және үю. Арналар мен траншеяларды бекіту. Ескі пульпа және суағар арналарды, құдықтарды, насос және пульпа айдау стансаларын жұмыс бабында ұстап тұру. Бұрғы мұнаралары инъекторларын құрастыру, бөлшектеу, жөндеу және қайта орнату. Құбырларды құрастыру және бөлшектеу. Еңістерді, құламаларды, карьер жиектерін тазарту және шабақтау. Араластырғыштарда балшықты, цементті, әкті ерітінді және пульпа дайындау. Құрамды анықтауға пульпа сынамасын алу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: топырақ, оның сыныптамасы туралы негізгі деректерді; жыныс үйіндісінің жылу және газ жағдайын; арналар мен траншеяларды проходкалау ережесін, олардың бекіту тәсілдері мен түрлерін; қолданылатын құралмен жұмыс істеу ережесін; бекіту материалдарының сапасына қойылатын талаптарды;ағаш және метал мұнаралардың құрылымы мен габариттерін; инъекторлардың көлемін; бұрғылау жабдығы мен циркуляция жүйесін монтаждау және жөндеу сызбасын; слесарь және ағаш ұстасы ісінің негіздерін; жарықтар мен қуыстарды толтыру, «іліктерді» жою ережесін; жыныстардың табиғи еңіс бұрыштарын; учаскені және өрт ошағын лайландыру ұңғымаларымен қоршау ережесін; лайландыруға арналған пульпа консистенциясын; араластыру камерасының құрылымын; пульпаның құрамын таразылау әдісімен анықтау ережесін; ұңғымалардың қабылдау воронкалары түрлерін; лайланған пульпасу магистральдерін, топтық лайландыру ұңғымаларын қалпына келтіру тәсілдерін; лайланатын нысанға лайлылық беру тәртібін; пульпа сынамасын алу тәсілдерін.
§ 6. ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕН ЖҰМЫСШЫсы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өрт сөндіру кезінде гидромониторды және пульпа арнасын басқару. Гидромониторды құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру және орнату. Жаппаларды орнату. Диаметрі әртүрлі құбырларды қосу және төсеу. Пульпаның қажетті консистенциясын анықтау және ұстап тұру. Пульпа сынамасын алу. Аралықтарды лайландыру. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Пульпасу және суағар арналарды, құдықтарды жүргізу. Құжықтарды түрлі бекітпелермен бекіту.Балшықты, бетонды, ауа өткізбейтін қаптамаларды тұрғызу.

Білуге тиіс: гидромониторды құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру және орнату ережесін, оның құрылымын; жаппалардың, айрылмалы құлыптардың, түрлі типтегі аралықтардың құрылымын; бекітпе түрлері мен бекіту материалдарының сұрыптарын; лайландыруға арналған пульпа консистенциясын; жанып жатқан көмірді тиеу және тасымалдау ережесін; көмір мен жыныстарды олардың қасиеттеріне қарай қағудың тәсілдері мен жолдарын; кен жыныстарының беріктігі сыныптамасын; слесарь ісі негіздерін.
§ 7. КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕН ЖҰМЫСШЫсы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен қазбаларында уақытша рельс жолдарын салу. Рельс жолдары секцияларын алу немесе көтеру. Кен қазбасын қолмен немесе механикаландырылған құралдың көмегімен жұмыстау. Жекелеген шпалдар мен рельстерді ауыстыру. Шпалдарды балластпен жабу немесе себелеу. Суағар арналарды жасау немесе қалпына келтіру. Стрелка бұрмаларының, тұйық қималар мен тақталардың, бұрылу айналмасының, крестовиналардың жекелеген бөлшектерін ауыстыра отырып бөлшектеу, тазалау, жөндеу. Жол салынған жерге балласт себу. Рельстерді: пресспен түзеу, ұштарын кесу, тесу. Шпалдарды, рельстерді, брустарды, костыльдерді, планкаларды, қажетті материалдар мен құралдарды тасымалдау. Қызмет көрсететін учаскедегі жолдың жай-күйін аралап көру және тексеру. Болт қосындыларын тарту, костыльдерді қатайтып қағу, жолды шаблонмен тексеру. Жөнделетін жол учаскесінде, қозғалысқа қауіпті жерлерде қоршаулар мен сақтандыру белгілерін орнату. Жол белгілерін жөндеу. Жолды және суағар арнаны бөгде заттардан тазарту. Кен бүйірлері мен шатырын тарту.Жыныстарды жинау. Бекітпе артындағы қуысты толтыру. Жыныс тиелген вагонеткаларды әкету және бостарын жақындату. Аралыққа кесінді әзірлеу. Аралықтың барлық түрлерін тұрғызу және жөндеу. Қазбаны кеңейтпей өлшеу стансаларын, кроссингтерді орнату және жөндеу. Желдеткіш есіктерін, ағаш щиттерді, төсемдерді, сланецті жаппаларды, траптарды, полкаларды, люктерді, баспалдақтар еңіс бұрышы 450 дейінгі жүру бөлімшелерінде саты қанаттарын дайындау, орнату және жөндеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары кенжұмысшының басшылығымен жұмыс орындау.

Білуге тиіс: уақытша рельс жолдарын салуға және жөндеуге, стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын салуға қойылатын техникалық талаптарды; рельс жолдарының табанын тексеруге арналған шаблонның құрылымын және оны пайдалану ережесін; шахта көлігіндегі дабыл жүйесін және жол дабылдары мен белгілерін орнату ережесін жол балластына қолданылатын материалдардың түрлерін мен қасиеттерін; рельстің, стрелка бұрмаларының, тұйық қималардың, шпалдардың және т.б. типтерін; шахта бекітпесінің негізгі түрлерін; қуыс артын бітеудің және тартпа элементтерді орнатудың тәртібі мен ережесін; кабель және контакт желісімен жұмыс ережесін; суағар арналары түрлерін, жүргізу және бекіту тәсілдерін; желдеткіш аралықтарының, есіктерінің, сланец жаппаларының, кроссингтердің құрылым түрлері мен нысанын; кен қазбалары жүру бөлімшелерін жабдықтау ережесін.
§ 8. КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕН ЖҰМЫСШЫсы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен қазбаларында тұрақты рельс жолдарын шаблондар мен ватерпасты қолдана отырып белгіленген профиль бойынша салу. Кен қазбаларындағы жол полотносын көлік құралдары мен қазба габариттеріне қарай бағдарлау. Балластты жоспарлау. Шпалдарды, брустарды төсеу. Рельстерді жымдастыру. Рельс жолдары секцияларын планкалар мен болт қосындыларының көмегімен қосу. Ток өткізетін аралықтарды орнату. Стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын, крестовиналарды құрастыру және төсеу, оларды рельс жолдарымен түйістіру. Жолдың дұрыс салынуын тексеру. Бекітпе элементтерін дайындау және аралық рамалармен бекітпенің барлық түрлерінің элементтерін ауыстыру. Бекітпені шығарып алу және кен қазбаларын сөндіру. Престердегі метал бекітпе элементтерін қалпына келтіру. Көмір және кен бункерлерін тазалау. Жұмыс процесінде қолданылатын механизмдерді, айлабұйымдарды ағымдық жөндеу және қызмет көрсету.

Білуге тиіс: рельс жолдарын салуға және жөндеуге, стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын, крестовиналарды салуға және кен қазбаларын бекітуге қойылатын техникалық талаптарды; рельс жолдарын айналмаларда және еңісті қазбаларда салудың ережесін; қисық жол учаскелерінде жол берілетін еңістер мен радиустарды; ағаш бекітпе элементтерінің әртүрлі құлыпты қосындыларының түрлері мен нысанын; кен қысымы мен оның біліну сипаты туралы негізгі ұғымдарды; бекітпенің барлық түрлерінің элементтерін ауыстыру ережесін және оңтайлы жолдарын; жөнделетін кен қазбасы бекітпе паспортының мазмұны мен оны толтыру тәртібін.
§ 9. КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕН жҰМЫСШЫсы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 20 м2 дейінгі жазық және тік кен қазбаларын ескі бекітпесін толық алып тастап, кенді шығарып немесе қазба қимасын уату балғасының, жару тәсілімен немесе қолмен кеңейте отырып, барлық түрдегі және типтегі жаңа бекітпелерді орната отырып, жоба бойынша қайта бекіту. Шпурларды бұрғылау. Рама астына костер салу. Оқпандар мен шурфтарды мұздан тазарту. Зумпфтар мен су жинағыштарды тазалау. Қазба топырағын қырғы машинамен өңдеу. Қолданылатын машиналарға қызмет көрсету және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Еңіс бұрышы 450 артық кен қазбаларында полкаларды, лядтарды, баспалдақтар саты қанаттарын орнату және жөндеу. Қазба құламаларын бөлшектеу және орнын бекіту. Кен қазбаларын полимер материалдармен бекіту.

Білуге тиіс: кен қазбаларында жөндеу жұмыстарын жүргізудің техникалық шарттарын; кен қазбасының бағытын тексеруге арналған маркшейдерлік белгілердің және оларды пайдалану тәртібін; қолданылатын бекітпенің типоразмерлерін, түрлерін және оны жөндеу тәсілдерін; қолданылатын механизмдердің, құралдың, айлабұйымдардың құрылымын және олармен жұмыс істеу ережесін; құламаларды бөлшектеу ережесі мен тәсілдерін; жыныстарды нығайту үшін қолданылатын полимер материалдарының түрлері мен қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережесін.
§ 10. Кен қазбаларын жөндейтін тау-кен жұмысшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлденең және көлбеу кен қазбаларын жоба бойынша 20 м2 жоғары жарыққа қабысуларды, бекітпелердің барлық түрі тұрғызылған камераларды бекіту. Тік оқпандарда, басқа да тік қазбаларда және кен албары бар оқпандардың қабысуында ескі бекітпелерді жойып, жаңаларын тұрғызу. Шой балғамен және қолмен оқпандарда бетон мен жыныстарды бөлшектеу. Тік кен қазбаларында бекітпелерді, арматураларды, ауа және су құйғыш қондырғыларды жөндеу, кабельдерді ілу және басқа жұмыстар кезінде сақтандырғыш сөрелерді монтаждау әрі демонтаждау. Бетон бекітпелерін жөндеу. Кен қазбаларын үйінді бойынша қайта бекіту. Көмір мен жыныстарды, кен қазбаларының қырлары мен жабындарды өндіру кезінде қолданылатын машиналарды басқару, бекітпелерді орнату.

Білуге тиіс: тік кен қазбалары бекіту және арматуралау түрлерін; бекітпені қалпына келтіру тәсілдерін; кен қазбаларында бетон жұмыстарын жүргізу тәртібін; үйінділерді аршу тәсілдері мен ережесін; қолданылатын машиналар мен механизмдердің құрылғысын техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін.
§ 11. Разрездiң тау-кен жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Разрездерде экскаваторлардың, үйінділік көпірлер мен үйінді жасағыштардың қозғалысы үшін жолдар дайындау. Теміржол және автожолдардың габариттерін тазалау. Алаңдарды тазалау және экскаватор астына төсемдер салу. Кабельді барабанға орау және оны тасымалдауға қатысу. Кемерлердің үстіңгі жиектерінің құламаларын тазалау. Экскавациялау немесе жарылыс жұмыстарынан кейін забой сызығын шабақтау. Отын, су, майлайтын, жанғыш және сүртетін материалдарды жеткізу. Забойлардан ағаштардың діңгектері мен жұмыр тастарды қазу. Жол габариттерін, шөміш сыйымдылығын, таспаларды, доңғалақшаларды, конвейер таспасын бөгде заттардан тазалау. Тау-кен массасын тазалау, кептелістерді жою. Гидроүйінділерде пульпа ағынын бөлу және су аққыш құдықтардың деңгейін реттеу. Сорғыштардың, жыралардың, қабылдағыш құдықтардың аузын тазалау. Пульпа қозғалысының бағытын өзгерту. Бөгеттер мен пульпоөткізгіштерді қадағалау. Қазылатын аймақтардың бетін қоршау. Пульпо- су өткізгіш түтіктерді кеңейту. Гидромеханизмдерді құрастыруға, бөлшектеуге және ауыстыруға, дренажды жыралар мен қабылдағыш құдықтар жүргізуге және бекітуге, материалдар мен жабдықтарды тиеуге, түсіруге әрі жеткізуге, экскаватордың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың тораптарын майлауға қатысу.

Білуге тиіс: забойда техниканың қозғалысы үшін жолдарды дайындау тәртібін; экскаваторлардың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың типтерін; теміржол габариті; экскаваторлардың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың жанында жұмыс істеу ережесін; қазылатын тау-кен жыныстарының қасиеттерін; пайдалы қазбалар мен жыныстардың табиғи құламаларының бұрышын; құламаларды тазалау және забойды шабақтау, пульпоөткізгіш жыраларды тазалау кезіндегі жұмыс тәсілдерін; электр кабелін пайдалану ережесін; су құламаларының, пульпоөткізгіш және су өткізгіштердің құрылғысын; дренажды жыралар мен қабылдағыш құдықтардың міндетін, оларды жүргізу және бекіту тәсілдерін; слесарлық істің негіздерін.
§ 12. Разрездiң тау-кен жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конвейер сызықтары үшін жаңа тас жолды жоспарлауға қатысу. Конвейерлер мен конвейерлердің негіздерін тазалау, аршу, қозғалту, тасымалдау, орнату және кеңейту. Конвейер сызығының жұмысын, конвейерге орнатылған қайта тиегіштердің, жылжымалы құрылғылар мен шағылдырғыштардың жағдайын, материалдардың қабылдағыш агрегаттарға дұрыс тиелуін қадағалау. Конвейер мен қайта тиегіш қондырғылар астындағы ленталарды, доңғалақша тіректерді, алаңдарды тазалау. Кептелістерді жою. Орнатқаннан немесе кеңейткеннен кейін конвейерлерді сынау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін конвейерлердің, қайта тиегіш құрылғылардың, шағылдырғыштардың құрылғысы мен техникалық сипаттамасын; конвейерлердің орналасу сызбасын және оларға күтім жасау ережелерін; көлік таспасына жіберілетін жүктемелерді; конвейерлерді қозғалту, орнату, кеңейту кезінде қолданылатын көтергіш және басқа да құрылғыларды пайдалану тәсілдері мен ережелерін.
§ 13. ШОЙ БАЛҒАларын ҰРУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазалау забойлары мен оқпақтарда, қисық сызбаларда, штректерде, тік және тік көлбеу жазықтарында шой балғамен көмірді қазу. Көмір мен жыныстарды уату, ірі кесектерді шабу және көмір мен жыныстарды өткізу. Қайта жабулар мен сөрелердің құру. Шой балғамен немесе көмір арасымен «орамдарды» қирату, кесу. Забойларды бекітпе паспортына сәйкес бекіту. Өзгертілген бекітпелерді ауыстыру. Шлангты үрлеп тазалау және шой балғаға жалғау. Ұштарды және кескіштерді, икемді шлангтарды ауыстыру. Шой балғалардың, көмір араларының жұмысындағы бұзушылықты анықтау және жою.

Білуге тиіс: бүйір жынысының және қат құрылымдарының қасиеттерін: кливажы, жарықшақтығы, көмірді сығымдау, жыныс қатпарлары мен жалған төбелердің, қатты кірінділердің болуы, оқыс лақтырынды мен кен соққыларына бейімділігі; шой балғалар мен көмір араларының құрылғысын және пайдалану ережелерін, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілін; көмірді қазып алу тәсілдерін; забойлардың түрлері және бекіту тәсілдерін; бекітпе паспортының мазмұны мен толтыру тәртібін және төсемдерді басқару.
§ 14. Көмір қабылдауды бақылаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Келетін вагондардағы көмірді бақылау, таңбалау. Көмірді түсіру үшін қабылдау шұңқырларын немесе қоймаларды дайындау. Вагондарды көмірлерімен шахта топтары бойынша сұрыптау. Қоймадағы көмірдің біркелкіленуін Вагондардан түсіруді, көмірдің жаңа маркасын түсіру алдында шұңқырлардың немесе шахта топтарының жақсылап тазалануын қадағалау.

Білуге тиіс: көмірдің маркасы мен топтарын; шихта құрамын; көмірді шихталау тәсілдерін; түсіру алдында вагондардың тұрып қалу нормаларын.
§ 15. жол-көлік машиналарының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Негізгі және ауыспалы аспалы жабдықтарды қолдана отырып, алаңдарды жоспарлау, тас жолдарды, жолдарды жылтырату, топырақтар мен шашылатын материалдарды тасымалдау, жол төсемдерін таптау, теміржолды қозғалту, тау-кен массасын қопсыту және осыға ұқсас жұмыстарды орындау кезінде жол-көлік машиналарын басқару. Жол-көлік машиналарына жанар-жағар май материалдарын құю, машинаның тораптарын, аспалы және тіркелмелі жабдықтарды майлау. Жұмыс процесінде машиналар мен механизмдердің бұзушылығын анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін жабдықтарға алдын алу жөндеу жасау және жөндеудің басқа түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: жол-көлік машиналарының, аспалы жабдықтар мен құрылғылардың техникалық сипаттамасын және құрылғысын; аспалы жабдықтарды монтаждау-демонтаждау ережесін, жұмыс қағидаттарын және оларды басқару жүйесін; іштен жану қозғалтқышын майлау, қоректендіру және суыту жүйесін; қызмет көрсетілетін жабдықтарға арналған шекті жүктемені; жол қозғалысы ережесін; машинаны түсіру және көтерудің рұқсат етілетін бұрыштарын; жол-көлік машиналары орындайтын жұмыстың түрлерін, оларды орындау тәртібі мен тәсілдерін; тіркемелі және аспалы жабдықтармен жұмыс істеу ережесін; жол мен алаңдарды салу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарды; жанар-жағар май материалдарының маркалары мен шығыс нормаларын; қызмет көрсетілетін машиналар мен жабдықтардың бұзушылықтарын белгілеу және жою тәсілдерін; тораптар мен бөлшектерді майлаудың тәсімін және мерзімділігін; орындалған жұмыстарға қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу тәртібін; слесарлық іс.

Тіркелмелі грейдерді басқару кезінде - 2-разряд;

қозғалтқыш қуаты 44,2 кВт (60 л. с.) автогрейдерді, салмағы 5 т дейін моторлы катоктарды басқару кезінде - 3-разряд;

қозғалтқыш қуаты 44,2-ден 73,5 кВт (60-тан 100 л.с. дейін) автогрейдерді, салмағы 5 т артық моторлы катоктарды басқару кезінде - 4-разряд;

қозғалтқыш қуаты 73,5-тен 147,2 кВт (100-ден 200 л.с. дейін) автогрейдерді басқару кезінде - 5-разряд;

қозғалтқыш қуаты 147,2 кВт (200 л. с.) артық автогрейдерді басқару кезінде - 6-разряд.


§ 16. УатҚЫш-тиегіш агрегаттардың машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жыныстарды уату, тасымалдау кезінде, сондай-ақ оны көшіру кезінде уату-тиегіш агрегаттарын басқару. Тиеу-аудару тасымалдағышын басқару. Уату-тиегіш агрегаттарының қозғалғыш механизмдері мен тиеу бөлігін сынау және реттеу, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішін қадағалау. Уату-тиегіш агрегаттары жұмыстарының процесіндегі бұзушылықтарды анықтау және жою, жоспарлы-алдын алу жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: уату-тиегіш агрегаттардың, оның механикалық, гидравликалық және электрлік жабдықтардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын агрегат жұмыстарының тиімді режимін; тау-кен жыныстарының қасиеттерін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында туындайтын бұзушылықтардың себептерін және оны жою тәсілдерін; майлау тәсімін, майлау материалдарын және оларға қойылатын техникалық талаптарды; электр слесарлық іс.
§ 17. Жер соратын қондырғылардың машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Ашық кен жұмыстарында жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) қызмет көрсету. Жер соратын қондырғыларды (агрегаттарды), барлық жүйедегі жер сорғыштарды (топырақ сорғыларын) қарау, қосу, қажетті жұмыс режимін белгілеу және қозғалтқыштарды тоқтату. Судың және гидроқоспаның (пульпаның, суспензияның) берілуін реттеу. Берілген жұмыс режимін және гидроқоспадағы қатты бөліктердің сұйықтық, концентратты қысымын ұстау. Гидромонитор және сорғы станциясының жұмыс режимін үйлестіру. Бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткішін қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен арматуралардың техникалық жағдайын, бекітілген құбырлар учаскесін тексеру және оларды күту. Жер сорғыштар мен құбырларды жуу. Жер сорғыштардың, гидроқысымды жүйелердің, бақылау аспаптарының, автоматика құралдарының және сақтандырғыш құрылғылардың жұмыстарын қарау, реттеу. Соратын құбырлардың, қабылдағыш зумпфтердің, пульпоөткізгіш жыралардың техникалық жағдайын қадағалау және оларды тазалау. Тығыздамаларды толтыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою. Жабдықтар мен құбырларды жөндеу және жаңа орынға қозғалту жұмыстарына қатысу. Қажетті құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жер сорғыштардың (топырақ сорғыларының), қолданылатын басқа да жабдықтардың, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; қосу және жапқыш арматуралардың, зумпфтердің, пульпоқұрастырғыштардың, құбырлардың конструкциясы мен тәсімін; жер сорғыштарды, қызмет көрсететін жабдықтарды және құрылғыларды қосу, тиімді жұмыс режимін таңдау және тоқтату ережесін; құбырларды жуу ережесін; қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылығын анықтау және жою, оны гидравликалық соққыдан сақтау тәсілдерін; қазылатын тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін; су мен гидроқоспалардың физикалық және химиялық қасиеттерін; гидроқоспадағы қатты бөліктердің жіберілетін концентрациясын; жер сорғыштардың және олардың жетектерінің сипаттамасын, олардың жұмыс процесінде жіберілетін жүктемелерді; электр техникасы, гидравлика және механика жөнінде негізгі мәліметтерді; электр слесарь істерінің негіздерін.

Гидроқоспаның 1000 м3/ч дейінгі сомалық өндірістігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) қызмет көрсету кезінде - 2 -разряд;

Гидроқоспаның 1000-нан 3000 м3/ч дейінгі сомалық өндірістігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) қызмет көрсету кезінде - 3 -разряд;

Гидроқоспаның 3000-нан 10000 м3/ч дейінгі сомалық өндірістігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) немесе гидроқоспаның 2000 м3/ч дейінгі сомалық ндірістігімен жер соратын қондырғыларға қызмет көрсету кезінде - 4 -разряд;

Гидроқоспаның 10000 м3/ч артық сомалық өндірістігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) немесе гидроқоспаның 2000 м3/ч және артық сомалық өндірістігімен жер соратын қондырғыларға қызмет көрсету кезінде-5-разряд.
§ 18. ЖЕР АСТЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ МАШИНИСІ
Жұмыс сипаттамасы. Сорғыш және көмір сорғыш қондырғыларын, эрлиф көтермелерін, сырма және маневрлі шығырларды, аударғыштарды, конвейерлерді, қоректендіргіштерді, тиегіштерді, итергіштерді, вагонаралық жапқыштарды, вагонеткаларды механикалық тазалау құрылғыларын және ұқсас машиналар мен механизмдерді басқару. Қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің және басқа да жабдықтардың жұмыс режимін және техникалық жағдайын қадағалау, оларға тиеу дәрежесін реттеу, қондырғылардың жұмыс процесіндегі ұсақ бұзушылықтарды анықтау және жою. Тораптар мен бөлшектерді майлау. Көмірді (жанартасты) конвейерден, қоректендіргіштер немесе люктен вагонеткаларға арту. Вагонеткалар мен конвейерлерден көрінетін жыныстарды және бөгде заттарды іріктеу, оларды салу. Қызмет көрсету аймағында тиелген және бос вагонеткаларды тіркеу, ағыту және тасымалдау. Құрамды тиейтін немесе түсіретін жерге қалыптастыру және сүйемелдеу. Белгі беру. Рельстен шығып кеткен вагонеткаларды көтеру. Сырмалау процесінде тау-кен массасын қайлалау, ұсақтау және сырма жолына тастау. Маневрлі және сырмалы шығырларды қозғалту және оларды жаңа орынға бекіту. Вагонеткаларды, көлік механизмдерін, қабылдау алаңдары мен тиеу және түсіру орындарындағы жолдарды, люк және сырмалы сөрелердің астын тазалау. Қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді және басқа да жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналарды, механизмдер мен қондырғылардың құрылғыларын, типтері мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану және күту ережесін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою тәсілдерін; қосу аппаратураларының, бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қызметінің қағидаттарын; қызмет көрсететін жабдықтарды жерге орнықтыру құрылғысын; қызмет көрсететін учаскеде жүктерді тасымалдау тәсімін; жұмыс орындарындағы жолдар мен стрелкаларының бейіні және техникалық жағдайын; рельстен шығып кеткен вагонеткаларды көтеру тәсілдері; сорғыш және көмір сорғыш қондырғылардың тиімді жұмыс режимін және оларды гидравликалық соққыдан сақтау тәсілдерін; соруға арналған пульпожинағыштардың, сужинағыштардың, коллекторлардың, құдықтардың құрылғысын; арқандардың конструкциясын, бекіту және оның ұзындығын реттеу тәсілдерін; әртүрлі жағдайларда оларды сырмалау тәсілдерін; гидравлика мен электр слесарлық істің негіздерін.

Жоспарлық жүктемемен тиеу пункттеріне қызмет көрсету кезінде бір қызметкерге: бір ауысымда стационарлық - 250 т дейін көмір (жанар тас) мен жыныстар және бір ауысымда стационарлық емес - 100 т дейін; өнімділігі сағатына 200 т дейін конвейерлерді (пештер мен қиысқазбалардағы конвейерлерден басқа); жүктемесіне қарамастан қоректендіргіштерді; жоспарлық жүктемесімен тәулігіне 200 т дейін көмір (жанар тас) мен жыныстарды аударғыштарды; 3 және 4 разрядтағы көтергіш қондырғылардың машинистерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілмеген басқа да жұмыстарды орындау кезінде - 2-разряд;

Жоспарлық жүктемемен тиеу пункттеріне қызмет көрсету кезінде бір қызметкерге: бір ауысымда стационарлық - 250 т артық көмір (жанар тас) мен жыныстар және бір ауысымда стационарлық емес - 100 т артық; өнімділігі сағатына 200 т артық конвейерлерді (көлбеу шахталары мен штольня конвейерлерін қосқанда); жоспарлық жүктемесімен тәулігіне 200 т артық көмір (жанар тас) мен жыныстарды аударғыштарды; гидротолтырмалардың араластырғыш камераларын; жоспарлы жүктемесі тәулігіне 2000 т дейін шахталардың басты гидрокөтергіштерінің орталық көмір сорғыш станцияларын (қондырғыларын); гидрошахталардағы қайта шайқалған сорғыш және көмір сорғыш қондырғылар; дайындау қазбаларындағы көмір мен жыныстарды тасымалдайтын сырмалы шығырларды - 3-разряд;

шахталардың тәуліктік жоспарлық жүктемесі 2000 т және одан артық басты гидрокөтергіштерінің орталық көмір сорғыш станцияларына (қондырғыларына) және эрлифт көтергіштеріне қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет