Жұмыс сипаттамасы. Көлік құралдарынының ішкі қабаты мен тауар өнімін оларды тасымалдау кезінде бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттармен: тұз ерітіндісімен, ниогринмен, КОС-пен, шлакпен, әкпен, креозотпен, флотореагенттермен, ағаш ұнтағымен, майлау және басқа да заттармен өңдеу кезінде әктеуішті, тұз қайнатқышты, шлак беруші, майландырушы, бүркуші қондырғыларды басқару. Насостарды, конвейерлерді, скрепер шығырлары мен басқа да механизмдерді басқару. Тұз ерітіндісінің әзірлеу және берілген тығыздығын сақтау. Алдын алу заттарының көлік құралдарына берілуін реттеу. Жұмыс орны шегіндегі теміржол және автокөлік жолдары габариттерін тазарту. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Қондырғының бөлшектері мен тораптарын тазалау және майлау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және техникалық пайдалану ережесін; жол құралдарын, кен массасы мен тауар өнімдерін өңдеу жөніндегі нұсқаулықты; бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттардың физикалық қасиеттерін, оларды жұмсау нормаларын; ерітінділердің тығыздығын анықтау тәсілдерін; отыны жағу және алдын алу заттарымен жұмыс ережесін; электр слесарь ісі негіздерін.
Көлік құралдары мен тауар өнімдерін бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттармен өңдеу жөніндегі жұмыстарды көлік құралдарын өңдеу жөніндегі анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен орындау кезінде- 2-разряд.
§ 63. КЕН массАСЫНЫҢ ШОЙТАСТАРЫН БҰЗУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының анағұрлым жоғары білікті машинисінің басшылығымен басқару. Кеннің шойтас кесектерін өнеркәсіптік жиіліктегі токпен немесе құлайтын жүкпен бұзу процесін жүргізу. Қолданылатын құрал мен айлабұйымдарды жұмыс орнына жеткізу, штангілерді жұмысқа дайындау, жерге қосуды тексеру, электр кабелін қайта жалғау, электр желісіне қосу. Шойтастарды бұзу орнын күзетуді қамтамасыз ету, белгі беру. Қызмет көрсететін жабдықты қарау, тазалау және майлау. Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын жөндеуге және орнын ауыстыруға қатысу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, пайдалану және қондырғының жоғары вольтті жабдықтарын және күштік трансформаторларды баптау ережесін; забойлардың орналасуын; кен массасы мен шойтастарды бұзу жұмыстары өндірісінің орнын қоршау тәртібін.
§ 64. КЕН массАСЫНЫҢ ШОЙТАСТАРЫН БҰЗУ
ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МашинисІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын басқару. Кеннің шойтас кесектерін өнеркәсіптік жиіліктегі токпен немесе құлайтын жүкпен бұзу процесін жүргізу. Теміржол вагондарында және т.б. жыныстарды, шойтастарды, темірбетонды, қатып қалған көмір мен сусыма материалдарды бұзу кезінде кесектассоққыны және жару генераторы қондырғысын басқару. Жару генераторы қондырғысын жұмысқа дайындау, сыйымдылықтарға компоненттерді толтыру, Қызмет көрсететін қондырғыны забойда орнын ауыстыру. Кен жыныстарының беріктігі мен кен массасы шойтастарының сипатына қарай қызмет көрсететін қондырғының жұмыс режимін таңдау. Штангі электродтарына кернеу беру және қажет болған кезде оны түсіру. Жоғары вольтті жабдықтың контактілері мен изоляторларын, блоктар құрылғыларының жерге қосылу дұрыстығын, күштік трансформатордағы майдың деңгейін қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге: қарау, тазалау және майлауға , жанар-жағармай материалдарын құюға қатысу
Білуге тиіс: кен массасының шойтастарын бұзу қондырғылары түрлі үлгілерінің құрылымын; жару генераторы қондырғысының жұмыс принципі мен режимін, оның жұмысында қолданылатын компоненттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; электродтарды кен массасы шойтастарына оңтайлы орналастыру сызбасын; қолданылатын бақылау-өлшеу құралының құрылымын; кен жыныстарының қасиеттері мен беріктігін; электр техникасы негіздерін.
§ 65. экскаватор МашинисІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ашу, өндіру, қайта экскаваторлау, тазарту, үю және тиеу-түсіру жұмыстары өндірісі кезінде шөмішінің сыйымдылығы 0,40 м3 дейінгі бір шөмішті экскаваторды басқару. Кен массасы мен топырақты өңдеу. Қоймалардағы отын мен түрлі материалдарды көлік құралдарына, үйінділерге тасып төгу. Кен массасы мен топырақты карьер ернеуіне немесе үйіндіге ауыстыру. Забойды, еңістің үстіңгі және төменгі алаңдарын жоспарлау. Жұмыс процесінде экскаватордың орнын ауыстыру. Жүру механизмдерін реттеу. Кен массасын автомобильмен тасымалдау кезінде аралық теміржол қоймаларындағы қойма бұрышын қажетті шамаға дейін еңістеу, соңғы контур бойынша еңістеу жұмысы өндірісі, дренажды арнаны әзірлеу. Шұңқыр жанындағы шойтасты тазалау. Забойдың техникалық дұрыс әзірленуін және экскаватордың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Топырақты қабаттап әзірлеу. Кен массасын сұрып бойынша алуды қамтамасыз ету. Пайдалы қазба мен жыныстарды теміржол составтарына, думпкарларға, платформаға, автомашина мен бункерге тиеу. Кен жынысын жұмысталған кеңістікте және үйіндіде үю. Забойды селективті әзірлеу өндірісі. Экскаватор трассасын профильдеу. Көлік құралдары мен теміржолдарды кеннен тазарту. Жерге қосуды тексеру және күштік кабельді желіне қосу. Бу экскаваторының экипировкалау. Экскаваторға жанар және жағармай материалдарын, су құю. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және арқандардың беріктігін, қозғағыш бекітпелерін, тежегіш құрылғыларын қадағалау. Жүру механизмдерін сынап көру. Шөмішті жабысқан топырақтан тазарту. Экскаватор астына төсем щиттерін салу. Белгіленген құжаттаманы жүргізу. Профилактикалық қарау және экскаваторды жөндеуге қатысу. Арнақазғышты басқару. Экскаватордың ауысымдық аспалы жабдығына қызмет көрсету (тиеу құрылғысына, кабель жылжытқышқа және т.б.). Экскаваторларды жөндеу кезінде ілмектеу және такелаж жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін экскаваторлардың құрылымын, техникалық сипаттамасын; экскаватордың механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс принципін; экскаватор жұмысының оңтайлы режимін және көсіп алу жолдарын; ауыр және жеңіл топырақты әзірлеу кезінде экскаватор механизмдерін басқару жолдарын; кен массасы мен топырақты үстіңгі қабатта, забойдағы жерасты жағдайларында әзірлеу ережесін; пайдалы қазбалардың сұрыптары бойынша ерекшеліктерін; дала жағдайларында және көлденеңдік жерлерде жүру ережесін; терең забойларда топырақты қуатты экскаватормен әзірлеу ерекшеліктерін; ашық кен жұмыстарын жүргізу туралы негізгі деректерді және учаскенің (разрездің) тау-геологиялық сипаттамасын; көшкін құбылыстарының белгілерін; әзірленетін жыныстың физикалық-механикалық қасиеттерін және пайдалы қазбаның жыныстан ерекшелігін; төбешіктерді, забой линиясын әзірлеу мен жүргізу ережесін; әзірлеу жүйесі мен жағдайларына қарай түрлі экскавациялау тәсілдерін қолдану әдістерін; экскаваторды электр желісіне қосу ережесін; қолданылатын өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың жұмыс принципі мен нысанын; ауысымдық аспалы жабдықпен жұмыс ерекшеліктерін; кен массасы мен топырақты теміржол составтарына, думпкарларға, автомашиналар мен конвейер линияларындағы бункер люктеріне тиеу ережесін; тасымал, құбыр төсеу жұмыстары өндірісі ережесін; белгіленген құжаттаманы жүргізу ережесін; экскаватор жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін; экскаваторды жөндеу, монтаждау және бөлшектеу түрлерін; экскаваторды тез тозатын бөлшектері мен тораптарының құрылымын, оларды ауыстыру тәртібін; электротехника, автоматика, электр- телебасқару негіздерін; негізгі жұмысты орындайтын экскаватор машинисінен бір разряд төмен тарифтелетін электр слесарь (слесар) білімі көлеміндегі электр слесарь ісін; пісіру, такелаж және ілмектеу жұмыстары технологиясын.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,4-тен 2,5 м3- дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 2,0 м3 кем ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі 1000 м3/с дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 5-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 2,5-тен 4,6 м3- дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 2,0-тен 4,0 м3 дейінгі ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі 1000-нан 2500 м3/с дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды, немесе кен массасын селективті алуға арналған арнаулы косррукциялы көп шөмішті экскаваторды, немесе барабанды-орталап тиеу машинасын немесе роторлы үлгідегі штабельдеуші-заборлы машинаны басқару кезінде - 6-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 4,6-тен 10,0 м3- дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 4,0 м3 жоғары ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі 2500-нан 4500 м3/с дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 7-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 4,6-тен 10,0 м3- дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе теоретикалық өнімділігі 4500 м3/с жоғары және одан да жоғары көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 8-разряд.
Ескертпе.
1. Экскаватор шөмішінің сыйымдылығы стандартты шөміш сыйымдылығы бойынша алынды.
2. Автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен имараттар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және контакті желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялары траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, кен қазбаларын жерасты тәсілімен проходкалау күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3 шығарылым, "Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары» бөлімі бойынша тарифтеледі.
3. Экскаватор машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардың барлық кешенін игерген экскаватор машинисінің көмекшілері өздері бірге жұмыс істейтін экскаватор машинисінен бір разрядқа төмен, және егер олар жұмыстың барлық кешенін игермеген болса, екі разрядқа төмен тарифтеледі.
4. Адымдауыш немесе роторлы экскаваторды басқару кезінде экскаватор машинисіне орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 66. шахтА электровозЫНЫҢ МашинисІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тиелген және бос составтарды әкету кезінде электровоздарды, тіркеме салмағы 10 т дейінгі гидровоздарды, тіркеме салмағына қарамастан дизелевоздарды басқару. Жол профилі мен составтың салмағына қарай шахта электровозының жүру жылдамдығын реттеу. Составтарды қалыптастыру және тиеу-ауыстыру пункттері мен эстакадаларда маневр жұмыстарын орындау. Вагондарды тиеу және түсіру орындарына қою. Жүктерді әкету, бос вагондарды әкелу. Адамдарды жұмыс орнына және кері қарай жеткізу. Вагондарды тіркеу және ағыту. Рельстен шығып кеткен электровоздар мен вагондарды көтеру және қою. Кен массасын люк-дозатордан тиеу және қотарғышта босату кезінде электровозды қашықтықтан басқару. Жолдағы стрелкаларды бұру. Тиеу және түсіру пункттерінің желдету есіктерін, итергіштерін, шығырлары мен басқа да механизмдерін басқару. Қазаншұңқыр мен қотарғыш төсемін тазарту. Электровоздарды экипировкалау және құмдауыштарға май құю. Аккумулятор жәшігін бекіту және аккумулятор батареяларын ауыстыруға қатысу. Гидровозды энергия жүйесінен зарядтау. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Басқару механизмін және жүру бөлшектерін қарау әрі сынап көру. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды жою.
Білуге тиіс: электровоздардың, гидровоздардың, дизелевоздардың құрылымын, техникалық сипаттамасын; поездардың жүру кестесін және жүк және адамдары бар составтардың қозғалыс ережесін; жол профилін және оның жай-күйін, қызмет көрсететін учаскедегі жол белгілерін түрлі жұмыс жағдайы кезіндегі электровоздардың, гидровоздардың, дизелевоздардың тарту сипаттамаларын; темір жолдардың, коммутация мен энергиямен қоректендіру сызбасын; тежегіш құрылғыларының жүйесін; стрелка бұрмасының, вагондарды автотежеуге арналған компрессорлардың құрылымын; вагондарды тіркеу және ағыту ережесін; рельстен шығып кеткен электровоздар мен вагондарды көтеру үшін қолданылатын тәсілдер мен айлабұйымдарды; аккумулятор батареяларының құрылымын, оларды зарядтау және баптау ережесін; зарядтау камералары жабдығын; жерге қосу ережесін және контакті желісін ілу тәсілдерін; белгілердің, белгі беру құралдарының, орталау және блокировкалау нысанын; токты өзгерту тәсілдерін; контакті желісін қоректендіруді; диспетчерлік қызмет сызбасын; эерасты кен қазбаларының орналасуы мен нысанын; қызмет көрсететін машинаны қабылдау және әрі сынап тәртібін; майлау жүйелерін және қолданылатын жанар-жағармай материалдарын; электротехника негіздері мен слесарь ісін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәртібін.
тіркеме салмағы 10-нан 25 т дейінгі гидровоздарды басқару кезінде- 4-разряд;
тіркеме салмағы 25 т және одан жоғары электровоздарды басқару кезінде – 5-разряд.
§ 67. ЖЕЛДЕТКІШ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ МоторШЫСЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кен қазбаларын желдету кезінде өнімділігі 5000 м3/мин дейінгі желдеткіш қондырғыларын басқару (оның ішінде бас желдету желдеткіштері жұмысын қашықтықтан қамтамасыз ету). Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, реверстеуші құрылғылардың, электр қозғағыштардың, қосу аппаратурасының жай-күйін қадағалау. Желдету ағынын реверстеу. Желдеткіштерді қосу және тоқтату. Желдеткішті, реверстеуші құрылғыларды, қосу аппаратурасын, жұмыс істейтін және резервтегі қондырғылардың ременді және редукторлы өткізбелерін қарау. Подшипниктер мено редукторларды майлау. Қосу муфталарының ремендері мен саусақтарын қадағалау. Желдету жұмыстары есебінің журналын жүргізу. Калорифер қондырғысына қызмет көрсету. Құбырлардың, кен қазбасы оқпаны сағасы аражабынының тығыздығын тексеру.
Білуге тиіс: желдеткіш қондырғысының электр қозғағышының, қосу аппаратурасының, бақылау-өлшеу құралдарының нысанын, жұмыс принципі мен құрылымын. аварияларды болдырмау және жою жоспарына сәйкес желдеткіш қондырғысы жұмыс режимін; желдеткіш қондырғысын майлау сызбасын және қолданылатын майлау материалдарының қасиеттерін; желдеткіш қондырғысын реверстеу сызбасын және тәсілдерін.
Өнімділігі 5000-нан 20000 м3/мин дейінгі желдеткіш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде- 2-разряд;
өнімділігі 20000 м3/мин жоғары желдеткіш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде- 3-разряд.
§ 68. КЕН ҚАЗБАЛАРЫН ШАБАҚТАУШЫ
3-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жару жұмысы өндірісінен кейін кен қазбаларының, борттарының, керпештерінің траншеяларының жай-күйін, жүру бөлімшелерімен жабдықталған тік кен қазбаларын қарау. Еңіс бұрышы 550 кен қазбаларының бүйірлері мен шатырын ілініп қалған тастар мен кен кесектерінен перфоратордың, уату балғасы мен арнаулы құралдың көмегімен шабақтау. Қазба габариттерінен кен массасын жинау. Қада қағу, оларға сақтандыру арқандарын бекіту. Камералардың жоғарғы кертпешінен ірі кен кесектерін бөлшектеу және түсіру. Уақытша бекітпе орнату. Кен қазбалары бекітпелерінің жай-күйін қадағалау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: жұмыста қолданылатын перфоратордың, уату балғасы мен арнаулы айлабұйымдар мен құралдың құрылымын, олармен жұмыс істеу ережесін; массивиегі және бұзылған жағдайдағы кен қазбасының негізгі қасиеттерін; кертпештер мен траншеялардың жол берілетін еңіс бұрыштарын; қызмет көрсететін учаскеде кен қазбаларын шабақтау жөніндегі жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесін, тәсілдері мен жолдарын; арқан бекітпесін тексеру тәсілдерін.
Еңіс бұрышы 550 артық кен қазбаларының бүйірлері мен шатырын ілініп қалған тастар мен кен кесектерінен арнаулы құралды, сақтандыру белбеуін және басқа да арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып шабақтау кезінде - 4-разряд;
Қолданыстағы магистральді теміржолдар мен тоннельдерге жақын жерде кен қазбасын құлатумен байланысты жару жұмыстары өндірісінен кейін кен қазбаларын шабақтау кезінде - 5-разряд.
§ 69. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАНЫ геофизиКАЛЫҚ СЫНАМАЛАУ ОПЕРАТОРы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кенді жерасты кен қазбалары мен карьерлері қабырғасында және забойларында, ұңғымалар мен шпурларда, көлік сыйымдылықтарында, үймелерде, транспортер ленталарында және т.б. сынамалау және оларда металдың болуын анықтау процесін ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып, рентгенорадиометриялық, нейтронды және гамма- әдістерімен пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау жөніндегі анағұрлым білікті оператордың басшылығымен жүргізу. Ұнтақ және ірі жарма сынамаларда өлшеу. Қызмет көрсететін аппаратураны жұмысқа дайындау: аспаптарды сызбаларға қосу, анализатордың немесе спектрометр көмегімен қайталама спектрді өлшеу, спектрлерді графикалық құру, таңдаулы жұмыс режимдерін белгілеу, жұмыс тұрақтылығын тексеру. Жасанды қоспалар мен кен үлгілерін дайындау. Қызмет көрсететін аппаратураны құру үшін эталонды полигон дайындау. Өлшеу нүктесіне датчикті орнату. Штангілер мен шығырлардың көмегімен забой оқпанына ұңғыма снарядтарын беру және оларды алу. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Күрделі емес есептерді орындау. Қызмет көрсететін жабдықтың механикалық бөлігін профилактикалық қарау және оның жұмысындағы ақауларды жою.
Білуге тиіс: кенді ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып түрлі әдістермен сынамалау тәртібін және ережесін; радиоактивті сәулелер спектрлері мен спектрометриялық әдістер туралы негізгі деректерді; спектрлер құрылымы ережемін; ядролық-геофизикалық әдістердің физикалық негіздерін; қолданылатын ядролық-геофизикалық аппаратураның жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; қолданылатын сәуле көздері үлгілерін және олармен жұмыс ережесін; кен жұмыстарын жүргізу негіздерін; кен қазбаларының нысаны мен орналасуын; кен жыныстары сыныптамасын; жасанды қоспалар мен кен үлгілерін дайындау ережесін; электротехника негіздерін.
§ 70. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАНЫ геофизиКАЛЫҚ СЫНАМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кенді жерасты кен қазбалары мен карьерлері қабырғасында және забойларында, ұңғымалар мен шпурларда, көлік сыйымдылықтарында, үймелерде, транспортер ленталарында және т.б. сынамалау және оларда металдың болуын анықтау процесін ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып, рентгенорадиометриялық, нейтронды және гамма- әдістерімен жүргізу. Радиоизотоп көзі мен есептеуішті датчиктің зондовое құрылғысына орнату. Селективтік және дифференциалдық сүзгілерді дайындау. Эталонды полигондарда, жасанды қоспалар мен кен үлгілерінде аппаратураны құру Элементтерді спектрлер бойынша сәйкестендіру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс режимін таңдау. Сынамалар мен табиғи шөгінділердегі элементтер қоспасын анықтау кезіндегі түзетулерді есептеу. Берілген алгоритмдер бойынша өлшеу режимін белгілеу. Пайдалы қазбаларды қайта өндіру үшін бағалауға арналған бақылау өлшемдері. Өлшеу нәтижелерін есептеу техникасы көмегімен өңдеу. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеу.
Білуге тиіс: кенді түрлі әдістермен сынамалау тәртібін және ережесін; ядролық физика, радиоэлектроника, жоғары математика негіздерін; түрлі детектор үлгілерімен спектрометрия сәулелерінің физикалық негіздерін; қолданылатын есептеу техникасының жұмыс принципін; ядролық сәуле спектрлерін интерпретациялау тәсілдерін; селективтік және дифференциалдық сүзгілерді дайындаудың, аппаратураны құрудың ережесі мен тәртібін; ядролық-геофизикалық аппаратура құрылымын.
§ 71. ТӨҢКЕРУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі тәулігіне 2000 т дейінгі төңкергішті басқару. Төңкергіштік қажетті шекке дейін бұрылуын қадағалау. Тиеулі вагонеткалар мен шәшкелерді төңкергішке беру, оларды бекіту, төңкеру және босағандарын шығару. Тиеулі вагонеткаларды шығырдың көмегімен және қолмен итеріп әкелу және бостарын әкету. Вагонеткаларды қолмен төңкеру. Автоматты режимдегі төңкергіш жұмысын қадағалау. Тарту шығырын қашықтықтан басқару. Тиеулі вагонеткаларды ағыту және оларды бункерлерге беру. Вагонеткаларды тіркеу. Ірі кен кесектерін бункер торшасында жармалау. Бос жыныстар мен бөгде заттарды алу. Жолдар мен бос вагонеткаларды тазалау. Төңкергіш жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: төңкергіш құрылымын жұмыс принципін және оны басқару тәсілдерін; қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; вагонеткаларды төңкергішке бекіту тәсілдерін; тарту шығыры мен қосу аппаратурасын пайдалану және басқару ережесін; вагонеткалар мен электровоздардың тіркеу құрылғыларының түрлерін; оларды тіркеу және ағыту ережесін; пайдалы қазба түрлерін; кен массасын вагонеткадан бункерге түсіру тәсілдерін; жолдар мен кен қазбаларының, стрелкалар мен бұрма айналымдарының бағыты мен орналасуын; оларды пайдаланудың белгіленген белгілері мен ережемін; майлау режимі мен қолданылатын майлау материалдарының қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін; слесарь ісі, электр техникасы негіздерін, жабдықты электр желісіне қосу сызбасын; кен массасын түсіру кезінде тозаңдатпау әдістерін.
Өнімділігі тәулігіне 2000 т және одан жоғары төңкергішті басқару кезінде - 3-разряд.
§ 72. ПроходКАЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 6-разрядты проходкалаушының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардан басқа, жазық, еңісті және тік кен қазбаларында проходкалау жөніндегі жұмыстар кешенін орындау. Шпурлар мен оқпандарды дизельдіден басқа, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, массасы 35 кг дейінгі (пневмоұстауышпен қоса) перфораторлармен, электр бұрғылармен және пневмобұрңылармен бұрғылау. Өнімділігі сағатына 60 м3 дейінгі аспалы бұрғылау аспапты тиеу машиналарын қолдана отырып кен массасын тиеу және шпурларды бұрғылау жөніндегі жұмыстарды орындау. Көмір және сланец шахталарында – перфораторлар мен өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларының барлық үлгілерімен шпурларды бұрғылау. Кен қазбаларын: уату балғаларын, пневмоломдарды қолдана отырып; жару және гидравликалық тәсілмен; қолмен проходкалау. Жару жынысын әзірлеу. Кен массасын рудотүсірімге немесе вагонеткаларға скреперлеу. Кен массасын 6-разрядты проходкалаушының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген тиеу машиналарынан басқа, тиеу, тиеу-жеткізу машиналарымен және қолмен забой аймағында көлік құралдарына тиеу немесе жынысты жұмысталған кеңістікке лақтыру. Электр және пневматикалық жетекті және дизельді қозғағышты тиеу, тиеу-жеткізу машиналарын, қайта тиегіштерді, гидромониторлардың, скрепер шығырларын, су және арнаулы ерітінділер қабатына сіңіру қондырғыларын, механикаландырылмаған шитті проходкалау кешендері мен жұмыста қолданылатын басқа да машиналар мен механизмдерді басқару және оларға қызмет көрсету. Проходкалау комбайндарын басқаруға қатысу. Жазық және еңісті кен қазбаларында 6-разрядты проходкалаушының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген бекітпелерден басқа, барлық бекітпе түрлерін орнату. Қиысу алаңының аумағы 20 м2. дейінгі қисық сызықты кен қазбаларында тюбингті, блокты және бетонды құрастырмалы бекітпені тұрғызу. Қораманы орнату және бөлшектеу, арматураны орнату. Жару жұмыстарынан кейін кен массасын суландыру. Уақытша бекітпені бөлектеу және жөндеу. Тұрақты және уақытша рельс жолдарын салу және алу. Конвейерлерді, рештактарды, разминовкаларды, құбыр ставтарын құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру, ұзарту және қысқарту. Тік кен қазбалары мен оқпандарын проходкалау кезінде расстрелдердегі оқпандар мен полкалардағы жүру бөлімшелерін құру. Полкалардың, люлкалардың, тартпа рамаларының орнын ауыстыру және бекіту.Тоннельдерге түрлі диаметрдегі құбырларды төсеу, оларды оқпандарға бетондап, жіктерін жаба отырып асу. Кессондарда темірбетон шлюз камераларын орнату. Проходкалау кешендерін монтаждау және құрастыру. Забой жабдығына қызмет көрсету, монтаждау және құрастыруға, жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу. Материалдар мен жабдықты тиеу, түсіру және жеткізу, забой аймағындағы тиеулі және бос вагонеткаларды электровоздың, шығырдың көмегімен немесе қолмен әкету және әкелу. Жүргізілетін қазба бекітпесін жөндеу, қазбаны шашылған кен жынысынан тазарту. Кен қазбасын құлама бойынша проходкалау. Шурфтарды проходкалау және бекіту. Забой жанындағы кен қазбаларын сланецтеу. Забой аймағындағы кен жыныстарын полимер материалдарымен бекіту.
Білуге тиіс: кен жыныстарының қасиеттерін және олардың беріктігі бойынша сыныптамасын; кен қазбасын механикаландырылған құралмен және қолмен әзірлеу ережесін және тәсілдерін; жазық, еңісті және тік кен қазбаларында проходкалау жүргізу тәсілдерін; кен қазбаларының қиысу нысандарын; уақытша және тұрақты бекітпе түрлерін, оларды орнату тәсілдерін; полимер материалдарының түрлері мен қасиеттерін, олармен жұмыс ережесін, қолдану тәсілдерін; арнаулы ерітінділердің қасиеттерін, оларды жасау тәсілдерін; кен қазбаларында проходкалау кезінде қолданылатын жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің құрылымын, оларды пайдалану ережесін; арматураны құрастыру және орнату ережесі мен жолдарын; әкету жолдарының құрылымын, стрелка бұрмаларын бөлу мен төсеу, жол профилін тексеру тәсілдерін; аспалы жабдық мөлшерін; құбырды төсеу және бекіту тәсілдерін; бұрғыларды, қаптамаларды қайрау және оларға май құю сапасына қойылатын талаптарды, олардың нысандары мен мөлшерлерін; жару жұмыстарын жүргізу ережесін; материалдар мен жабдықтарды забой аймағында тиеу, түсіру және жеткізу ережесі мен тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін; электротехника мен металлдар технологиясы негіздерін 3-разрядтағы электр слесары білімінің көлемінде.
Ескертпе.
Проходкалаушының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген проходкалау жұмыстарының барлық кешенін игерілмеген болса, проходкашыларды тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
§ 73. ПроходКАЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік оқпандарды проходкалау, тереңдету, реконструкциялау, қайта жарақтандыру жөніндегі негізгі жұмыстарды орындау: механикаландырылған кешендерді, оқпан проходкалау машиналарын, агрегаттары мен комбайндарын, тиеу машиналары мен агрегаттарын басқару; шпурлар мен оқпандарды бұрғылау, тұрақты бекітпені тұрғызу; негізгі айналманы оның жағдайын маркшейдерлік деңгей бойынша тексере отырып арматуралау, төсеу және тарату; сақтандыру полкалары мен тартпа рамаларын монтаждау және бөлшектеу, шпурлар мен ұңғымаларды зарядтау және жару процесін басқару. Өтпелі кен қазбаларында веер үлгілі және көп бұрышты бекітпені, камераларда және оқпан айналасы албарында, қиысу алаңының аумағы 20 м2. дейінгі қисық сызықты кен қазбаларында тюбингті, блокты және бетонды құрастырмалы бекітпені тұрғызу. Шпурлар мен оқпандарды дизельдіден басқа, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, массасы 35 кг дейінгі (пневмоұстауышпен қоса) перфораторлармен, электр бұрғылармен және пневмобұрғылармен бұрғылау. Өнімділігі сағатына 60 м3 дейінгі аспалы бұрғылау аспапты тиеу машиналарын қолдана отырып кен массасын тиеу және шпурларды бұрғылау жөніндегі жұмыстарды орындау, кен массасын дизельді қозғағышының қуаты 147,2 кВт-тан жоғары ( 200 а.к. артық) тиеу-жеткізу машиналарымен тиеу және тасымалдау, өтпелі кен қазбаларында механикаландырылған проходкалау кешендерін басқару. Көшкінді, карстарда, шашыраңқы құмда проходкалау жұмысын арнаулы бекітпені қолдана отырып орындау. Тоннель қаптамасының бірінші тесу сақинасын орнату. Метрополитенде: тұрақты жол құрылысы кезінде кен қазбаларын қозғалысты үзбей реконструкциялау; стрелка бұрмаларын және қиыспа тоғысуларды оларды пайдалануға беру үшін қажетті реттеулермен төсеу; жолдың қисық учаскелерінде қысқартылған рельстерді есептеу және іріктеу.
Білуге тиіс: тік оқпандарды жүргізу кезінде қолданылатын проходкалау агрегаттарының, кешендерінің, оқпан проходкалау машиналарының, комбайндарының, агрегаттардың барлық үлгілерінің конструктивтік ерекшеліктерін; тік оқпандарды бұрғылау, бекіту және арматуралау кезінде қолданылатын айлабұйымдардың құрылымын, оларды пайдалану ережесін; оқпан жанамасын тік қазбалармен айыру тәсілдерін; өңдеулердің барлық түрлерін монтаждау тәсілдерін; тік оқпандарды проходкалау кезінде полимерлі экранды тұрғызу тәсілдерін.
§ 74. ТАУ БАУРАЙЛАРЫН ПроходКАЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тегіс тау баурайлары мен орташа тіктіктегі (I және II санатты) тау баурайларын проходкалау және шабақтау жөніндегі жұмыстарды орындау, тік баурайлардағы (III санатты) қосалқы жұмыстарды орындау. Тау баурайларының жай-күйін қарау, баурайларды ілініп қалған кен жыныстары кесегінен қол және механикаландырылған құралдың көмегімен шабақтау. Кен массасын жинау, жұмыс өндірісі орнын тазарту. (I және II санатты) тау баурайларында ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу. Құрылғыларды анағұрлым біліктілігі жоғары тау баурайларын проходкалаушының басшылығымен монтаждау. Құрылғылар мен жүктерді ілмектеу және такелаж айлабұйымдарының көмегімен және қолмен олардың орнын ауыстыру. Болт қосындыларын бекіту. Бетон қоспалары мен ерітінділерді әзірлеу. Құрылғыларды монолиттеу. Шығырларға қызмет көрсету, такелаж айлабұйымдарын бөлшектеу және түсіру. Қоршауға және топтық сақтандыруға қатысу.
Білуге тиіс: кен қазбаларының негізгі қасиеттерін; тегіс және орташа тіктіктегі тау баурайларын проходкалау, шабақтау және бекіту тәсілдерін; қолданылатын электр және пневматикалық құралдың, айлабұйымдар мен альпинистік жабдықтардың түрлерін нысаны мен құрылымын; қолданылатын материалдардың сұрпы мен сипаттамаларын; құрылғыларды, бұйымдарды, құрал мен монтаж айлабұйымдарын тасымалдау, қоймалау, ілмектеу ережесін; құрылғыларды бекіту тәсілдерін; тік баурайларды (III санатты); жұмыс өндірісі ережесін; жеке және топтық сақтандыру тәсілдерін; альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың I деңгейінде.
§ 75. ТАУ БАУРАЙЛАРЫН ПроходКАЛАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік баурайлардағы (III санатты) проходкалау және шабақтау жөніндегі, жұмыстарды орындау, (I және II санатты) құрылғыларды монтаждау жөніндегі жұмыстарды орындау. Орнықсыз жартас баурайларын қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, оларды әзірлеу және құлату. Тегіс және тіктігі орташа тау баурайларында массасы 5 т дейінгі болат, бетон және темірбетон құрылғыларын монтаждау және электрмен пісіру, тік баурайлардағы (III санатты) құрылғыларды монтаждауға қатысу. III санатты баурайларда ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу. Тас ұстаушыларды монтаждау кезінде арматура, сетка және тросс тарту. Жару жұмыстарымен байланысты есем оқпандарды бұрғылау. Такелаж және көтеру құрылғылары мен механизмдерін орнату және бекіту. Коммуникациялардың орналасу сызбасын мен баурай рельефінің эскиздік түсірімін жасау.
Білуге тиіс: құрылғыларын монтаждау және электрмен пісіру, тік баурайлардағы оқпандарды бұрғылау жұмыстары өндірісі технологиясын; такелаж және көтеру айлабұйымдарын І - III санатты баурайларда қабылдау, орнату және бекіту тәсілдерін; пневматикалық бұрғылау қондырғысының құрылымын және онымен жұмыс ережесін; қауіпсіз жұмыс өндірісі, барлық санаттағы баурайларда сақтану және өзін өзі сақтандыру ережесін; тау баурайында жұмысты ұйымдастыру жолдарын; электр, газбен пісіру жұмыстарын жүргізу ережесін, орындалатын жұмыс шегінде; альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың I деңгейінде.
§ 76. ТАУ БАУРАЙЛАРЫН ПроходКАЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше тік баурайлардағы (IY санатты) проходкалау шабақтау және бекіту жөніндегі жұмыстарды және тік және ерекше тік баурайлардағы (III – IV санатты) бұрғылау жұмыстарын орындау. Шпурлар мен оқпандарды белгілеу және бұрғылау. Жартас негіздемелерінің сынбаларын анкерлермен және тростармен бекіту. Ерекше тік және тік баурайлардағы қауіпті учаскелерін қауіпсіз жағдайға келтіру тәсілдерін таңдау. Ірі габаритті құрылғылар мен III – IV санатты баурайлардағы массасы 5 т артық құрылғыларды монтаждау және электрмен пісіру. Такелаж жабдығы мен айлабұйымдарды ерекше тік тау баурайларында құрастыру, орнату және алу. Күрделі жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізу.
Білуге тиіс: тау баурайларын проходкалау жөніндегі жұмыстарды орындау процесінде күрделі монтаж жұмыстарын атқарудың тәсілі мен ережесін; ерекше тік баурайларда ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу тәсілдерін; барлық санаттағы тау баурайларында шпурлар мен оқпандарды белгілеу және бұрғылау ережесін; жартас негіздемелерінің сынбаларын бекіту тәсілдерін; электрмен, газбен пісіру, жару және слесарь жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен ережесін, орындалатын жұмыс шегінде; тауда құтқару жұмыстарын жүргізудің негізгі тәсілдерін; биіктіктегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын; альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың I деңгейінде.
§ 77. ТАУ БАУРАЙЛАРЫН ПроходКАЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кері еңісті тау баурайларда проходкалау, шабақтау жөніндегі жұмыстарды орындау. Тау баурайының ерекше күрделі және ерекше қауіпті жерлерін әзірлеу және сынамалау, қауіптілік дәрежесін анықтау, және III - IV санаттағы алдағы жұмыс учаскелерін қауіпсіз жағдайға келтіру.
Білуге тиіс: кен жыныстарының геологиялық сипаттамасын, олардың физикалық-механикалық қасиеттерін; элементарлық топография мен геология негіздерін; барлық санаттағы тау баурайларында жару жұмыстарын жүргізу ережесін; кері еңісті баурайларда монтаж және такелаж жұмыстарын жүргізу ережесін; альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың I деңгейінде.
Ескертпе:
1. Тау баурайларының I санаты - өсімдік және сынықтарының мөлшері 30 см дейінгі тас ұсақтарымен жабылған және жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 300 дейінгі, жүруге және жүктерді қосымша бекітпелер мен тіреусіз тасымалдауға мүмкіндік беретін тегі тау баурайлары.
2. Тау баурайларының II санаты – кертпеш, сүйір ұштары, жарықтары көп, өсімдікпен, сондай-ақ сынықтарының мөлшері 1 м дейінгі тастармен жабылған, жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 450 дейінгі, тіктігі 300 дейін жететін, қол тіреуімен жүріп тұруға болатын, ал жүк тасымалдау үшін жұмысшы жанына арнаулы бекітпе керек болатын жалаң жартастар.
3. Тау баурайларының III санаты – сүйір ұштары мен жарықтары онша көп емес, тақталары мен қабырғалары, түрлі іріліктегі сынықтары бар тас шашырандысы бар, тіктігі 450 -тен 600 дейінгі, жүріп тұру басқа жұмсышының сақтандыруымен немесе өз сақтануымен ғана мүмкін болатын жалаң жартастар.
4. Тау баурайларының IV санаты – жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 600 артық және кері тіктіктегі ерекше тік тау баурайлары.
§ 78. КӨШКІНГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНУ ЖҰМЫСШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тау баурайларына қар өлшейтін қадаларды шығару және оларды қар көшкіні ошақтарында орнату. Оқ-дәрілерді немесе жару заттарын тиеу және машиналардан түсіру. Тау баурайларына жару заттарын шығару және оларды жару орындарына жеткізу. Қар көшкіні стансаларына тамақ, жабдықтарды, құралдар мен аспаптарды, басқа да жүктерді көтеру. Тау баурайларындағы қардың орнықтылығы жай-күйін анықтау мақсатымен қардың механикалық және құрылымдық сипаттамасын зерттеу үшін шурфтарды қазу. Шығуға қиын аудандардың көшкін қауіптілігін зерттеу кезінде аспаптарды, құралды, шаруашылық заттары мен тамақты басқа жерге апару. Қар ұстайтын қалқандарды тиеу, түсіру, орнату және орнын ауыстыру, жөндеу.
Білуге тиіс: қар көшкіні стансасында немесе қар көшкініне қарсы қорғану цехтарында (қызметтерінде) жүргізілетін жұмыстардың жекелеген түрлері бой ынша арнаулы нұсқаулықты; қар көшкініне қарсы қорғану принципін; қар көшкініне қарсы және қар ұстайтын құрылғылардың құрылымын.
§ 79. КӨШКІНГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНУ ЖҰМЫСШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Геологиялық-кен барлау жұмыстары жүргізілетін аудандарда қар қабатының немесе көшкін қауіпті тау баурайларының жай-күйін қадағалау. Қар жиналған жерлерде вышка орнату. Қауіпті аймақта жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу және тіркеу, олардың белгіленген қозғалыс ережесін сақтауын бақылау. Бақыланатын аймақтағы қар көшкіні немесе қар құламасы туралы көршілес постыларға хабарлау. Авариялық байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Адамдар мен көлік құралары қар құламасына тап болған кезде белгі беру, құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Білуге тиіс: көшкін қауіпті жерлердің жайылу шекарасын; көшкінге қарсы қорғану жұмыстарын жүргізу, адамдарды құтқару және алып шығу жұмыстарын жүргізу ережесін; көшкін кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету шараларын; байланыс құралдарының, авариялық дабылдатқыш пен қолданылатын құралдардың жұмыс принципін, оларды пайдалану ережесін.
§ 80. ЖАРУ материалДАРЫН ТАРАТУШы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жару материалдары мен жару заттарын алу, оларды автокөлікке немесе арбаға тиеу, жеткізетін жерге дейін: базистік, карьерлік, жерасты және басқа да таратушы қоймаларға дейін ілесу. Жару материалдары мен жару заттарын түсіру және тапсыру. Құжаттарды ресімдеу. Жару материалдары бөліп салу, сақтау, кептіру, еріту. Жару материалдары мен жару заттарын жарамдылығын анықтау. Патрон таңбалау. От білтелі шнурды жасау және кесу. Жару материалдары мен жару заттарын беру, қалдықтарын қабылдау. Жарамсыз жару материалдарын сынауға және жоюға қатысу. Жару материалдарының келіп түсуі мен шығысын есепке алу. Көпіршесінің қарсылығы мен тұтастығына қарай электр детонаторларды іріктеу. Патрондарды буып-түю, жәшіктер мен пакеттерге салу. Гильзалар мен пакеттерге гидро оқшаулау заттарын сіңіру. Жару материалдары мен жару заттарының олардың қоймаларға келіп түсуіне және жасалған уақытына қарай, кезектілігін бақылау. Шашыраңқы жару заттарын қайталап ұнтақтау үшін бөліп салу. Жару материалдарынан босаған тараны базистік қоймаға қайтару. Тұтату трубкаларын жасау және таңбалау.
Білуге тиіс: жару материалдары мен жару заттарының үлгілерін мен қасиеттерін; жару материалдары мен жару заттарын сақтау, беру, сынау және жою, оларды жоғарыға, шахта оқпаны бойынша және қоймаға дейін тасымалдау ережесін; нитроглицеринді жару материалдарын еріту, аммиакты-селитралық жару материалдарын кептіру, оларды патрондау және нөмірлеу ережесін; жару материалдары мен жару заттарын есепке алу жүйесі мен тәртібін; қоймалардың құрылымын; қоймаларды жарықтандыру және оларды күзету ережесін; өртсөндіргіш құрылымын және оларды пайдалану ережесін; жару жұмыстарын жүргізу ережесін.
Жерасты қоймаларында тәулігіне 1 т артық және үстіңгі қоймаларда 10 т артық беру кезінде - 4-разряд.
§ 81. ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ слесарь
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым машиналардың, тораптар мен механизмдердің, таратып бөлу құрылғыларының механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерге қоршаулар мен қаптаулар жасау және оларды жөндеу кезіндегі электр- газбен пісіру жұмыстары. Қызмет көрсететін жабдықты бояу, жазба түсіру, майлау. Май сынамасын іріктеу және оны ауыстыру. Пневматикалық құралды бөлшектеу, құрастыру, жуу, сынамалау, майлау, қабылдау, тапсыру және профилактикалық жөндеу. Такелаж және ілмектеу жұмыстарын орындау. Қарапайым бөлшектерді 12-13-квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу және дайындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің нысанын, техникалық сипаттамасын, оларға техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемін; слесарлық және монтаж ісі негіздерін; машиналардың күрделі емес кинематикалық сызбаларын; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды; металлдар мен бөлшектерді өңдеудің тәсілдері мен жолдарын; күрделі емес металл конструкциялары мен механизмдерді монтаждау тәртібін; қолданылатын бақылау-өлшеу жабдықтары мен аспаптарының нысанын, пайдалану ережесін; такелаж және ілмектеу жұмыстарын орындау ережесін; кен қазбаларының атауларын және орналасуын, олар бойынша қозғалыс ережесін; цехтағы жарық, белгі және иіспен белгі беру жүйелері мен ережесін; дыбыстық және көрінетін белгілерді қабылдау мен беру ережесін; биркалы жүйе ережесін.
Достарыңызбен бөлісу: |