Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым



бет5/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жұмыс үлгілері.


1. Булы-су арматурасы – бақылау-өлшеу аспаптарын: амперметрлерді, вольтметрлерді, манометрлерді ауыстыру және желіге қосу.

2. Төмен кернеулі электр жарық беру және белгі желісі арматурасы - аспаптарды, светильниктерді, дыбысты белгі құрылғыларын, рубильниктерді, ажыратқыштарды және т.б. монтаждау және орнату.

3. Телефон аппараты – жөндеу.

4. Електер – электр жабдығын, есептеу аспаптарын орнату; түгендеу және техникалық қызмет көрсету.

5. Жармалаушылар – электр жабдығын орнату және техникалық қызмет көрсету.

6. Икемді, броньдалған кабельдер - төсеу, ілу, бекіту, құрғақ дайындау, төмен кернеулі кабельдердің ұштарын пресстеу.

7. Компрессорлар – электр жабдығын аппараттарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету.

8. Ленталы конвейерлер – электр қозғағыштарды орнату, ауыстыру және желіге қосу.

9. Қырғыш конвейерлер - электр қозғағыштарды орнату, ауыстыру және желіге қосу.

10. Контакторлар, қосқыштар – контактілерді ауыстыра отырып бөлшектеу және құрастыру.

11. Насостар - электр қозғағыштарды желіге қосу, жерге қосудың дұрыстығын тексеру, техникалық қызмет көрсету.

12. Бірінші жармалаудағы қоректендіргіштер – электр жабдығын орнату және техникалық қызмет көрсету.

13. Сақтандырғыштар – қайта зарядтау.

14. ПМ үлгісіндегі қосқыштар – контактілермен катушкаларды ауыстыра отырып жөндеу.

15. Светильниктер – жөндеу.

16. Бұрғы қондырғылары – электр жабдығына техникалық қызмет көрсету.

17. Желдеткіш қондырғылары – электр жабдығына техникалық қызмет көрсету.

18. Электр аппараттары мен электр машиналарының шунттары, пышақтары, ұштары мен перемычкалары – дайындау және орнату.

19. Жарықтандыру щиттері, рубильниктер мен магнитті қосқыштардың контактілері – жөндеу.

20. Төмен вольтті электр жабдықтары – подшипниктерін ауыстыра отырып бөлшектеу, құрастыру, орнату және желіге қосу.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электр слесарінің басшылығымен жұмыс орындау кезінде– 2-разряд.
§ 88. ЖАБДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа машиналардың, тораптар мен механизмдердің, жоғары вольтті подстанса жабдығының электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Электр күштік қондырғыларды жерге қосу және нөлдеу. Электр жабдығының изоляциясын тексеру және жоғары вольтті қозғағыштары мен трансформаторларды кептіру. Икемді кабельдер мен конвейер ленталарын жөндеу, дайындау, вулканизациялау. Топтық прожекторлы жарықты жөндеу, қосу муфталарын ауыстыру. Автоматтандырылмаған шамханалардағы электротехникалық жабдықты қарау және жөндеу. Таратып бөлу құрылғыларын, электр қозғағыштардың, трансформаторлардың, генераторлардың, тежегіш электромагниттерінің жұмысын қадағалау және бақылау. Қайта құру қондырғыларына, подстансаларға, дабыл, орталықтандыру, рельс транпорт құралдарын блокировкалау және автоматты светоформен блокировкалау құралдарына техникалық қызмет көрсету. 1000 В дейінгі электр құралдарын сынау. Жөнделген электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды сынау.

Білуге тиіс: техминимум көлеміндегі электротехниканы; қызмет көрсететін электр жабдығын монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынау және баптау тәсілдері мен ережесін; электр машиналарының құрылымы мен нысанын; қосуды реттеу аппаратурасының құрылымы мен монтаж сызбаларын; жоғары кернеулі токты қосу және алу ережесін; цехтық таратып бөлу құрылғылары мен подстансаларды коммутация сызбаларын; электр қозғағыштардың статорлық және роторлық обмоткаларын қосу сызбасын; жөнделген электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды сынауға арналған техникалық шарттарды; электротехникалық қондырғылардағы жұмыс ережесін; электр жабдығын баптау және сынамалық қосу нұсқаулығын; жерасты кен қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттарда, металды өңдеу технологиясын және электрогазбен пісіру жұмыстары өндірісі; жерасты кен қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттардағы электрогазбен пісіру жұмыстары өндірісі жөніндегі; жерге қосу құрылғысы жөніндегі; газды шахталар мен кеніштердегі тұйық орындарда электр энергиясын пайдалану жөніндегі; шахталық икемді кабельдерді қарау, жөндеу және сынамалау жөніндегі; жарылыс қаупі жоқ кеніш электр жабдығын қарау және түгендеу жөніндегі нұсқаулықтарды.

Жұмыс үлгілері.

1. Қосуды реттеуші аппаратура – бөлшектерін жеткере немесе қалпына келтіре отырып бөлшектеу, құрастыру.

2. Жоғары вольтті майлы ажыратқыштар – профилактикалық қарау, жөндеу.

3. Електер – электр жабдығын жөндеу.

4. Электрлі драгалар – қызмет көрсету, жөндеу және сынау.

5. Жармалаушылар – электр жабдығын монтаждау және баптау.

6. Икемді, броньдалған, төмен және жоғары вольтті кабельдер - сақина және қосу муфталарын орната отырып жөндеу.

7. Ленталы конвейерлер – басқару және дабыл жүйесін жөндеу.

8. Қырғыш конвейерлер - басқару және қорғау жүйесін монтаждау және жөндеу.

9. Кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары, шығырлар – электр жабдығын монтаждау және түгендеу, электр қозғағыштарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

10. Пластинкалы қоректендіргіштер – теристорлық қайта құрушыларды монтаждау және жөндеу.

11. Барлық үлгідегі разрядниктер – жөндеу, сынау.

12.Электрлі реакторлар, электрлі машиналардың зәкірі, контроллерлері, барлық үлгідегі релелер – бөлшектеу, жекелеген элементтерін ауыстыра отырып жөндеу, монтаждау.

13. Ағынды-тасымал жүйелері – технологиялық және резервтік қорғауларды, датчиктерді, храпты тоқтату электромагниттерін, соңғы ажыратқыштардың жұмысын, электроблокировка жай-күйін тексеру.

14. Автоматты телефон стансалары - жөндеу, баптау және қызмет көрсету.

15. Ток қабылдағыштар – жаңаларын құрастыру және түзете отырып жөндеу.

16. Электровоздардың ток қабылдағыштары, фаза ұлғайтқыштары – алу.

17. Трансформаторлар мен таратып бөлу құрылғылары - түгендеу.

18. Аспирациялық қондырғылары – электронды платалар мен электр жабдығын жөндеу.

19. Желдеткіш қондырғылары – электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету.

20. Жарықтандыру щиттері, рубильниктер мен магнитті қосу контактілері – жөндеу.

21. Экскаваторлар - электр жабдығын монтаждау, бөлшектеу және жөндеу.

22. Жоғары вольтті электр қозғағыштар - подшипниктерді, щеткаұстауыштарды, щеткаларды бөлшектеу, құрастыру, ауыстыру, коллекторларды жөндеу.
§ 89. ЖАБДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматты қондырғылардың, телемеханика құралдарының электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Басқару құралдарын монтаждау және жөндеу. Жоғары жиіліктегі телефондау блоктарын монтаждау және баптау. 1000 В жоғары кернеу кезінде электр қорғанысы құралдарын сынау. Жылжымалы және стационарлық қондырғылардың автоматты басқару және реттеу сызбаларындағы ақауларды анықтау және жою. Токтың жерге кетуінен қорғаныс аппараттарының белгі беру мерзімін және фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары ток қорғанысы шамасын тексеру.

Білуге тиіс: радиотехника, телемеханика, автоматика, радиоэлектроника негіздерін; автоматика және телемеханика құралдарының құрылымын; электротехникалық ережелер мен нормаларды; электромонтаж сызбаларын жасау ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың сызбасын және оны энергиямен қоректендіру жүйесін; машиналардың, аппараттардың, аспаптардың электр бөлігінің жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілерін; кабельдер мен электротехникалық материалдар сыныптамасын; кабельдердің изоляциясын, сыйымдылығы мен омикалық қарсылығын өлшеу және сынау ережесін, жөнделген жабдыққа арналған құжаттаманы жасауды; электр беру желілеріндегі жұмыс өндірісі әдістерін; электр қорғанысы құралдарын сынау ережесін; электр қондырғыларында жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрған электр қондырғысын қадағалау тәртібі күрделі электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды реттеуге және сынауға арналған. техникалық шарттарды.

Жұмыс үлгілері.

1. Механизмдердің жұмыс режимін басқару және бақылау диспетчерлік пультінің аппаратурасы –электроника элементтерін профилактикалық қарау, монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, техникалық қызмет көрсету; қосу кабельдерін жөндеу; басқару сызбасын монтаждау және баптау.

2. Жылу жеткізгіштің (ыстық су мен будың) жұмсалуын бақылау аппаратурасы - жөндеу, баптау, техникалық қызмет көрсету.

3. Қосуды реттеу аппаратурасы – монтаждау, баптау, ыңғайлау.

4. АСУТП жүйесі аппаратурасы - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

5. Квазиэлектронды АТС – тораптары мен блоктарын монтаждау, ыңғайлау.

6. Жоғары жиіліктегі блоктар, передатчиктер мен қабылдағыштар, радиостансалар мен байланыс радиорелелі аппаратурасы - монтаждау, баптау.

7. Жоғары вольтті майлы ажыратқыштар – профилактикалық қарау, жетектерді жөндеу; трансформатор майын ішінара немесе толық ауыстыра отырып күрделі жөндеу.

8. Жоғары вольтті кабельдер - қосу муфталарын орната отырып жөндеу.

9. Ленталы конвейерлер – басқару және дабыл жүйесін жөндеу.

10. Қырғыш конвейерлер - басқару және қорғау жүйесін монтаждау және жөндеу.

11. Кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары, көтеру машиналары – электр жабдығын жөндеу.

12. Магнитті қосқыштар – баптау, контактілерді, катушкаларды ауыстыра отырып жөндеу.

13. Электронды кернеу реттеуіштері, электронды реле, қоғаныс панельдері – электр параметрлерін қарау, тексеру, жөндеу.

14. Трансформаторлар мен таратып бөлу құрылғылары – түгендеу, баптау және жөндеу.

15. Турбогенераторлар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

16. Экскаваторлар, үйінді жасаушылар, тасымал – үйінді көпірлері –электр қозғағыштар мен редукторларды орталандыру, оларды теңгермелеу, монтаждау, жетектердің электр сызбаларын баптау.

17. Электр қозғағыштар, генераторлар, қосалқы электр машиналары, электр өлшеу аспаптары, топтық қайта қосқыштар мен олардың жетектері, контроллерлер мен барлық үлгідегі релелер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, электр тізбектері қосындыларының дұрыстығын тексеру.

18. Электр подстансалар мен цех ішілік таратып бөлу желілері, турбокомпрессорлар, басжелдету желдеткіштері, автоматика мен бақылау-өлшеу құралдарымен бір кешенді көтеру, мұздату қондырғылары - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, баптау және техникалық қызмет көрсету.

§ 90. ЖАБДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналар мен аппараттардың, бақылау өлшеу аспаптарының, автоматты жұмыс істейтін қондырғылардың, телемеханика құралдарының күрделі электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Электронды, телемеханикалық, радиорелелі аппаратураның, изотопты реленің, датчиктердің, реттемелі электр жетек жүйелерінің автоматты жүйелерін баптау және сынау. Бақылау, автоматтандыру және қорғаныстың барлық элементтерінің жұмысы мен өзара әрекеттерін сынамалау. Электр сызбаларындағы ауыспалы процесстерді осциллографирлеу және талдау, осциллограммалар бойынша жүктемені және жылдамдықты анықтау. Жартылай өткізгіш және микроэлектронды элементтердегі сызбаларды құрастыру және тексеру. Функционалдың блоктар мен сызбалардың нақты сенімділігін анықтау. Контактісіз элементтерде жиналған және 1000 В жоғары кернеуге арналған сызбаларды монтаждау, баптау және тексеру. Технологиялық жабдықтар мен механизмдерді энергиямен жабдықтау, автоматтандыру және қашықтықтан басқару жүйелеріндегі автоматика мен бақылау-өлшеу аспаптары элементтерін баптау және сынау. Басқару аппараттары мен стансаларының қоғаныс жүйесіндегі электроника элементтерін баптау және сынау. Электр драгаларды жөндеу және сынау, қызмет көрсету. Барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін теңгермелеу жүктемесін орната отырып динамикалық теңгермелеу.

Білуге тиіс: жартылай өткізгіш және микроэлектронды техникадағы, электронды және телемеханикалық аппаратура аппараттарының құрылымын; күрделі жабдықтар мен қондырғылар жұмыс принципінің конструктивтік ерекшеліктерін; күрделі электр машиналарын, аппараттарын, аспаптар жұмысын реттеу тәсілдері мен ережесін; электротехниканы, телемеханиканы, радиоэлектрониканы жұмыс істеуге қажетті көлемде; жоғары дәлдіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгермелеу жолдары мен тәсілдерін; электр қондырғыларын пайдалану ережесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері.

1. Жоғары вольтті камералардың аппаратурасы – изоляцияның қарсылығын өлшеу және аппараттардың өзара әрекетін тексеру.

2. Бу қазандықтарының жұмысын бақылау жөніндегі аппаратура - баптау, сынау.

3. Радиоизотопты аппаратура - технологиялық жабдыққа орнату және алу; ағымдық жөндеу, дозиметриялық, радиометриялық бақылау.

4. ТМ 320 үлгісіндегі телемеханика аппаратурасы-тораптар мен блоктарды монтаждау және ыңғайлау.

5. Генераторлар – орнату кезінде орталандыру.

6. Өздігінен жүретін кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары – электр жабдығының, автоматиканың, тиристорлық басқару сызбасының ерекше күрделі жүйелерін жөндеу, баптау, реттеу және кешенді сынау.

7. Автоматика және қашықтықтан басқару аспаптары - реттеу.

8. АСУТП жүйесі - телемеханикалық, радиорелелік және квазиэлектронды аппаратура сызбаларын баптау және сынау.

9. Жылдамдық өлшегіштер, есепшілер, кернеу регуляторлары, барлық үлгідегі электронды релелер, қорғаныс панельдері - реттеу және сынау.

10. Өнеркәсіптік теледидар қондырғылары - реттеу және кешенді сынау.

11. Электр шынжырлар – омикалық қарсылығын тексеру.

12. Күштік электр қозғағыштар: қосалқы электр машиналары, электр аппараттар мен электр аспаптар – сынау, теңгермелеу, стендіде сынау, сипаттамасын алу.

13. Теристорлық және жиілік реттейтін сызбалары бар басқару электр жетектері- монтаждау, баптау, тораптары мен блоктарын жөндеу, сынамалау.


§ 91. ЖАБДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр машиналар мен аппараттардың, автоматты қондырғылардың, телемеханика құралдарының күрделі басқару жүйелерін монтаждау, бөлшектеу, баптау, сынамалау және техникалық қызмет көрсету. Теристорлы қозғыш автоматты электронды блоктарын, электронды, телемеханикалық аппаратура жүйелерін, датчиктерді, асинхронды-синхронды реттемелі электр жетегін баптау және сынау; тізбектер мен аппараттар сызбаларын микропроцессорлық техниканы қолдана отырып жөндеу және қызмет көрсету. Бақылау, автоматтандыру және қорғаудың барлық элементтерінің жұмысы мен өзара әрекет етуін сынамалау, оларды жөндеу және баптау. Жетектердің электр сызбаларындағы ауыспалы процестерді осциллографирлеу және талдау. Жартылай өткізгіш элементтер мен микросызбалардағы сызбаларды құрастыру және тексеру. Аппаратураны микросхемалар мен логикалық элементтерді қолдана отырып монтаждау және баптау. Автоматтандырылған жетектер жүйесіндегі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және сынау. Жабдық сипаттамасын алу, техникалық құжаттаманы жүргізу, формулярларды толтыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін аппараттың жартылай өткізгіш техникасындағы, электронды және телемеханикалық аппаратурасындағы аппараттардың құрылымын; өздігінен жүретін кен машиналарының агрегаттары мен тораптарының күрделі жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктерін; микросхемалар мен электронды құрастыру құрылғыларының жұмыс принципін, үлгілерін; электротехниканы, телемеханиканы, осциллограммаларды түсіру ережесін, жұмысқа қажетті көлемде; қызмет көрсететін жоғары дәлдікті электронды-өлшеу аспаптарының құрылымын.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері.

1. Жылжымалы құрамның жоғары вольтті және төмен вольтті электронды аппаратурасы – тексеру, ақауларды жою және реттеу.

2. Бульдозерлер, жетекпен басқару блоктары – жөндеу, баптау, сынау.

3. Автоматтандырылған электр жетегі жүйесіндегі бақылау-өлшеу аспаптары – жөндеу, баптау.

4. Насос стансалары – электр жетегі теристорлық қозғыш электронды блоктарын баптау, сынау, жөндеу.

5. Шөмішінің сыйымдылығы әртүрлі экскаваторлардың бас электр жетектерін басқару панелдері мен блоктары – бөлшектеу, монтаждау, сынамалау, баптау және сынау.

6. Экскаваторлардың синхронды электр қозғағышын қосу және жұмысын басқару панельдері - бөлшектеу, монтаждау, баптау, осциллограмм аларды түсіру және жетектердің электр сызбаларындағы ауыспалы процестерді талдау.

7. Изоляцияны, ең жоғары ток қорғанысы және нөлдік қорғанысты бақылау аспаптары - баптау, жөндеу.

8. АСУТП жүйелері – монтаждау және микросхемалар мен логикалық элементтерді қолдана отырып баптау.

9. Турбокомпрессорлар – теристорлық қозғыш автоматты электронды блоктарын баптау және сынау.

10. Электр қозғағыштар – электр жетекті асинхронды-синхронды реттеуді баптау және сынау.

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі



р/с№

Осы бөлімде ораналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТБА шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7




1.

Шпурларды бұрғылаушы

1-7

Шпурларды бұрғылаушы

3-7

4

Жалпы тау -кен




2.

Әуе-канат жолының вагонетшісі

2

Әуе-канат жолының вагонетшісі

2

4

- " -




3.

Жарушы

2-6

Жарушы

2-6

4

- " -




4.

Үйінділердегі түсіруші

2-3

Үйінділердегі түсіруші

2-3

4

- " -




5.

Газ өлшеуші

1-2

Газ өлшеуші

1-2

4

- " -




6.

Гидромониторшы

3-5

Гидромониторшы

3-5

4

- " -




7.

Кен жұмысшыСЫ

1-3

Кен жұмысшыСЫ

1-3

4

- " -




8.

Геологиялық жұмыстардағы

кен жұмысшыСЫ



1-4

Геологиялық жұмыстардағы

кен жұмысшыСЫ



1-4

4

- " -




9.

Маркшейдерлік жұмыстардағы

кен жұмысшыСЫ



1-4

Маркшейдерлік жұмыстардағы

кен жұмысшыСЫ



1-4

4

- " -




10.

Тазарту забойының жұмысшысы

4-6

Тазарту забойының жұмысшысы

4-6

4

- " -




11.

Жерасты кен жұмысшыСЫ

1-4

Жерасты кен жұмысшыСЫ

1-4

4

- " -




12.

Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы кен жұмысшыСЫ

2

Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы кен жұмысшыСЫ

2

4

- " -




13.

Жол жұмысшысы

2-4

Жол жұмысшысы

2-4

4

- " -

14.

Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші

3

Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші

3

4

- " -

15.

Бекітуші

3-5

Бекітуші

3-5

4

- " -

16.

Бұрғыға май құюшы-ұста

4

Бұрғыға май құюшы-ұста

4

4

- " -

17.

Лампышы

2

Лампышы

2

4

- " -

18.

Люкші

2-6

Люкші

2-6

4

- " -

19.

Бульдозер машинисі

3-8

Бульдозер машинисі

3-8

4

- " -

20.

Бұрғы қондырғысының машинисі

1-6

Бұрғы қондырғысының машинисі

3-6

4

- " -

21.

Вибротиеу қондырғысының машинисі

4-5

Вибротиеу қондырғысының машинисі

4-5

4

- " -

22.

Әуе-канат жолының

машинисі



3-4

Әуе-канат жолының

машинисі



3-4

4

- " -

23.

Кен алу машиналарының машинисі

5-6

Кен алу машиналарының машинисі

5-6

4

- " -

24.

Конвейер

машинисі


2-5

Конвейер

машинисі


2-5

4

- " -

25.

Үйінді жасаушы машинисі

3-6

Үйінді жасаушы машинисі

3-6

4

- " -

26.

Үйінді көпір машинисі

5-6

Үйінді көпір машинисі

5-6

4

- " -

27.

Үйінді соқасының машинисі

3-4

Үйінді соқасының машинисі

3-4

4

- " -

28.

Тиеу машинасының

машинисі


4-6

Тиеу машинасының

машинисі


4-6

4

- " -

29.

Тиеу-жеткізу машинасының

машинисі


4-6

Тиеу-жеткізу машинасының

машинисі


4-6

4

- " -

30.

Өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі

4

Өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі

4

4

- " -

31.

Сынама алу машинасының машинисі

5

Сынама алу машинасының машинисі

5

4

- " -

32.

Проходкалау кешенінің машинисі

4-6

Проходкалау кешенінің машинисі

4-6

4

- " -

33.

Жол қозғағыш машинисі

3-5

Жол қозғағыш машинисі

3-5

4

- " -

34.

Еріту қондырғысының машинисі

2-3

Еріту қондырғысының машинисі

2-3

4

- " -

35.

Реактивті қондырғы машинисі

4-5

Реактивті қондырғы машинисі

4-5

4

- " -

36.

Өздігінен жүретін кабель жылжытқыш машинисі

3-6

Өздігінен жүретін кабель жылжытқыш машинисі

3-6

4

- " -

37.

Скрепер машинисі

3-7

Скрепер машинисі

3-7

4

- " -

38.

Скрепер шығырының машинисі

3-5

Скрепер шығырының машинисі

3-5

4

- " -

39.

Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі

3

Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі

3

4

- " -

40.

Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі

2-3

Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі

2-3

4

- " -

41.

Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі

4-5

Кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі

4-5

4

- " -

42.

Экскаватор машинисі

2-8

Экскаватор машинисі

4-8

4

- " -

43.

Шахта электровозының машинисі

3-5

Электровоз машинисі

3-5

4

- " -


44.

Желдеткіш қондырғысының моторшысы

1-3

Желдеткіш қондырғысының моторшысы

1-3

4

- " -

45.

Кен қазбаларын шабақтаушы

3-5

Кен қазбаларын шабақтаушы

3-5

4

- " -

46.

Пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау операторы

4-5

Пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау операторы

4-5

4

- " -

47.

Төңкеруші

2-3

Төңкеруші

2-3

4

- " -

48.

Проходкалаушы

4-6

Проходкалаушы

4-6

4

- " -

49.

Тау баурайларын проходкалаушы

3-6

Тау баурайларын проходкалаушы

3-6

4

- " -

50.

Көшкінге қарсы қорғану жұмысшысы

2-3

Көшкінге қарсы қорғану жұмысшысы

2-3

4

- " -

51.

Жару материалдарын таратушы

3-4

Жару материалдарын таратушы

3-4

4

- " -

52.

Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі

2-7

Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі

2-7

4

- " -

53

Оқпаншы

1-4

Оқпаншы

1-4

4

- " -

54

Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі

2-7

Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі

2-7

4

- " -


«БАЙЫТУ, АГЛОМЕРАЦИЯЛАУ, КЕСЕКШЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӘСІПТЕРІ» бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет