Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет31/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108

Білуге тиіс: үздіксіз мырыштау агрегаттарының, қыздыру пештері мен мырыштау астауларының құрылысы мен баптау тәсілдері; ыстық мырыштау кезінде қолданылатын металдар мен материалдардың негізгі қасиеттері; мырыштауға арналған балқыманың құрамы; флюстер мен тұнбаның қабат сапасына тигізетін әсері.

§ 78. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз мырыштау агрегаттарында табақ болат пен құбырларды ыстық мырыштау процессін жүргізу. Табақ болатты өңдеу сапасы мен табақтардың мырыштау машинасына дұрыс берілуін бақылау. Біліктілігі анағұрлым жоғары ыстық тәсілмен мырыштаушымен бірлесе отырып, үздіксіз болат таспаны балқытылған мырыш құйылған астауда, үздіксіз жұмыс агрегаттарында ыстық мырыштау процессін жүргізу. Диаметрі 1 мм астам тор мен сымды мырыштау. Электролит пен өңдеу ерітіндісін дайындау. Сым мен тордың астау арқылы өтуінің белгіленген жылдамдығын сақтау. Мырыштау агрегатын баптау. Мырыштау агрегатының жабдықтарын баптау және жөндеуге қатысу. Профильді металлопрокаттан жасалған ірі көлемді элементтерді және бекіту бөлшектерінің бұранда бетін балқытылған мырыш құйылған астауда, лекті механикаландырылған желілерде біліктілігі анағұрлым жоғары мырыштаушымен бірлесе отырып, ыстық мырыштау процессін жүргізу.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде үздіксіз жұмыс істейтін мырыштау агрегатының және лекті механикаландырылған желілердің кинематикалық, электр схемалары және агрегатты баптау ережесі; мырышты балқыту температурасы және балқытылған мырыш температурасының қабат қалыңдығына тигізетін әсері; орындалатын жұмыс көлемінде мырыш пен мырыштау үшін қолданылатын химикаттардың физикалық және химиялық қасиеттері; табақтар мен болат сымның ақаулықтарының түрлері мен бетін сапасын дайындау себептері.

§ 79. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз болат таспа мен болат сымды үздіксіз жұмыс агрегаттарында балқытылған мырыш құйылған астауда ыстық мырыштау процессін жүргізу. Патенттеу және мырыштау процестерін қоса орындайтын агрегаттарда жоғары көміртектелген болат сымды мырыштау. Астау температурасын реттеу және мырыштау сапасын бақылау. Мырыштау агрегатын, жолақты салқындату және майлау жабдықтарын баптау. Профильді металлопрокаттан жасалған ірі көлемді элементтерді және бекіту бөлшектерінің бұранда бетін балқытылған мырыш құйылған астауда, лекті механикаландырылған желілерде ыстық мырыштау процессін жүргізу.

Білуге тиіс: жолақ бетін, металлопрокат пен бекіткіштің бұранда бетін мырыштауға дайындау тәсілдері; қабатты ыстық мырыштау және кейіннен өңдеу және таспа мен сымды ажырату процессі; бақылау-өлшеу аспаптары мен мырыштау агрегаты автоматикасының құрылысы.

§ 80. ДИФФУЗИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ-ХРОМДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен құбырларды мырыштауға (хромдауға) термодиффузиялық тәсілмен дайындау. Бөлшектерді жәшіктерге салу, шикіқұрамды себу және тығыздау. Бөлшектері бар жәшікті термодиффузиялық құрылғыға салу. Термоөңдеуден кейін жәшікті құрылғыдан, ал бөлшектерді жәшіктен алу. Құбырға шикіқұрам толтыру және оны құрылғыға салу. Термоөңдеуден кейін құбырды термодиффузиялық құрылғыдан алу, шикіқұрам мен қақты алып тастау, құбырдың сыртқы бетін тазалау және эпоксидті шайырмен қаптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; құбырды мырыштау және эпоксидті композициямен қаптауға дайындау ережесі; бөлшектерді жәшіктерге салу және олардың онда орналасу процессі; мырыштауды дұрыс жүргізу үшін шикіқұрамды жәшіктер мен құбырларға салу тығыздығы.

§ 81. ДИФФУЗИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ-ХРОМДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі бөлшектерді (фланецтер мен болттарды және т.б.) термодиффузиялық тәсілмен мырыштау. Тура және қисық сызықты құбырлардың ішкі бетін термодиффузиялық тәсілмен мырыштау (хромдау). Құбырлар мен бөлшектердің бетін мырыштауға дайындау сапасын бақылау. Жаңа шикіқұрам дайындау және қолданылғанның құрамын жаңарту. Мырыштау құбырларының сыртқы бетіне жағу үшін эпоксидті композицияны рецепт бойынша дайындау.

Білуге тиіс: арнайы құрылғылардың құрылымы; мырышталған құбырлар мен бөлшектердің сұрыптамасы және оларға қойылатын талаптар; шикіқұрамның құрамы; шикіқұрамды мырыш тозаңымен жаңарту мөлшерлемесі; эпоксидті композиция құрамы; бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

§ 82. ДИФФУЗИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН МЫРЫШТАУШЫ-ХРОМДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тура және қисық сызықты құбырлардың және әртүрлі бөлшектердің ішкі бетін термодиффузиялық тәсілмен мырыштау (хромдау). Құбырлар мен бөлшектердің бетін мырыштауға дайындау сапасын бақылау. Термодиффузиялық құрылғының жұмысын бақылау, құрылғы жұмысындағы ақаулықтарды реттеу және жою. мырыштау (хромдау) ақаулықтарын анықтау және оларды жою. Жұмыс режимін қол режимінен автоматтық режимге ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың орындалатын жұмыс көлеміндегі электр схемалары; термодиффузиялық құрылғылар мен аппаратураның, қызмет көрсетілетін құрылғының құрылысы; құбырларды қабат қалыңдығына байланысты мырыштау режимі; құрылғы жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.

§ 83. ЭЛЕКТРОЛИТ ПЕН ФЛЮСТІ ӘЗІРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ыстық қалайылау үшін флюсті технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес дайындау. Астауға мырыш салу, тұз қышқылын құю, және реакцияның дұрыс жүруі мен флюс алуды бақылау. Флюс пен сульфиттелген тұнбаны дайындау сапасын сыртқы түрі және басқа да белгілері бойынша айқындау. Мырышты, сондай-ақ сульфиттелген тұнбаны тұз қышқылында еріту үшін сандық пропорция құру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаты; флюс пен сульфиттелген тұнбаны дайындау процессі; флюсті, қышқыл мен тұнбаны талдау әдістері; химикаттарды қолдану ережесі.

§ 84. ЭЛЕКТРОЛИТ ПЕН ФЛЮСТІ ӘЗІРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майсыздандыру, өңдеу, қалайылау және пассивтеу электролиттерін дайындау. Жоғары жылдамдықты қалайылау агрегаттарына және орталықтан майлау құрылғысына қызмет көрсету. Қалайылау электролитінің қалпына келтіру берілуін, буландыру мен сүзгіден өтуін, сондай-ақ ерітінділер мен электролиттердің уақтылы ағып кетуін, мақта майы мен ауаның берілуін бақылау. Вакуум-аппараттардың, жылу алмастырғыштар мен сүзгілердің, сорғылардың құбыр ауа үрлегіштер мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын бақылау. Бактар мен ыдыстарды жуу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет