Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
77 ~
14. Педиатриядағы науқастарды оқыту
 
Екпе (вакцинация) 
 
 
Соңғы ғасырларда екпе егу миллиондаған балаларды 
полиомиелит пен қызылша сияқты аса қауіпті аурулардан құтқарды. 
Мейіргер баланың иммунитетін көтеру қажеттілігін, баланы жұқпалы 
аурулардан қорғау шарасы ретінде екпе егудің маңыздылығын, өлім 
қаупінен аулақ болу мүмкіндігін түсіндіре алады. Көптеген ата-
аналар екпеден кейінгі жанама әсерлерден қорқады, бірақ әдетте олар 
шамалы ғана әсер етеді және бұл әсерлер екпе егуге кедергі болмауы 
керек. Егер үлкен масштабты екпе егу бағдарламалары тоқтатылса, 
ондаған жылдар бойы бақылауда келе жатқан аурулар нәтижесі 
өліммен аяқталар еді. Екпе егу балаларды бүгін ғана емес, қазіргі 
таңда да қорғайды, иммунитетті көтеру бағдарламасы болашақ 
ұрпақты қорғау үшін қажет. Мәселен, қазіргі уақытта балаларға 
шешек ауруына қарсы екпе егу қажет емес, өйткені көптеген жылдар 
бойы екпе егуден кейін ауру жойылды. Соңғы рет табиғи шешек 
ауруы Сомалиде 1977 жылы ашылды. Сәбилер мен балалар екпе 
қабылдауды жалғастырса, болашақта бізге шешек, менингит және 
қызылша сияқты аурулар туралы алаңдамауға болады.


~
 
78 ~
Балалардағы жөтел
Жөтел – бұл тыныс жолдарын шырыштан, шаң мен кірден 
қорғауға көмектесетін салауатты рефлекс. Мейіргер жөтелдің 
бактериялық немесе вирустық аурулармен, мысалы, тұмау және баспа 
(круп) сияқты, дыбыстық аппарат пен трахеяның ісінуін 
тудыратындығын анықтай алады. Жөтел ұзақ уақытқа созылса, 
демікпе және пневмония сияқты, тіпті жүрек патологиясы сияқты 
күрделі аурулардың белгісі болуы мүмкін. Егер жөтел вирустық 
инфекциямен байланысты болса, ата-аналар баланы вирустың 
таралуын болдырмауға көмектесу үшін қолға емес, шынтақ немесе 
иыққа қарай жөтелуді үйретуі керек. Жөтелден болатын тітіркенуді 
және 
ісінуді 
жеңілдету 
үшін, 
мұрынға 
арналған 
тұзды 
шашыратқыштар немесе мұрын тамшылары және бөлмедегі 
ылғалдандырғыштарды, әсіресе түнде, қолдануға болады. Сонымен 
қатар, ментол мен эвкалипт бар сыртқа пайдалану үшін арналған 
арнайы бальзамдар мен майларды қолдануға болады, бірақ көзге 
тигізбей, тек 2 жастан асқан балаларға және зақымдалмаған теріге 
жағу керек. Балға аллергия болмаған жағдайда, бұл өнімді ұйықтар 
алдында қолдануды ұсынуға болады. Ата-аналарға дәрігердің 
кеңесінсіз, баласына жөтелге қарсы дәрі-дәрмек бермеу керектігін 
ескерту қажет, олар нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті болуы 
мүмкін. Сондай-ақ қандай жағдайларда болмасын, міндетті түрде 
дәрігерге хабарласу керектігін ұмытпаңыз. Егер бала: 
- нәресте 2 аптадан астам уақыт жөтелсе, ал егер балаға 1-2 ай 
болса, онда бірнеше сағат
- тұншығу немесе тыныс алудың жиілеуі байқалады
- жөтелмен бірге жоғары дене температурасы бар
- бетте, ерінде немесе тілде көгілдір рең пайда болса
- үздіксіз жөтел, дем шығарған кезде сырылдың болуы [56]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет