~
80
~
Егер кез-келген медициналық көмек
алу кезінде анасы емізе
алмаса, онда әр 2-3 сағат сайын 10-15 минут ішінде нәрестені
тамақтандыру үшін кеуде сорғысының (молокоотсос) көмегімен
емізуді қамтамасыз ету қажет [57].
15. Тырысу синдромы кезінде пациенттерді оқыту
Тырысулар – бұл мидың патологиялық электрлік белсенділігі.
Көптеген құрысулар қысқа уақытқа, бірнеше секундтан бірнеше
минутқа созылады. Тырысулардың ең көп таралған себептерінің бірі
– эпилепсия. Тырысулардың басқа да себептері:
бас жарақаты,
алкоголь немесе есірткі, қызба, ми ісігі немесе инфекция болуы
мүмкін. Мейіргер кейбір анализдерді
тапсыру мен белгілі бір
зерттеулердің қажеттілігін түсіндіре алады, мысалы, ЭЭГ
(электроэнцефалограмма),
компьютерлік
томография
немесе
магнитті-резонансты томография. Тиісті дозада дұрыс емдеу көптеген
адамдардың тырысуларын болдырмайды және қалыпты өмір салтын
жүргізуге
мүмкіндік
береді.
Емдеуші
дәрігер
препаратты
тағайындайды және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу үшін
реакцияны бақылайды. Мейіргер жаңа тырысулардың алдын алуға
қандай шаралар көмектесетінін айта алады:
- жеткілікті мөлшерде ұйқыны қандыру, алкогольден аулақ болу
және демалу әдістерін қолданып стресстен арылуды үйрену керек.
- Компьютер немесе электрондық
ойындарды ұзақ уақыт
ойнауға болмайды, себебі экранның жыпылықтауы тырысудың
басталуына әкелуі мүмкін.
-
Биік жерлерге, тауларға шығудан, жүзуден немесе жалғыз
тамақ жасаудан аулақ болу.
- тырысудың белгілері пайда болған
кезде дереу қауіпсіз жерге
барыңыз. Тырысу тоқтағаннан кейін дәрігерге қоңырау шалыңыз.
Сонымен қатар, мейіргер отбасы мүшелеріне тырысулар кезінде
өзін-өзі ұстау туралы кеңес бере алады: