~
82
~
Қорытынды
Оқу құралы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалаврлар
мен мейіргерлерге арналған. Оқу құралында пациенттерді оқытудың
негізгі
қағидалары, соның ішінде пациенттер мен олардың отбасы
мүшелерін тиімді оқыту үшін қажетті әр түрлі стратегия, әдістер мен
тәсілдері туралы ақпараттар қамтылған. Ең көп таралған аурулар мен
жағдайларды оқыту әдістері ұсынылған. Дәлелдерге негізделген
тиісті тәжірибе денсаулық сақтау саласында жақсы нәтижелерге қол
жеткізуге көмектесетін жан-жақты
және дәйекті ақпараттарды
қамтиды.
~
83
~
Тесттік тапсырмалар
1. Созылмалы аурулардағы өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаты
– бұл:
A. емдеу-сауықтыру мекемелерінде созылмалы аурулардың
алдын алу бойынша сәтті шаралар
B. тұтастай жүйе іске асыратын
берілген мақсатты функцияны
орындау үшін, денсаулық сақтау жүйесінің қасиеттерін жақсарту.
C. созылмалы ауруларды ерте анықтау бойынша емдеу-
сауықтыру мекемелері әкімшілігінің қызметі
D. пациенттер мен олардың отбасыларына ауруды түсіндіру
үшін қажетті ақпарат пен білім беру, сонымен қатар созылмалы
ауруды басқару және басқару дағдыларын қалыптастыру.
E.
емдеу-сауықтыру
мекемелерінің
негізгі
қызмет
көрсеткіштерін жақсарту
2. Оқытудағы көрнекілік (наглядность) – бұл:
A. Әңгіме, сұхбат
B. Көрсету (демонстрация)
C. Арнайы әдебиеттер
D. күтімге арналған заттар
E.
дәріс
3. Оқыту ортасы:
A. қабылдау бөлімшесі
B. пациенттің бөлмесі немесе палатасы
C. ем-шара қабылдау бөлмесі
D. аурухана дәлізі
E.
операция алды палата
4. Егде жастағы пациентті оқытудың ең қолайлы әдісі:
A. пікірталасқа негізделген оқыту
B. көрнекі кітаптар көмегімен оқыту