Білім беру ұйымының сипаттамасы
Орталық Азия Инновациялық Университеті 2021 жылғы 2 наурызда екі жоғары оқу орнын, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетті және Мардан Сапарбаев институтын біріктіру арқылы құрылды. Университеттің ректоры болып т.ғ. к., профессор А. С. Ажидинов тағайындалды. Заңды мекен-жайы: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, А.Сасбуқаев көшесі, №119 үй. Құрылтайшылары – Жұрынов Ғалымжан Мұратұлы, Сапарбаева Гулшара Сарсенгалиевна и Сапарбаев Марат Марданович. Меншік нысаны жеке болып табылады. Университеттің құрылтай құжаттары:
• «Орталық Азия инновациялық университеті» ЖШС -нің Жарғысы Қатысушылардың жалпы жиналысында 08.02.2021 жылы бекітілді және 2021 жылы 24 ақпанда тіркелді;
• БСН 210240037049;
• 2021 жылғы 24 ақпандағы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
• Мемлекеттік лицензия №KZ16LAA00025036
Орталық Азия Инновациялық Университеті өзін білім мен ғылым саласында инновацияларды құрып, оны табысты іске асыратын және білім мен жеке дамудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін оңтүстік өңірдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны ретінде танытады. Жоғары оқу орнында сапалы оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілі қамтамасыз етіледі, оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген, сабақтарды өткізудің интерактивті түрлері мен әдістері пайдаланылады, инновациялық технологиялар енгізілген, шетелдік озық тәжірибелер қолданылады, белгілі ғалымдар, профессорлар тартылады. Студенттердің бойында азаматтық және жоғары патриотизм сезімін тәрбиелеу, халық дәстүрлерін зерделеу, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру және оларды өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі басқаруға үйрету, үздіксіз жеке өсу қажеттілігін түсіну бойынша жүйелі және үйлестірілген жұмыс жүргізілуде.
Жоғары оқу орнының серіктестері Германия, Қырғызстан, Польша, Ресейдің жоғары оқу орындары болып табылады, олар: Халықаралық менеджмент және технологиялар академиясы (Германия); НОУ ВПО Заң ЖОО (Санкт-Питербург қ.); Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті (Ресей); Мәскеу қ. ГОУ ВПО математика және информатика ЖОО «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» (Ресей); Минск басқару ЖОО (Беларусь Республикасы); И. Арабаева атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Б. Осмонов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университеті. (Қырғызстан).
М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің үлкен жетістігі – білім беру саласындағы жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстанның 1 дәрежелі Алтын көшбасшысы құрметті атағының берілуі (2010 ж.).
ОЖСБ қорытындыларын саралау нәтижелері бойынша ЖОО Шымкент қ.ЖОО арасында 1-орын алады. 20 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің түрлі салалары үшін 12 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды, олар өздерінің қажырлы еңбектерімен мемлекет экономикасының дамуына лайықты үлес қосты және осы бағыттағы еңбектерін әлі де жалғастыруда.
Университетте оқу үдерісін сапалы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалған. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу үдерісі үшін қажетті оқыту нысандары мен қосалқы нысандарды, жеткілікті инфрақұрылымды, оқу процесін есептеу және ұйымдастыру техникасымен, оқу материалдарының жеткілікті санымен қамсыздандыру нысандарын қамтиды.
Университетте жастардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, оның мазмұнын байытуға, яғни студент тұлғасының шығармашылық дамуына жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Университеттің мәдени өмірі бай және алуан түрлі. Бүгінде ЖОО-да студенттік жастар комитеті, Қазақстан студенттер Альянсы, «Жасыл Ел» студенттік өзін-өзі басқару және жастар ұйымы, КТК командасы, «Эрудит», «Қыран», «Томирис», «Ерікті жастар» дебат клубтары, «Жас әдебиет», «Жас экономист» үйірмелері, «Марс» спорт клубы, «Жас дәурен» қуыршақ театры жұмыс істейді. Сондай-ақ, университетте старостат бар.
ЖОО миссиясы: инновациялық білім беру технологияларын дамыту және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Бағдары: тиімді басқару жүйесін ұстана отырып, оқытуда озық әдістерді, технологияларды пайдалана отырып, үздік жоғары оқу орындарының бірі болу.
ЖОО-да 2020 жылдың наурыз айынан бастап ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді. СМЖ енгізу Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (09/12/2019 жылғы № GA-KAZ-1773028 грант беру туралы келісім) және «ИСО енгізу агенттігі» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды (06/12/2019 №:КД-49-19 консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт). СМЖ енгізу шеңберінде қолданыстағы менеджмент жүйесін диагностикалау, қызметкерлерді оқыту, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ұйымдастырушылық және нормативтік құжаттама жиынтығын әзірлеу, ішкі аудит жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |