НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Өзін-өзі бағалау есебінде келесі нормативтік-құқықтық құжаттарға сілтемелер берілген:
ҚР «Білім туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы No 595 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережесі (№17657, 2018 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен (2018 жылғы 12 қазандағы №563 өзгерістер мен толықтырулармен) бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығымен (№521, 2018 жылғы 29 қыркүйектегі өзгерістермен) бекітілген Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережелері мен Іс-тәжірибе базасы ретіндегі ұйымдарды айқындау ережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы №574 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің типтік ережесі және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығымен бекітілген Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері;
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 (№231, 05.06.2020 өзгерістермен) бұйрығы,
КІРІСПЕ
Алдыңғы аккредиттеудің қолданылу мерзімінің аяқталуы сыртқы бағалаудан өту үшін негіз болып табылады.
Алдыңғы аккредиттеудің қорытындысы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Аккредиттеу Кеңесі отырысының 2017 жылғы 20 қарашадағы шешімі болып табылады, осыған сәйкес 6В01101/5В010300 - «Педагогика және психология» БББ (Куәлік № АB1407 от 20.11.2017 ж.); 6В01302/5В010200 - «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» БББ (Куәлік № АB1405 от 20.11.2017), 6В01201/5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ (Куәлік № 771, 23.05.2017 ж.); 6В01705 Шет тілі: екі шет тілі БББ (тіркеу нөмірі AB1408), БББ 6В01704 Қазақ тілі мен әдебиеті (6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) БББ (тіркеу нөмірі AB1406), 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау БББ (Тіркеу нөмірі AB1414) бойынша 3 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті деп танылды.
Өзін-өзі бағалау есебін жазу кезінде жұмысқа негізгі ішкі және сыртқы мүдделі тараптар тартылды – профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, университеттің АУП, жұмыс берушілер, серіктес ұйымдар.
Жоғары оқу орындарын оңтайландыру, Академик Мардан Сапарбаев институты мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттін біріктіру (02.03.2021 ж. № 04-09/3 бұйрық) нәтижесінде Орталық Азия Инновациялық университеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |