Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16


ІІ. 2. Абай шығармаларында мәдениетті білдіретін тілдік бірліктер



бет3/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

ІІ. 2. Абай шығармаларында мәдениетті білдіретін тілдік бірліктер
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім [10].
Бұл-өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге [10],-
дейді ол. Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады. Мұнда, сыншылдық басым. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады. Халыққа пайдалы емес, залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет