Таба алмадық еш адам
Біздің сөзге - ергенді.
Өмірдің ерін тауысып,
Білімсізбен алысып,
Шықтық міне белге енді...»-
деп, тоғышарлықтан адамдыққа, білімсіздіктен білімділікке қарай күрес жолында өткен өмірін баяндайды. Абайдың бүл ойлары «жақсылық ақиқатпен бірге болады, жамандық білімсіздіктің салдары», сондықтан да «өзіңді-өзің таны, өзіңді езің біл» деген этикалық принциптермен ұштасып жатыр [13].
Абайдың филосиялық, этикалық көзқарасында ерекше көңіл аударатын мәнді ұғым «өмір» мен «өлім» арасындағы мәңгі қайшылықты түсіну, түсіндіру, «Өлім деген не?», «Өмір деген не?», «Не өледі, не өлмейді?» деген сауалдарға ақын өз шығармаларында тиянақты жауап береді. «Өлім»деген ұғым туралы Абайдың ой толғамы, «Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды?» - деп, өлімнің мейірімсіздігін кесіп айтады. Әр адам өзінің бүгінгісі мен ертеңгісінің арақатынасын үнемі ойлап отыруының қажеттігін аңғарта келіп, ақын:
«Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп, өз замандастарын «өмір« мен «өлімнің» арасын түсінуге шақырады. Адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда, «өлім деген не?», «өмір деген не?», «не өледі», «не өлмейді? деген сауалға да ойшыл ақын өзінше жауап береді. Тіршіліктің белгісі - өсімдік пен малда да бар дей келіп, «Малда да бар жан мен тән, Ақыл сезім болмаса, Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?» дей келіп, «Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі. «Мені» мен «менікінің» мағынасы екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі» - деп, Абай табиғи артта қалған тәрбиелі ұрпақ (бала-шаға, немере-шөбере, олардың ұрпақтары - ұрпағымен мың жасау), рухани (ақындық, ғалымдық, муз., шығармашылдық т. б.), материалдық (ұрпағына қалдырған өз еңбегі мен жасалған мекен-жайлары) өлмес мұра болатынын аңғартады. «Мен» деген әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі, ал «менікі»деген оның тәні, оның еңбегімен жасалған, артта қалар дүние-мүлкі. Абайдың өзіне сөз берсек: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...» «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?»
Материалдық өмір - уақыттың еншісі. Ол бүгін бар, ертең жоқ. Рухани өмір - мәңгілік. Ол адамгершілікке, жақсылыққа, әділеттілікке, өркениеттілікке қарай дами бермек. Рухани дүние - жан мен санаға байланысты, адамгершілікке, адамдыққа тән болса, заттық, материалдық дүние Пендешілікке, өткіншілікке тән нәрсе. Адамның адамдығы оның шыншылдығында, әділеттілігінде, әрқашан дұрыстықты қолдап қостайтындығында екендігін Абай бүкіл шығармашылығына арқау етеді. «Әділет пен ақылға Сынатып көрген-білгенін, Білдірер алыс-жақынға, Солардың сөйле дегенін» - деп, кеңес берсе, екінші жағынан турасын айтпайтын, әділетті сүймейтін: «Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек, көп надан мойын бұрмас, Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас» деп, тентек, надан, әділетсіз, ақылсыз пенделерге ренжиді. Абайдың гуманистік этикасының, моралінің тағы бір ерекшелігі тек туған-туысқаныңа, дос-жараныңа ғана емес, тіпті, «дұшпаныңа да әділ бол» деуінде. «Досыңа достық - қарыз іс. Дұшпаныңа әділ бол. Асығыс түбі өкініш, Ойланып алмақ - сабыр сол». Дұшпанға әділеттік көзбен әділ қарауға, әділеттілік тұрғыдан бағалауға шақыру - әлемдік гуманизмнің тұғыры, төрі, биік шыңы. Білімділік пен надандықтың, өлім мен өмірдің, жақсылық пен жамандықтың, әділеттілік пен әділетсіздіктің арасындағы қайшылықтар туралы ойланған, толғанған ұлы гуманист ақын: «Мұны жаздым ойланып, Ойда бардан толғанып, Кірсе оқи бер, Бозбалалар қолға алып», - деп, жас ұрпаққа үміт артса, екінші жағынан: «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алар, зұлымға, Шиыршықатар, толғанар», -деп, Абай өзіне-өзі жүк артады. «Жарлы емеспін, зарлымын, Оны да ойла толғанып, Жұртым деуге арлымын, өзге жұрттан ұялып», -деп, еліне ескерту айтады[6].
Абайдың этикалық, моральдық, адамгершілік идеалы, мұраты, принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілімен: «Адал бол - бай тап, Адам бол - мал тап, Қуансаң қуан сол кезде» деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол» (қ. «Бес дұшпан» - Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ), «Бес нәрсеге асық бол» (қ. «Бес асыл іс» - Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахым). Абайдың пікірінше екі аяқпен тік жүріп, екі қолын әр түрлі іске пайдалана, жұмсай білгеннің, ойлай, сөйлей (ойлаудыңда, сөйлеудің де мағынасы өте көп) білетіндердің бәрі толық, шын, ақиқат, адамгершілік мәніндегі адам емес, тек, адамға ұқсас әлеум. жануарлардың түрі, кейпі, көрінісі. Саудасын жүргізу үшін, момынды алдау үшін алуан түрлі тәтті сөздерді айтатын саудагер мен («Ортақтық, тыныштық, достық қой, Оның қадірін кім білер? Әркімге-ақтілеу қостық қой, Бәрі алдамшы саудагер») дұшпанын жеңу үшін алуан түрлі зымиян қулық-сұмдық ойлайтын, тәсілдер қолданатын саясаткерлерде («Сұм-сүрқия - сұмдықпен еп берем деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп. Жүз қараға екі жүз аларман бар, Бас қатар бас-аяғын тексеремдеп»)т. б. ақыл, ой, пікір, қулық-сұмдық аз емес, адамгершілік аз.
Ойшыл ақынның талдауынша, толғануынша тек адамгершілікке тән адал қасиеттерді өміріне, ісіне, күнделікті күн көру іс-әрекетіне табиғи сіңдірген кісі ғана - нағыз адам. Демек, Абайдың этикалық көзқарасының түйіні, өзегі, арнасы, квинтэссенциясы гуманистік принцип: «Адам бол!» Бүл принцип грек философы Диогеннің күндіз шам жағып нағыз адамды іздеуінің қазақ сахарасындағы көрінісі. «Адам бол!» формуласының, қисынының, қағидасының мазмұны - «періште», «адам», «пенде», «шайтан» деген төрт ұғыммен ұштасып, ұшырасып, қабысып жатыр. Адам періштеге орай, пенде шайтанға орай өмір сүрген жандар. Абайдың арманы - әр қазақты, пендені адам ету, періштеге ұқсату, пенделік, шайтандық жолдан құтқару. Осы ойды айқындау үшін «періште» мен «шайтан» деген ұғымдарына және бүл ұғымдардың «пенде» мен «адам» ұғымдарына арақатынастарына жол-жөнекей тоқтала кетелік. «Адам» мен «пендені» жоғарыда біраз сөз еттік, «періште» мен «шайтан» туралы ұлы ойшылдың пікірі қандай? Соған ой жүгіртелік. Жалпы алғанда, «періште» алла мен адамның арасында жүретін таза, күнәсіз, ерекше жан. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалды Абай жек көреді, қазақтың қызыл сезінің бірі деп санайды.
Абай түсінігінде «періште» - ең адал, білімді, еңбекқор, әділ, мейірімді, рақымды адамның тіршіліктегі, қиялдағы мифтік бейнесі, образы. Періште туралы ойын қорыта келіп, Абай «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» дейді. «Періште алтынды не қылсын, пенде өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны». «Ол күнде нұрлы бейіс ішінде екен, Өзі де періштелер үстінде екен. Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп, Сәлемдесер, сөйлесер күшінде екен», - деп, «періште» деген ұғымның адамдардың ерекше бір түрі, адал, таза бейнесі екенін аңғартады. Пендені шайтандықтан құтқарып, адамдыққа айналдыру үшін Абай «шайтан», «шайтандық» деген ұғымдарға да тоқталады, «шайтанның шәкірті» болма дейді.
Абайдың түсінігінде шайтанын, ібіліс, алдамшы, әзәзіл, сиқыршы, адал жолдан арам жолға, әділ жолдан әділетсіз жолға бастаушы. «Қатыным қалай демес ақсақал бай, Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай! Қу қатының майысса, мәз боласың, Шайтанның шәкіртінің қылығына!» - деп, көп пенденің адамның баласы болмай, «шайтанның шәкірті» болып бара жатқанына қатты қиналады. Ұлы ойшыл ақын, гуманист, философ «періште», «адам», «пенде», «шайтан» деген ұғымдардың төңірегінде көп ойланған, толғана отырып, көп қиналған. Өз басы адамды періштеге қарай ұмтылтқысы, сүйрегісі, тартқысы келсе, пенделердің ез заманының адамын шайтандардың қатарына қарай сүйрейтініне қатты қынжылады [14].
«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Достарыңызбен бөлісу: |