Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет4/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы [10]?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды. Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады.
Тіл мен теңеу, түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады. Оларды ұйқастыра отырып, еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым» өлеңінде бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді. Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі. Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп, дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады. Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын, әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады. Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар. Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет