Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет11/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды несін жасырам[10], - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады.
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
Абай бірқатар шығармаларында халықты ерінбей еңбек етуге, адалдыққа үндей отырып, жұртшылықты алдау-арбаудан, өсек тасудан, ел кезіп ас аңдудан, еріншектіктен, орынсыз мал шашудан, біреуге қастық ойлаудан т. б. жағымсыз қылықтардан сақтандырады. Адам баласын тәрбиелеуге, оны ұнамсыз әдеттерден жирендіруге болатынына сенеді. Ақын Үшінші сөзінде қазақ арасында жиі болып тұратын әр түрлі дау-жанжал, билік айту мәселелері жайында ой толғайды. Билік айту үшін билер мейлінше әділ болумен бірге қазақтың байырғы әдет заңдарының жинағы «Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысында» айтылған қағидаларды, жаңа заман үшін олардың ескірген тұстарын да жақсы білулері қажет деген нұсқау ұсынады. Қазақтың ауыз әдебиетінде Қыдыр туралы аңыз-әңгімелер жиі кездеседі. Қыдыр халықтың ұғымынша - ел аралап жүрген адам, бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «бақыт», «дәулет» беруші. Шығыс ертегілері негізінде жазылған Абайдың «Масғут» поэмасында Қыдыр туралы аңыз келтірілген. Ақын «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде Алаша хан, Алаш ұранының және үш жүздің шығуы хақында тарихи деректерге сүйене отырып, құнды пікірлер айтады. Ахмет хан қалмаққа қарсы құрастырған қолын жүздеп үш бөлікке бөлгендіктен, сол топтардың негізіңде қазақтың үш жүзге бөлінуі қалыптасса керек деп топшылайды. Қазақ халқының үш жүзге бөліну себебі туралы әлі күнге дейін үзілді-кесілді ғылыми тұрғыда дәлелденген нұсқа жоқ. Дегенмен де Абай топшылауын сол кептеген нұсқалардың бірі деуге әбден болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет