Жүргізу о қулық


Дегаздану  — ластанған жерден уландырушы заттарды жою, бейтараптандыру. Демонтаж



Pdf көрінісі
бет109/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Дегаздану  — ластанған жерден уландырушы заттарды жою, бейтараптандыру.
Демонтаж — жиналмалы бірлікті немессе құрамдас бөлікті бекітілген 
(орнатылған) жерінен босатып алу.
Денсиметр — сұйықтықтардың (мысалы, электролиттің) тығыздығын өлшеуге 
арналған аспап.
Деталь — жиналмалы бірліктің жинау операциясын қолданбай әзірленген 
бұйымы.
Детальдарды қалпына келтіру — детальдарды техикалық талаптармен 
анықталатын қалыпты жағдайға келтіру жөніндегі технологиялық операциялар.
Детонация — іштен жанатын қозғалтқыш цилиндріндегі жұмыс қоспасының 
жарылыс түрінде жануы.
Дефектоскоп — бұйым материалдарының ішкі бетіндегі ақаулықтарды табу 
мен бағалауды бақылайтын құрал (аспап).
Джойстик — әрбір жұмыс қимылын бөліп таратқышты басқару тұтқасын 
ауыстыратын, батырмамен жабдықталған, заманауи машинаның барлық жұмыс 
қимылын біріктіріп басқаруға арналған тұтқа.
Диагностикалаумашинаның ақаулығын іздеу, техникалық жағдайын 
анықтау мен қорын болжау үдерісі.
Диагностикалық көрсеткіш (белгі)машина жиналмалы бірлігінің 
техникалық жағдайын бағалау көрсеткіші.
Диагностикалау құралдары — диагностикалық параметрлерді өлшеу және 
диагностикалау нәтижелерін өңдеуге арналған жабдықтар, аспаптар мен құралдар.
Диаграмма — шамалар арасындағы қатысымның графикалық көрінісі.
Дизельді қозғалтқыш  —жанармай мен ауадан жасалған ыстық қоспа цилиндр 
ішін сырттан тұтандырусыз жанатын қозғалтқыш, отынның жануы кезінде пайда 
болған жылу энергиясы механикалық жұмысқа айналады.


Дилер — техниканы сату және оған сервистік қызмет көрсетумен айналысатын 
кәсіпкер.
Домкрат — жүкті шағын биіктікке көтеруге арналған тасымалданатын тетік.
Дөңгелек — айналатын жиналмалы бірлік (пневмодөңгелекті машинаның 
элементі), құрсау мен дискіден тұрады, айналысты пневмодөңгелекті жүріс 
құрылғысынан береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет