сұйықтығы көмегімен жұмыс тетігіне әкелу үшін қайта жасайды және
тасымалдайды.
Гидромеханикалық трансмиссия — машина қозғалысына қарсылыққа
қатысты жылдамдықты сатысыз және бірқалыпты
өзгертуге арналған
гидротрансформатордан (ілінісі муфтасы орнына), беріліс қорабынан және
жетекші белдіктерден құралған жүйе.
Гидротаратқыш — машинаның гидрожүйесін
басқаруға арналған блоктық
құрылым тетігі.
Гидроцилиндр — поршеннің немесе циилндрдің қайтармалы-ілгері
қимылымен жасалатын гидрожетектің күш органы.
Гильза — детальды немесе жиналмалы бірлікті
жөндеу кезінде егелетін
цилиндр түріндегі ендірме.
Гудрон — мұнайдың тазартылмаған қалдықтары.
Дайындама — формасын,
өлшемдерін өзгертіп, үстін тегістеп деталь
әзірлейтін материал.
Дара дөңгелек — күпшекте орнатылған және бір шинаны алып жүретін
дөңгелек.
Дәлдік класы — форма мен сызбалық өлшемдердің рұқсат етілген шектерімен
анықталатын, бұйымның әзірлену дәлдігінің сипаттамасы.
Дәнекерлеу оттығы — дәнекерлеу отын бағыттау үшін жанатын газ бен
оттегінің реттелген ауысуы бар аспап.
Достарыңызбен бөлісу: