келмейтіндігімен сипатталады.
Компрессия — піспек жоғарғы өлі нүктеде (ЖӨН) болатын, дизельді
қозғалтқыш цилиндріндегі қысым тактісінің соңындағы жанармай-ауа қоспасының
максималды қысымымен сипатталатын физикалық шама.
Кондуктор — кесетін
аспапқа дұрыс бағыт беріп, оның кеңістіктегі дұрыс
қимылын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кесетін аспапқа
беріктік пен тұрақтылық
беретін құрал.
Конус — тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің бірі айналасымен бұрау
арқылы алынатын геометриялық дене.
Конструкторлық құжаттама —
машинаны әзірлеу, жасау, бақылау мен
қолдану үшін қажетті мәтіндік және сызбалық құжаттар.
Контргайка — гайканың өздігінен бұралып кетпеуінің алдын алу үшін негізгі
гайкаға қосымша бұралатын гайка.
Конустық роликті мойынтірек — конустық роликті домалау мойынтірегі.
Конустық тісті беріліс — жетекші және жетектелуші
біліктер бір-біріне
бұрышпен орналасқан беріліб.
Достарыңызбен бөлісу: