Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет110/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Дөңгелектік сызба — түр формасымен анықталатын сызба: басқарылатын 
дөңгелектер осінің санын жетекші дөңгелектер осі санына көбейтіп, кейін 
осьтердің жалпы санына көбейту.
Дүрсіл — айналу кезінде байқалатын, машина детальдары элементтерінің 
өзара дұрыс орналасуынан ауытқуы.
Дүрсіл өлшегіш — машина детальдарының радиалды немесе бүйірлік дүрсілін 
өлшеуге арналған құрал.
Евро-3, Евро-4 — пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың құрамын 
реттейтін экологиялық стандарттар. Евро-4 қозғалтқыштарындағы азот 
қышқылының шығарындылары Евро-3-пен салыыстырғанда 30 %, ал улы заттар 80 
%-
ға төмен. 
ЕҚСЖ — Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі, еңбек етушілердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған өзара 
байланысты нормативтік құжаттар кешені.
Еңбек жағдайы — өндірістік орта және еңбек үдерісінің жұмыскердің 
денсаулығы мен жұмысқа қабілеттігіне әсер ететін факторларының жиынтығы.
Еңбек кезеңі — жұмысшы операцияның (мысалы, жиналмалы бірлікті алу 
немесе салу) бір бөлігін орындау үшін қажетті аяқталған рационалдық әрекет.
Еңбек қауіпсіздігі — жұмыс жасаушыларға қауіпті және (немесе) зиянды 
өндірістік факторлары жоқ еңбек жағдайы.
Еңбекті қорғау — еңбек қауіпсіздігін, адамның жұмыс жасау үдерісі кезіндегі 
денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз ететін заңнамалық 
актілер, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, гигиеналық және емдеу-сауықтыру 
іс-шаралары мен құралдарының жүйесі.
Жалпы және дара бөлшектеу — жиналмалы бірліктерді машинадан немесе 
бір-бірінен ажырату, жиналмалы бірліктерді детальдарға бөлу үдерісі
Жанар-жағармай құйғыш — машиналарға жанар-жағармай материалдарын 
құюды жүгезе асыратын жылжымалы құрал.
Жануыштау — дайындама тесіктерінің үстін арнаулы аспаппен ақырғы өңдеу 
операциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет