Жарықтандыру — беттің бөлігіне түсіп тұрған жарық ағынының осы бөліктің
көлеміне шаққандағы қатысымен анықталатын физикалық шама.
Жасырын бұзылу — сыртынан қарағанда немесе бақылау мен
диагностикалаудың штаттық әдістері
және құралдарымен анықталмаған, алайда,
техникалық қызмет көрсету кезінде немесе диагностикалаудың арнаулы
әдістерімен анықталған бұзылу.
Жебе
—
көтеру-тасымалдау машинасының (құбыр жүргізуші кранның)
құлаштың қажетті шамасын және (немесе) жүкқармағыш
органның көтеру
биіктігін қамтамасыз ететін жетекші құрылғысы.
Жеке және жалпы жинау — детальдарды жиналмалы
бірліктерге біріктіру,
жиналмалы бірліктерді базалық бөлікке қосу үдерісі.
Жетек — қозғалтқыш, күш берілісі мен басқару
элементтерінен құралған
жұмыс тетіктерін іске қосу және оларды басқаруға арналған жүйе.
Жеткізу — қолмен орындалатын, үстіңгі
қабаттың тегістігі мен дәл
өлшемдерін алу үшін детальдарды тазалаудан (абразивті) кейінгі ақырғы өңдеу.
Жиек — детальдың, аспаптың екі үстіңгі беті түйісетін сызық.
Жиналмалы бірлік — бірнеше детальдың жиынтығынан тұратын
ажыратылатын,
өзіндік функциялар атқаратын, жекелеген құрамдас бөліктер мен
толық машинаны жинауды қамтамасыз ететін блок-модуль.
Жиынтық — машинаға техникалық қызмет
және жөндеу операцияларын
орындау кезінде белгілі тағайындауларға жауап беретін заттардың (аспаптардың,
қосалқы бөлшектердің) толық жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: