19
10.1.
10-
тарау
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДАҒЫ БОЛАШАҒЫ МОЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
МАШИНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БОЛАШАҒЫ МОЛ ӘДІСТЕРІ
Жөндеу жүргізу мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге
асырудың келесі стратегиялары болуы мүмкін:
1.
бас тартқаннан кейін;
2.
атқарылған жұмыс көлеміне байланысты;
3.
диагностикадан өту жағдайына байланысты.
Бірінші және екінші топ үшін жөндеу жүргізу мен техникалық
қызмет көрсету жүйесі ертеректе қалыптасқан болса, ал үшінші топ
жұмыс жүргізу кәсіпорнының параметрлері және сервис
орталықтарының санын есептеу бойынша жаңа тәсілдерді талап етеді.
Жөндеу жүргізу кәсіпорындарының параметрлері мен қызмет
көрсету орталықтарының санын есептеп жоспарлау жөнінде
перспективті міндет пайда болады. Жаңа машиналардың бұзылуы күн
өткен сайын артып бара жатыр, қызмет көрсету орталықтары мен
жөндеу жұмысын жүргізу кәсіпорындарының жұмысшылары бұл
жоғары технологиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізе алмайды. Осы
себепті перспективті жөндеу жүргізу кәсіпорындары мен дилер
орталықтары дамуын тоқтатпай, жұмыс істеуін нық жалғастыру керек.
Аталмыш болашағы мол бағыт жол және құрылыс машиналарының
құбыр
компрессорларды,
отынды
дизель
аппаратуралары,
гидротрансмиссиялар мен одан да күрделі және қымбат құрамдас
бөліктер және жиналмалы бірліктерін жөндеу және техникалық қызмет
көрсетуді жүзеге асыруға жатады.
Машиналардың жұмысқа қабілеттілігін өсірудің болашағы мол
тұсы цилиндр блоктарының корпустық және базалық бөлшектерін,
иінді білік, таратқыш білік пен шатундарға жөндеу жүргізу мен
техникалық қызмет көрсетуде бәсекеге қабілетті сапаны қамтамасыз
ету болып есептеледі. Мамандардың ойы бойынша импортты
машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге байланысты
мәселелер осы техниканың қолданыс мерзімі ұлғайған сайын өсе
береді.
|