Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет97/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

9.5.
 
ұстап не ұйқы күретамырын ұстап тексереді және көз қарашығын 
тексереді (қарашық үлкен және қозғаусыз болса, ол миға қанның 
жүрмеуін көрсетеді). Жарақаттанған адам есін білетін болса, дәрігер 
келгенше оған тынышықты қатмамасыз ету керек. 
Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік
Қызмет атқару процесінде жол және құрылыс машиналарын, жалпы 
машиналарды жөндеумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен 
айналысатын персонал, жөндеу-экспулатациялық базалар мен 
қозғалатын жабдықтар қоршаған ортамен өзара әрекеттеседі. Адам, 
табиғаттағы жануар әлемінің құрамдас бөлігі болып есептелетіндіктен, 
қоршаған ортамен әрекеттескенде, табиғатты қорғау мақсатымен әр 
түрлі шараларды қолдану керек.
Қоршаған ортаны қорғау деп табиғат ортасын сақтау және қалпына 
келтіруге, табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, шаруашылық 
және басқа да қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсер тигізуін тоқтату 
және оның салдарын жоюға бағытталған халықаралық, мемлекеттік, 
аймақтық және жергілікті, әкімшілік-шаруашылық, заңды және 
қоғамдық іс-шаралар мен заңнамалардың жиынтығын атайды. 
Табиғат ресурстарына атмосфералық ауа, су, жер қыртысы, 
пайдалы кен, климат, өсімдік және жануарлар әлемі жатады. Қоршаған 
ортаны қорғаудың басты мақсаты – адам, жануар және өсімдік әлемі, 
шаруашылықтың, экономиканың, ғылымның, біздің мемлекетте өмір 
сүретін барлық тұрғындардың мәдениетінің дамуы үшін экологиялық 
қауіпсіздігін орнату. 
Қоршаған ортаның ластануы антропогенді және табиғи болып 
бөлінеді. Антропогенді ластану адамның тура не жанама әсерінен және 
оның шаруашылық қызметінен туындайды. Табиғи ластану табиғи 
катаклизм (жанартаулардың атқылауы, жер сілкінісі, орман өрттері, 
боран т.с.с.) салдарынан туындайды.
Ластануға табиғи жағдайда қоршаған ортада мүлдем болмайтын не 
өте аз мөлшерде болатын, бірақ соған қарамастан теріс әсерін тигізетін 
шаң, аэрозольдер, химиялық элементтер мен қосындылар, 
радионуклидтер, шулар, дірілдер, электромагнит өрісі жатады. 
Қоршаған орта ластануының түрі сан алуан: пайдаланылған газдың 
шығарылуы, машина жуудан кейін және мұнай құюдан қалған 
қалдықтардың суға және жер қыртысына таралуы, жұмыс 
орындарының ластануы, машина жөндеу және жөндеуден кейінгі 
сынақ кезінде шудың көтерілуі.
Әсері адам хал-жағдайының нашарлауына, ұзақ әсер ету кезінде 


ауруға әкелетін өндіріс факторларды зиянды деп атайды. Ал қауіпті 
фактор деп адамға әсері жарақатқа немесе өлімге әкеліп соғатын 
өндірістік факторларды атайды. Осы себептерге байланысты жол және 
құрылыс машиналарына жөндеу жүргізу мен оларға техникалық 
қызмет көрсету жүйесі қоршаған орта, кәсіпорын мен жол 
эксплуатациялық 
шаруашылықтың 
экологиялық 
қауіпсіздігі, 
эксплуатациялық базалардың экологиялық қауіпсіздігімен барынша 
үйлесімді болғаны жөн. 
Машина қозғалтқыштары атмосфераға шығарылатын ластағыш 
заттардың мөлшері жұмсалатын отынға тең, сондықтан, отынның 
үнемделуі атмосфераға шығарылатын улы заттардың азаюына әкеледі. 
Мыналарға жол берілмейді: 
■ 
пайдаланылған газды нормадан тыс шығаратын қозғалтқыштың 
жұмыс істеуіне (МС 12.1.005 — 88*);
■ 
жұмыс істеу аймағының пайдаланылған газбен түтіндеуі және 
пневможүйенің пайдаланылған ауамен тозаңдануы;
■ 
сигналдарды қажеттіліксіз беру;
■ 
ақауы бар басқышпен және бір-біріне үйкелетін, майланбаған 
құрамдас бөліктермен жұмыс істеуге;
■ 
машинаны су қоймасы мен өзендердің бойында жууға, май құюға;
■ 
сүртетін және бракка шығарылған материалдарды жерге не суға 
лақтыруға;
■ 
жұмыс істеу аймағы және эксплуатациялық база аймағынан кірді 
тазарту құралдарынан өткізбей өзенге, су қоймасына ағызуға;
■ 
ЖЖМ мен жұмыс сұйықтығының машинаны майлау және май 
құю кезінде жерге тиюіне;
■ 
жерді ашық оттын маңайынды жандыруға;
■ 
машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде 
ащық отты пайдалануға.
Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде 
картер мен бактен ағызылатын пайдаланылған май мен жұмыс 
сұйықтарын жинау МС 21046 — 86* талаптарына сәйкес іске 
асырылады. Пайдаланылған мұнай өнімдерін жерге, канализация 
жүйесіне, суағар мен су қоймаларына төгуге тыйым салынады. 
ЖЖМ мен ластануды жинастыру, жою және суды тазарту үшін 
эксплуатациялық базаларда тазалау жерлері (9.1-сурет) жасалады. 
Тазалау жерлерін технологиялық кешенге біріктіреді. Оған төрт 
секциядан тұратын лай тұндырғыш, лай жинайтын сорғыш 1, май 
жинайтын сорғыш 14, су мен майды бөлгіш 9, сорғыш станциясы 3, 
ақпасудың лай жинағышы V жатады. 
Лай тұндырғыш сыйымдылығы 60…100 м

құрайтын, IIV 
диафрагмаларымен секцияларға бөлінген резервуар. Әр диафрагма 


өзара саңылаумен бөлінген тік төменгі және жоғарғы қабырғалар 
түрінде жасалған және төменгі қабырғаның төбесі лай тұндырғыштың 
сумен толатын деңгейінен төмен орналасқан. Жоғарғы қабырғаның 
төбесі 0,3 ... 0,5 м су деңгейінен жоғары, ал оның түбі лай 
тұндырғыштың түбіне жетпейді. Диафрагма 15 конструкциясы кір 
судың диафрагма қабырғалары арасынан өткен кезде пайда болатын 
өзіндік циклон арқасында балшық пен құм секция түбінде тұнуын 
қамтамасыз етеді, ал ЖЖМ деңгейі жоғарғы қабырғамен реттеледі. 
Лай жинағыш 1 және май жинағыш 14 сорғыштары құбыр, иірлік, 
сына-белдікті электрқозғалтқыш, қабылдағыш және айыратын терезе 
корпустарынан құралады. Сорғыштар корпус диаметрі мен ұзындығы 
бойынша ерекшеленеді. Ал сорғыштар су бетінен ЖЖМ-ны жинау 
қабырғаларына қарағанда вертикальді жылжуын қамтамасыз 
етілетіндей орнатылған.
Су мен майды бөлгіш 9 судан бөлу, ЖЖМ мен судан жеңіл 
заттарды жинау үшін арналған. Су мен майды бөлгіш көлемі 3 ... 5 м
3

құбыр желісі мен арматурасы бар ЖЖМ қоспасын сумен жеткізуге 
және тазаланған су мен ЖЖМ-ны беруге арналған цилиндр түріндегі 
металл ыдыс. Су мен май бөлгіш ішінде ЖЖМ әкететін құбыр мен 
иілгіш шланг байланған, жиналған құйғыш орналасқан. Құйғыштар тік 
жазықтықта су мен май бөлгіш қоспасының толтырылу деңгейіне 
байланысты жылжуы мүмкін.
Бөлек ғимаратта орналасқан сорғыш станция 3, машиналарды 
жуатын бекеттен суды алып кету және тазаланған суды беру үшін 
арналған. Станция екі ортадан тепкіш сорғышпен және соратын 
құбыржолмен 
жабдықталған. 
Сорғыш 
станциясының 
жеке 
ғимаратында сорғыштардың электрқозғалтқышының жұмысын басқару 
бекеті құрастырылған. Лай жинағыш V лай тұндырғыш секциясының 
түбінде жиналған балшық пен құмды жинауға арналғанЛайжинағыш 
көлемі (2,5 х 3 х 2 м) оны эскаватор шөмішімен тазалау мүмкіндігімен 
анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет