Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет102/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

20
 
10.2.
 
ИМПОРТПЕН АЛЫНҒАН МАШИНАЛАРҒА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ 
БОЛАШАҚТАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫ 
Дүниежүзі бойынша бәсекеге қабілетті жөндеу жұмысын жүргізу 
екпіні үздіксіз өсуде. Отандық жөндеу жүргізу өндірісінде осындай 
үрдіс болу үшін, машиналарға жөндеу жүргізу отандық өндірісінде 
бәсеке көлемін шұғыл түрде арттыратын стратегияны ойлап табу 
қажет. Бұгдай стратегияның келешек жөндеу жүргізу өндірісінде 
маңызы жоғары, себебі, отандық жол-құрылыс саласында аталмыш 
мәселеге қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Аталған стратегиянығ 
мазмұнына рөлі басым үш бағытты қосу болады: 
• 
бірінші – жөндеу жүргізу зауыттарын қайта жабдықтандыру және 
қайталама машина жасау;
• 
екінші – тозығы жеткен импорттық детальдарды қалпына келтіретін 
бөлім қалыптастыру;
• 
үшінші – жөндеу жүргізу өндірісіне және қайталама машина 
жасауға экологияға зиян келтірмейтін әдіс-тәсілдерді енгізу.
Импортпен жеткізілетін бәсекелес бөлшектердің оқу-өндіріс 
секторынсыз жол-құрылыс саласындағы келешек стратегиясы қажетті 
негіздемеге ие болмайды. Оқу-өндіріс секторы функционалды түрде 
заманауи ғылыми-зерттеу жабдығымен жабдықталған салааралық 
технологиялардың инновациялық зертханасынан тұрады.
Импорттық жол және құрылыс машиналарына жөндеу жүргізу 
және қымбат импорттық техникаға арналған кейбір детальдарды 
дайындап шығару импорттық техниканың эксплуатация құнынының 
төмендеуін қамтамасыз етеді. 
Жөндеу жүргізу өндірісінде еңбек өнімділігін арттыру шараларын 
ойластыру өте маңызды. Шараларды ойластыру барысында белсенді 
технологияларды, операцияларды басқаруға арналған электроника мен 
әмбебап жұмыс құрылғылары бар машиналарды енгізуді ескерген 
дұрыс. 


20
 
МАШИНАЛАРҒА
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
МЕН 
ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕТІСТІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
 
Бәсекеге қабілетті жетістіктерді пайдалану ұзақ уақыт бойы 
бұзылмайтын материалдарды (композиттер, керамика, пластмасс, 
полиамид) пайдалану арқасында жүзеге аса алады. Бұл материалдар өз 
бетімен модульдік және блок құрамдас бөліктерін жасауға мүмкіндік 
береді. Осылайша, заманауи құрастырылған машиналарға жөндеу 
жүргізу және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек 
шығыны қысқарады, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу 
арасындағы уақыт аралығын ұзарады, ал эксплуатациялық шығын 
мөлшерін керісінше төмендейді.
Бәсекеге қабілетті жетістіктерде машина детальдарын қалпына 
келтіруге үлкен мән беріледі. Әлемдік шаруашылық тәжірибесі 
бойынша бұл үдерісте ең аз материалдар мен энергоресурстар 
жұмсалады. Қымбат, металды көп қажет ететін тығыздағыш 
детальдары, жүріс жабдығының шынжыр тізбектері, оларды 
бағыттайтын дөнгелектер, цилиндр блоктары мен дизель 
қозғалтқышының иінді біліктері қайта қалпына келтіріледі деп 
саналады. Бағдарламалық басқармасы бар, дәлдігі жоғары білік 
жабдығын пайдалану, бекітілген регламенттер арқылы қалыптасқан 
ресурс, жөндеу жүргізу мен техникалық қызмет көрсету сапасын 
бақылау жоғарыда аталған бөлшектер құрамында бар машиналарды 
сату кезінде бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі.
Мысалы «Катерпиллар» (АҚШ) жол-құрылыс компаниясының 
шынжыр табан тракторларының жүріс бөлігінің деталін қалпына 
келтіруге арналған бөлімі бар. Компания машинасын сатумен 
айналысатын дилерлер қалпына келтірілген детальдар үшін жаңа 
техника деталіне секілді кепілдік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет