Қозғалтқышты және гидрожетек жүйесін
механикаландырылған
жолмен (жабық тәсілмен) май құюды ұйымдастыру, пайдаланылған
және алмастырылатын майларды жинап, оларды қайта өңдеуге жіберу,
айналымды сумен қамтамасыз ету
және тазалау құрылысында
сарқынды су тазалау жүйесін қолдану қажет. Жол және құрылыс
машиналарына жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету
жылжымалы орталығы
орналасқан ашық алаңда, орталық жаңа жерге
көшіп кеткеннен кейін топырақ құнарлығын қалпына келтіру
жұмыстары жүргізіледі.
Жол және құрылыс машиналарына жөндеу жұмыстарын жүргізу
және оларға техникалық қызмет көрсету
кезінде қоршаған ортаны
қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау жөнінде қойылатын
талаптар, құрылыс саласында жұмыс жасаудың экологиялық жақтан
қауіпсіз жұмыс жасау технологияларын қалыптастырудың қаншалықты
маңызды екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, жол-құрылыс
ұйымдарының және жол-эксплуатация шаруашылығының кадрларын
олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты оқытып, қайта
оқытудың маңыздылығын көрсетеді.
Еуроодақ мемлекеттері атмосфералық
ауаның газдылығын
төмендету үшін Euro стандартын қалыптастырып, айналымға енгізді.
Стандарт пайдаланылған газдардың улылық деңгейін шектейді. Euro
стандарттары уақыт өткен сайын талаптарын күшейтіп жатыр. 2000
жылы Еуроодақ мемлекеттерінде Euro-3 стандарты қабылданды,
нәтижесінде зиянды заттардың лақтырылу дәрежесі Euro-1
стандарты
кезінен
жартылай
төмендеді.
Қазіргі
уақытта
Еуроодақ
мемлекеттерінде Euro-3 стандартынан екі есе қатаң Euro-4 стандарты
қолданылады. Euro-5 стандарты дайындалып жатыр. Ресей Еуропа
мемлекеттерінің үлгісін
қолданады, қазіргі уақытта Europa-3
стандарттары жасалуда. Euro-4, Euro-5 стандарттарына көшу жоспарда
бар.
Арнаулы техника, сонымен қоса, жол-құрылыс машиналары үшін
нормалар ойластырылуда. жол-құрылыс машиналарын Еуропа мен
АҚШ-та сәйкесінше Stage және Tier деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: