Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет98/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   136
құрылыс машиналары кітабы


— 
лайжинағыш сорғы; 2 — тұндырылған суды бағыттайтын құбыр; 3 — сорғы станциясы; 4 — машинаны жууға арналған тұндырылған 
судың құбыры; 5 — ЖЖМ жинауға арналған ыдыс; 6 — ЖЖМ жеткізетін құбыр ; 7 —су мен майды бөлетін және майды бөлгішке ЖЖМ 
және су қоспасын жіберетін құбыр; 8 — ЖЖМ жинауға арналған құйғыш; 9 — су мен майды бөлгіш; 10 — су мен май бөлгіштен суды 
бөліп шығаратын жүйе;
II 
— 
ағынды су астауы; 12 — жеткізетін құбыр; 13 — балшық астауы; 14 — май жинағыш сорғы; 15 — диафрагмалар; I...IV — 
лайтұндырғыш секциялары лайтұндырғыш; V — ағынды судың лайжинағышы; > — су; ► — ЖЖМ
9.1-сурет. Эксплуатациялық базаның тазарту құрылысының жұмыс істеу сызбасы:


Тазалау құрылымдары келесі жолмен жұмыс істейді. Машина 
жуудан кейінгі лас су лоток арқылы, қызмет көрсетілетін барлық 
аймақтардын ақпасуы лай жинағышқа жиналады, осы жерден 
жеткізуші құбыр арқылы лай тұндырғыш I... IV секциясына жіберіледі. 
Лай тұндырғыш диафрагмасы арқылы лас судың ағуы кезінде, судың 
үстінде қалқып жүрген май құрама сорғыштар арқылы жиналып 
құбырмен су мен май бөлгішке 9 жіберіледі, ал ЖЖМ-дан тазарған су 
диафрагма 15 арқылы төрт рет тазартуды өткеннен кейін соңғы 
секциядан ортадан тепкіш сорғы арқылы машина жуу бекетіне 
беріледі. Тазаланған судан қалған артық су құбыр арқылы кәрізге 
ағылады.
Қойыртпақ күйінде лай тұндырғыш секциясының түбінде тұнған 
лай, құм және балшық лай жинағыш сорғымен 1 балшық лотогы 
арқылы 13 лай жинағышқа айдалады. Ол жерден эскаватормен 
мерзімді түрде жиналады. 
Лайтұндырғыш секциясының төбесінен май жинағыш сорғышпен 
14
су мен май бөлгішке айдалған, ЖЖМ-ның шоғырлану деңгейі 
жоғары су тұнып тұруға қалдырылады. Ал жиналған ЖЖМ 
құйғыштың көмегімен арнайы ыдысқа құйылады. ЖЖМ-дан тазарған 
су құбыр жүйесі арқылы лай жинағышқа жиналады. Жиналған ЖЖМ 
техникалық қажеттіліктер үшін, суды қайнатуға, машина жууға 
пайдаланылады. 
 
Сипатталған тазалау құрылымдарының ерекшелігі болып олардың 
инвентарлығы, басқаша айтқанда, суды қажетті тазалық (99,96 % 
дейін) деңгейіне дейін жеткізу үшін лайтұндырғыштың секцияларын 
өзгерту мүмкіндігі есептеледі. Сонымен қатар, аталмыш тазалау 
құрылымдары жаңа механизация аумағына, жаңа құрылыс нысанына, 
жаңа жұмыс істеу орындарына көшу кезінде тез жиналып қайта құрыла 
алады.
Жол және құрылыс машиналарына жөндеу жұмыстарын жүргізетін 
және техникалық қызмет көрсететін персонал үнемі ауаның газдылық 
пен тозаңдылық деңгейін, шу деңгейін, су бассейндерінің кірленуін 
қадағалап, өсімдіктердің сақталуына үлкен мән бөлуі керек. Газдылық 
қозғалтқыштан құрамында уытты заттар бар (СО көміртек тотығы 
және қорғасын) пайдаланылған газдың лақтыруының салдарынан
пайда болады.
Пайдаланылған газ құрамындағы зиянды қоспалардың деңгейі 
төмендегі әрекеттердің нәтижесінде төмендеуі мүмкін: 
■ 
жоғары сапалы отынды пайдалану және оның толық жануы; 
■ 
ақаусыз және реттелген отын аппаратурасын пайдалану; 
■ 
қозғалтқышта жетілдірілген тазалау құрылғыларын пайдалану; 
■ 
бос жұмысты болдырмау. 


Тозаңдылық машинаны топырақты жолмен тасығанда, жердің 
жоғарғы қабатын пневможүйе ауасын айдаған пайдаланылған газ 
үрлегенде, машина жұмыс істегенде оның қозғалатын детальдарының 
арасында ауа бөлшектерінің қозғалғанда болады. Машинаны жөндеу 
және техникалық қызмет көрсетуге дайындық ережелерін сақтау 
тозаңдылық деңгейінің төмендеуіне және жоқ қылуына жағдай 
жасайды. 
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген анықтамасы бойынша 
жағымсыз дыбыстың барлығы шу ұғымына саяды. Шу машиналарды 
іске қосқанда, оларды сынақтан өткізгенде, машиналар сигнал 
бергенде шығады. Жұмыс аймақтарында шығарылатын шу 
маңайындағы аумаққа таралып, жұмысшылардың өндірістік 
жұмыстарына кедергі жасайды. Машиналарды жөндеу және оларға 
техникалық қызмет көрсету кезінде шумен күресудің тәсілдері 
мынадай: дыбыс сигналдарын орынды беру, қажеттіліксіз шу 
шығаруды болдырмау, қозғалтқышта ақаусыз бәсеңдеткішті 
пайдалану, бір-бірімен үйкелетін жиналмалы бірліктерді уақытылы 
майлау.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі себебі ЖЖМ-ны, жұмыс 
сұйықтықтарын сынақтан өткізу жән отынды құю болып табылады. 
Жанармай құю станциясында булануды азайту үшін жанармай ыдысын 
ұқыпты ұстап, құрылғыларға ауа кірмейтіндігіне көз жеткізіп тұру 
керек. Жанармай станциясы өндірістік және нөсер науаларын 
жинайтын, тазалау құрылысымен жалғанған нөсер кәрізімен 
жабдықталғаны жөн. Пайдаланылған мұнай өнімдерін бөлек ыдысқа 
оларды регенерациялау үшін жинайды. Эксплуатациялық база 
аумағында, жол және құрылыс машиналарына жөндеу жүргізу және 
техникалық қызмет көрсету аймақтарының жанында жуу 
қондырғылары, жууға арналған суды тазалау жүйесі орнатылған жуу 
алаңдары бар, тазаланған су қайтадан машина жууға пайдаланылады.
Тұйық жүйедегі (9.2 сурет), ағын суларды тазалау 
Эксплуатациялық база тазалау құрылымдарының жұмысын дамыту 
сызбасы болып табылады. Оның сипаттамасы М. В. Графкин, В. А. 
Михайлованың «Экология және автомобиль» (М. : «Академия» Баспа 
үйі, 2010) оқулығында келтірілген. 


Осы схема бойынша ағынды суларды тазалау кезінде сүзгілеу және 
тұндыру үдерістері пайдаланылады. Сүзгілеу уытқыш деп аталатын тік 
немесе көлденең сырықты торда өтеді. Уытқыш ірі бөлшектерді аулап 
қана қоймай, оларды ұсақтайды. Тұнбаны механикалық тәсіл 
пайдаланып аулайды. Тұндыру құмтұтқышта, тұндырғышта, 
майтұтқышта қоспалардың еркін тұнуына негізделеді. Ағынды суды 
фракция көлемі 0,25 мм үлкен болатын металл және топырақ 
бөлшектерінен тазалау үшін көлденең және тік құмтұтқыштар 
пайдаланылады. Ал ағынды суды көлемі 0,1 мм дейінгі механикалық 
бөлшектерден және мүнайөнімдерінен тазалау үшін көлденең, 
радиалды және құрамдастырылған тұндырғыш пайдаланылады. 
9.2-
сурет. Тұйықталған жүйеде суды тазарту сызбасы
Өзектік тор
Бастапқы ағын 
сулар
Су қозғалысы\\^ 
баяулайды,
құм тұнады
Алғашқы 
тазалау
Бастапқы тұндырғыш
Лайдың бөлінуі 
Тұрып қалған су
Су тұндырғыштың ортасына 
жиналып, шеткі жиек арқылы ағып 
кетеді. 
Баяу қозғалыс әсерінен 
органикалық бөлшектердің 30...50 

түбінде қалады. Қалдық лай 
түрінде болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет