Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет52/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

12
 
гидравликалық сынақтар кезінде анықталады, ал бос қуысты болат 
детальдардағы (біліктер, штоктар және т.б.) осындай ақаулықтарды 
магниттік дефектоскопия әдісінің көмегімен анықтауға болады. Әдістің 
мәні мынада: детальды магниттеп, кейін құрғақ магнит ұнтақпен 
жабады. Магнит ұнтақ қырларымен детальдарды өзіне тарта 
бастағанда, жарықтың шектері көріне бастайды.
Ақаулықты анықтап болған соң, детальды магнитсіздендіреді. 
Тістегершік тістерінің тозуын арнаулы шаблондармен тексереді. 
Шаблонды тіске кигізген кезде шаблон мен тіс арасында саңылау 
қалса, мұндай тістегершіктер одан әрі пайдалануға жарамды деп 
табылады. 
Көрінетін ақаулықтар жол және құрылыс машиналарының рамалық 
құрылымдарында, корпустық детальдарында, біліктер мен осьтерде, 
ыдыстар мен бактерде, радиаторларда, кабиналарда байқалуы мүмкін.
Рамалық құрылымдарда жарықтар, майысулар пайда болады
оларды жіктерді пісіру, қаптамалар мен күшейткіш элементтерді 
дәнекерлеу, иілген элементтерді ауыстыру арқылы жояды. 
Редукторлардың, артқы белдіктердің, трансмиссияның корпустық 
детальдарындағы ақаулықтарды жарықтарды бітеу, бұрандалы 
қосымшаларды орнату, жөндеу өлшеміндегі бұранданы кесу арқылы 
жояды. 
Біліктер мен осьтерді тежеуіш сақиналарының астына жыра 
жүргізумен, бұранда кесіп балқытып қосумен, детальды қажетінше 
қыздыра отырып, майысқан жерлерді түзеумен орнына келтіреді.
Ыдыстар мен бактердегі ойықтарды бак қабырғасынан ойып алу, 
қабырғасын түзеу, пайда болған терезелерді дәнекерлеу арқылы 
жояды. 
Кабиналардың ақаулықтарын жою үшін ойықтарды тегістеу, 
майысуларды түзеу жүргізіледі. Эксплуатациялық база бөлімшелерінде 
қалпына келтіру 
мүмкін болмайтын 
тозған 
детальдарды 
мамандандырылған жөндеу кәсіпорындарына жібереді. 
Егер деталь анықталған ақаулық белгілерінің (6.2-кесте) ең болмаса 
біреуін қалпына келтіруге жарамайтын және бракқа шығару керек 
болса, қалған ақаулықтарды жөндемеуге де болады. 
Мұндай деталь бракталып, қызыл түспен белгіленеді. Содан соң 
детальдағы ақаулықты қалпына келтіру әдісімен жөндеуге болатын 
болса, ақаулықты жою жүргізіледі. Рұқсат етілетін және шекті мәндер 
арасындағы өлшемі бар детальдарды қалпына келтіру үшін іріктеп 
алады. Ақаулықтары жөнделген іріктелген детальдарды жасыл 
бояумен белгілеп, ескірген детальдарды қалпына келтіру бөлімшесіне 
жібереді. Ақаулықты жою үдерісі іске жарамды детальдарды таңдау 
және маркілеумен аяқталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет