Скреперлер екі негізгі бөліктен: базалық біросьті тартқыштан және
скрепер жабдығынан тұрады.
Базалық
біросьті тартқыш 1 тіркейтін құрылғы арқылы
2 скрепер
жабдығымен қосылған. Скрепер жабдығы мынадай құрамдас бөліктер
мен жиналмалы бірліктерден:
тартқыш рамадан 3, буферлі шөміштен
4,
жапқыштан, артқы дөңгелектен тұрады. Шөміш түбінің
алдыңғы
ернеуінде
4 және қабырғаларында топырақ қабатын астынан және
жанынан кесетін пышақтар бар. Шөміш 4,
жапқыш және артқы
қабырға базалық машинадан (біросьті тартқыштан) іске қосылатын
гидрожүйенің гидроцилиндрі арқылы ауыстырылады.
Жұмыс кезінде
скрепер топырақпен толтырылады, кейін
гидроцилиндрлер көмегімен жапқыш сәл жоғары көтеріледі, осы кезде
жапқыш пен пышақтар арасында тиейтін саңылау ашылады.
Көлік
тұрған қалпында гидроцилиндрлер арқылы шөмішті пышақтары жерге
сұғылғанша енгізеді. Скрепер алдыға жылжыған кезде пышақпен
кесілген топырақ қабаты тиейтін саңылау арқылы шөмішке түсіп, оны
толтырады. Шөміш тола бастағанда
саңылау жапқышпен жабылады,
осыдан соң топырақты төгетін жерге жеткізу үшін шөміш көтеріледі.
Төгетін кезде жапқыш толықтай ашылып, топырақ артқы қабырғаның
жылжуы арқылы сыртқа төгіледі.
Скрепердің техникалық сипаттамасы 1.4-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: