К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
шоғыр

5.2. Скважина түрлері 
Суды, минералды тұздарды, күкірттерді өндіру үшін скважиналар 
бұрғыланады, ал түрлі қалдықтарды көміу үшін арнайы скважиналар 
бұрғыланады, сонымен қатар скважиналарды түрлі заттарды жер астында 
сақтау мақсатында қолданады. Мұнай газ кəсіпорындардың қажеттілігіне 
қарай келесі скважиналардың түрлері қолданылады: тіректік, параметрлік
құрылымды, іздеу-барлаулы, пайдалану, айдау жəне арнайы[7]. 
1. Тіректік скважиналар ірі аймақтардың геологиялық құрылымы мен 
гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай жəне газ жиналатын шөгінді 
тау жыныстарының таралу заңдылықтарын анықтауға арнайы қазылады. 
2. Параметрлік скважиналар төмен тереңдіктердегі тау жыныстарының 
геологиялық құрылысын зерттеу жəне алдағы уақыттағы кен орындарын 
анықтап, оларда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен 
қазылады. Сонымен қатар тау жыныстары қимасының геологиялық-
геофизикалық сипатталарынан сейсмикалық, геофизикалық зерттеулер 
қорытындысын анықтайтын мəліметтер алуға мүмкіндік тудырады. 
3. Құрылымдық скважиналар тіректік, параметрлік скважиналарды 
бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды нақты шынайы зертеу жəне 
аталған құрылымдарды іздеу-барлау жұмыстары жобаларын дайындау 
мақсатымен қазылады. Құрылымдық бұрғылау мен геофизикалық зерттеу 
нəтижелелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық 
қасиеттерін анықтау үшін жəне құрылымдық картасын тұрғызу үшін 
пайдаланады. 
4. Іздеу скважиналары геологиялық іздеу жұмыстары мəліметтері 
бойынша дайындалған кен орындарының мұнай мен газдың барлыған анықтау 
немесе оның жаңа қорларын ашу үшін қазылады. Іздеу скважиналары 
бұрғылау барысында тау жыныстарының үлгілерін, су, газ, мұнай 
сынамаларын алу арқылы кен орынның геологиялық қимасын шынайы 
зерттейді. 
5. Барлама скважиналары өндірістік мұнай мен газдың барын 
анықтағаннан кейін кен орындарда оның қорын есептеу, кен орнын 
пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады. 
6. Пайдалану скважинасы деп мұнай немесе газды өндіруге арналған 
скважиналарды атайды. 
7. Айдау скважиналары деп қабатқа су, газ, бу айдауға арналған 
скважиналарды атайды. Бірақ, кен орнын игеру барысында мұнай өндіру 
скважиналарын айдау скважинасы ретінде қолдануға болады, кей жағдайларда 
керісінше. 
8. Арнайы скважиналар - кен орындарды игеру барысын бақылау 
мақсатында, қабаттың құрылымын (структурасын), коллектор қасиетін 
дəлірек анықтау үшін арналған.
Пайдалану скважиналары ең негізгі жəне маңызды құрылыс болып 
табылады. Олардың саны кен орнындағы скважина қорының 70-80% құрайды. 
Пайдалану скважиналарының бұзылуы жəне күрделі жөндеу жұмыстарын 
жүргізу мұнай жəне газ өндірудің көлемін азайтады. Күрделі жөндеу 


63 
жұмыстары ұзақ уақытты жəне үлкен материалды-техникалық қаражатты 
талап етеді. Сондықтан скважиналардың жұмыс істеу мерзімі сол кен орынды 
игерумен тең болу қажет, яғни шамамен 40-50 жыл. Пайдалану 
скважиналарында қолданылатын жабдықтардың сапасына қойылатын негізгі 
талап, олардың сенімділігі. 
Скважина құрлысына жəне оның жабдықтарына қойылатын талаптар 
оны пайдалану шартымен анықталады, негізгі шарт кен орнының геологиялық 
ерекшелігі жəне скважинаны пайдалану режимі болып табылады. 
Пайдалану скважиналары бағаналарының геометриялық формасына 
байланысты екі түрлі болады: тік жəне көлбеу
Скважина үш негізгі бөліктен тұрады – сағалық, бағаналық жəне сүзгілік 
(фильтрлік). Əр бөлік сəйкесті жабдықтармен жабдықталады: тізбек басы
бағыттауыш, кондуктор, пайдалану тізбегі, сүзгі (фильтр). Скважинаның ең 
төменгі шегі түбі деп аталады. 
Пайдалану скважиналарының бағаналық бөлігі концентрлі орналасқан 
тау жынысына цементтелген шегендеуші құбырлар тізбегінен құралады. 
Соңғы, яғни ішкі шегендеуші құбыр тізбегі пайдаланушы деп аталады жəне 
пайдалану объектісі – қабатты скважина сағасымен қосуға арналған.
Скважинаның сыртқы шегендеуші құбырлар тізбегі бағыттауыш –
түсіріледі жəне оның сыртқы беті цементтеледі. Бақыттауыш тізбегінің ішіне 
кондуктор шегендеуші құбырлар тізбегі түсіріледі. Кондуктор барлық 
ұзындығы бойынша цементтеледі.


64 
Кондуктор жəне пайдалану тізбектерінің ортасына техникалық немесе 
аралық деп аталатын шегендеуші құбырлар тізбегі түсірілуі мүмкін. Олар 
скважинаны бұрғылау барысында технологиялық функциялар атқарады. Саны 
жəне түсіру тереңдігі бұрғыланып өткен тау жыныстарының геологиялық 
ерекшеліктеріне, скважина тереңдігіне жəне тізбек басына іліну 
технологиясына байланысты анықталады. 
Тізбек басы кондукторда жабдықталады, ал кондуктор техникалық жəне 
пайдалану тізбектерін бір жүйеге қосады жəне скважинаға түсірілетін 
жабдықтарға жəне сағаға орнатуға арналған жабдықтарға база ретінде қызмет 
атқарады. Пайдалану скважиналарының жалпы құрылысы 5.3-суретте 
көрсетілген. 
Себебі, скважинаға көп көлемде сұйық айдауда немесе арнайы 
қондырғылар түсіруде ол сорапты қондырғысының берілісін азайтады. Сол 
себептен скважинаны бұрғылау барысында скважина тізбегін үнемдеп кіші 
диаметрлі құбырлар салу болашақта көп шығынға алып келуі мүмкін, себебі 
келесі сатыларда мұндай скважиналарды тиімді пайдалану мүмкін емес. 
Скважиналарды орнату конструкциясы пайдалану ұзақтығын есептей отырып 
геологиялық жəне технологиялық факторлармен анықталады.
Бұрғылау скважиналары жер қойнауы кеңістегіндегі орналсуына қарай 
келесі түрлерден тұрады: 
1. Тігінен 
2. Көлбеу 
3. Түзу сызықты майысу 
4. Қисайтылған 
5. Түзу сызықты майысу(көлденең аймақта) 
6. Күрделі майысу 
Сурет 5.3 – Бұрғылау скважиналарының орналасуы 
1-тігінен; 2-көлбеу; 3-түзу сызықты майысу; 4-қисайтылған; 5-түзу сызықты 
майысу (көлденең аймақта); 6-күрделі майысу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет