К Ә сіптіко қ ытуж ә н е е ң б е к әок 08 АҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту



бет12/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.8 Mb.
#19989
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

УДК 657.26


А-34
ЕСЕП ЖҮЙЕСІН СТАНДАРТТАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Акимбаева Қ.Т.-аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептің бірегейлігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұстанған жағдайда еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді. Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар тұнық және сенімді орындалып, мұның барлығы да халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз болған жағдайда, қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай тиімділік дәрежесінде жұмсалғандығын біліп, бақылап отырады.

Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіп келеді.

Біздер кейбір компаниялар өзінің халықаралық бизнесін жеке бөлімшелер түрінде құрып, басқада бөлімшелермен байланысты жағдайда ұйымдасатындығын білеміз. Кейбір компаниялар жекелеген еншілес кәсіпорындар құрып, бұлар өз қызметін ішкі және сыртқы рынокта жүргізетін болып та ұйымдастырады.

Қайда және қай елде орналасқандығына қарамастан бірлескен негізгі компаниялардың шаруашылық қызметіне қосымша қызмет көрсету мақсатындағы өндірістік, сату, қаржы процестері орталықтанған түрде ұйымдастырылған үшінші деңгейдегі компаниялар да құрылуы мүмкін. Ұйымдастыру түріне қарамастан барлық салалық экономикалық қатынастар өзара байланыста болады. Өндірістік процестің жоғары деңгейде дамуы мен маңызы жағынан кұрделі болуына байланысты бухгалтерлік есеп мәселелерін танып білу процесі бухгалтерлік есепті интернационализациялау жолдарымен шешілетіндігін білуіміз керек. Есеп жүйесіне тән интернационализациялаудың өзектілігі кез келген елде және кез келген жағдайда қолданылатын бірыңғай стандарттар жасау болып табылады.

Әр елдің өз тарихы, өз құндылығы, саяси жүйесі, ұлттық ерекшеліктері айрықша қалыптасандығына байланысты көптеген ұлттық кәсіби бағыттағы бухгалтерлердің халықаралық қауымдастық ұйымдары халықаралық стандарттардың біртұтастығы өрісінде әлі де болса шешімін таппаған мәселелердің бар екендігін, алдағы кезеңдерде мұндай мәселелерді үйлестіру мен икемді жағдайға келтіру керектігін айтып келеді.

Әр ұттың өз заңдарына, өз тіліне, өз ақшасы мен есеп жүргізу принциптеріне байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу мәселелері гармониялық үйлестіру жолымен жүргізілуі керек. Гармониялық үйлестірудің өзектілігі әр елде қабылданған есеп моделін, стандарттар жүйесін, бұларды реттеп отыру жолдарын жүйелендіруге байланысты. Ең негізгі мәселе – жекелеген елдер экономикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттары экономикалық қауымдастыққа мүше елдерінде қабылданған стандарттар жүйесімен қарама-қайшылық жағдайда болмауы керек. Яғни халықаралық стандарттар мазмұны жекелеген елдерде қолданылатын стандарттар мазмұнымен гармониялық үйлесімді байланыста болғаны жөн.

Бухгалтерлік есеп стандарттары беделі жағынан жоғары деңгейдегі ресми құжат. Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану мәселелеріне бухгалтерлік кәсіп өкілдері, қаржылық қорытынды есеп жасаушылар мен мұның мәліметтерін пайдаланушы кәсіби мамандар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар тартылған. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу мәселелеріне аударылып келеді. Мұның өзі нарықтық қатынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық одақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруына байланысты қаралған. Алайда әр елдер өз қалауы мен зерделенуіне байланысты халықаралық стандарт жүйесін қабылдаудың жолдарын таңдап алу мүмкіндігі болады.

Бухгалтерлік қорытынды есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді ақпарат дайындаушы процесс екендігіне байланысты, жалпы есеп ережелері мен әдістерінің қолданылынуы барлық елдерде бірдей мазмұнда қалыптасатындығын естен шығармау керек.

Әр елдің бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері әр түрлі жағдайда және әр түрлі мақсатқа сай ұйымдастырылатынына, сонымен қатар есеп ақпараттарын пайдаланушы топтар мүддесін қанағаттандыруға байланысты ерекшеліктер болатындығын барлық бухгалтерлер білу керек. Сондықтан іске асырылатын мақсаттардың әр түрлі жағдайда орындалуы әр елдерде әр түрлі мазмұнда қалыптасады. Есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін көптеген белгісіздік факторлар да болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар сенімді тұрғыда қанағаттануын қамтамасыз етудің жақсы бағыты үздіксіз зерделеніп отыруы керек. Ол үшін ресурстардың тиімді орналасуы, табыс алу мен бұларды жұмсауға байланысты факторлар, қандай шығындардың бәсекелестік процеспен байланысты болатындығы, бірлесіп ұтымдылықтың қалыптасуы, т.с.с. сұрақтарға байланысты мәселелер толығымен шешілуі керек. Біздің пайымдауымызша халықаралық стандарттар жүйесін еліміздің есеп тәжірибесіне қолданудың көптеген мәселелері әлі де болса өз шешімін таппай отыр. Сондықтан бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдану мен ретке келтіру жақтарындағы көптеген мәселелер қосымша зерттеуді қажет етеді.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын талдау, бұларды жасау мен қолдану барысында бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне тікелей немесе жанама тұрғыда әсер етуші ұлттық және мәдени салт-сана мен дәстүрдің қосымша қаралатындығын да естен шығармаған жөн.

Ұлттық валютаның, пайыздық ставкалардың әр түрлі деңгейде болуына, сондай-ақ салық жүйесінің күрделілігіне, басқа да әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерге, корпорацияларды басқару ерекшеліктеріне байланысты әр елдің құқық жүйесі, капитал рыногындағы үкіметтің рөлі бірдей бола бермейді. Сондықтан бір елдегі жақсы қабылданған есеп жүйесі міндетті түрде басқа ел есебінің тәжірибесіне бірден енгізіледі деу өте қиын.

Осыған орай халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қаржылық қорытынды есеп жасаудың баламалық бірнеше нұсқаларының тұжырымдамасы берілген. Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптерін негізге алып жасаған ақпараттар жүйесі потенциалды пайдаланушылардың жекелеген сұранысын қанағаттандыруға және ішкі есеп жасаудың біртұтастығын қамтамасыз етуге бейімделініп қалыптасуы керек.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық есептің негізін құраушы халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (экспорт) немесе сырттан (импортқа) қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп стандарттарының дәлме-дәл атаулары әр елде әр түрлі берілген.

Дей тұрғанмен кейбір елдер үшін стандарттар мазмұны ұсыныс ретінде қабылданып, ірі компаниялар өз қорытынды есебін жасау мақсатында өз шешімдері мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай стандарттарды қабылдау немесе бұларды негізге алу мәселелерін бейтараптық жолдармен шешу мүмкіндігі сақталған. Осы айтылғандарға орай ХҚЕС комитеті және халықаралық деңгейдегі кәсіби бухгалтерлік ұйымдар ХҚЕС-тің барлық аспектілерін барлық ұйымдар мен елдерде сақтауды талап ету жөніндегі өкілеттілігі жоқ екендігін айта кеткен жөн.

Стандарттар қаржылық қорытынды есеп жасау ережелерін гармониялық экономикалық байланысқа түсіру, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторлар, қаржылық менеджерлер т.б. арасында кәсіби сенімділік туғызу мақсатында жасалынады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының кейбір ережелері мен стандарттарына түсінік беру жақтары тұрақты комитетте дайындалып, мұның мазмұны ХҚЕС Комитетінің Басқармасында қабылданады. Бұл ұйымдар ХҚЕС негізінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп стандарттарының бірегейлігін қамтамасыз ету және қаржылық қорытындыны салыстырудың мәні мен маңызын жоғарылату мақсатында жұмыстар атқарады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған комитет пен басқарма стандарттарды тәжірибеде қолдану барысында жіберілген кемшіліктерді түзету, сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бухгалтерлік есеп өрісінде пайда болған жаңа сұрақтарға жауап беру қызметтерін атқарады.

Халықаралық есеп стандарттарының мәселелері мен жекелеген сұрақтары көп жылдар бойы ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың зерттеуі негізінде қаралып, қазіргі кезеңде мәселелердің шешілу жолдары белгіленіп, есеп жүйесіне тән негізгі принциптер қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық қорытынды есеп үлгісі мен мазмұны, негізгі есеп принциптері, есеп тәсілдері, қаржылық қорытынды есепті шоғырландыру, бухгалтерлер мен аудиторларға қойылатын кәсіби деңгейдегі талаптар әлемдік деңгейде қойылған мәселелер мен критерийлерге сай ары қарай жетілдірілуі керек.

Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын (ХҚЕС) түзу және тура қолдану үшін стандарттардың қандай есеп объектісіне арналғандығын, мұның мәтінін, ресми статусын, қандай құжаттардан тұратындығын, есептің қай түрінде қолданылатындығын, рұқсат етілген негізгі әдістердің мағынасының түсініктілігін, стандарттарды жекелеген ережелерінің мәні сияқты көптеген мәселелерді өз міндетін атқарушы тұлғалар жақсы білуі керек.

«Стандарт» термині ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі деген ұғымға саяды. Бухгалтерлік есепке тән стандарт деп – есеп жүргізудің құжаттарымен рәсімделген кешенді ережелерін айтады.

Кешенді ережелердің (нормалар, үлгілер) әр қайсысы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі шаруашылық фактілері мазмұнын көрсету үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерді, терминологиялық ұғымдарды, сондай-ақ орын алған шаруашылық операцияларының мәні мен маңызын ашуға арналған.

Халықаралық деңгейге тән қаржылық қорытынды есеп стандарттарының атқаратын міндеттеріне мыналар жатады:


  1. Сыртқы мүдделі тұлғаларды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналған есеп және қорытынды есеп стандарттар жүйесін қалыптастыру;

  2. Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп пен стандарттар арасын гармониялық үйлесімділікке салуды қамтамасыз ету;

  3. Бухгалтерлік есеп жүйесін өз мәнінде түсіну мен жүргізу үшін ұйымдарға әдіснамалық көмек беру.

Қаржылық қорытынды есеп стандарттары ерекшеліктерін анықтаудағы факторларға мыналар жатады:

    • Кәсіби бухгалтерлік есеп ұйымдары мен қауымдастықтары ұсынған әдіснамалар мен жетекші ғалымдар еңбегінің әсер етушілігі;

    • Есеп тәжірибесінде қолданылатын осы және басқа да принциптер нәтижесін экономикалық тұрғыда сараптамадан өткізу;

    • Салық саясаты;

    • Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер;

    • Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын түзу мен зерделеу арқылы ішкі және сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандыру;

    • Заңдар және нормативтік актілер, сондай-ақ басқа елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін кеңінен қолдану.

Бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық қорытынды есептің қолданбалы бағытын, мұның сапалық сипатын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуі керек. Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есепке тән маңызы жағынан үлкен мәселе, бухгалтерлік есептің салық есебіне тәуелді болмау жақтарын шешу. Егер салық есебі бухгалтерлік есепке қарағанда басымдылық жағдайда болса, онда қаржылық қорытынды есептің бейтараптық принципінің мәні жойылып, пайдаланушылардың жалпы талабы қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің талдаушылық және зерделеушілік қасиеттері төмендейді.

Есеп жүйесін стандарттау жолдары қорытынды есептің негізгі элементтерін: активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар мен шығындар, пайда және зиян тану мен бағалауды мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Стандарттау процессі осы элементтерді тіркеудің, өлшеудің және осыларға тән ақпараттардың пайдалылығын анықтауға арналған.

Халықаралық стандарттар бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығындар есебінен, меншікті капитал өзгерісі есебінен, ақша қозғалысы есебінен туындайтын ұйымдардың қаржылық қорытынды есебін даярлауға, сондай-ақ дайындалған қаржылық есеп маңызын қосымша түсіндіруге бағытталған сападағы түсіндірме хаттар т.б. қосымша түсіндіруші материалдардың қалай және қандай бағытта қолданылатындығына арналған.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Программа реформирования бухгалтерского учета в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности. М., 2002.

  2. Стуков Л.В. Международная стандартизация и гармонизация учета и отчетности. М., 2005.

  3. Нурпеисов Э. Особенности национального учета и МСФО. 2007. А.: Издательский дом «Бико»


ТҮЙІНДЕМЕ
Бухгалтерлік қорытынды есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді ақпарат дайындаушы процесс
РЕЗЮМЕ
Бухгалтерская отчетность является подготовительным процессом одних из достоверных источников в формировании экономической информации

УДК 336.2 А-86



ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Асылханқызы А.А.- ізденуші, Қалыбекова Д.Б.-аға оқытушы

(Алматы қ., Қазмемқызпи)

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау проблемеларына арналған шетелдік зерттеулер аз емес. Шағын бизнесті қолдау проблемеларын жете зерттеудегі әдістемелік тәсілдердің бірі шағын бизнесті қолдаудың негізгі принциптерін тұжырымдап айтуға болады. Шағын бизнесті қолдаудың бірінші принциптері – протекционизм нарықтық қатынастардың өзімен субьективті түрде қамтамасыз етілген. Бұл принцип шағын кәсіпкерліктің жеке өзі мемлекеттің көмегінсіз ірі бизнеске бәсекелестік жасау үшін көп жағдайда өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін білдіреді. Екінші принцип - бағдарламалық мақстаттық тәсілдерді ісіне асыруына байланысты осыған сәйкес мемлекеттік әр түрлі бағдарламалар түрінде ш.б-ке көмек көрсетеді. Мемлекеттік қолдаудың обьектісі ретінде тек инновациялық қызмет бойынша сипаттайтын жобалар болуы керек. Шағын бизнесті қолдау мақсаттары басқарудың әр түрлі деңгейінде тұжырымдалады. Және уақыт кеңістігі бойынша, мазмұны бойынша да ерекшелінеді. Шағын бизнесті қолдау мақсатының келесі жіктелімін ұсынады:

І. Мазмұны бойынша:

- қолайлы, сыртқы ортамен қамтамысз ету;

- шағын бизнеске тікелей қолдау көрсету;

- бизнес инфрақұрылымын құру;

ІІ. Басқару деңгейі бойынша:

- мемлекеттік басқару;

- аймақтық;

- жергілікті;

ІІІ. Мерзімдері бойынша:



  • ұзақ мерзімді;

  • орта мерзімді;

  • қысқа мерзімді;

Европаға одақтас мүше елдерде және экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымы деңгейінде шағын бизнестің ролінің өсуі көптеген дамыған елдерде арнайы саясат жасау қажеттілігінің туындауына әкеледі. Олардың негізгі мақсаттары мыналар:

  • жаңа жұмыс орындарын құру;

  • ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсекеге қабілетігін дамыту;

  • шағын кәсіпорындардың экономикалық өсуі;

  • шетелдік компаниялар мен инвестицияларды тарту;

  • өндірісті жандандыру;

  • кәсіпкерлік қызметтің шетелдік тәжірибелерін талдау нарықтық экономика дамыған әр түрлі елдерде шағын бизнесті қолдауда пайдаланылатын мемлекеттік реттеудің жалпы қабылданған нысаны мен әдісінің стандартты жиынтығы бар екендігін көрсетеді.

Осы барлық шағын кәсіпкерлікті қолдаудың әдіс тәсілдер мазмұны мен бағыты бойынша 2 үлкен жіктелім тобына бөлуге болады:

1 – мерзімі бойынша мемлекеттік реттеу; ұйымдық – басқарушылық; экономикалық және институционалды деп аталатын әдістерге бөлінеді.

2 – бағытталуы бойынша мемелекеттік реттеу тікелей және жанама болып бөлінеді.

Ұйымдық – басқарушылық әдіс деп – шектерді анықтау үшін қолданылатын әдістерді айтамыз. Ұйымдастырушылық – басқарушылық әдісте қызметтің белгілі бір стандартын белгілей отырып кәсіпкерлік қызметті реттейді. Ықпал етудің экономикалық әдістеріне мемелекеттің мүдделеріне негізделген әдістері жатады. Оның ішінде оларға несиелік қаржы, салық саясаты, дотациялар , субсидиялар, т.б. кіреді.

Институционалдық әдістерді қолдану шағын бизнес инфрақұрылымын және оған сәйкес басқару органдарын қалыптастыруды жолға қояды.

Мемелекеттік реттеудің тікелей әдістеріне басқару обьектісіне тікелей әсер ететін әдістер жатады. Мысалы, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру. Жанама әдістер болса алдын ала бағдарланған ортаны қалыптастыруға қолданылады. Мысалы, өнім өндіретін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау арқылы осындай кәсіпорындардың көбеюін ынталандырады. Кезінде аң шаруашалығы кәсіпкерліктің дамуына әсер еткен және бізде табысты түрде қолдануға болатын негізгі фонды қысқаша былай көрсетуге болады:



  • Мемлекетті қорғау;

  • Кәсіпкерлікте толық қолайлы жағдай саясатын жүргізу;

  • Салық тарифтерін төмендетуі;

  • Банк жүйесіндегі өзгерістер;

  • Шетел инвесторларын тарту;

  • Кәсіпорындар мен корпорацияларды құру және акция шығару жүйелерін жеңілдету.

Шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың 2 түрі болады:

    • Негізгі;

    • қамтамасыз етуші.

Негізгі бағдарламалардың мақсаты жоспарлау, ұйымдастыру, және кәсіпкерлік қызметті қадағалау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар бизнестің тиімді инфрақұрылымын құру және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жолы арқылы шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қайта құрылған кәсіпорындарға қатысты саясаты мемлекеттік қызмет тарапынан үлкен ұйымдық күш салуды қажет етеді және төмендегі бағыттар бойынша топтастыруға мүмкін:

  1. шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету

  2. кәсіпкерге қаржылай көмек көрсету

  3. кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін құруда көмек көрсету

  4. бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету

  5. тиісті салық жүйесі мен басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру

  6. қоғамда кәсіпкерлік орта құру.

Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік қызметтің бір бағыты шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету болып табылады. Бірінші бөлімде шағын бизнестің экономикалық дамытудағы мәні мен үлесі қарастырылады. Бұл көмек стратегиялық сипатқа ие. Себебі, шағын және орта бизнесті қолдай отырып, мемлекет ірі кәсіпорындарды дамыту үшін жақсы жағдайды жасайды. Жалпы алғанда, Еуропаға одақтас мүше елдерде шағын және орта бизнеске қатысты саясат экономика министрлігіне немесе сауда мен өнеркәсіп министрлігі арқылы жасалады. Мысалы, Германияда экономика министрлігінде шағын және орта бизнес бөлімдері бар. Францияда арнайы шағын және орта бизнес бөлімдері өнеркәсіп министрлігінде құрылған. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлік министрлігі бар. АҚШ-та шағын бизнесті қолдау және оның мүдделерін қорғау мақсатында 1953 жылы Конгресс шағын кәсіпкерлікті басқарудың арнайы органы құрылды. Жапониялық экономикалық шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауына байланысты олардың үлесіне елдің жалпы кәсіпорындар санының 99 пайызы экономикадағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 80 пайыздан көбі өндіруші өнеркәсіптегі сауда саттық көлемінің 52 пайызы және бөлшектеп сатудың 80 пайызының көбі тиеді.

Іс жүзінде үлкен қаржылай көмек шағын бизнесті дамытудағы жалпы мемлекеттік саясаттың арнасына кіретін кәсіпорынға көрсетіледі. Біздің республикада шағын бизнесті қолдаумен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құруға обьективті қажеттілік туды. 1997 жылы мамырда ҚР ның Президентінің жарлығымен экономика және сауда министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті арнайы орган шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі құрылды. ҚР дағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік қызметінің негізгі бағыттары:



    • шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық және жергілікті атқару органының іс әрекетін үйлестіру;

    • алдымен материялдық өндіріс саласында кәсіпкерліктің даму бағдарламасын дайындау және іске асыруға қатысу;

    • шағын кәсіпкерлікке қаржылай және техникалық көмек көрсету мәселері бойынша халықаралық қаржы институттарымен өзара әрекет жасау;

    • экономикалық шағын секторына шетел инвесторларын тарту үшін қолайлы жағдайын туғызуға қолдау көрсету;

Республикада кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін мақсатқа сай құрылған орган адвокаттық кеңес болып табылады. Бұл 1976 жылы АҚШ тағы шағын бизнесті қорғау үшін құрылған адвокаттық кеңеске ұқсас. Оның негізгі міндеттері:

    • шағын бизнестің дамуына мемлекеттік заңдардың, бағдарламалардың, нұсқаулардың және салықтардың әсерін зерттеу. Олардың шағын бизнес қажеттіліктеріне сәйкестендірілуі бойынша ұсыныстар дайындау;

    • Шағын бизнеске әсер ететін факторларды анықтағанда, экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес жағдайын бағалау, шағын бизнес проблемаларын және қажеттіліктерін зерттеу;

    • Шағын бизнес өкілдерімен жұмыс жасау, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және заңдарды басқа да зерттеуші нұсқауларды қарастыруға көмек көрсету;

    • Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде шағын бизнес өкілдерінің өз ұсынысын айта алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Шағын бизнестің адвокаттық кеңесі 4 бөлімнен тұрады:

    • жалпы бөлімі;

    • экономикалық зерттеу бөлімі;

    • ақпараттық зерттеу бөлімі;

    • аймақтық бөлімі.

Қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудегі көмек. Барлық еуропаға одақтас елдер шағын және орта бизнеске олардың қаржыландыру көздерінің түрлі проблемаларды ұтымдылықпен шеше отырып көмектеседі. Кейбір елдерде негізінен қарыз кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне күш жұмылдырады. Көптеген елдер инвесторларға деген фискалдық жеңілдіктер , жеңілдетілген қарыз және дотациялар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін ерекше резервтер құрайды.

Кейбір елдерде шағын бизнеске тәуекел қорлар тәжірибесі іске асырылады. Қаржылай көмек 2 бағыт бойынша берілуі мүмкін:

1 бизнесті тікелей қаржыландыру;

2 ғимараттар , қондырғылар, коммуналдық қызмет көрсетулерді, жергілікті төлем ақыларды төмендету арқылы жанама қаржыландыру.

Шетелдік зерттеулер көрсетіп отырғандай, инвесторлық қор есебінен тек пайыз ғана қаржыландырылады. Жаңа фирмаларды мемлекеттік қаржыландыру келесі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

-шағын бизнесті инвестициялаудың американдық компаниясына ұқсас, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инветициялық қор құру;

-қарыз және несиелерді мемлекеттік кепілдіктерімен қамтамасыз ету;

-қоршаған ортаны қорғау құралы ретінде қымбат құрал жабдықтарды қажет ететін шағын бизнесті қаржыландыру;

-инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызмет көрсету.

Жоғарыда көрсетілгендей, бизнеске қаржылай қолдау көрсетуден басқа, мемлекет тарапынан ғимарат және құрал жабдықтар ұсыну түріндегі көмектер шағын бизнесте қаржыландыруды күшейтудің басқа да бағыттары бар. Олар шетелде кеңінен тараған. Оларға жататындар:

1. венчурлық қорларды инвестициялауда зейнетақы қорлардың қаражатын пайдалануға рұқсат беріледі

2. жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін салыққа деген талапты төмендету керек

3. салықтық кірістерді немесе облигациялық механизмдерді жеке компаниялармен және мемлекеттік агенттіктермен басқарылатын венчурлық қорларды құруға пайдалану

Мемлекеттік қызметтің осы бағыты бұл кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін жасауда көмек көрсету. Жоғарыда көрсетілгендей, кәсіпорын қызметінің тоқталуының басты себебінің біріне менеджерлердің тиімсіздігі атады.

Көрсетілген кәсіпкерлікті қолдау түрлерімен қатар мемлекет тарапынан мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі:


  • Төмен немесе тегін бағадағы бухгалтерлік көмек

  • Заң кеңестері

  • Жаңа кәсіпорын ашу жөніндегі кеңестер және басқа қызмет көрсету түрлері.

4. Бизнесті ақпараттық қолдау. Бұл бағыт бизнеске ақпараттыық қолдауды кеңінен көрсетуді қарастырады. Олар мыналарды қамтиды:

- нақты нарықтар туралы, тұтынушының қалауы туралы, технологиялық жаңалықтар туралы жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпараттар беру. Мұндай ақпарат болашақ кәсіпкерлерге нарықтық жаңадан ашылып келе жатқан орындарын табуға, өнімдерді немесе өндірістерді жетілдіруге бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілі мен жаңа сапасын табуға мүмкіндік береді.

5. Бұл салық салу және басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділік қарқынын делдалдық сауда қызметтен өндіріске өзгерте алады

6. Мемелекеттік қолдаудың осы бағыты қоғамдық салада және қоғамдық пікірде үлкен өзгерістерді талап ететін кәсіпкерлік ортаны құру. Бұл кәсіпкерлікке деген қоғамдық теріс пікірлерді тиімді жаққа қарай өзгерту жолымен жүзеге асырылады да, нәтижесінде тұтас кәсіпкерлер тобы құрылады және олар жеке мүшелерімен толықтырылып отырады.

Салықтар – мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және бір мерзімде алынатын міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Салықтар қаржының маңызды категорияларының бірі болып табылады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандары мен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіктеріне қарай өзгеріп, жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар–ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.

Салық салу қағидаларына мыналар жатады:


  1. әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:

  • горизонталды әділдік – салық төлеушілердің табысына салық бірдей шарттарда, бір түрде салынуы тиіс;

  • вертикалды әділдікті сақтау салық табыстың бөлігін қайта бөлу үшін дифференциалды ставкаларды пайдаланып, прогрессивтік шкаламен салынуы тиіс;

  1. қарапайымдылық қағидасы. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек;

  2. жеңілдіктердің минималды мөлшері. Жеңілдіктер құндық пропорцияларды бұрмалап және біле тұра салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға қояды;

  3. салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономика мен инвестицияның өсуіне, жұмыс істеуінің жақсаруына кедергі келтірмеуі керек;

  4. салық ставкалараның осы елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі елдер салықтарымен негізгі түрлері бойынша салыстырмалылығы;

Салық түрлерінің мемлекеттегі ерекшелігі болып әр түрлі қоғамдық қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы табылады.

Салықтардың мәні функциясында көрініс табады:

1) мемлекеттік бюджетке түсімді қамтамасыз ететін тарихи бірінші қызметі салықтың фиксалдық қызметі болып табылады;

2) салықтардың қайта бөлу қызметі мемлекет пайдасына әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер табыстарының бөлігін қайта бөлу болып табылады. Бұл салада қызмет ету масштабы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлесімен анықталады: ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 79,7%; 1998 жылы – 16,6%; 1999 жылы – 17,4%; 2000 жылы – 20,2% - ды құрады;

3) салықтардың үшінші реттеуші қызметі – мемлекеттің экономикалық қызметін кеңейтумен байланысты пайда болады. Ол мақсатты түрде ұлттық шаруашылық бағдарламаларына сәйкес дамуға әсер етеді. Мұнда салық нысандарын таңдау, ставканы өзгерту, жеңілдік алу әдістерін өзгерту пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамның қайта өндірісінің құрылымы мен пропорциясына, жинақтау және тұтыну көлеміне әсер етеді.

Мемлекет салық саласындағы шаралар жүйесін – экономикалық саясатқа сәйкес әлеуметтік экономикалық және басқа да мақсаттарға, қоғамның әрбір нақты даму кезеңдеріндегі тапсырмаларға байланысты салық саясатын жүргізеді.

Арнайы салық тәртібі бюджетпен есеп айырысудағы салық төлеушілердің жеке категориясына белгіленген, жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеуді және олар бойынша салықтық есеп беруді оңайлатылған тәртіпте беруін білдіреді.

Мыналарға:



  1. шағын бизнес субъектілеріне;

  2. шаруа (фермер) қожалықтарына;

  3. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

  4. кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық тәртіптері көзделген.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнаулы салық тәртібі төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспаған әлеуметтік салық, корпорациялық немесе жеке табыс салығына қатысты белгіленеді.

Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Шағын және орта бизнес саласындағы субъектілерге салықтың оңайтылған түрі бір реттік талон, патент, оңайтылған декларация негізінде жүргізіледі. Әрбір айтылған тәсілдер үшін оларды қолданудың шарттары белгіленеді.

Қызмет орны, кәсіпкерлік қызмет сипаты, табыс көлемі, қызмет түрлерінің жүзеге асатын саны, жалдамалы қызметкерлерді қолдану.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнаулы салық тәртібі кейбір қызмет түрлеріне қолданылмайды: акциздік өнім өндіру, қаржылық қызмет, жер қойнауын қолдану, мұнай өнімдерін өткізуі, бірқатар лицензияланатын қызмет түрлері заңды тұлғалдардың филиалдарына, өкілеттіктерге, еншілес және тәуелді кәсіпорындарына. Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде салықтық есептеу үшін бір реттік талон қолданылады – арнайы салық тәртібін қолдану құқықтығын куәландыратын және бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Оңайтылған декларация бойынша салықты есептеуді шағын бизнес субъектісі өз бетінше салық салу объектісіне заңмен белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді; салықты төлеу салықтық кезең бойынша бірдей үлеспен кезеңді түрде жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлер үшін арнаулы салық тәртібі патент негізінде рәсімделеді. Бұл жерде сәйкестілік критерийлері болып мыналар табылады:


  1. жалдамалы еңбек үшін қолданбау;

  2. бір қызмет түрімен айналысу;

  3. жылдық айналымды белгілі көлемде шектеу.

Қожалық (фермерлік) шаруашылықтар үшін арнаулы салық тәртібі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады, оның құрамында өндіру бойынша қызметтен төленетін жеке табыс салығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және қайта өңдеу, ҚҚС, жер салығы, көлік құралына және мүлікке салынатын салықтар бар. Бірыңғай жер салығын төлеу объектісі жер учаскесінің бағаланатын құны болып табылады, салық осы құнға 0,1% мөлшерлеме бойынша төленеді.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер басқа қызметтен алынатын жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымдарынан босатылмайды. Төлеуші салықтың жартысын 25 қазаннан кешіктірмей, ал екінші жартысын есептелінетін салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей төлеуі керек.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық тәртібі қызметі осындай өнімді өндіру, қайта өңдеу және сату үшін жерді қолдану мен байланысты субъектілерге, сонымен қатар жануар, құс, ара өнімдеріне қатысты жерді қолданумен байланысты субъектілерге, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге, жерді өңдеу, себу және жинау бойынша қызмет көрсетуге байланысты субъектілерге таралған.

Бұл салық тәртібі корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарына кіретін патент негізінде жүзеге асырылады. Бұл жерде салық саласы 80% -ға азаяды. Салықты төлеу ағымдағы салық кезеңіндегі мамырға және 20 қарашаға дейін және келесі салық кезеңінің 20 мамырына дейін жүргізіледі. Салық төлеуші декларацияны басқа міндетті төлемдер бойынша көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық тәртібі ойын бизнесі, боулинг, картинг, бильярд, лото саласында қызмет көрсететін заңды тұлғалалар мен жеке кәсіпкерлерге (соның ішінде шетелдік жеке және заңды тұлғаларға) тарайды. Аталған қызмет түрлерінің субъектілері бюджетпен бекітілген жиынтық салық негізінде есеп айырысады, төлем көзінен әлеуметтік салық және жеке табыс салығын төлейді.

Бекітілген жиынтық салық былайша бөлінеді: 30% корпоративтік табыс салығы және 70% ҚҚС. Басқа салықтар мен міндетті төлемдер (акцизді қоса алғанда) жалпыға бірдей тәртіпте төленеді. Бекітілген жиынтық салықтың базалық минималды және максималды мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір салық салу объектісі бойынша бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет