ӘДЕБИЕТТЕР
1. Өстеміров.К.Ө. Кәсіптік оқыту әдістемесі. А. 2006.
2. Технология журналы. № 3. 2006.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада студенттерді еңбекке баули отырып, шығармашылық қабілетін дамыту қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются методы раскрытия творческих способностей студентов.
ӘОК 687.16
САПАЛЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Бакирова Л.Ш. оқытушы, Джумабаева М.А. оқытушы-
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамыту тұжырымдамасында «Білім беру жүйесінің мақсаты - қоғамның жоғарғы білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыра аларлықтай білім берудің тиімді ұлттық моделін жасау» деп көрсетілген.
Ал бастауыш және орта кәсіптік білім беруге қатысты мемлекет саясатының негізгі бағыты - нарықтық экономиканың даму қарқынына сәйкес жаңа технология талаптары деңгейіндегі еңбек резервін дайындауда қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды туғызу.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі бірінші кезең ретінде кәсіпке дейіңгі даярлық іске асырылар, келесі кезеңде кәсіптік орта білім кадрларын даярлау жолға қойылады.
Орта кәсіптік білім беру мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде білім берудің мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңарту негізінде педагогикалық іс-әрекеттің мүмкіндігін қамтамысыз етеді.
Яғни, кәсіптік білім беретін барлық орта оқу орындары сияқты педагогикалық колледждер де нарық және бәсекелестік жағдайында білім беру қызметін жүзеге асыратын, нарықтық эканомика кезеңінің талаптары мен заңдылықтарына сай мамандар даярлайтын білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы болып табылады.
Кәсіптік білім - белгілі бір мамандықты нақты білу. Кәсіптік даярлық дегеніміз – кадрларды кәсіптік даярлау – ол білім беру жүйесінің негізгі саласы. Мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту, біліктілігін көтеру /2/. Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды. Сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады. Кәсіби бағдарлама көптеген салаларда қолданылады. Ол педагогика, психолгия, тарих, әлеуметтану, мәдениеттану т.с.с. салалармен тығыз байланысты.
“Атап айтар болсақ, кәсіптік-техникалық мамандықтарға, мектептерге аса назар аударылып, Білім мен Ғылым министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық техгологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау, оған қоса кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, тиісті білім жүктелген” /3/. Яғни елбасымыздың өзі кәсіптік білім мен даярлыққа назар аударуда және оны ары қарай дамытуға өз үлесін қосуда.
Кәсіби білім алудың өткен тарихына көз жіберсек, мұндай идеялар Шығыста туындаған екен. Орта ғасырлық Шығыстың атақты ойшылдары Ибн Сина, Әл Бируни, Ибн Хальдун және басқалардың оқу орындарының оқу тәрбие жұмысының ең құрамды бөлімінің бірі /3/.
Кәсіби білімге бағыттаудың түрлері мен тәсілдері сан алуан. Кәсіптің жаманы жоқ, мәселе әрбір оқушының сол кәсіп өз қабілетіне сай келсе, маңызды екенін ұғынуында. Кәсіпті жан-жақты игеруі оның қыры мен сырын білуден адамның болашағы анықталды. Бұл жұмыспен төменнен жоғарыға дейін, яғни мектептен бастап, қала мен облыс әкімшіліктері айналысуда.
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет.
Кәсіптік техникалық білім - халық шаруашылығын барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындай мәселесі кәсіптік-техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік-техникалық лицейлер мен техникалық гимназиларда іске асады. Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын шеберлікпен меңгере алатын, қазіргі заманғы өндірістің, ғылым мен техниканың талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
Білім беру барысында жеке адамның таным іс- әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көз қарасы және мәдени деңгейі артады. Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оны оқыту үрдісі болып табылады. Ол білім беру ісін жетілдіруге, сақтауға және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға еліміздің тұрақты әлеуметтік-эканомикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мәдениетті жаңа ұрпақ тәрбиелеп, жеке тұлға мен бүкіл қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық және физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Оқушылардың білім деңгейі мен кәсіптік деңгейін ұдайы арттырып отыруды қажет ететін факторларға: ғылымның, техниканың, практиканың дамуы нәтижесінде ғылыми ақпарат көлемінің шұғыл өсуі, жаңа білім салаларының дамуы, жаңа мамандықтар мен мамандандыру түрлерін енгізу және басқаруды ғылыми негізде жетілдірудің қажеттілігі жатады.
Елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: олардың біріншісіне, орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орындарын, ал екіншісі жоғарғы білімді мамандар даярлайтын оқу орындарын жатқызуға болады.
Арнайы орта және жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мазмұны бір-бірімен өзара байланысты үш бағытта құрастырылады.
1. Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгеру.
2. Мамандыққа байланысты теориялық білім беретін арнайы пәндер.
3. Тәжербиелік білім – кәсіптік шеберлікті меңгеру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарыдың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Олай болса, жалпы білім берумен қатар кәсіптік білім беру саласының алдында тұрған міндеттердің де аса ауқымды, сан - саласы, өте маңызды екені баршаға мәлім.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
-
“Технология” журналы
-
“Қазақстан мектебі” журналы.
-
Қазақ Совет энциклопедиясы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада орта кәсіптік білім беру және жалпы білім беру мекемелерінде білім берудің мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңарту негізінде педагогикалық іс-әрекеттің мүмкіндігін қамтамысыз ету жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены вопросы качественного изменения содержания образования в средних профессиональных и общеобразовательных учреждениях.
ӘОК 371.012
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Дарменова Р.А. п.ғ.к., аға оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қарқынды дамып келе жатқан егеменді Қазақстанның және қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениетте өзіндік орын алуы оқу-тәрбие процесінің, жалпы білім саласының жетістік деңгейіне тікелей тәуелді қалыптасады.
Ұлттық тәрбиенің түп қазығы мектепте екені белгілі. Ал эстетикалық талғамды дамытуды, ұлттық тәрбие арқылы қалыптастыру керек.
Себебі шығармашылық еңбек, әсем өнер арқылы эстетикалық талғамын дамытудағы білім, іскерлік, ептілік, шеберлік дағдыларының жиынтығын жан-жақты қалыптастыруға көңіл бөлінген жағдайда ғана студенттің кәсіби шеберлігі, рухани-эстетикалық талғамы білім саласының әлемдік кеңістікке еніп отырған арнайы стандартына сай қалыптасады.
Саналы еңбекке негізделген мәдениет пен өнердің бірізділігі мен маңыздылығы Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заң жобасының бірінші тарауының 4-бабында «Азаматтарға эстетикалық тәрбие беру мәдениет саласындағы негізгі міндет болып табылады, себебі мәдениет пен өнер егіз, қолөнер – мол өнер» делінсе, бесінші тараудың 28-бабында «Өнер дәстүрлерін игеру және оны сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын, әсемдік мақсатындағы шығармашылық еңбек негізінде жасалатын көркемдік бұйымдардың қолдану қажеттілігі» көрсетіліп, еселі еңбекке негізделген ұлттық өнердің тәрбиелік мәнін айқындады.
Сондықтан А.Байтұрсыновтың «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» және «білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген ойы түсінікті. Сондай-ақ ұстаздарға арнаған сөзінде ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл- Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсініп, көзімен көріп, құлағымен естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын ешнәрсені ұмытпайтын жандар. Ұстаз – алғыр, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Бұдан ғұламалардың бірауыздан ұстаз жұмысын жоғары бағалағаны көрініп тұр.
Ұстаздың тынымсыз еңбекқор, психолог, ізденімпаз ғалым, терең қазыналы білімпаз, жан-жақты шебер, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан тәлімгер деп дәріптелуі нарықтық қатынасқа көшіп, білім саласын дамытуда әлемдік кеңістікке енген Қазақстан жағдайында әбден орынды. Олай болса жоғарғы оқу орнындағы ұстаздардың өздері заман талабына сай жаңа педагогикаға негізделген теориялық қағидалардың әдістемелік жолдарын, практикалық іс-шараларын стандартқа сәйкес жаңа педагогикалық технология талаптарының инновациялық тәсілдерін жетік меңгеруі қажет.
Педагогикалық үрдісті басқаруда инновациялық көзқарас тұрғысынан жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселесі сөз болғанда оны тек біліммен қаруландыру ғана емес, сан мен сапа бірлігін теңестіру, яғни білім құрылымын жетілдіру қажеттігі туындайды. Міне, осындай кешенді түрде қолданылған әдіс-тәсілдер технология сабақтарының практикалық сапасын, тәрбиелік мәнін, қажеттілік деңгейін биікке көтереді.
Қазақстан Республикасының Білім заңында ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жас тұлғаны еңбекке баулып, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға, оның білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және де басқа жан-жақты өзіндік мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектті байыту, азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікпен қарап, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, халық дәстүрлерін қастерлеу жүктелген.
Бұл жүктелген мәселенің нәтижелі болуы студенттердің болашақ мұғалімдердің білім саласындағы іскерлік қабілетін, ептілігін және жоғары оқу орнында жадына түйген білімдерін саналы түрде саралап, мектеп қабырғасында технология пәндерін оқытудың инновациялық жолдарын оңды пайдалана білуіне және әдістемелік іскерлігі мен жаңа педагогикалық технологияны жете меңгеруіне тікелей байланысты. Қай халықтың болса да оның рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні де мәлім. «Тек өнер ғана ұлтқа тән ерекшелікті жан-жақты айқындап көрсете алады».
Технология сабағының басты міндеті жеке тұлғаның бойында эстетикалық талғамды дамыту. Ал, талғамның өзі «жеке тұлғаның ойлау қабілетін технологиялық процестерді логикалық жүйеде қарастыру мүмкіндігін адам баласы жасаған материалды құндылықтарды арттырып, көркем дүниелердің қажеттігін пайымдап, одан асқақтық ләззат алып сұлулықты сезініп бағалай білу қабілетін анықтайтын психологиялық категория» болып табылады.
Осы эстетикалық талғамды дамытудың педагогикалық шарттары: оқу тәрбие процесін ұйымдастырудағы теориялық қағидаға, практикалық нәтижеге негізделген әдіс-тәсілдердің логикалық жүйелігі деп білеміз.
Басқа сабақтарға қарағанда технология сабақтарының өзіндік ерекшеліктері оқу әдістемелік тәсілдерінің бар екені белгілі. Дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстырғанда әдіснамалық оқыту технологиясы қазіргі заманда нарықтық көзқарасты дамытуға, мәдени қарым-қатынас пен сыни ойлауды қалыптастыруға, жағдайды дерексіздіктен нақтылыққа шығаруға, түсініктерді схемалық бейнелеу түрінде көрсетуге, шындық пен ақиқатты толық дәлелдеуге бағытталған. Мысалы, жаңа материалды түсіндіріп, оның теориялық қағидасын ғылыми тұрғыдан толық дәлелдегеннен соң осы деректі фактілермен түсіндірілген материал нақты тәжірибемен дәлелденуі қажет, яғни, алынған білім негізінде оқушылардың жадында логикалық ой, сарамандық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру ісі ескерілуі тиіс. Осылай мектеп қабырғасында өткізілетін технология сабақтарының теориялық идеяларын практикалық іс-тәжірибеге ұластыру мақсат етіліп қойылуы қажет. Себебі, стандарт және бағыт-бағдар бойынша теориялық материалдардың міндетті түрде практикалық іс-шаралармен байланысы негізінде пайдалы еңбекпен ұштасуы көзделген. Сондықтан да технология сабақтарының сабақтастығы негізінде әрбір элементтің дидактикалық мәні мен технологиялық бірізділігінің инновациялық жолдарын жан-жақты қарастырып, кеңінен пайдалануы қажет.
Халық қолөнері ежелгі дәуірден ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, дамып келе жатқан рухани және материалдық мұралардың бірі болып табылады. Халық қолөнерінің ең бір үлкен арнасы- сәндік-қолданбалы өнер.
Қолданбалы қолөнер пәнін оқытудағы мұғалімнің негізгі мақсаты – қолөнердің шығу, даму тарихын, халық шеберлерінің өмірін, олардың бұйым жасаудағы құпиясын оқушыларға жеткізу, бұйымды жасап шығарудың технологиялық тәсілдерін үйрету, тақырып таңдай білуге жетелеу олардың эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ шығармашылық шабыттарын өсіріп, еңбек ету қызығушылығын арттыру. Еңбек процесінде берілетін осындай сабақтар балаларға шығармашылық бағыт береді, яғни мектеп бітірушілердің, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты әсер етеді.
Қолданбалы қолөнер негіздерін үйрету барысында келесі принциптерді басшылыққа алған жөн:
- іскерлік пен дағдыны дамыту;
- кеңістікті адамның белгілі бір іс-әркетіне арналған орта деп қабылдау;
- әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді, практикалық іс-әрекеттің түрлерін (жазықтықта, көлемде, кеңістікте) пайдалану.
Қолданбалы өнер – халықтың сәндік, әшекейлік, көркемдік, қажеттік өнер туындылары. Қолданбалы өнер пәні – оқушылардың халық шеберлерінің рухани байлығы туралы білімдерін жетілдіріп, көркемдік эстетикалық талғамының дамуына әсер ететін, еңбекке деген ынтасын қалыптастыратын, оларды техникалық біліммен қаруландыратын шығармашылық оқу түрі.
Қолданбалы қолөнердің әр түрімен айналысу- еңбекке деген қызығушылығын арттырып, бастаған ісін аяғына дейін бітіруге бейімдейді.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарының ерекшелігі – оларды тек әдемілік ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады.
Мұндай туындылардың өн бойында өндірістік технология мен қолжұмыстары эстетикасының үндестік табуы – еңбек пен эстетиканың бірізділігінің көрінісі. Шығармашылық қол жұмыстарының негізі – халықтың көркем сурет саласы. Бұл біздің бүгінгі күнімізге жеткен еңбек формасы.
Декоративтік тұлғамен жұмыс істеу оқушылардан бақылауды, логикалық ойлауды, тұжырым жасауды, көркем шеберлікті игеруді талап етеді. Олардың декоративтік суреттерді бейнелеуде қиялдау фантазиясы өседі, қолдарының бұлшық еттері, күшейіп, ритмикалық қымилы жеделдейді, көз қырағылығы артып техникалық білімі тереңдейді.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарын шығару процестерінің құндылығы, ерекшелігі сонда, ол оқушылардың соңғы нәтижесін көруге ынтықтырып, дайын бұйымды көз алдына елестетіп бітіруін асықтырады.
Оқушы бұйымды жасау үшін өз ісін жоспарлайды, себебі бір операцияны бітпей жатып, екіншісіне өту мүмкін емес. Міне, осылар оқушыларды мәдениеттілікке, жинақтылыққа үйретеді және кез келген жұмысқа кіріспес бұрын жоспарлап соңғы нәтижені болжау қажеттігін ұғындырады.
Сәндік бұйымдардың сапасын бақылау – екі жақты процесс. Бір тараптан мұғалім оқушының жеке жұмыс жасау процесін тексереді, ал екінші тараптан оқушы оқушының жұмысын тексереді. Ол басқалардың жұмысына өз ойын айта алады. Оқушылар өзін-өзі бақылауы да мүмкін. Мұндай жағдайда, олар үлгі бойынша жұмыс істей отырып, салыстыру және талдау арқылы бұйымның сапасын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Мұның өзі оқушыларды дәлдікке, жинақтылыққа, тәртіптілікке үйретеді және шығармашылық қиялының ұшқырлана түсуіне әсер етеді.
Қолданбалы қолөнермен айналысу оқушыларды жалықтырмайды, өйткені белгілі бір еңбек әрекеттерін жүзеге асыру кезеңдері өзгеріп отырады. Сондықтан да бұлшық еттердің бір ғана жағдайда тұрақты жұмыс істеуі ұзаққа созылмайды. Мұғалімнің бұл кезде берілген тапсырмаларының күрделілігі қандай дәрежеде және қаншалықты оңай және қиын екендігін байқауына мүмкіндік туады.
Қолданбалы қолөнер бұйымдарымен жұмыс істеу оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Олай дейтініміз еңбек ету, соның ішінде матаны көркемдік өңдеу барысында оқушылардың қабілеттерінің жан-жақты ашылуына мүмкіндік туады.
Олар өз бетімен еңбек етуге және әдемі және әсем көз тартарлық бұйым шығаруға талпынады. Нәтижесінде оқушылар шығармашылық тұрғыдан шабыттанып, эмоциялық әсер алады.
Оқушылардың эстетикалық, еңбек және политехникалық білімдері тереңдейді, олардың еңбек мәдениеті жөніндегі арнайы ұғымдары қалыптасады, мамандықтарға деген қызығушылығы пайда болады.
Оқушылар қолданбалы қолөнер пәнін оқу негізінде техникалық әдіс-тәсілдерді меңгереді, алған білімдерін өздерінің бала қиялдарымен ұштастырып, пайдалы және сәнді де, әдемі бұйымдар жасап шығаруға талпынады.
Оқушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарын шығару кезеңіндегі іс-әрекеттерінің жиынтығын (шығармашыл) творчестволық жұмыс деп атаймыз. Өйткені онда тақырып таңдаудан бастап орындау, әшекейлеу әдіс-тәсілдеріне дейін сұрыпталынып, ойдан өткізіледі.
Оқушыларды еңбек операцияларына алдын-ала өлшеу немесе есептеулер жүргізгеннен соң ғана бұйымды дайындауға жоспар құрады.
Жұмыстың жоспарын мынадай бірізділікпен құрған жөн:
- бөліктердің барлық түрлерін дайындау (негізгі, бекіту және пішу, кесіп алу, таңдап алу және рет-ретімен қою);
- дайын болған бөліктерді өңдеуге және жинауға даярлау (бүгілу сызықтарын белгілеу, бөліктердің бір-біріне дәл келуін тексеру, керекті тесіктер, қиықтар, саңылаулар жасау, бөліктерді өңдеу);
- дайындықтың барлық кезеңінен өткеннен соң бұйымның бар бөліктерін жинау;
- бөліктердің соңғы рет өңделуі, бұйым сапасын тексеру, (егер бар болса) кемшіліктерін жою.
Технология сабақтарына қойылатын талап деңгейі өте жоғары. Өйткені, технология сабақтары нақты материалмен, бұйыммен, оқу құралдары-станок жабдықпен қауіпсіздік жағдайды қатаң сақтай отырып, теория мен практиканың қатар жүруімен және көптеген логикалық операциялар жүйесімен ерекшеленеді. Осындай күрделі талапты мұғалім сабақ үстінде орындап үлгеруі керек. Технология сабақтарында «дидактиканың алтын заңы – көрнекілік» қағидасы толығымен сақталады. Өйткені, еңбек сабағын көрнекіліксіз өткізу сабақтың мақсатына толық жеткізбейді. Мұғалімнің өзіндік білімі, сөйлеу мәдениеті, әдептілік деңгейі М.Жұмабаев көрсеткендей, өз дәрежесінде болуы қажет.
Сонымен мектеп қабырғасында технология сабақтарын өз дәрежесінде атқару болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейіне, олардың педагогикалық қызметке деген компоненттік дайындығына тікелей байланысты екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан ұстаздық қызметтің қызықты, тартымды жақтарымен қатар оларға қызмет барысында мектеп қабырғасында кездесетін қиындықтардан, кез-келген күтпеген ыңғайсыз жағдайлардан да ұтымды түрде шығу жолдары түсіндірілуі қажет. Оқу-тәрбие процесіне деген болашақ мұғалімнің теориялық, практикалық даярлығы ұстаздық қызметті атқаруға бағытталған ынта-ықыласы, құштарлық әрекеті, педагогикалық, психологиялық мүмкіндігі мен ерекшелігі институт қабырғасында белгіленіп анықталады және олардың дидактикалық әдіс-тәсілдері ғылыми тұрғыдан педагогикалық талапқа сай сараланады. Сонда ғана студенттердің барлығы институт бітіргеннен соң мамандық бойынша бір кісідей пайдалы қызмет атқарады. Себебі, институтты бітірген студенттердің 3 пайыздан астамы басқа мамандыққа әлі де болса ауысып кетуде деген қауесеттің де жаны бар. Институт қабырғасында жас маманды педагогикалық жұмысқа дайындау, бұл мамандықтың ұтымды жақтарын түсіндіріп, олардың қызығушылық қабілетін арттырып, оқытудың дидактикалық әдіс-тәсілдерін түсіндіру, сөйтіп өз дәрежесінде кәсіби шеберлікке баулу – кезек күттірмейтін проблема. Оқыту процесі екі жақты процесс бола тұра, оқушы мен болашақ мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу — баланың өзінің танымдық, әрекеті. Сондықтан ең алдымен болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту процесінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру қажет. “Педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы шарт” - деп көрсетті педагогика ғылымдарының докторы, профессор, белгілі дидактик Т.Сабыров өзінің «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» атты кітабында: “Оқыту процесін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде ұйымдастыра білу, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындай білу қажеттігін көрсетеді”
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Х. Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» - Алматы, «Өнер» 1987 ж.
2. М.С. Муканов Казахские домашние художественные ремесло Издательсттво «Казахстан» Алма-Ата 1979 г.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада «Технология» пәнін оқытуда жастарды ұлттық тәрбиеге тәрбиелеу мәселелері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается национальное воспитание молодежи при изучении предмета «Технология».
ӘОК 371.035.3
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Иманқұлова Л.Б. магистрант, Асқарова Ж.А. п.ғ.к., доцент
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жас ұрпақтың өмірге дайындығы бүгінгі мұғалімнің кәсіби білімінің мазмұнына байланысты екендігін айтып кеткен /1/. Міне, осы жас кезеңіндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде терең білімді, балаларға деген жүрек сезімі мол, өз ісіне берілген педагог маманын дайындауға талаптар қойылуда. Педагогикалық үрдісте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, кәсіби білімі қалыптасқан кадр дайындау жоғары оқу орындарының міндеті.
Жоғары оқу орнының түлегі мектептегі қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін ізденуге бағдарланған және оқушылармен шығармашылықпен ізденіс жұмыстарын жүргізе алатын болуы керек.
Жоғары оқу орнының алдында тұрған ең басты міндет - болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан кәсіби білімін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда, жоғары оқу орнын бітіруші түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби білімін қалыптастыруда оқытудың жаңа жолдарын, түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.
Кәсіби білім – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп, кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъектің жеке интегративтік қасиеттердің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.
Қазіргі білім беру саласында жүріп жатқан ізгілендіру бетбұрыстардың барлығы еліміздің егемендік алуына байланысты болып отыр. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамның алға апаратын күш тек білімде ғана.
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадегмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым – қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
-
білім мазмұны жаңа үрдістік бірлестіктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баии түсуде;
-
ақпараттың түрлі әдістері ауызша және жазбаша, қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- педагогикалық технологияның кеңінен қолдануына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беру Концепциясындағы білім берудің негізгі мақсаты білім, білік және дағдылардың жай ғана үйлесімділігі ғана емес, сондай – ақ оларға негізділген жеке, әлеуметтік және кәсіби жетік білім - өз бетінше ақпаратты таба білу, талдау және тиімді пайдалану, өзгеріп тұратын әлемде өмір сүру және еңбек ете білу дағдылармен анықталады /2/. Білім беру үрдісі, үздіксіз білім беру саясаты бүгінгі студент, ертеңгі маманның жоғары оқу орны қабырғасында өз бетімен білім алуға даярлығымен талабын қажет етіп отыр.
Мамандар мен жоғары оқу орнын бітірген жастардың алған білімдері ХХІ ғасырда жұмыс істеуге жеткіліксіз екендігі белгілі болып отыр. Мұның өзі барлық саладағы мамандардың өздігінен білім алуының, өз бетінше білім алу біліктері мен дағдыларын үнемі арттырып отырудың қажет екендігін аңғартады.
Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңында жаңа ақпарат хабарларды жастар өздігінен дұрыс қабылдау және бағалай білуді, кез – келген теориялық және нақты жағдайды өз бетінше талдай білуді, нарықтық қатынастар жайындағы өмірдің түрлі салаларында өз бетімен еңбек етуге даярлықты іске асыруды алған міндет етіп қойған /1/.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздігінен білім алу мәселесін С.Архангельский, И.Лернер, В.Беспалько, т.б. қарастырды. Ғалымдардың зерттеулерінше студенттердің өзіндік жұмысы келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсіби қарым – қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үрдісі, студенттің өз бетімен жасайтын іс-әрекеті, студентті өз бетімен білім алуға дайындаудың жолы ретінде сипатталады.
Жастардың өз бетінше оқып, білім алуы мен дүние тануын жетілдірудің әдіснамалық негіздері М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Л.Я.Зорина, М.Н.Скаткин, А.В.Усова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалпы педагогикалық аспектіде қарастырылған.
Онда өздігінен білім алудың мәніне, рөліне, құрылымына талдау жасалып, оған қызықтыру жолдарын іздестіру, жетілдіру, шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру қарастырылған.
Демек, дидакт – зерттеушілер де, педагог – практиктерде студенттердің өздігінен білім алуы өте маңызды процесс екенін анықтауға, оны зерттеп, өзіндік мәнін ашуға, өздігінен білім алуды айқындауға өз үлестерін қосты.
П.И.Пидкасистыйдың айқындауынша: “өздігінен білім алу – студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті”. Ал В.П.Беспалько: “өздігінен жұмыс” ұғымын адамның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауын айтады.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмыстары теориялық тұрғыда жан – жақты қарастырылып, зерттелгенімен практикада тек үстіртін қолданылып жүр. Білім беруде студенттерге өз бетінше оқып білім алуы,оларға өзіндік жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдері үйретілмей келеді.Бұл қиындықтар оқыту процесінде студенттердің өздігінен оқу ісін ұйымдастырудың теориялық негізделуінің жеткіліксіздігімен бүгінгі маманға қойылатын талаптардың арасындағы қарама – қайшылықты күрделендіре түсуде.
Кредиттік оқыту жүйесінің 2/3 бөлігі студенттің өз бетімен жасайтын жұмысынан тұрады, яғни білімнің негізін студент өз бетінше іздену, білуге деген қызығушылыққа бағыттай отырып қалыптастырады.
Студенттің өздік жұмысы білім беру кезіндегі дидактикалық тапсырмаларды орындау процесінде, білуге, қызығушылығын қалыптастыратын және белгілі ғылым саласы бойынша білімін толықтыратын ерекше оқыту түрі.
Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуға, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Өзіндік жұмыспен бекітілмеген білім адамның рухани байлығына айналмайды. Сол себепті де жоғары оқу орнында оған үлкен мән беріледі. Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығушылық т.б.) қалыптасуына әсер етеді.
Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мәнін, маңызы мен қажеттілігін саналы түрде, бар ынта – ықыласы мен түсінген студент оны қызыға орындайды.
Өзіндік жұмыстар студенттің ақыл – ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Өзіндік еңбек студенттің бойында ұйымдасушылық, тәртіптілік, еріктілік, мақсаткерлік, іздемпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады. Студенттердің өзіндік жұмыстары әрі күрделі, әрі жан-жақты.ол танымдық іс-әрекеттің балық жағдайын қамтиды: мәселен,жүйелі түрде оқылатын лекция курсын тыңдау және лекция материалын жетілдіру, дипломдық жұмысты дайындап,оны қорғау,керекті әдебиеттерді іздеу, өз бетімен оқылатын сұрақтарды түсіне білу,проблемаларды қоя білу және оларды шығармашылық түрде шеше білу.Бұл студенттердің әртүрлі жағдайларда аудиторияда, кітапханада, лабораторияларда, архивтер мен мұражайларда т.б орындайтын жеке жұмыстары.
Жоғары оқу орындардағы оқу – танымдық жұмыстарды педагогикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктеуге болады:
-
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;
-
Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар;
-
Білім және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;
-
Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;
-
Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Кәсіптік түрде бағытталған және педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің кәсіби дайындығын дамытуға тиімді жағдайлар жасайды /3/.
Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, оны екіге бөліп қарастыру керек:
-
дәрісханалық өзіндік жұмыс;
-
дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс.
Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар кіреді. Ал дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, курстық, диплом, жұмыстарын жазу т.б. жатады. Өзіндік жұмысты бұлай бөлуге тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстардың өзі дәрісті тыңдау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақтарына дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады. Студенттердің өзіндік жұмыстарының ішінде курстық және дипломдық жұмыстардың орны ерекше.
Университетте студенттердің білімін арттырудың бір жолы – олардың өз бетімен ғылыми ізденістерге баруына жол ашу болып табылады. Яғни кез келген пән бойынша бір немесе екі семестр аралығында өтетін сабақ барысында шәкірттің білуге деген қажеттілік талабын оқытушы қанша тырысқанымен қанағаттандыра алмайды. Оған уақыттың жетпейтіні де белгілі. Жақсы дайындалған лекцияның өзі белгілі сағаттарға сәйкестендіріліп, ықшамдалып алынады. Лектор ең қажетті, өз бетімен оқығанда түсінуге қиын болады-ау деген мәселелерді қамтуға күш салады. Білімнің терең қыры мен сырына студент өзі ізденіп, талаптану арқылы ғана жетеді. Өз бетімен іздену үстінде студент ойланып жұмыс істеуге, оқыған-тоқығанын жаттап алып қана қоймай, ол туралы әр түрлі қисынды ой қорытуға жаттығады, бір дерек пен екінші деректі, бір пікір мен екінші пікірді салыстырып, дұрысы мен бұрысын ажыратуға қол жеткізеді. Мұның әрине, ғылымға ден қоя бастаған жас жеткіншек үшін маңызы зор.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Республиканың барлық жоғары оқу орындары білім берудің кредиттік жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі - әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып, елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдермен қатар, студенттің ізденуіне, сапалы білім алуына жағдай туғызу, яғни студенттің өз бетімен жұмыс істеуі.
Білім жүйесінің алуан түрлілігі және оларды тәлімгерлерге жеткізудің уақыт өткен сайын күрделенуі жоғары мектепте маман дайындау үрдісін жетілдіруді талап етеді. Аталған үрдістің ең маңызды бөлігі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Егер жеке тұлға білімді тек дайын күйінде қабылдамай, оны өзінің іс-тәжірибесіне, ойлау қабілетіне сүйене отырып өздігінен меңгерсе ғана аталған білім жүйесі берік болады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары болашақ мамандарды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, қалыптастырудың міндетті шарты екендігін ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |