К Ә сіптіко қ ытуж ә н е е ң б е к әок 08 АҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту



бет15/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.8 Mb.
#19989
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЛИТЕРАТУРА
1. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. А., 1997.

2. Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан: Стат.сб./

Агентство Респ.Казахстан по статистике. -Алматы, 2001.

3. Нурсеитова Р. А.Механизм регулирования инвестиционного процесса

в Казахстане:финансово-банковский аспект.Спец.08.00.1 0­

Финансы,денежное обращение и кредит: Автореф.дис.на

соиск.учен.степ.канд.экон.наукl Раушан Айткалиевна Нурсеитова. ­

Алматы,2000. 5. Статистический ежегодник Казахстана за 1999 г. А., Панорама.2000. NQ9.


РЕЗЮМЕ
Регулирование привлечения иностранных инвестиций в экономику РК.
ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел инвесторларын тартуды реттеу.

УДК 336.714(574)



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Оразалиев Б. -а/ш.ғ.к., доцент м.а., (Алматы қ., Қазмемқызпи)

Дауылбаев К.Б.- э.ғ.к., доцент ал-Фарабии атындағы КазҰУ


Қазақстанда және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:

ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен);

құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының шығарылуы мен қаптауына дейінгі өндірісіне дейін); әйнек өнеркәсібі; химия және мұнай химия өнеркәсібі; металлургия; машина жасау; орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі; балық өнеркәсібі; инфрақұрылым (энергетика және көлік) /1/.

Қазіргі уақытта Қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыруға ауыстырылды.

Инвестициялық декларация Қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлiк қоғамының инвестициялық декларациясы «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағыттарын, тәуекелдердi басқару саясатын, бағалы қағаздардың әр түрi бойынша бағалы қағаздар портфелiн әртараптандыру нормаларын және Қордың инвестициялық жобаларға қатысуын тоқтату шарттарын айқындайды /2/.

Қор жүзеге асыратын инвестициялаудың мақсаты жаңадан құрылатын және жұмыс iстеп ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бәсекеге қабiлеттi өндірiстердi құру жөнiндегi жеке ceктордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету болып табылады. Қор жұмыс iстеп тұрған өндірістерді кеңейтуге, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ тауарлар шығару және қызметтер көрсету жөнiндегi перспективалы жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған ақталатын және тиiмдi инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысады. Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені болып табылады.

Қордың инвестициялауға қатысуы үшін инвестициялық жоба мына бағыттарда бағытталу керек:


  1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келсе;

  2. экономикалық және қаржылық параметрлері бойынша тартымды болып табылса;

  3. ұйымдардың технологиялық әлеуетiн ұлғайтуға, өнiм өндiрудiң және қызметтер көрсетудiң сапасы мен көлемiнiң өсуiн арттыруға, шикiзат пен материалдарды қайта өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған жағдайда.

Инвестициялық жобаларды қарау мен iрiктеу тәртiбi Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Қордың инвестицияларын ұйымның жарғылық капиталына жүзеге асыру үшiн iрi акционер ретiнде жобаны орындауды ұйымдастырудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн, жобаның техникалық-технологиялық жағын жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi тәжiрибесi бар стратегиялық инвестор қатысады. Стратегиялық инвестор ретiнде бiр инвестор да, сол сияқты инвесторлар тобы да қатысу мүмкіндігі бар. Негізінен, инвестициялық жобаны iске асыруда саласына салым салу тәжiрибесi бар институционалды инвесторлардың қатысуы орынды болып табылады.

Қор бәсекеге қабiлеттi салалар мен кластерлердi қалыптастыратын өзара байланысты кәсiпорындардың; экспорттық бағыттылығы басым қосылған құны жоғары өнiмдер өндiрiсiне және халықаралық еңбек бөлiнiсiнде қазақстандық ұйымдардың қатысуын ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобаларға бағдарланады. Қордың қаражаты салынған акциялар құнының өсiмi мен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу үлесi Қордың табыс табуының негiзгi нысаны болып табылады. Дивиденд нысанындағы ағымдық кiрiстердiң өсуiн Қор өз қызметiнiң басымдығы ретiнде қарастырмайды.

Қор уақытша бос ақшаны iшкi және сыртқы рыноктардағы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды қоса алғанда, Қордың осы инвестициялық декларациясы айқындайтын шекте және тәртiппен өтiмдi активтерге орналастыруды жүзеге асырады. Қор уақытша бос ақшаны дербес не сенiмдi басқарушы арқылы басқаруға құқылы болып табылады.

Қор Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатына сәйкес экономиканың шикiзаттық емес секторындағы отандық және шетелдiк ұйымдар арасындағы өзара тиiмдi өндiрiстік кооперацияны дамыту үшiн шетелде инвестициялауды жүзеге асырады /3/.

Шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде Қор өздiгiнен немесе қазақстандық инвестормен бiрлесiп, инвестиция жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына сәйкес олар қабылдаған шешiмдi және тосқауыл болатын акциялар пакетiн айқындауға мүмкiндiк беретiн шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлестi сатып алады. Қор ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын және олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға ықпал ететiн инвестицияларды салалық және аумақтық әртараптандыру негiзiнде инвестициялық тәуекелдердi басқарудың ұтымды саясатын жүргiзедi. Қордың Директорлар кеңесi тәуекелдердi басқару саясатының өзекті мәселелерiн ашатын құжатты бекiтедi.

Қор өзiнiң инвестициялық қызметiнде инвестициялық жобаларды дамытуға (қаржыландыруға) мынадай кезеңдiк әдiстi ұстанады:



  1. инвестициялық жобалар бойынша ақпараттарды алдын ала талдау, жинау және өңдеу;

  2. техникалық-экономикалық негiздеменi (бизнес-жоспарды) дайындау;

  3. жоспарлы-болжамдық құжаттаманы әзiрлеу;

  4. маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулер жүргiзу;

  5. жарғылық капиталға қатысу;

  6. инвестицияларға бақылауды ұйымдастыру және жоспарлы кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ете отырып, Қордың жобаға қатысуын тоқтату.

Ұйымның жарғылық капиталына Қордың бақылаусыз қатысуы 49 пайыздан аспауы тиiс. Бұл ретте ұйымның жарғылық капиталына Қордың 700 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қатысуы туралы шешiмдi Қордың Директорлар кеңесi қабылдайды. Қор басқармасы ұйымның жарғылық капиталына 700 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қатысуы туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қор ұйымдардың жарғылық капиталдарына өзiнiң қатысу үлесiн 49 пайыз шегiнде ұтымды етуге құқылы, бұл үшiн Қор басқа акционерлермен жасалған келiсiмдердiң және инвестициялық жобаларды iске асырудың шарттары негiзiнде ұйымның акцияларын портфелдi инвесторларға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да сатып алушыларға сатуға құқылы.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшiн стратегиялық маңызы бар iрi инвестициялық жобалар үшiн жобаның бастапқы кезеңiн қаржыландыру үшiн жоба бастамашысының қаражаты жеткiлiксiз болған кезде техникалық экономикалық негiздеменi (ТЭН) әзiрлеу.

Қордың TЭH-дi әзiрлеуге байланысты шығыстары инвестициялық жоба бойынша шығындарға күрделендiруге жатады және орналастырылатын акцияларға ақы төлеу және жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестер ретiнде ескерiледi.

Ұйымдардың акцияларына Қордың ақы төлеу мерзiмдерi мен мөлшерi ұйымдардың жасалған келiсiм-шарттар (жеткiзiлiмдер, мердiгерлiк және басқалары) жөнiндегi төлемдер кестелерiн ескере отырып, ұйымдармен жасалған Инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру туралы шарттарға сәйкес айқындалады.

Қор ол жарғылық капиталына қатысатын ұйымдарды басқарудың мониторингiн, сондай-aқ электрондық түрде ұсынылатын есеп беру негiзiнде жүйелi және жоспарлы байқау арқылы инвестициялық жобалардың мониторингiн жүзеге асырады. Мониторинг мыналарды қамтиды:


  • инвестициялық жобаны іске асыру және инвестициялық ресурстарды тиiмдi пайдалану туралы ақпаратты жинау және жүйелі таңдау;

  • ұйымдардың қаржы-экономикалық және өндiрiстiк-техникалық жай-күйiн және олардың қызметiнiң саланы, өңiрдi және республиканы тұтастай дамытуға әсерiн талдау;

  • ұйымдардың басқару сапасын бағалау және олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлеу /4/.

Қор ұйымдардың ашықтығын қолдауға ықпал етедi және олардың қызметiнiң аудитiне қатысады. Инвестициялардың салалық және аумақтық құрылымдары ұйымдардың бағалы қағаздар портфелiн әртараптандыру нормаларының негізiнде инвестициялық портфельдiң сапасына қойылатын мынадай талаптарды ескере отырып айқындалады:

  • Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына инвестициялар үлесi Қордың меншiктi капиталының кемiнде 70 пайызын құрауы тиіс;

  • ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi) номенклатурасы бойынша салалардың бiрiне инвестициялардың үлесi Қордың меншiктi капиталының 25 пайызынан аспауы тиiс;

  • Қорды 50 млрд. теңгеге дейін күрделендiру кезiнде бір ұйымға және онымен тiркелген құрылымға инвестициялар үлесi меншіктi капиталдың 20 пайызынан, 100 млрд. теңгеге дейiн меншiктi капиталдың 15 пайызынан аспауы тиіс.

Ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен қатысу үлестерi құнының жоспарланатын өсімiн қамтамасыз ету шамасына қарай Қор оларды басқа ұйымдарға сатудан алынған капиталды кейіннен қайта инвестициялау үшiн ұйымдардың акционерлерiне де, сол сияқты бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногына да оның иелiгіндегi акциялар мен қатысу үлестерiн сатуды жүзеге асыратын болады. Қордың инвестициялық жобаға қатысуын тоқтату шарттары әрбiр жекелеген жағдайда ұйымдармен жасалатын Инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру туралы шарттармен айқындалады /26/. Ал, Қордың инвестициялық жобаға қатысу мерзiмі жобаның бизнес жоспарына сәйкес айқындалады. Қор акционерлердi және инвестициялық жобалардың өзге де мүдделi қатысушыларын Қорға тиесiлi акцияларды сату ниетi туралы алдын ала хабардар етедi. Қорға тиесiлi қаржы құралдарын сатудың мерзiмдерi мен тәртiбiн Директорлар кеңесiнiң шешiмi айқындайды.

«Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының 2006-2008 жж. арналған дамуының негізгі бағыттары:



  • ҚИҚ-ң 2006-2008 жж. арналған инвестициялық бағдарламасы ҚИҚ-ты кейіннен капитализациялауды қарастырады және түрлі масштабтағы отандық және шетел инвестициялық ресурстарының 40-50-ден кем емес тартымды жобаларын тартуымен оның қызметін шоғырландыру, Қазақстанда, сонымен бірге шетелде бәсекеге қабілетті ірі және тиімді өндірістерді құруға ерекше көңіл аударады;

  • 2006-2008 жж. ҚИҚ 2004-2005 жж. бастаған мына салалардағы жобаларды, қара және түсті металлургия, негізгі химия, микробиология, фармацевтика, медициналық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көліктік машина құрылысы, қабырғалық және керамикалық материалдар, цемент, әйнек өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және тағы басқаларды іске асыруды жалғастырады.

  • ҚИҚ-ң 2006-2008 жж. арналған инвестициялық (инновациялық) саясаты мынадай үш бағыттармен анықталатын болады:

  1. 2004-2005 жж. қаржыландыруға қабылданған жобаларға сай еншілес және тәуелді ұйымдардың акциялары үшін сенімді төлеу ағынын қолдау қажеттілігімен. Мұндай жағдайда акцияларды төлеу инвестициялық жобалар бойынша бекітілген сметалар шеңберінде шығын төлеуінің қажеттілігі туындаған шараларда ғана жүргізілетін болады;

  2. Жаңа ірі жобаларды қаржыландыруға дайындығымен. Аса ірі, қиын жобалар бойынша қаржыландыру жоба алдындағы құжаттамаларды әзірлеуге қатысу жолымен жүргізілетін болады. Осылай кейінгі жылдары жобаларды дамыту үшін дайындама құрылады;

  3. Кәсіпорынның жарғылық капиталында ҚИҚ-ң қатысуын ұйымдастыруымен. 2008 жж. ҚИҚ жылсайын 20-дан кем емес жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар жаңа өндірісті құрумен, немесе мына салаларда жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтуге байланысты: құрылыс материалдары өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенде, химялық, жеңіл, металлургиялық өнеркәсіпте, машина жасау және басқа салаларда. ҚИҚ 2008 ж. арналған қажетті инвестициялау бағдарламасы бойынша жобаларға қатысу үшін 850 млн. аса АҚШ доллары қажет. Жоғарыда аталған есептеулер инвестициялық нарықта қазіргі кездегі жағдайлардың сақталуымен және тұрақты валютаны сатып алу қабілеттілігімен жүргізілген.

ӘДЕБЕТТЕР

1. Крутик А.Б., Никольская Е.Г. Инвестиции и экономический рост предпринимательства. // Серия «Учебники для ВУЗов. Спец.литература» //
СПб: Лань, 2000, 544с.

2. Борисов Е,С. Хрестоматия по экономической теории. Москва, изд. «Юрист», 2002 г. 536 с.

3.МасленниковИ.Б.Институтцианализм инвестиционной привлекательности // ЭКО, №8, 2005. С. 18

4.Массе П. Критерии и методы оптимального определения


капиталовложений. Москва, 1971г. С. 27

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорларын дамыту жолдарының негізгі принціптері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

Основные принципы развития инвестиционных фондов РК.

УДК 336.714(574)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

АХУАЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Оразалиев Б.М.- а/ш.ғ.к., доцент. (Алматы қ., Қазмемқызи)

К.Б.Дауылбаев.- э.ғ.к., доцент (ал-Фарабии атындағы КазҰУ)


Инвесторлар қызметінің активті болуы елдегі «Оңтайлы инвестициялық климатқа» байланысты. Бастапқыда инвестициялық климат әр түрлі елдедің экономикалық жағдайына, даму деңгейіне, және экономикалық саясатына байланысты ерекшеленді. Уақыт өте, инвестициялық климат әлемдік экономиканың ғаламдануында халықаралық өндіріс сферасының өсуіне негізделе, XX-ғасырдың соңғы тоқсаныңда ұлттық инвестициялық режимнің тегістелуінің тұрақты тенденциясында көрінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің үкімі бойынша (30.06.1998 ж.) Қазақстанда алғаш шетел инвесторларының одағы құрылды және «Қазақстанда қызмет етуші шетел инвесторларының этикасы Кодексінің Декларациясы» (8.12.2000 ж.) қабылданды. Ел президентінің «Қазақстан-2030» жолдауында шетел инвестициясын тартудағы негізгі стимул болып табылатын ашық және либералды инвестициялық саясаттың нақты, тиімді және қабылданған заңдардың қатаң сақталуы мен әкімшілік орындалуына байланысты туралы айтылды. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту мәселелері әрдайым экономикалық және саяси көзқарастардағы негізгі мақсат болып табылады. Негізгі себеп болып соңғы он жылдықтағы тікелей шетел инвестициялары мөлшерінің кең көлемде өсуі болып табылады. Инвестиция мөлшерінің кең ауқымды өсуі Қазақстандағы үкімет басшылырының ұстанған отандық экономикалық саясатының нәтижесі болып табылады. Шетел инвесторларына құқықтық және экономикалық талаптар құру ел экономикасының жандануына мүмкіндік берді.

Құқықтық көзқарас бойынша шетел инвестициясын тарту шеңберіндегі заңның бірнеше даму этаптары бар. Бірінші этап (1990-1994 жж.) КазССР-дің 7.12.1999 жылғы алғашқы «Қазақ ССР-нің шетел инветициясы туралы» заңының қабылдауынан басталады. Екінші этап (1994-1997 жж.) Қазақстан Республикасының 28.02.1997 жылғы қабылданған «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңымен аяқталады. Үшінші этап (1997-2002 жж.) шетел инвестициялар туралы заңдардың дамуы мен толықтыруларына негізделеді. Төртінші этап (2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) инвестиция шеңберіндегі соңғы қабылданған нормативтік актіден басталады /28/.

Эксперттердың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициясы туралы» заңы ТМД елдеріндегі ең маңыздысы болып табылады. Бұған себеп, заң құрылымындағы шетел инвестицияларына берілетін кепіл болып табылады:



  • заң өзгерістерінен кепіл; мемлекет органдары мен міндетті тұлғалардың заңсыз қызметінен кепіл;

  • шетел инвесторларының шығындарына компенсация;

  • табыстарды пайдалану кепілі;

  • өздерінің валюта құралдарын пайдалану кепілі;

  • шетел инвесторлар қызметіндегі нақтылық;

  • мемлекеттік тексерудегі кепіл.

Сонымен қатар, Қазақстан инвесторлармен туындайтын халықаралық арбитражды органдарда шешу мүмкіндігін қарастырған: ИКСИД (Инвестициялық дауларды реттеу орталығы); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ- ның арбитражды органдары); Стокгольм қаласының сауда палатасының арбитражды институты /27/.

Енді Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту қажеттілігі мен негізгі талаптарын анықтайық.

Бірінші қажеттілік Қазақстанның инвестициялық потенциалының шектеулігіне, ішкі ресурстардың төмен деңгейіне, жеке сектор және екінші деңгейлі банктердің капиталдарының қорлануын қамтамасыз ету және инвестиция деңгейін қолдауға негізделеді, бұл 1992-1999 жылдарда аса көрінді.

Екінші қажеттілік Қазастан кәсіпорындарының мемлекеттік бюджет алдында міндеттерінің орындалуы мен қарыздарының бар болуымен түсіндіріледі. Сондықтан үкімет бюджет алдында қарыздарды өтеу мақсатында кәсіпорынның негізгі акция үлесін шетел инвесторларына портфельді инвестиция түрінде сатты, ол шетел инвесторларының Қазақстан меншіктеріне иелік ететін бағалы қағаздарды сатып алу жолымен жүзеге асырылды.

Үшінші қажеттілік прогрессивті технологияларды енгізу мен айналыс құралдарын толықтыруға байланысты. Бұл кәсіпорынды шетел инвесторының басқаруына бергенде ғана орындалады. Осы тұрғыда ұйымдық- құқықтық форма бірлескен кәсіпорын немесе толығымен шетел инвесторының меншігіндегі кәсіпорын құруға негізделді.

Төртінші қажеттілік шетел инвесторларының қатысуымен бәсекелестік ортаны құру және оны қамтамасыз ету, сонымен қатар ссудалық капиталдың әлемдік нарыққа оңай қол жеткізуін қамтамасыз етумен байланысты. Бұл тұрғыда, шетел инвесторларына өздерінің шаруашылық немесе өндірістік қызметімен айналысуына және ұзақ мерзімді жалға беру талаптарына сәйкес, инвестиция тарту жалға немесе концессия түрінде жүргізіледі. Құқықтық базасы болып Қазақстан Республикасын «Концессия туралы» заңы табылады.

Бесінші қажеттілік осы мерзімдегі операциялардың есебі бойынша төлем балансының теріс сальдосының үлкен масштабының ұзақ мерзімді сақталуымен байланысты. Бұған байланысты осы мерзімдегі есептегі жетіспеушілікті толтыратын негізгі альтернативті көзі болып табылатын шетел инвестициясының қозғалысын көрсететін капитал және қаржымен байланысты операцияларды айтуға болады.

Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қазақстан Республикасы үшін шетел капиталы, әсіресе тікелей шетел инвестициялары маңызды роль ойнады. Қазақстан Республикасының статистика Агентігінің көрсеткіші бойынша тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдары Қазақстандағы тікелей шетел инвестиция көлемі Орталық Азиядағы тікелей инвестиция салымының жалпы көлемінің 80 пайызын және кеңес үкіметі мемлекеттерінде 7,1 пайызды құраған. 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына тартылған шетел инвестициясының жалпы көлемі 28,4 млрд. АҚШ долларына жетті.

Қазақстан Республикасының статистика Агентігінің көрсеткіші бойынша соңғы бес жылдағы негізгі капиталдағы инвестицияның жылдық көрсеткіші орта жылдық есеп бойынша 28,4 пайызды құрайды. Соңғы 4 жылда ЖҰӨ-ді 1 пайызға өсіру үшін, негізгі капиталдың инвестиция өсімі 3,7 пайызға өсу керек болатын.

Негізгі капиталдағы қаржыландыру көзі бойынша инвестицияның жылдық көрсеткіші


Қазақстан бұрынғы Кеңес елдерінің арасында Ресейден кейінгі екінші халықаралық несие рейтингі атағы берілген мемлекет болып табылады. Бұл әрине, Қазақстанның ұлттық нарығына шетел инвестициясының келуіне байланысты. Қазақстан экономикасында өндіріс көлемін арттыруда инвестиция жалғыз маңызды фактор болып қала береді. Шикізат секторы мен өндірісті тиімді пайдалануға негізділген экономиканың дамуы және бәсекеге қабілеттілігі инвестициялық процесс арқылы анықталады. Ұлттық өндірісте интеллектуалды еңбек және жаңа жұмыс күшін қамтамасыз ететін инвестиция экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауда елеулі роль атқарады. Қазіргі кезде елдің ұлттық құрылымында шетел инвестициясының мұнай-газ салаларына жиі салынатының көруге болады. Қазақстанға келетін инвестицияның қайнар көзі болып Нидерланды, АҚШ және Франция елдері болып табылады.

2005 жылы тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 2004 жылмен (8,3 млрд. доллар) салыстырғанда 6,4 млрд. долларға төмендеді. 2005 жылғы инвестиция көлемінің қысқаруы 2004 жылдағы көрсеткіштің жоғары болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде шетел инвесторларының ірі мұнай саласына маңызды Солтүстік Каспий жобасының үлесін сатып алуына байланысты болатын. Сонымен қатар, шетел инвесторлары кәсіпорындарының экспорттық табысының өсуі шетел инвесторларының алдында қарыздық міндеттемелерді қайтару көлемінде өсіреді. Қазақстан кәсіпорындарының тікелей шетел инвестициясы бойынша қарыздық міндеттемелерді қайтару 2003 жылы 2,3 млрд. доллардан 2005 жылы 4,4 млрд. долларға дейін өсті.

Портфельді инвестиция балансының теріс сальдосын сақтау қарыздық бағалы қарыздармен байланысты. Бұндай жағдай мұнай қорының, жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші денгейлі банктердің активтерінің өсуіне байланысты, портфельді резидент инвестицияның шетелдерге шығу жағдайын айтады, ол 2005 жылы 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 4,7 есе көп.

Геология комитеті мен Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің көрсеткіші бойынша минералды шикізат кешенінде инвестиция көлемі 2005 жылы 12646,9 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде: іздеуге  2188,3 млн. АҚШ доллары (жалпы инвестиция көлемінің 17 пайызы), өндеуге  10458,6 млн. АҚШ доллары (жалпы инвестиция көлемінің 83 пайызы). Өндеуге кеткен инвестицияның көп бөлігі- 76 пайызы көмірқышқыл шикізатын объектілерін (7954,1 млн АҚШ доллары) пайдалануға бағытталды.

Қазіргі заңнама бойынша қаржыландырудын жалпы көлеміндегі шетел инвестициясының үлесі азайып, керісінше трансұлттық және ұлттық компаниялардың инвестициясының ролі арттуда. Қазақстан әлі де шетел инвестициясын қажет етеді, сондықтан оларды тартуда әлі де қызығушылық бар.

Шетел капиталының келуіне шетел инвестициясын қорғау механизмінің жоқтығы мен коррупция негізгі кедергі болып табылады. Осыған байланысты инвестициялық климатты жақсарту мақсатында көптеген шаралар қарастырылады:


  • инвестициялық заңнаманы дамыту;

  • салықтық жеңілдіктер;

  • банктік жүйені қайта құру;

  • әкімшілік кедергілерді қысқарту.

Соңғы екі жыл ішінде бұл шаралардың өсу темпі ЕврАзЭС бойынша 12 пайызға тең болды, ең жоғарғы көрсеткіш, әсіресе, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінде болды. Инвесторлардың қалайтын негізгі салалары болып өндірілетін өндіріс, көлік және байланыс салалары қала береді.

Экономиканың инновациялық дамуының деңгейі, ең алдымен трансұлттық компаниялар, ғылыми-техникалық ұйымдар, технологиялық альянстар қызметінің түрі мен саны арқылы анықталады. Бірақ Қазақстанда арнайы инновациялық жүйенің негізгі звенолары болып табылатын ғылыми зерттеу ұйымдары мен шағын инновациялық кәсіпорындарының және инфрақұрылымның арасында тұрақты байланыс жоқ.

Ивестициялық климатқа шетел фирмаларының заңнамаға сәйкес қызметін тікелей шектеу ғана емес, сонымен қатар тараптардың қабылдаған заңнамаларының нақты емес және тұрақсыз болуы кері әсерін тигізеді, өйткені тұрақсыздық инвестор мүмкіндігін болжауға кедергі болады, әрине ол салым рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.

Қазақстан Үкіметінің және «Қазына» қорының саясатындағы негізгі мақсат Қазақстан инвестициясын шет елдерге шығару. Бұл барлық ТМД ел нарықтарына, және Азия, Еуропа, Америкаға қатысты. Егер Қазақстанның коммерциялық банктері мен инвестициялық компаниялары Қырғызстан, Украина, Грузия және Ресей нарықтарын шығатын болса, онда «Қазына» қоры сыртқы нарықтағы Қазақстан компанияларына шынайы қолдау көрсету қажет. «Қазына» қорының құрамындағы ЖШС «Казинвест» әлемдік нарықта экономика секторлары мен жеке компаниялар туралы ақпараттарды жинау және өндеумен айналысып, кейін оларды шетелдерде жұмыс жасайтын Қазақстандық кәсіпорындарға тапсырумен айналысады.

ТМД елдерінде 1999 жылдағы жүйелі кризистің салдарынан инвестициялық қызметтің масштабы әлі толық қалыптасқан жоқ. ТМД елдеріндегі жалпы инвестиция көлемі орта есеппен 2004 жылы 1991 жылғы деңгейінен 50 пайызға ғана жоғары болды, ал ЖҰӨ- 89 пайыз, Беларуссияда сәйкесінше 74 және 117 пайыз, Қазақстанда 62 және 116 пайыз, Қырғызстанда 52 және 87 пайыз, Молдавада 15 және 55 пайызға, ал Ресейде 43 және 90 пайыз тең болды.

Қазақстан шетел инвесторлары үшін үлкен қызығушылық тудыруда. Соңғы он жыл ішінде Қазақстан экономикасындағы неміс инвестициясы 500 млн. АҚШ долларын құрады. Германияның инвестициялық белсенділігі әлі де артады, өйткені индустриалды даму машина жасау және шикізаттық емес секторларда жұмыс жасайтын фирмаларға үлкен мүмкіндік беруде. Қазақстандағы индустриалды-инновациялық процестердің дамуы Германия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттырады, өйткені қазіргі жаңа технологияларсыз кластерлердің дамуы мүмкін емес. Қазақстан нарығының инвестицияның тартымдылығы табиғи ресурстарға қол жеткізуді, нарықтын кеңдігін, оның стратегиялық орналасуын, ішкі саяси тұрақтылық және сәйкес заңдық базаның болуын қамтамасыз етеді.

Қазір Қазақстан бәсекеге қабілеттілік потенциалын жинақтаудың алғашқы кезеңінде. Кластерлердің дамуы қазіргі инфрақұрылымды, жоғары квалификациялы және білімді персонал, ғылыми потенциал, инновацияны қажет етеді, және де осы факторлардың әрдайым даму үстінде болуын қажет етеді. Әрине бұл кластерлерден бас тарту дегенді білдірмейді. Қазір елде кластерлердің мүмкін «нүктелері» анықталуда, мысалы Оңтүстік Қазақстанда мақта кластері және Алматыдағы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар паркі құрылуда.

Қазір Қазақстанның инвестициялық қоры жалпы сомасы 900 млрд. теңгеге тең портфельді инвестициялық сұранымдарға(арыз) ие. Олардың 120 жоба бойынша түскен 330 арыз 450 млрд. теңгеге бағаланады. Қазақстан Республикасы индустрия және өндіріс Министрлігінің мәліметтері бойынша институттардың жарғылық капиталы 2005 жылдың 1 қазанында 141,3 млрд. теңгені құрады. Қаржылық даму институттарының инвестициялық жобаларының жинағы (Қазақстан даму банкінің экспорттық операцияларын, венчурлық қор және Ұлттық инвестициялық қорының технопарктерін қоспағанда) 2,5 млрд АҚШ долларына бағаланған 116 қабылданған инвестициялық жобалардан тұрады. Қазіргі кезде даму институттарымен 1220,1 млн. АҚШ долларына бағаланатын 75 жоба қаржыландырылуда. Бұл жобалардың көбісі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті салалар мен жеті алғашқы пилоттық кластерлерді анықтауға бағытталады. Үкіметпен аталмыш кластерлердің даму жоспары былай анықталуда:



  1. берілген кластердің дамуын анықтайтын заңнама;

  2. инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру және кадрларды дайындау;

  3. кластерлер ішінде белсенділігі жоғары нақты жобаларды қарастыру.

Мемлекет инвестициялық қызметте өзінің арнайы саясатын жүргізеді. Қазақстан Республикасының тікелей инвестицияларды тартудағы мемлекеттің инвестициялық саясаты келесідей қағидалардың орындалуына негізделу керек:

  1. экономикалық қауіпсіздік;

  2. мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын іске асыру;

  3. шетел капиталын пайдалану бағыттарының кезеңдігі мен басымдықтары;

  4. инвестицияны пайдаланудың жобалық әдіс қағидасы;

  5. ішкі жинақ нормасының шетел инвестициялары құнынан асып түсуі;

  6. халықаралық қаржыландыру;

  7. инвестициялық жобаларды таңдау конкурс жүзінде болу қағидасы;

  8. инвестициялық климатты арттыру қағидасы;

  9. басым салаларға шетел капиталының қол жеткізуінің шектеулігі;

  10. шетел және ұлттық инвесторлардың талаптардың тең құқықтылығы.

Қазіргі кезде инвестицияның басым бағыттары болып мыналар есептеледі: жанармай-энергетикалық кешен; ауыл шаруашылық кешен; көлік, телекоммуникация және әлеуметтік инфрақұрылым.

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеудің келесідей негізгі басымдықтарын көрсетуге болады:



  • өндірістік құрылым – темір жол, көлік, әуе жолдары, теңіз және өзен порттары, телекоммуникациялық жүйе;

  • өңдеу өндірісі – жоғары сапалы киім, аяқ киім, кожалық бұйымдар шығару, жоғары сапалы жиhаз өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісі, көлік түрлерінің барлық түрін өндіру, электроника өндірісі және т.б;

  • Астана қаласының объектілері;

  • жоғарғы деңгейлі астық шаруашылығы, аңдар мен құстардың жоғары өнімді түрлерін құру, жоғары сапалы экологиялық таза тамақ өндірісі;

  • әлеуметтік деңгейдегі тұрғынүй объектілері және туризм – коммерциялық тұрғынүй, денсаулық сақтау және білім объектілері, жалпы спорттық объектілер, демалыс, мәдениет және туризм орталықтары.

Сонымен, Қазақстан өзінің инвестициялық даму үстінде. Нарықтық талаптарға сай ұлттық экономиканы қаржыландыру үшін инвестициялық қор, лизингтік және сақтандыру компаниялары, әр түрлі биржалар және т.б. пайдаланушы инструменттер арқылы өз шеңберін кеңейту керек. Ал мұның бәрі инвестициялық климаттың тартымдылығын арттыруға, инвестициялық бөлу процедурасын жақсартуға және инвестициялық объектілерді таңдауға жол ашады.
ӘДЕБЕТТЕР
1.Никифорова В.Д. Денежно-кредитное регулирование инвестиций. Санкт-
Петеребург, Изд-во СПбУЭФ, 1993. С.6

2.3авлин П.Н., Васильев А.В, Кноль А.И. Оценка экономической


эффективности проектов (современные подходы). Санкт-Петеребург, Наука,
1995. С.ЗО

3.Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 27


декабря 1994г.

4.Закон РК от 8 января 2003 г. №373-11 «Об инвестициях».

5.Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.К. Иностранный капитал и инвестиции:
вопросы теории, практики привлечения и использования // Алматы, 1997.

6.Бочаров В .В. Финансово-кредитные методы регулирования рынка


инвестиций. Москва, Финансы и статистика, 1993. С.7

7.Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике


Казахстана: стратегии и механизм. Алматы, Гылым, 1998, 192 с.

8.Кульман А. Экономические механизмы: Пер. С фр. // общ. Ред. Н. И.


Хрусталевой. Москва, А/О Издательская группа "Прогресс", "Универс", 1993.
С.56

9.Столяров И.И. Государственное регулирование рыночной экономики.


Отв.ред., Москва, 2001. С. 125.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын дамыту жолдары қарастылыған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются пути развития инвестиционного климата РК.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет