К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет103/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
2.43 Хабертиоз 
 
Бұл қойда кеңінен таралған гельминтоз. 
Қоздырғышы - Chabertia ovinae – қой,iрi қара және кейбiр жабайы 
(қодас, бұғы т.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн мекеңдейтін iрi құрттар.
Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуандығы басынан 
құйрығына дейiн бiркелкi. Басы төмен қарай сәл қисайған, дамыған ауыз 
қуысы шар сияқты, көптеген ұсақ тiстерi бар. Ауыз тесiгi екi қатар орналасқан 
ұшы үшкiр жапырақшалармен көмкерiлген. Құйрық бұлтығы қысқа, қоңыр 
түстi, жолақ сызықты, спикулалары жiптей жiңiшке, рулегі бар.
Эпизоотологиялық белгілері. Хабертиоз барлық жерде тараған, бiрақ ол 
қой шаруашылығы өркеңдеген өлкелерде жиi тiркеледi. Хабертиоз көбнесе 
Қазақстанның оңтүстiк және солтүстiк-шығыс өңiрлерiнде жиi кездеседi. 
Гельминтоз қойдың жасына қарамай, барлығын зақымдайды, бiрақ клиникалық 
түрi көбiнесе жас малда байқалады. Қой, ешкi, әсiресе олардың төлi бұл ауруға 
жаппай шалдығып, шығынға ұшырауы ықтимал. Хабертиоз ауруының 
белгiлерi көбiнесе қыс айларында байқалады, ал оның таралуы көктем 
шығысымен басталады. Осы кезде төл шығыны көп болуы ықтимал. Мамырдан 
бастап паразиттің интенсивтілігі төмендеп, оның жұғу деңгейi де төмендей 
бередi. Малға ауру өрiсте жұғады. Жаңбырлы жылдар, сулы, ойпатты және 
сазды жайылымдар парзиттің белсенділігін арттырып, оның малға жұғуын 
үдетеді. Балаңқұрттар суыққа өте төзiмдi, клиникалыққы ортада бiр жылдай 
тiршілігін сақтауы мүмкiн. 
Қой құмалағымен клиникалыққы ортаға таралған жұмыртқалардан бір 
тәулікте балаңқұрт пайда болады және олар инвазиялық сатыға 5 күн ішінде 
дамиды. Ақтық иесі организмінде балаңқұрттар 32 – 60 күн аралығында ересек 
құрттарға айналады. 
Аурудың дамуы Ересек құрттар, өзiнiң ауыз қуысымен бүйен мен тоқ 
iшектiң кiлегей қабығын жарақаттайды. Жарадан аққан қанмен паразит 
қоректенедi, iшек қуысына қан құйылады. Ағзаның зақымданған бөлiктерiне 
зиянды бактериялар жиналып, көбейе бастайды. Микроб және нематодалардың 
тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп, бүкiл 
денеге жайылады, малды уландырып, шығынға ұшыратуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет