К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет101/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары. Ауру тіркелген табын, отарда үш реттік сақтық 
дегельминтизациялау: маусым-шілдеде бірінші рет, қалған екі дәрілеуді әр 25 
күн сайын өткізіп отырады. Ауруды болдырмау шаралары «Күйістілердің 
стронгилятоздарын дауалау» тарауында қарастырылған. 
 
 
2.42 Буностомоз 
 
Буностомоздар - жіті және созылмалы ағымдарында ауыру малдың қоңы 
төмендеуі және асқорыту жүйесі функциясының бұзылуы белгілерімен 
сипатталатын күйістілердің нематодозы. 
Қоздырғышы үй және кейбiр тағы күйiс қайыратындардың ащы iшегiн 
мекеңдейтін - Bunostomum phlebotomum (Railliet,1900) және B. trigonocephalum 
(Rud.,1808) деген жұмыр құрттар. Бұлардың бiрiншi түрi көбiнесе қойда, 
екiншiсi - iрi қарада ұшырасады. Бұлар iрi гельминттер, басы кiшкене, жоғары 
қарай бір жағына қисайған. Тұрқы 1,2-2,5 см-ге дейiн жетедi. Шар секiлдi ауыз 
қуысы (капсуласы) түбiнде, екi жақ шетiне таман, жарты айға ұқсас екi тiсi бар. 
Жоталы өзекшесi бар. Құйрық буылтығының үшiншi бөлiгi, қалған екеуiне 
ассиметриялы болып қалыптасқан, екi тең спикуласы (гельминттiң бiрiншi 
түрiнде - жiңiшке де ұзын, ал екiншiсiнiкi – сәл жуандау, қысқа) бар, рулегі
жоқ.
Эпизоотологиялық деректері. Iшқұрт ауруы барлық жерде таралған. 
Кезiнде ірі шаруашылықтарда буностомоздан бұзаудың 30 пайызы, қозының 
60-80 пайызы өлiмге ұшырағаны мәлiм. Бұл дертке негiзiнен ұсақ 
тұяқтылардың төлдері және бұзау мен 1-2 жастағы торпақ-тайыншалар 
шалдығады. Мал құртты көбiнесе ылғалды өрiсте жұқтырады, өйткеңі мұндай 
жерлерде балаңқұрттар өз тiршiлiгiн 1,5-2 ай уақыт сақтайды. Малдың 
буностомозбен зарарлану деңгейi күзге қарай үдейе түседi. Ішектің кiлегей 
қабығына бекiнiп, тiстерiмен жарақаттайды, қылтамыр-лардан (капиллярдан) 
қан ағады, олардың орны жазылмайтын уытты жараларға айналады. 
Зақымдалған жарадан зардапты микробтар енедi, организм жаппай уланады. 
Ересек құрттар – гематофагтар қан аздықты (анемия) тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет