К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет113/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. 
Тейлериоз жіті және жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа 
жерден әкелінген жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір 
жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жаурын алдындағы бездері 
қабынып, “безі шошып”, ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты 
екеңдігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 
ал кейде 41,8
0
дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, 
жүні үрпиіп, қатты күйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін 
жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Ол 
аяқтарын талтайтып, басын төмен салбыратып тұрады. Ас қорыту 
жолдарының қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық, оған шырыш, ал кейде 
қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мүлде әлсіреп, тұрақты атония 
дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин мөлшері 2-3 есе кемиді. 
Несеп шығару қиындайды. 
Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру 
және сүт шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл 
төмендеп, мал тез арада шығынға ұшырайды. 
Аурудың жітілеу түрінде де сөл бездері шошып, дене қызуы 40-41
0
дейін көтеріліп, осы деңгейде 2-3 күн тұрады, сонан соң қалпына келеді. 
Бұдан 2-3 күн өткең соң, дене ыстығы қайта көтеріліп, өзгермелі қызба 
аурудың аяғына дейін байқалады. 
Көз бен мұрынның кілегей қабықтары - алғашқыда қызарыңқы. 
Олардың бозаруы баяу дамиды. Анемия қызба басталған соң, 5 күннен кейін 
біліне бастайды. Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті азаяды не 
мүлде болмайды. Аш бүйірі мен қабырғалары айқын білініп тұрады. Күйіс 


122 
қайыру бірте-бірте тоқтап қалады. Ішек қозғалуы алғашқыда жиілегенмен 
кейін мүлде тоқтайды. Сүті азаяды. Ауру мал арып, 2-3 аптадан соң 
көтеремге айналады, әлсірейді, жүргенде тәлтіректейді. Ол мойнын бір 
жағына бұрып, ыңыранып жатып алады. Жүрек қызметінің бірте-бірте 
әлсіреуінен 3-4 аптадан соң мал шығынға ұшырайды. Тейлериоздың жітілеу 
түрінде лейкоциттердің саны 9 мыңға дейін көбейеді. Қан құрамында 
нормобластар, базофильді түйіршіктері бар эритроциттер және денешіктер
анизоцитоз, пойкилоцитоз және полихроматофилия құбылыстары байқалады. 
Балауы. Тейлериоздың Эпизоотологиялық деректерін есепке ала 
отрып, микроскопиялық зерттеу жүргізу қажет. Ол үшін аурудың алғашқы 
сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, 
таза шыныға жағады да Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң 
микроскөппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды 
табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония әдісімен 
көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады. 
Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін, 
тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан 
алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен 
боялады. Эритроцит ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек және таяқша 
тәрізденіп жатады. Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып 
боялады. Тейлериоз ауруын анықтау барысында өлекседегі осы ауруға тән 
өзгерістерге де көңіл бөлінеді. Ертерек анықтау мақсатында серологиялық 
әдістемелер қолданылады – КБР, КҰБР және РИФ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет