К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет114/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Тейлериоздан өлген мал 
өлексесі өте арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш 
тартқан, қанталаған. Клиникалыққы бездері ісініп қабынған, қанталаған, 
көкірек қуысына қызғылт сұйық зат жиналған. Жүрек ұлғайған, оның ішкі 
және клиникалыққы жағы нүкте тәрізденіп қанталаған. Жүрек қабы сарғыш 
түсті экссудатқа толы. Бауыры ұлғайған, оның түсі сары топырақ тәрізді. 
Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр 
түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы байқалады. 
Ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға 
айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана тән құбылыс. Ащы ішектің ішкі 
қабаты да қабынады, әр жері нүкте тәрізденіп қанталайды. Тоқ ішектегі 
өзгерістер де осындай, бірақ ащы ішектегіден көмескілеу. Токсиндердің 
әсерінен жүйке торшаларында, жүйке талшықтарында, сонымен бірге мидың 
қабықтарында, қантамырларында морфологиялық өзгерістер пайда болады – 
склероз, кариоцитолиз. 
Емі. Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және Клиникалық 
белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға 
немесе көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан 
кесілген тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе
тартылған сүт және айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мг кг 
мөлшерінде 7 % азидин немесе неоазидин, батризин бұлшық ет аралығына 
егіледі, 4-6 сағат өткеңнен кейін күре тамыр арқылы 0,5 мл/кг мөлшерінде 10 


123 
% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2 % аскорбин қышқылы 
жіберіледі. 
Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 г/кг 5 % террамицин немесе 
бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың 
тірілей салмағының әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке 
жіберіледі. Үшінші күні кофеин және 0,01-0,005 г/кг мөлшерінде 10 % 
сульфадемезин бұлшық етке егіледі. 
Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мг/кг мөлшерінде 
хиноцид, ал төртінші және бесінші күндері 12,5 мг/кг бигумаль 1 % ерітінді 
түрінде ауыз арқылы ішкізіледі. 
Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша және одан кейін 
2 күн ұдайы осы екі дәріні қоса қолдануға болады. 
Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г 
фталазол, 50 мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет және күніне 1 
реттен 2-3 күн ұдайы 300-500 мг-нан В
12
витамині бұлшық етке егіледі. 
Соңғы кездерде тейлериозға қарсы құрамында 5% -ті бупарваквоннан 
тұратын дәрілер (Бупакон, Фармакон, Бутолекс т.б. ) қолданылады: 1мл/20кг 
тірі салмаққа бұлшық етке 1 рет, асқынған жағдайда 24 сағаттан соң қайта 
егіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет