К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет121/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Токсоплазмоз жер жүзіне көп тараған, 
ол жершарының барлық құрылықтарда кездесетін протозооз. Бұл ауруға 
көптеген жануарлар және адам да бейім. Токсоплазмозға 200-дей
жануарлармен құстар түрлері шалдығады. 
Жануарлар арасында токсоплазмоз энзоотия түрінде кездеседі. 
Токсоплазмалар ауру мал ағзасынан секреттер және экскреттермен де 
шығады: сілекей ішінде, мұрыннан, көзден, жыныс мүшелерінен аққан 
сұйықтықта, сондай-ақ, нәжіспен, несеппен және сүтпен клиникалыққы 
ортаға тарайды. 
Токсоплазмозбен адам да ауырады. Сондықтан оның медицина 
саласында да маңызы бар. Токсоплазмоз адамды кейде өлі тууға, түсік 
тастауға, сәбилердің ерте шетінеуіне ұшыратады. 
Токсоплазмоздың медициналық маңызына ең алғаш көңіл аударған 
чех зерттеушісі Янку (×апки, 1923) болатын. Ол осы аурудан шетінеген 
баланың көзінің торша қабаты кесінділерінен токсоплазма цисталарын 
тапқан. 
Токсоплазмалар мал қиы мен суда өте ұзақ сақталады. Олар 
дезинфекциялағыш заттарға, кептіруге де төзімді. 
Токсоплазмоз жануарлар мен адамға қоздырғышының әртүрлі
сатысында жұға береді. Асқазан арқылы трофозоиттар мен цисталары шала 
піскен ауру малдың еті, жарақаттанған тері, сондай-ақ ауру енесі арқылы 
іштегі төлге де жұғады. Ал кейде тасымалдаушы кенелер арқылы 


130 
(Dermacentor және Amblyomma кенелері) жұғады. Кенелер организмінде 
токсоплазмалар ұзақ уақыт сақталады, бірақ тасымалдаушылар организмінде
олар көбеймейді. 
Патогенезі. 
Табиғи 
жағдайларда 
токсоплазмалардың 
әртүрлі 
вирулентті штамдары кездеседі. Олардың кейбіреулері сүт қоректілер мен 
құстарға өте вирулентті. Басқалары, керісінше, жануарларға вирулентті емес. 
Белгілі бір жағдайларда вирулентті штамдар күшін жойып авирулентті түріне 
айналса, ал авирулентті түрлері вирулентті қасиет қабылдауы мүмкін. 
Жануарларға жұққан соң-ақ токсоплазмалар барлық мүшелерге 
таралады. Олардың шығарған уыты орталық жүйке жүйесі мен ішкі
мүшелердің қызметі мен құрылысын бұзады. Егер ауру іштегі төлге жұқса, 
онда орталық жүйке жүйесінде токсоплазмалар тез көбейіп, төлдің дамуын 
тежейді. 
Токсоплазмалардың зат алмасуында шыққан өнімдер организмді 
аллергияға ұшыратады. 
Иммунитеті. Токсоплазма жұққан малдардың барлығында иммунитет 
пайда болып, бірнеше жыл сақталады. 
Егер организмде антиденелер болса, қайта жұққан паразиттер 
көбеймейтіндігін зерттеулер көрсетті. Антиденелердің қанда сақталу мерзімі 
бір қалыпты емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет