146
4 сызба. Эймериялардың даму сатылары 1 – спорозоит; 2-4 – шизонттар; 5 – мерозоит;
6 – микрогаметтердің жетілуі; 6А – макрогаметтер; 7 – микрогаметтер; 8 – ооциста; 9
– спорланбаған ооциста; 10-12 – спорогания сатысы.
Isosporinae тұқым тармағына жататын қарапайымдылар бірнеше ие
организмінде өсіп, көбейеді. Олар өздерінің
даму сатыларын екі иеде
аяқтайды. Изоспорийлердің көбісі жыныссыз мерогониялық және жынысты
гаметогониялық дамудан өтіп, иесінің ішегінде немесе клиникалыққы ортада
спорогониялық даму нәтижесінде 8 спорозоит түзеді. Әдетте, жетілген
изоспороидтық
ооцисталар ішінде, әрқайсысында 4 спорозоиты бар, 2
споробласт пайда болады.
Клиникалыққа шыққан ооцисталар цитоплазмасы түйіршікті болады.
Клиникалыққа шыққаннан кейін ол шар тәрізденіп тығыздалады да
тіршілікке қолайлы жылылық, ылғалдық және ауа жеткілікті жағдайда, төрт
споробластқа бөліне бастайды.
Кейін олардың әрқайсысының маңына қабықша түзіліп, спороцистаға
айналады. Спороцисталар ішінде екі-екіден орақ тәрізденген спорозоиттар
түзіледі.
Олар
түзілісімен
спороцисталар
спораға
айналады.
Қорытындысында, спорогониялық даму арқылы
Eіmerіa туысына жататын
кокцидиялардың ооцисталары ішінде сегіз спорозоит түзіліп, инвазиялық
сатыға айналады. Осымен олардың клиникалықта дамуы аяқталады. Мұндай
ооцисталар дамып жетілген және олар ауруға бейім малға жұқса, ауру
қоздыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: