К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет141/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Саркоцистоз жер шарының барлық 
құрлықтарында кездеседі. Біздің елімізде де кең таралған. Ауру 3-6 айлық, ал 
кейде одан да ересек мал төлінде кездеседі. Кейбір шаруашлықтарда ірі қара
96 %, ал қой 100 % дерлік саркоцистозбен зақымдалған. Ірі қара
саркоцистозының тұрақты иелері - ит, мысық, адам, шошқа саркоцистозының 
тұрақты иелері - ит және адам болып табылады, ал қой саркоцистозында - ит 
пен мысық. 
Саркоцисталардың ақтық иелері саркоцистозбен ауырған мал етін жеп 
зақымданады. 
Патогенезі. Аралық ие организміне патогендік әсер ететін шизонттар 
екеңдігі анықталды. Саркоцисталар шизогония жолымен қан тамырларының 
эндотелий торшаларында көбейе отырып, мүшелер мен ұлпаларды 
қабындыратыны дәлелденді. Соның әсерінен асқазан қызметі бұзылып, іші 
өтеді. Саркоцисталардың жаппай көбеюі кезінде олардан бөлінген тіршілік 
өнімдері ішкі мүшелерді уландырады. Цисталар үлкейген сайын, оның 
маңында бұлшық еттері семи береді. Саркоцисталар уытты саркоцистин 
шығарады. Ол бүкіл мал денесін уландырады. 
Клиникалық белгілері. Саркоцистоздардың клиникалық белгілері 
толық зерттелмеген. Тәжірибе ретінде ауру жұқтырған қозылар мен 
бұзаулардың тәбеті қашады, денесі босаңсиды, арықтайды, өсіп жетілуі 
бәсеңдейді. Егер саркоцистозға жүрек еті шалдықса, онда миокардит дамиды. 
Егер ауруға өңеш еті шалдықса, оның қуысы тарылып, мал азып-тозады. Ірі 
қарада жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа, аурудың жасырын түрі де 
болады. 
Патологиялық-анатомиялық 
өзгерістері 
толық 
зерттелмеген. 
Өлексенің бұлшық еттері сулы, босаңсыған, бозарыңқы, оның дәнекер 
ұлпасында және шелінде кілкілдек инфильтрат бар. Қарынның көк етінде, 


149 
диафрагма етегінде, жүректе және өңеште үлкеңдігі 0,5-10 мм цисталар 
табылады. Кейбір паразит төмпешіктері тастанып қолға қап-қатты сезінеді. 
Балауы. Саркоцистозды мал өлексесін сойып-жарып көргенде 
анықтауға болады. Жай көзбен жүрек және тіл етін, диафрагманы және қаңқа 
бұлшық еттерін қарап макроцисталарды іздестіреді. Егер макроцисталар 
табылса, оларды ортасынан жарып, ішіндегі заттан жұғынды препарат жасап, 
Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Микроскөп арқылы зерттегенде, 
препарат жағындысынан пішіні банан тәрізді мерозоиттар табылады. 
Олардың цитоплазмасы көкшіл, ал ядросы қоңыр қызғылт түске боялады. 
Бұлшық еттерді саркоцистозға компрессорлық әдіспен зерттейді. Ол 
үшін зерттелуге алынған ет талшықтарын, метилен көгіне (1 мл бояуға 10 мл 
су қосылады) салып, 15-20 минутқа қалдырады. Сонан соң, талшық еттерді 
компрессор шынылардың арасына салып, қысып езеді де, микроскөп арқылы 
зерттейді. Мұндайда пішіні әртүрлі қара көкшіл микроцисталар табылады. 
Еттегі саркоцисталарды анықтау үшін, люминесцентті микроскопия 
әдісі де қолданылады. Ол үшін кесілген еттің бетіне ультракүлгін сәулесін 
түсіреді. ОИ-19 жарық түсіргіші және УФС-3 жарық фильтрі қолданылады. 
Қараңғы жерде ет ішіндегі эндозоиттар қызғылт сары түсті болып көрінеді. 
Емі. Бұлшық еттері зақымдалатын саркоцисталардың аралық иелерін 
емдеу тәсілдері әлі толық зерттелмеген. Ал саркоцистоздың ішектегі түрін, 
яғни қарапайымдылардың тұрақты иелерін (ит пен мысық және адам) 
емдеуге кейбір кокцидиостатиктер қолданылады (кокцидин, кокцидиовит, 
ампролиум, норсульфазол, химкокцид және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет