143
малды
тексеріп, қарағанда дене қызуының көтерілуі, қан аздық, кілегей
қабықтарының сарғыштануы және гемоглобинурия
сияқты белгілерді
байқауға болады.
Өлекседе қан аздық, талақтың үлкеюі, қуығы қызыл түсті қанға толуы
және
жалбыршықтың
тығындалуы
байқалады.
Дайындаған
қан
жағындысынан ауру қоздырғышы табылады.
Эпизоотологиялық сараптау және Клиникалық белгілерін анықтау,
қанды микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп балау
қойылады да, оның негізінде қажетті ем қолданылады.
Пироплазмоз кейде қараталақ, лептоспироз және т.б.
аурулармен
араласып кездесуі де мүмкін. Егер пироплазмоз қараталақпен араласып
кездессе, айрықша дәрілер қолдану нәтиже бермейді де, мал тез арада өліп
қалады.
Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі - гемоглобинурия. Бірақ
лептоспирозда дене қызуы қалыптағыдай, кілегей қабықтарының
сарғыштануы
өте анық, майтұмсық зақымданады, талағы үлкеймеген.
Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі күшімен қызба
төмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл түсті несеп
шығуы тоқтамауы мүмкін. Мұндайда лептоспирозға қосымша зерттеулер
жүргізу шарт.
Емі. Ауру мал жайылымға шығарылмайды. Оларды сумен,
жеңіл
қорытылатын, балғын азықтармен қамтамасыз ету қажет. Рационға сүт сары
суын немесе жаңа сауылған сүт қосуға болады. Ауруды емдегенде
пироплазмоз бен франсайеллездің араласып келетінін ескеру қажет. Ол үшін
арнайы химиялық препараттарды және симптоматикалық дәрілерді
қолданады. Жүрек етіндегі болатын өзгерістердің алдын алу үшін алдымен
симптоматикалық немесе Клиникалық белгілеріне қарай ем жүргізіледі.
Аралас инвазияда
жақсы нәтиже беретін батризин, неоазидин, азидин
(беренил) және диамидин дәрілері.
Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған малға жарты доза
мөлшерінде) тері астына немесе бұлшық етке 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 %
ерітінді түрінде егеді.
Диамидин тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде 7 %
ертінді түрінде егіледі. Ем жүргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14
сағаттан
соң байқалады, ал нәтижесі келесі күні (24 сағ) ғана білінеді.
Жануардың дене қызуы қалыптағыға дейін төмендейді, несебі мөлдірленеді,
сондай-ақ жем жеп, су іше бастайды. Егер малдың күйі түзелгенімен, дене
қызуы төмендемесе, міндетті түрде қаны зерттеледі. Ауру қоздырғышы
табылса, онда емі осы әдіспен қайталанады. Егер паразит табылмаса,
қосымша клиникалық зерттеу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: