145
Жеке мал түлігіне бұл ауруларды Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар
түрлері қоздыратын болғандықтан, оларды эймериоз деп атаған жөн, ал
кокцидиоз дегеніміз отряд атауынан шығатын жалпылама аты.
Кокцидиозбен, әсіресе үй қояны мен
тауық көбірек және қатты
ауырады. Сондай-ақ, ірі қара, қой, ешкі, күркетауық та ауырады.
Кокцидиялар ооциста сатысында ішектен клиникалыққа шығады.
Олардың түрін айыру үшін ооцисталардың пішінін, түсін, тұрқын,
микропилесінің (кішкентай тесік) бар-жоғын, споруляция мерзімін және т.б.
сипаттамаларын білу шарт.
Eimeriinae тұқым тармағына жататын паразиттер, тек бір организмде
ғана көбейіп, дамуын эймериоидтық ооциста түзумен аяқтайды. Ондай
ооцисталар ішінде екі-екіден
келген спорозоиттары бар, 4 споробласталар
орналасқан.
Мал мен құс организмінде кокцидиялар жыныссыз көбею немесе
шизогония және жынысты даму немесе гаметогония сатыларынан өтіп
ооцисталар түзейді де, ооцисталар ішектен нәжіске араласып клиникалыққа
шығып, спорогония сатысынан өтеді.
Спорогония сатысынан өткең ооцисталарды
мал мен құс инвазия-
ланған жеммен не сумен жұқтырады, ішекке жеткең соң ооцисталардан
спорозоидтар бөлініп шығады, себебі ішек сөлдерінің әсерінен ооцисталар
қабығы ыдырап кетеді. Сонан соң спорозоидтар үшкір
жағымен тесіп,
эпителий торшалары ішіне енеді де трофозоитқа айналады. Онда олар өсіп,
дөңгеленіп көп ядролы шизонтқа айналады. Бұл шизонттардың бірінші
ұрпағы. Олардың ішінде сопақша мерозоиттар пайда болады. Мерозоиттар
түзіліп болған соң шизонттар ядро саны қанша болса,
сонша мерозоитқа
бөлініп, эпителий торшаларын ыдыратып, ішек ішінен шығады. Босанған
мерозоиттар эпителий торшаларына қайта еніп, шизонттардың екінші,
үшінші, ал эймериялардың кейбір түрлерінде, төртінші және
бесінші ұрпағын
түзейді.
Достарыңызбен бөлісу: