К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Іsosporіnae тұқым тармағына жататын кокцидиидтердің өсіп-



Pdf көрінісі
бет139/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Іsosporіnae тұқым тармағына жататын кокцидиидтердің өсіп-
дамуы. Бұл қарапайымдылардың биологиясы бұрынғы кезде Eіmerіa- тусына 


147 
жататын кокцидиидтерге ұқсас деп қаралған. Бірақ токсоплазмалар, ал содан 
соң саркоцисталардың өсіп-дамуын зерттеу осы тұқым тармағына жататын 
кокцидиидтердің биологиясы туралы біздің білімімізді кенейтті. 
Бірқатар ғалымдар, тышқаннан алынған токсоплазмаларды мысыққа 
жұқтырып, олардан клиникалыққа ооцисталар шығатынын дәлелдеген. Бұдан 
соң Hutchіson авторларымен және бір мезгілде Frenkel авторларымен (1970) 
өте қызықты тәжірибелер жүргізген. 
Авторлар қарапайымдылардан таза мысық күшіктеріне, токсоплазма 
цисталары бар тышқан миын жегізеді. 5-6 күннен соң ауру жұқтырылған 
мысықтардың ішек қабырғаларында токсоплазмалардың шизогония, ал содан 
соң гаметогония сатылары бар екеңі анықталған, ал кейіннен олардың 
нәжістерінде ооцисталар пайда болған. Қоршаған ортада ооцисталар ішінде 
екі спора, ал оның әрқайсысында төрт-төрттен спорозоиттар пайда болған. 
Бұл спора түзген ооцисталар тышқан және басқа жануарларға 
токсоплазманың пролиферативтік түрлерін жұқтырады. Мысық организмінен 
шығатын ооцисталар, морфологиялық құрылысы жағынан, бұрыннан белгілі 
Іsospora bіgemіna ооцисталарынан ешбір айнымайды. Frenkel ұсынған 
токсоплазманың өсіп-даму схемасы негізінен осы паразиттің биологиясын 
ашуға мүмкіндік берді. Бұрыннан белгілі Іsospora bіgemіna паразиті
Toxoplasma dondі-дің өсіп-даму сатыларының біреуі екеңдігі анықталды. 
Сайып келгенде, мысық және т.б. мысық тұқымдастар паразиттің тұрақты 
иесі болып, олардың организмінде шизогония және гаметогония 
сатыларынан кейін ооцисталар түзіледі. Ооцисталармен аралық иелері - адам 
және жануарлар зақымдалып, токөплазмоз ауруына шалдығады. Сондықтан 
мысық тұқымдастардан басқа жануарлар паразиттің аралық иесі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет