22
Контакты жолы – паразиттер
ауру малдан сау малға, бiр-бiрiмен
араласқанда (контакт) немесе атсайман, күту заттары,
қызмет көрсету
адамдармен, кемiрушiлер арқылы жұғады. Бұл жолмен жануарлар қышыма,
трихомоноз, биттеу ауруларын жұқтырады.Терi арқылы – анкилостоматида
және бөгелек
дернәсілдері белсеңдi енедi, қансорғыш бунақаяқтылар арқылы
пироплазмида, трипаносома, парафилярий және басқа паразиттердi жұқтырады.
Жәндiктер кеңсiрiк қуысы және көз арқылы эстроз, ринэстроз, телязиоз
және басқа инвазиялық ауруларымен зақымдалады.
Қарын іші (внутриутробный
) – кейбiр
паразитарлық аурулардың
ұрықтары (мысалы, неоаскаридоз, токсокароз) плацента арқылы аналық
организмнен iштегi төлге енедi.
Трансовариальдi жолы немесе инвазияны
жыныс торшалары арқылы
жұқтыру – бiрiншiден алғашқы ие ұрығына дейiн жұмыртқалар арқылы
жұқтыру; осылай иксод кенелер денесiнде ауылшаруашылық жануарлардың
көбі пироплазмида қоздырушыларын жұқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: