20
1.8 Паразиттердiң ие түрлерi
Ие деп паразиттiң уақытша немесе тұрақты тоғышар (арамтамақ) тiршiлiк
етiтiн және сол арқылы қоректенетiн организмдi айтады. Ие түрлерi:
дефинитивтiк, аралық, қосымшалық, резервуарлық,
облигаттiк және
факультативтiк.Соңғы немесе дефинитивтi ие деп айтылады, егер оны
денесiнде паразит толық жыныс сатысына дейiн жетсе. Паразиттiң аралық даму
сатылары ие организмнiң аралық ие денесінде дернәсіл сатысы дамиды.
Кейбiр гельминттердiң екi аралық иесi болады. Екiншi иенi қосымша деп
айтады, оның денесiнде паразиттiң дернәсілі инвазиондық сатысына жетедi.
Аралық ие денесiнде паразиттер жыныссыз жолмен өнiп-өседi.
Паразит қысқа мерзiм iшiнде
толық жыныс сатысына жетедi, үлкең
мөлшерiне өседi, ұзақ өмiр сүредi және көп жұмыртқалары мен дернәсілдерді
бөледi. Сондықтан, осындай иелердi облигатты деп айтады.
Факультативтiк иелер – олардың денесiнде паразиттер дамиды, бiрақта
өмiр сүру үшiн қолайлы жағдай таппайды. Мысалы, эхинококка ит – облигаттiк
ие, ал түлкi – факультативтiк.
Резервуарлық ие – бұл иенiң денесiнде гельминттердiң инвазиондық
жұмыртқалары
мен дернәсілдері жиналады, бiрақта өсiп-өңбейдi. Мысалы,
жауын құрттар жердi жеген кезде шошқаның және тауықтын аскарида
жұмыртқаларын жұтып, резервуар болады – шошқалардың, құстардың жаппай
зақымдалу көзi.
Достарыңызбен бөлісу: